Халық денсаулығына анықтамасын беріңіз Ситуациялық есеп


Менеджменттің элементтері



бет34/50
Дата20.02.2023
өлшемі151,67 Kb.
#69471
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Менеджменттің элементтері:

  • Мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекемелердің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің кепілді орындалуынан, ұжымдар мен жетекшілердің іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер.

  • Адам қорлары – жетекшілер мен орындаушылар және олардың қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы дайындығы мен жетістігінің, инттелектуалды потенциялының, дағдыларының, игеруінің, білімінің жиынтығы.

  • Материалдық қорлар – қаржылық мүмкіндіктер.

  • Медициналық-технологиялық қорлар – медициналық мекемелердегі мамандардың инновациялық, клиникалық, басқарушылық мүмкіндіктері.

  • Тиімді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесіне немесе медициналық мекемелерге максималды пайдалы медициналық-технологиялық және материалдық, адами қорларды пайдалану.

Менеджменттің функциялары:

  • Жоспарлау – алдыға мақсат қою және оған жетудің іс-әрекеттерін таңдау үрдісі. Жоспарлау келесі элементтерден тұрады: мақсат қою; қорлар мен мүмкіндіктерді талдау; шараларды жасау және тарату; нәтижесін бақылау және баға беру.

  • Ұйымдастыру – орындаушылар мен бөлімшелердің арасында ұсынылатын іс-әрекеттердің көлемін бөлу үрдісі; мақсатқа жетудегі іс-әрекеттердің үйлесімділігі және басқарудың иерархиялық инфрақұрылымын қалыптастыру.

  • Қызметкерлерді басқару – қойылған мақсатқа жету үшін орындаушыны анықтау, оқыту, іріктеу үрдісі.

  • Көшбасшылық – қойылған мақсатқа жету үшін бөлімшелерді және орындаушыларды қызықтыру және талаптандыру.

  • Бақылау – өзгерістерді тұрақты бақылау, іс-әрекеттерді өз уақытында коррекциялау, нәтижелерін бағалау арқылы және де мақсатқа жетуді көздеуде жұмыскерлердің сәйкесінше өз үлестерін қосуды ескере отырып орындаушылар мен мекемелердің мақсатын қамтамасыз ету үрдісі.

Менеджер - Өндірісті жүргізу және қызмет көрсету саласындағы үйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей -тегжейлі білетін мамандандырылған басшы.Мысалы, бас дәрігер немесе оның орынбасары емдеу процесін жоспарлайды, ұйымдастырады,үйлестіреді, бақылайды, яғни менеджер ролін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет