Менеджмент-бұл өндіріс тиімділігін арттыру және кірісті арттыру үшін қолданылатын принциптер, әдістер мен басқару құралдарының жиынтығы.
«Менеджмент» түсінігі шет тілінен аударғанда — өндірісті басқару деген мағынаны береді.
Менеджменттің негізгі принциптері мынадай: Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;
Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;
Басқаруды демократизациялау;
Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды: барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;
жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;
шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;
өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;
өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Файоль бойынша 14 басқару принципі: еңбекті дұрыс бөле білу;
жауапкершілік пен атақтың бөлшектенбеуі;
еңбек дисциплинасының қажеттілігі;
бағынудың бірыңғайлығы;
топтардың тұтастығы;
әрбір тұлғаға жалпы қызығушылықтың басымдылығы;
еңбекте марапаттаудың әділдігі;
орталықтындырудың және орталықтандырмаудың теңдігі;
басқарудағы субординация;
басқаруды құрылымдық реттеу;
мекемелердегі жұмыскерлердің тең құқықтылық жағдайы;
мамандардың тұрақсыздығы;
ынтаның еркіндігі;
мекемедегі үндестік және біртұтастық.
Менеджменттің элементтері:
Мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекемелердің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің кепілді орындалуынан, ұжымдар мен жетекшілердің іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер.
Адам қорлары – жетекшілер мен орындаушылар және олардың қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы дайындығы мен жетістігінің, инттелектуалды потенциялының, дағдыларының, игеруінің, білімінің жиынтығы.
Материалдық қорлар – қаржылық мүмкіндіктер.
Медициналық-технологиялық қорлар – медициналық мекемелердегі мамандардың инновациялық, клиникалық, басқарушылық мүмкіндіктері.
Тиімді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесіне немесе медициналық мекемелерге максималды пайдалы медициналық-технологиялық және материалдық, адами қорларды пайдалану.