Осы жағдайда еңбекке жарамсыздық қағазын қай күннен бастап берілуге тиісті
Жарамсыздық қағазы шағымданған уақыттан,яғни,2017 ж. 21 қыркүйектен бастап беріледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын кім рәсімдейді?
Емдеуші дәрігер науқастың еңбекке жарамсыздығын анықтағаннан кейін электронды базаға тіркеп,протокол толтырады.Сол протокол арқылы выписной кабинеттегі қызметкерлер Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдейді.
Жауабы: Еңбекке уақытша сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы ҚР 2015жылғы 31 наурыздағы №183 бұйрығына сәйкес:
Еңбекке уақытша жарамсыздық – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – нысан бойынша адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат болып табылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады. Нәтижесінде, осы аталған науқас емханаға келіп, дәрігерге көрінгеннен кейін, яғни 2017ж 21 қыркүйектен бастап еңбекке жарамсыздық қағазы беріледі.
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (денсаулық сақтау субъектілері) рәсімдеп береді.
Билет 25
ДДҰ, құрылымы, функциялары
Ситуациялық есеп
№ 12 қалалық ауруханада 2010 ж. науқастардың стационарда нақты өткізген төсек-күндерінің саны – 150200, ал орташажылдық төсектер саны – 450.
Тапсырма:
1.ДДҰ, құрылымы, функциялары
Достарыңызбен бөлісу: |