Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
«Жасырын үндеу» терминімен үндеуді білдірудің тікелей емес, им-

плицитті тілдік тəсілін белгілейді. Сот тəжірибесінде автор тарапынан 

адресатқа жүгіну, оған қарата сөйлемейтін, тыңдаушының бір нəрсе 

жасауына түрткі болатындай қалауы туралы айтылмайтын мəтіндер-




42

мен жиі бетпе бет келу жағдайы кездеседі; алайда автор тарапынан 

жасалған  мəтін,  сарапшының  пікірінше,  тыңдарманды  анықталған 

əрекетті  жасауына,  соны  жасау  ниетінің  пайда  болуына  түрткі  бола 

алады; сарапшы, мұнымен бірге, автор нақ сол түрткі салу ықпалына 

есептеп өз мəтінін құрды деп санайды. Мұндай типтегі мəтіндер қан-

дай да бір əрекетке итермейлейтін, арандататын, адресатта əрекет ету 

ниетінің немесе əрекет ету қажеттілігі сезімін тудыруға бағытталатын 

ақпаратты  қамтиды.  Мұндай  түрдегі  мəтіндерді  тура  жəне  жанама 

ашық үндеуге қарсы қойылған жасырын үндеу деп атайды.  

Мұнымен бірге экстремистік əрекетке ашық үндеу ҚК-тің жоғарыда 

көрсетілген  баптары  бойынша  жария  түрде  шақыру,  үндеу  ретінде 

сараланады; ал агрессивті əрекеттердің қажеттілігін негіздейтін жəне/

немесе ақтайтын жанама жəне жасырын үндеулерді қамтитын мəтіндер 

алауыздықты  қоздыратын  үндеу  ретінде  сараланады.  Ақпараттық 

материалдарға сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде «жанама үндеу», 

«жанама  түрткі  салу»  терминдерінің  орнына  «əрекет  ету  қажеттігін 

негіздеу», «əрекет ету қажеттігін ақтау» қалыптамаларын пайдалану 

керек. «Жасырын үндеуге» келетін болсақ, егер талданылып отырған 

материалда  қамтылатын  сөйленістер  материал  авторы  тарапынан 

басқа сөйленістер мəнмəтінінде үндеу ретінде пайдаланылған болса, 

мəтіннің  мақсаттық  бағыттылығын  сипаттауға  мүмкіндік  беретін 

сол жəне басқа да үзінділерді сөзбе сөз келтіру керек.  Осыдан кейін 

сəйкес сөйленістерді (мəлімдемелерді) үндеуді білдіретін формалды 

құралдарды  қамтитын  сөйленістер  ретінде  саралауға  болады 

(«жасырын» анықтамасын бермей)

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет