Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Ұ

Ұлттық намыс – халықтың (ұлыстың) ақыл-өнегелік құндылығын 

бағалау.  Ол  қандай  да  бір  халықтың  көпұлтты  қоғамдастықтағы 

рөлінің  мойындалуы,  тарихи  үдеріске,  қоғамның  мəдени  дамуы-

на  қосқан  үлесіне  негізделеді.  Ұлттық  намыстың  ең  қатты  қорғала-

тын  атрибутына    ана  тілі  жатады.  Ұлттық  намыс  халықтың  өзіндік 

ерекшелігін көрсетудің ерекше түрі болғандықтан өзге халықтармен 

байланыс  барысында  əр  халық  ұлттық  намыс  негізінде  өз  мүддесін 

қорғайды.




40

Ү

Үндеу қылмыстық құқық термині ретінде – жария түрде айтылған 

немесе  таратылатын  ақпараттық  материалда  көрініс  тапқан,  жеке 

тұлғаны анықталған құқыққа қарсы əрекетке итермелеу мақсатында 

оның санасына, еркіне жəне мінез-құлқына əсер ететін үндеу.

Үндеу  ҚР  ҚК-нің  құқық  бұзушылықпен,  оның  ішінде,  экстре-

мизммен  байланысты  сөйлеу  əрекеттеріне  қатысы  барлық  дерлік 

баптардың  ережелерінде  айтылады  (бұлар: 161-бап  «Басқыншылық 

соғысты  тұтандыруға  насихат  жүргiзу  немесе  жария  түрде  шақы-

ру», 179-бап «Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау 

немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу не-

месе  ұстап  тұру  не  Қазақстан  Республикасының  конституциялық 

құрылысын күштеп өзгерту», 180-бап «Сепаратистік əрекет», 256-бап 

(«Терроризмдi  насихаттау  немесе  терроризм  актiсiн  жасауға  жария 

түрде шақыру»), сондай-ақ алауыздықты жандандыру белгіленген ҚР 

Заңы 1-бап «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы».   

Үндеу ашық жəне жасырын деп бөлінеді; ашық үндеулер, өз кезе-

гінде, тура жəне жанама болып тармақталады.

Əрекетке түрткі болу аз немесе кем дəрежеде эксплицитті, ашық 

түрде  білдірілуі  мүмкін,  яғни  түрлі  дəрежеде  имплицитті,  жасырын 

түрде жəне бұл үндеудің бар / жоқтығын талдауда басты қиындықтар-

ды тудырады. Ашық үндеу деп түрткі салу тілдік тұрғыдан (вербал-

ды) ашық айтылған үндеуді атайды. 

Көрсетілген нормаларды ескере отырып, нақты бір сөйлеу əрекеті 

«экстремистік» үндеу деп танылуы үшін, ол жалпы түрде келесі линг-

вистикалық белгілерге ие болуы керек (үндеу моделі: А– Ə – О – И

(мысалы: Орыстар, кавказдықтарды базардан қуыңдар !): 

1) сөйленісте тілдік (вербалды) императивтің болуы (И);

2) сөйленісте əрекетті жасау тəсілінің образы болуытүрткі салу 

əрекеті (Ə);

3) сөйленісте əрекет нысанының образының болуы: нені жасауға 

үндеп жатыр (О);

4)  сөйленісте  адресат  образының  болуы:  əрекетті  кім  орындауы 

керек, кімді үндеп отыр (А).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет