Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50

Исахова Шахизада Исмайловна
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ 
ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Резюме. Одним из основных факторов воспитания и развития детей младшего школьного возраста является оз-
накомление с национальной культурой. Средства духовной культуры (обряды, традиции, обычаи, игры, осуохай и т.д.) 
играют более существенную роль в гармоническом развитии его личности. В обрядах и обычаях закреплены способы 
передачи духовных ценностей с помощью установившихся средств воспитания.
Ключевые слова: этнопедагогика, нравственное воспитание, дошкольное воспитание, традиция.
Sammary. One of the main factors of education and development of younger school-age children is to get acquainted with 
national culture. spiritual culture products (rituals, traditions, customs, games, osuokhay, etc.) play a more important role in 
the harmonious development of his personality. The rituals and customs of the fixed modes of transmission of spiritual values 
with the help of the established means of education.
Keywords: ethnopedagogy, moral education, early childhood education, tradition
Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  қа-
лыптасуын айқындауда балабақшалардың ашылуы 
және дамуын, оқу-тәрбие процесін ғылыми педа-
гогикалық  тұрғыдан  ұйымдастыру  мәселелерін 
қарастыруға,  сондай-ақ,  мектеп  жасына  дейінгі 
балаларды дамыту, тәрбиелеу оқыту және оның не-
гізгі зандылықтарын айқындауға көңіл бөлу қажет 
болды.
Қоғамның  тарихи  даму  тәжірибесі  адамгер-
шілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам 
тәрбиелеу  міндеттерімен  байланысты  болып  кел-
генін дәлелдейді.
Ғылыми  диалектикалық  дүниетаным  ілімі  ‒ 
адамгершілік тәрбиесі теориясы мен практикасы-
ның методологиялық негізі болып есептеледі.
Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғы-
мы  жөніндегі  мәселелер  адамзат  тарихымен  бір-
ге  айтылып  келе  жатыр.  Адамгершілік  тәрбиесі 
туралы  ұғым  қоғамның,  рухани  мәдениеттің  бір 
көрінісі ретінде өмірдің тарихи-әлеуметтік мәнін, 
міндетін  айқындайды.  Адамгершілік  тәрбие  тео-
риясы үшін аса маңызды ұғымдар «этика» (әдеп), 
«мораль»  және  «адамгершілік»  болып  табылады. 
«Этика»  ұғымы  ежелгі  гректің  «этос»  деген  сөзі-
нен  шыққан.  «Адамгершілік»  термині  «мораль» 
сөзінің баламасы болып табылады және сөздіктер-
де алғаш рет XVIII ғасыр аяғында пайда болды деп 
қарастырады.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңіл-
сек,  ол  адамгершілікті,  қайрымдылықты,  мейір-
бандықты  дәріптейді.  Ата-бабаларымыз  баланы 
бесігінен  жақсы  әдеттерге  баулыған.  «Үлкенді 
сыйла»,  «Сәлем  бер,  жолын  кесіп  өтпе»  деген 
секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгер-
шілікті,  ар-ұяты  бар  адамның  бет-бейнесі  иман-
жүзді,  жарқын,  биязы,  өзі  парасатты  болады. 
Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құр-
меттеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін 
олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік, 
қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсе-
ту,  адалдық,  ізеттілік  сияқты  қасиеттерді  бойына 
сіңіру қажет. Балаларды адамгершілікке тәрбиеле-
уде  ұлттық  педагогика  қашанда  халық  тәрбиесін 
үлгі  ұстайды.  Ал,  адамгершілікке  тәрбиелеудің 
бірден-бір  жолы  осы  іске  көзін  жеткізу,  сенімін 
арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына 
сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге 
тасын қалағанымыз.
Қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрлердің оқу-тәр-
бие процесіне енгізілуі негізге алынып отыр. Бала-
ларға отбасынан басқа ұлттық тәлім-тәрбие беруде 
мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерек-
ше. Үйде бала ата-анасына еркелесе, балабақшада 
балаларға тәрбиешінің айтқаны заң, олар ұстазы-
ның  айтқанын  бұлжытпай  орындауға  тырысады. 
Сондықтан, қазіргі білім беру үрдісінде этнопеда-
гогикалық материалдарды пайдаланудың формала-
рын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет. Бұл мін-
детті жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелерден 
басталатыны белгілі.
Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні  – 
адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстети-
ка,  дене,  отбасы  тәрбиесіне  байланысты  мәселе-
лерге келіп тіреледі.
Еліміздің  президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Сындар-
лы  он  жыл»  [1]  атты  еңбегінде:  «...қазақ  тарихы 
адамзат шежіресінің құрамдас бөлігі екені ғылыми 
тұрғыда дәлелденуі керек»,– деп ерекше тоқталды.
Қазақстанда этнопедагогика арқылы балаларға 
адамгершілік тәрбие беру проблемаларын айқын-
дауда  Р.К.Төлеубекованың,  Ж.Б.Сәдірмекованың, 
Б.Ж.Мұқанованың  еңбектері  ерекше  ғылыми 
құндылыққа ие болып отыр. Халық педагогикасы 
дәстүрі  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларын 
тәрбиелеуде болашақ мұғалімдерді дайындау мәсе-
лелері А.Әлімбаевтың, С.Қ.Абильдинаның зертте-
улерінде әр қырынан сөз болады.
Этнопедагогиканың  зерттеу  обьектiсi  –  халық 
педагогикасы.  Халық  педагогикасы  халықтардың 
ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсiлдерiне негiз-
делген бай тәжiрибесiнiң эмприкалық жиынтығы. 

280
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-
дәстүрді,  өнерді  дәріптейтін,  ана  тілі  мен  дінін 
қадірлейтін,  отанын,  елін,  жерін  сүйетін,  жан-
жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат 
тәрбиелеу [2].
Ғалым  А.К.Меңжанованың  «Мектеп  жасына 
дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрби-
елеу»  атты  монографисында:  Оқу-тәрбие  үдерісі 
барысында этнопедагогика материалдарын пайда-
лану арқылы баланы адамгершілікке, еңбекке бау-
лу мәселесін қарастырған [3].
Қазақ  этнопедагогика  материалдыры:  жұм-
бақтар,  мақал-мәтелдер,  сәндік-қолданбалы  өнер, 
ертегілер,  жаңылтпаштар  пайдаланылған  шара-
лар  өңделді.  Бұл  қазақ  этнопедагогика  материал-
дары  мектепке  дейінгі  мекемелердің  оқу-тәрбие 
үдерісінің барысында қолданылды.
Қазақ  этнопедагогика  материалдарын  пайда-
лану  бойынша  жүргізілген  жұмыстың  тиімділігін 
анықтау үшін төмендегідей өлшемдер алынды:
1. Халық тәрбиесі элементтері туралы білімнің 
қалыптасуы;
2. Отанға деген сүійпеншіліктің қалыптасуы;
3. Адамгершілік сапаларының қалыптасуы;
Балаларда  халық  тәрбиесі  элементтері  туралы 
білімнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, адамгер-
шілік  сапаларының  қалыптасуын,  анықтау  үшін 
сауалнама жүргізілді. Қазақ этнопедагогика мате-
риалдары  туралы  білімнің  қалыптасуы  бойынша 
мәліметтерді өңдеу нәтижесі төмендегідей болды
Қорытындылай келгенде, мектепке дейінгі ба-
лалардың адамгеншілік тәрбиесін қалыптастыруда 
этнопедагогика  материалдарын  қолданудың  ерек-
шелігін  кешенді  тұрғыдан  қарастыру  мәселесіне 
біздің республикамызда, Ресейлік және шет елдік 
көптеген психологтар мен педагогтар үлкен еңбек 
сіңіруде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. 
Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл». -Алматы: ЮРИСТ. 2003-1806.
2. 
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы: Санат, 1991
3. 
Меңжанова А.К. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу. -Алматы, Мектеп, 
1987. - 152 б.

281
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Халилаева Элмира Жахановна
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті, аға оқытушы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Резюме: В данной статье рассмотрены вопросы организации работы по правовому воспитанию детей дошколь-
ного возраста, выявлено современное состояние данной проблемы, содержание воспитания по формированию право-
вого сознания и правовой культуры понимания, особенности совместной деятельности воспитателя и воспитанника, 
а так же особенности использования различных методов и приемов в процессе воспитания.
Ключевые слова: право, правовое воспитание, дошкольное воспитание, дети дошкольного возраста.
Summary: This article describes the organization of work on legal education of children of preschool age, revealed the 
current state of the problem of education content on the formation of legal awareness and legal culture of understanding, 
particularly joint ventures teacher and pupil, and also features the use of different methods and techniques in the process of 
education.
Key words: law, legal education, early childhood education, pre-school children.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемле-
кет ретінде дамуы әрбір азамат бойына құқықтық 
құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалып-
тастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін 
қымбат қазына – адам, адамның бостандығы мен 
өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қа-
зынаны бағалай білуі аса маңызды. Сол себептен 
құқықтық  мәдениетті  қалыптастырудың  маңыз-
дылығы да осыдан басталады. Оны қалыптастыру 
үшін жүйелі де мазмұнды тәрбие қажет [1].
Осыған  орай,  құқықтық  тәрбиенің  мақсаты  – 
жастарды мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру 
ережелерін  құрметтеуге,  қоғам  заңдылықтарын 
бұзуға  төзбеушілікке,  қоғамдық  тәртіпті  сақтауға 
тәрбиелеу болып табылады. Тұлғаның аталған са-
палары болашақ қоғам азаматының құқықтық мә-
дениетінің мәнін құрайды. 
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2007  жылғы 
28  ақпандағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды 
ерекше  атап  өтті.  Баланың  балабақшадағы  өмірі 
тұлғаның  азаматтық  қалыптасуының  шешуші 
кезеңі  болып  табылады.  Осы  жылдары  адамгер-
шіліктің  дүниетанымы,  сенімдері,  ұжымшылығы, 
тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адал-
дығы  мен  шыншылдығы,  қайырымдылығы  мен 
ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыпта-
сады [2].
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын 
қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык 
пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты да-
рытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз 
жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз 
беріп  келеді.  Қазақстан  заңдарына  терең  құрмет 
сезімін  қалыптастыру,  оларды  сөзсіз  сақтау  және 
орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің 
жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, мате-
риалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді 
түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. 
Сондықтан да әр баланың санасына құқықтық нор-
маларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күн-
делікті  мінез-құлық  нормасына  айналдыру  үшін 
күресу  құқықтық  тәрбиенің  міндеті  болып  табы-
лады.
Қазіргі  бала  -  ертеңгі  маман,  өндіріс  жетек-
шісі, басшы. Педагогика мен тәрбиенің халықтық 
ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы 
К.Д.Ушинскийдің:  «өмірде  де,  ғылымда  да  бар-
лық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі 
жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әртүрлі. 
Өз  еліне  басқа  елдің  тәрбие  жүйесін  енгізу  мүм-
кін  емес,  себебі  халықтардың  өмір  сүру  моделі 
де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа» дегенін қайда 
қоймақпыз [3].
Құқықтың  тәрбие  тура  жолмен  жүруге  үйре-
тетін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай 
жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Мектеп жасы-
на дейінгі бала  өзінің айналасындағы адамдарды, 
әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұ-
ның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуы-
на әкеліп соқтырады.
Қоғамда  өмір  сүретін  адамдардың  өздерін 
ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік норма-
лар дейміз (грек. socitas - қоғам, лат. norma - ереже, 
үлгі) [4 ].
Құқыктың пайда болуы мемлекеттің пайда бо-
луымен тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан 
бақылауға алынған, нормативтік актілерде нақты-
ланған, орындалу тетігі қалыптастырылған норма-
лар болғандықтан, құқық ережелерін сақтау мем-
лекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып 
табылады. Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан 
заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей 
міндетті нормалар жүйесі.
Құқықты  құрметтеу,  әділдікті,  борышты,  жау-
апкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасы-
ның жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты 
сезіну  құқықтық  мәдениеттің  құрамы  екендігін 
түсіну қиын емес.
Құқықтық сана сезімнің басты мақсаты – адам, 
азамзат, қоғам мүддесіне сәйкес келетін, олардың 
мүдделерін  қанағаттандыратын  құқықтық  норма-

282
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ларды  ортақ  игілік  үшін  қабылдау  қажеттілігінің 
негізгі бастамашысы болып табы¬латындығында. 
Құқықтық  мәдениет  болса  –  құқық  нормаларын 
білу,  толық  түсіну,  оларды  басшылыққа  ала  оты-
рып,  адамзаттың  ортақ  мүддесіне  қызмет  істеуді 
білдіреді
Құқықтық тәрбие – қоғам мүшелерінің құқық-
тық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптасты-
рудағы  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұй-
ымдардың іс-әрекетінің көрінісі болып табылады. 
Мемлекет  неғұрлым  құқықтық  тәрбиеге  ерекше 
мән  берсе  –  құқықтық  сана,  құқықтық  мәдениет, 
құқықтық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өй-
ткені, құқықтық сана, мәдениет, құқықтық ғылым 
тәртіптің қайнар көзі, бастауы [5].
Ұрпақ  тәрбиесіндегі  басты  мақсат-жан-жақты 
дамыған  тұлғаны  тәрбиелеу.  Негізгі  тұлғаның  өз 
өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және 
болашақ  ұрпақ  алдындағы  жауапкершілігін,  дү-
ниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі 
тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқа-
лыпты қалыптастыруға баулу.
Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын 
қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық 
пен  қоғамдық  меншікке  қатынасты  көзқарасты 
дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Қазақстан 
заңдарына  терең  құрмет  сезімін  қалыптастыру, 
оларды сөзсіз сақтау және орындау  ұзақ уақыт тәр-
бие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық 
сананың  төмендігі,  материалдық  және  рухани 
игіліктердің не екені жөнді түсінбеушілік қоғамға 
жат  қылықтарды  туғызады.  Сондықтанда  әр  ба-
ланың  санасына  құқықтық  нормаларды  жеткізу, 
жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық 
нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәр-
биенің  міндеті болып  табылады.  Баланың  мектеп 
жасына дейінгі өмірі тұлғаның негіздерінің қалып-
тасуының  шешуші  кезеңі  болып  табылады.  Осы 
жылдары адамгершіліктің, дүниетанымның, сенім-
дердің,  ұжымдағы  қарым-қатынастың,  тәртіптің, 
өзіне және басқаға талап қоюдың бастапқы білім-
дері мен дағдылары  қалыптаса бастайды.
5-6  жасқа  қараған  балалардың  психикалық 
өмірі мен оның қоршаған ортасына деген қатына-
сы өзгеріске түседі.  Мектеп жасына дейінгі бала-
ның психикасы мен санасында болып жатқан бұл  
өзгерістердің  мәні ішкі психикалық өмірі мен мі-
нез-құлқының іштей реттелуіне мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының сөй-
леу және ойлау процестерінің арасындағы  байла-
нысын  күрделене  түседі.  Сөз  баланың  танымдық 
іс-әрекетінің  нәтижесін  оның  санасында  бекітеді. 
Бала  бұдан  былай    тек  қабылдап  отырған  нәрсе-
лерді айтып қана қоймай, ендігі жерде ол талқы-
лайды,  фактілерді  салыстырады,  олардың  өзара 
байланысы мен заңдылықтарын айқындайды.
Мектепке дейінгі жаста балалардың қарым-қа-
тынас  шеңбері  кеңи  түседі.  Балалар  біраз  есейе 
түскен соң шағын семьялық байланыстар шегінен 
шығып, адамдардың аумақты тобымен, әсіресе қа-
тар  құрбыларымен  араласа  бастайды.  Сөйлесетін 
адамдардың көбеюі баладан ең бастысы тіл болып 
табылатын  қарым-қатынас  құралын  толық  меңге-
руді  талап  етеді.  Баланың  күрделене  түсетін  әре-
кеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды. 
Тілдің  дамуы  бірнеше  бағытта  жүреді:  басқа 
адамдармен  араласу  кезінде  оны  іш  жүзінде  қол-
дану жетіле түседі, сонымен бірге тіл психикалық 
процестерді  қайта  қараудың  негізі,  ойлау  құралы 
болып табылады [6].
Мектепке  дейінгі  шақ  ішіндегі  баланың  мі-
нез-құлық  мотивтері  айтарлықтай  өзгереді.  Мек-
тепке дейінгі кішкентай бала, ерте сәбилік шақтағы 
тәрізді  тым  әр-түрлі  себептерге  байланысты  сол 
сәттегі  жағдайлық  сезімдер  мен  тілектің  ықпалы 
пайда  болатын  іс-әрекет  жасайды,  сонымен  бірге 
қандай  да  бірқалдықты  жасауға  мәжбүр  екендігі 
жөнінде өзіне-өзі айқын есеп бере алмайды.
Баланың  жақсы  мен  жаманды,  қажет  пен  қа-
жет  еместі,  болуы  керек  немесе  болмайтындығы 
туралы,  қоғамдық,  әлеуметтік  нормаларды  ұғыну 
туралы  күрделі  дамыған  түсініктерінің  нәтиже-
сінде  адамгершілік  сезімдері  қалыптасады.  Жеке 
тұлғаның  адамгершілік  санасында  бұл  сезімдер 
адамгершілік  түсінік  бірлігіндегі  және  адамгер-
шіліктің,  сананың  және  сезімталдақтың  нәтиже-
сінде  көрінеді.  Тұлғада  адамгершілікті  қалып-
тастыруда  сезім  мағынасы  орасан  зор.  Адамның 
мінез-құлқы  көпшілік  жағдайда  бағытталған 
адамгершілік сезімге тәуелді.
Моральдық  сезімдер  мен  әдеттерге  тәрбиелеу 
-  баланың  жеке  басының  күрделірек  белгілерін, 
оның  моральдық  қасиетін  еліміздің  қоғамдық 
өміріндегі құбылыстар мен оларға дұрыс көзқарас-
пен қарау жөнінде көз алдына елестетуді қалыпта-
стырудың қажетті негізі болып табылады.
Мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерін  мең-
герген сайын, олар баланың өзге адамдарды баға-
лауда пайдаланатын өлшемдері бола береді. Бірақ 
бұл өлшемдерді өзіне қолдану анағұрлым қиыны-
рақ болады. Баланы өзіне тартып, белгілі бір қылық 
көрсетуге итермелеуші толғаныстар оған көрсетіл-
ген қылықтардың шын мәнін бүркейді, оларды әділ 
бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай бағалау тек 
өз  қылықтарымен,  сапаларымен  салыстыру  ғана 
мүмкін болады. Өзін өзгелермен салыстыра білуді 
бала мектепке дейінгі үлкен жаста меңгереді, бұл 
өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізі болып табылады 
[6,111]. 
5-6  жасқа  қарай  балалардың  білімге  қы-
зығушылығы баланың іс-әрекетінің жеке мотивіне 
айналады,  оның  мінез-құлқын  бағыттайды.  Б.Г.А-
наньев  пен  Л.И.Божовичтің  зерттеулерінде  бала-
ларда танымдық қызығушылық  баланың қоршаған 
орта туралы барлығын білгісі келетін құмарлығы-
ның арқасында  пайда болады [7].

283
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Л.С.Выготский  атап  өткендей  сананы  дамыту 
жеке  психикалық  функциялардың  оқшауланған 
өзгеруімен айқындалмайды, (зейін, ес, ойлау және 
т.б.),  ол  өзгеруіне  жеке  функциялардың  арасын-
дағы қарым-қатынастардың өзгеруінен туындайды 
[8].
В.С.  Мухина  бойынша  мектепке  дейінгі  бала 
әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған 
жаңа  талаптарын  игерудің  ықпалымен  баланың 
алдында  бір  нәрсеге  зейінін  шоғырландыру  және 
оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны 
жаңғырту,  ойынның,  суреттің  т.б  ой  желісін  құру 
сияқты  жаңа  ерекше  міндеттер  пайда  болғанда 
ғана  бетбұрыс  жасалады.  Осы  міндеттерді  шеше 
білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің 
қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана 
зейіннің,  естің,  қиялдың  арнайы  іс-әрекеттері  қа-
лыптаса бастайды [9].
В.С.Мухина  бойынша  мектеп  жасына  дейiнгi 
және  бастауыш  мектеп  жасындағы  балаларда  мi-
нез-құлық  мотивациясы:  мiнез-құлықтың  саналы 
регуляциясы  күшейедi,  мотивтер  мен  қажеттiлiк-
тер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қа-
жеттiлiктер  сферасы  кеңейедi,  қарым-қатынасқа 
деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа 
қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая 
түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жа-
сай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда бо-
лады [9,79].
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін бел-
сенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. 
Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда 
және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді 
құра  алуы,  мектепке  дейінгі  кезеңде  басқа  бала-
лармен  жасаған  қарым-қатынастың  тиімділігімен 
анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа ба-
лалармен  қарым-қатынас  барысында  өз  құқығын 
қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың 
адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психо-
логиялық  негізі  ең  алдымен  адамның  күнделікті 
тіршілік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақса-
тымен байланысты екендігі айқын.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек жаста 
ырықтыдан кейінгі зейіннің элементтері пайда бо-
лады, осылайша, бала ересектердің басшылығымен 
өзіне қызықсыз іс-әрекетті орындай отырып, келе-
шекте  қызығушылығы  оянып,  бұл  үдерісті    оңай 
және нәтижелі жүзеге асыра алады. 
Ғалымдардың  зерттеулері  көрсеткендей,  алты 
жасқа  қараған  шақта  баланың  санасында  күрделі 
өзгерістер  пайда  болып,  дүниетануды  жаратылы-
стық  себептік  көзқарас  негізінде  түсіндіреді.  Бұл 
баланың  білімінің  деңгейіне,  қызығушылықтың 
тереңділігіне,  болашақ  дүниетанымдық  позиция-
сына ықпал ететін өте маңызды кезең.
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық 
дамуы оның  адамгершілік түсініктері мен сезім-
дерінің дамуымен тығыз байланыста. Мектеп жа-
сына  дейінгі  балалардың  адамгершілік  сапалары-
нының мазмұны мен динамикасы:
3-4 жас. «Не жақсы» және «не жаман» туралы 
қарапайым  түсініктері  қалыптасады.  Дөрекілік 
пен ашкөздікке теріс пікірі қалыптасады. Баланың 
өзінің  тәжірибесінің  арқасында  мейірімділік,  до-
стық, шыншылдық сияқты түсініктері дамиды. 
4-5 жас. Күнделікті өмір жағдайларының және 
көркем  әдебиет  шығармаларын  талдау  арқылы 
әділеттілік, достық, қамқорлық сияқты түсініктері 
дами түседі.
5-6 жас. Нақты үлгі негізінде шындық, әділет-
тік,  батылдық,  кішіпейілділік,  сыпайылылық,  ең-
бекқорлық,  жанашырлық  сияқты  жалпыланған 
түсініктер дамиды.
6-7  жас.  Әділеттік,  батылдық,  кішіпейілділік, 
сыпайылылық,  еңбекқорлық,  жанашырлық  тура-
лы  жалпыланған  түсініктер  әрі  қарай  дамиды,  ал 
қулық,  жалғандық,  қатыгездік,  өзімшілдік  және 
қорқақтық сияқты сапаларға теріс көзқарас қалып-
тасады.
Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу са-
ласының  бірі  –  құқықтық  тәрбие.  Ол  қоғамның 
әрбір  азаматының  мемлекеттік  заңдары  аса  жау-
апкер  -шілікпен  орындап  отыруы  талаптарымен 
тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп 
жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам 
орнату про -цесімен байланысының маңызы ерек-
ше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап 
шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық 
нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының 
сана-  сезімімен,  күнделікті  мінез  –  құлықтарына 
қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, 
әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын 
дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық са-
наны тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетіл-
діру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде  балалармен  жүргізетін  құқықтық  тәр-
биенің мазмұнын айқындауда А.С.Макаренко, В.А.
Сухомлинский  «қандай  да  бір  құқықтық  тәрбие 
болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымда-
стырылып жеке адамның мақтаждығына негіздел-
се, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға балалар ша-
руашылықпен  қатысса,  соғұрлым  алдыңғы  буын 
ағалардың  әлеуметтік-  құқықтық  жетістіктерін, 
тәжірибелерін  қабылдап,  өз  мінез–құлықтары-
на қалыптастырады» - деп осы мәселеге қатысты 
айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың 
маңызы ерекше.
Балалардың  мінез-құлқының  нормадан,  ша-
мадан  ауытқуына  түрлі  жағдайлар  себеп  болады. 
Олардың  ішінде  ең  бастысы  отбасы  жағайы  боп 
есептеледі.  Өйткені  тұлғаның  жеке  басының  жа-
ман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалып-
тасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі 
тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.
Мектепке  дейінгі  мекеме  құқықтық  тәрбие 
жұмысын  күнделікті  балалардың  жас  ерекшелік-

284
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
терін есепке ала отырып,  белгілі бір жүйелікпен 
ұйымдастырылған  түрде  баланың  балабақшадан 
мектепке кеткенге дейін жүргізуі қажет. Ол үшін, 
Қазақстан Республикасының Ата Заңының «Адам 
және  азамат»  деп  аталған  ІІ  бөліміне  енгізілген 
тәуелсіз  еліміздің  азаматтарының  құқықтары  мен 
міндеттері  жайында  баяндалған  1-бапта  “Менің 
Отаным - Қазақстан Републикасы. Оның ең қым-
бат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықта-
ры мен бостандығы” деген жолдардан баста, 1995 
жылы  30тамызда  Бүкілхалықтық  референдумда 
қабылданып,  1995  жылы  5  қыркүйектен  күшіне 
енген Ата Заңның – Конституцияның мазмұнымен 
әрі  ондағы  құқықтық  ұғымдарды  таныстырудан, 
түсіндіруден  бастаған  жөн.  Себебі,  құқық  әрбір 
адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс 
- тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тір-
шлік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.
Сонымен,  мектепке  дейінгі  кезеңде  балаларда 
алғашқы моральдық пікір мен баға қалыптасады, 
адамгершілік нормалардың қоғамдық мәнін түсіне 
бастайды, адамгершілік сапалармен қатар сезімдер 
де қалыптасады.
Баланың құқықтық санасын дамыту мақсатын-
да мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың руха-
ни  рефлексиясын  белсендендіретін  іс-әрекеттерді 
ұйымдастыру  қажет.  Біздің  ойымызша  мазмұны 
рухани-адамгершілік құндылықтар мен құқықтық 
нормалардан  тұратын  мақсатты  түрде  ұйымда-
стырылған  шығармашылық  іс-әрекеттер  баланың 
рухани  іс-әрекетінің  дамуына  –  құқықтық  ойлау 
мен  жалпы  құқықтық  сананың  дамуына  әсерін 
тигізетін  индивидтің  ішкі  жұмысына  әсерін  тигі-
зеді. Тұлғаның құқықтық санасының қалыптасуы 
– мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы балалардың 
қарапайым  құқықтық  түсініктердің  жиынтығын 
меңгеруіне,  адамгершілік-құқықтық  сезімдердің 
қалыптасуынан, мінез-құлықтың дағдыларын иге-
руінен  құралатын    құқықтық  тәрбиенің  нәтижесі 
болып табылады. 
Г.М.Андрееваның,  А.В.Петровскийдің,  Е.В.
Шорохованың  зерттеулерінде  құқықтық  әлеу-
меттендіру  құқықтық  бейімделу  мен  құқықтық 
интериоризациядан  тұрады  дейді.  Бұл  жерде 
әлеуметтенддіру  индивидтің  нормалар  мен  құн-
дылықтарды  игеру  үдерісі  ретінде  қабылданады 
[10].
5-6 жастағы балалардың құқықтық тәрбиесі де-
геніміз баланың құқық туралы алғашқы қарапайым 
түсініктері, құқықтық тәртіп және оны қорғау, со-
нымен қатар оның құқыққа және құқықтық тәртіп-
ке  эмоционалдық  бағасы,  оның  нақты  іс-әрекеті, 
түрлі жағдайдағы мінез-құлқы, бөтен адамдардың 
арасында қарым-қатынас жасай отырып, солардың 
құқықтық нормаларына бағынуға дайындығы  жа-
тады.
5-6 жастағы балаларға беретін құқықтық тәрби-
енің мазмұны өзіне екі аспектіні қамтиды: қарапай-
ым  құқықтық  түсініктерді  меңгеру  және  оларды 
басқалармен  қарымс-қатынасқа  түскенде  транс-
формациялау, демек қолдану. Түсініктер құқықтық 
мәдениеттің қалыптастырудың бастапқы кезеңінде 
міндетті  түрде  қолданылатын  компонент  болса, 
ал  қарым-қатынас  болса  –  оның  соңғы  нәтиже-
сі  болып  табылады.  Нағыз  құқықтық  түсініктер 
саналы  қарым-қатынасты  қалыптастырады  және 
құқықтық санаға баста береді.
Осылайша, мектепке дейінгі 5-6 жастағы бала-
лардың құқықтық тәрбиесі дегеніміз қоғамға, оның 
ұстанымдары мен құндылықтарына, материалдық 
және рухани құндылықтарды жасаушы адамдары-
на  тікелей  саналы  дұрыс  қатынасы  болып  табы-
лады. Бұл өз кезегінде өзінің қоғамның бір бөлігі 
ретіндегі қатынасы және қоғамдағы нормалар мен 
мінез-құлық ережелерінің құндылықтарын оларды 
орындауына байланысты түсінуі.  
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы.  Конституция (1995) Қазақстан Республикасының Конституциясы : ресми мәтін. – 
А. : Заң әдебиеті, 2008. 32б.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты  Қазақстан халқына Жолда-
уы. Астана, 28 ақпан 2007 ж.
3. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: в 6-ти томах. Педагогика,1990.    Т.5. - 528 с.
4. Баққұлов, С. Д. Құқық негіздері: оқу құрал / С. Д. Баққұлов А. : Атамура , 2004.-248б.
5. Педагогика және психология. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы «Мектеп», 
-2002ж., 132б.
6. Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева Н.М., Жамалиева С.М. Мектепке дейінгі балалар психологиясы.- Астана, 2011. 
– 181б.
7. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.Л., 1968 – С.338
8. Л.С.Выготский. Психология развития человека. — М.: Изд-во Смысл; Изд-во Эксмо, 2005. — 1136 с.
9. Мухина В.С. Детская психология. - М.:Просвещение. 1985. – 272с.
10.  Блясова  Н.П.  Формирование  правового  сознания  у  детей  старшего  дошкольного  возраста.  http://
festival.1september.ru/articles/630380/

285
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ 779:136.26.16

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет