Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


ҼОЖ  378.147  Халық музыкалық шығармашылығы – студенттердің жалпы мәдениетін



Pdf көрінісі
бет61/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77

 

 

ҼОЖ  378.147 



Халық музыкалық шығармашылығы – студенттердің жалпы мәдениетін 

қалыптастыру қҧралдарының бірі 

Ҽбілбашаров Е.О., ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 

 

Еліміз  тҽуелсіз  даму  жолына  түсіп,  ұлттық  мҽдениетті  ҿркендетуге  баса  назар 



аударылып  отырған  кезеңде  маңызды  мҽселе  ретінде  бұрынғы  мҽдени-тарихи 

мұрамыздың  маңызды  компоненті  –  халқымыздың  музыкалық  шығармашылығын 

студенттердің  жалпы  мҽдениетін  қалыптастыру  құралдарының  бірі  ретінде  қарастыру 

міндеті  тұр.    Жалпы,  білім  берудің  мақсатын  ҿскелең  ұрпақтың  ата-бабалар  жасаған 

рухани құндылықтарын алу мен мҽдени мұрасын игеруі деп анықтауға болады. Қазақстан 


 

430 


мемлекетінің    даму  процесіндегі  прогрессивті  функцияны  оқу  орындары  білім  берудің 

мазмұны тек мҽдениет қалыптастырушылықтың  бағыты болғанда ғана орындай алады.    

Қойылған  мақсаттың  жүзеге  асырылуы  –  тұлғаның  жан-жақты  даму  үшін  жағдай 

жасалғанда жҽне ҿскелең ұрпақтың бастауыш мектептен бастап, жоғары мектептегі білім 

алу  кезеңдерінде  мҽдени  қажеттеліктерін  жүзеге  асыру  жҽне  үздіксіз  потенциал 

жағдайларын тудырғанда мүмкін болады. 

Мҽдениет  – адамның ойлау бейнесін, ҿзін-ҿзі алу стилін анықтайтын жеке білімнің 

интегративті кҿрінісі ретіндегі, тұлғаның қалыптасқан құндылық бағдарларының нҽтижесі 

болып  табылады.  Тұлғаның  жалпы  мҽдениетін  қалыптастыруда  халықтың  рухани 

құндылықтарының  негізінде  туындаған  халық  музыкасының  алатын  орны  ерекше.  Осы 

салада,  музыка  ғылымы  мен  ҿнерінің  адамның  тҽрбиелі,  тҽлімді  болып  қалыптасуына 

ықпалы зор екендігіне ерекше мҽн берген Ҽл – Фарабиді, оның ―Музыканың ұлы кітабы‖ 

атты еңбегін ерекше атау қажет. 

Аристотель музыкаға негізгі тҽрбие құралы ретінде қарап, оның адам психикасына, 

этикасына, сондай-ақ моральдық қасиеттерді қалыптастыруға зор ықпал ететіндігіне назар 

аударады. 

В.  Сухомлинский:  ―егер  сҽби  шақта  музыкалық  шығарманың  ҽсемдігін  жүрекке 

жеткізе  білсек,  егер  дыбыстардан  бала  адам  сезімінің  сан  қырлы  реңін  сезіне  білсе,  ол 

мҽдениеттің  ешқандай  құралдармен  жетуге  болмайтын  сатысына  кҿтеріледі...  ‖  деп, 

жалпы  мҽдениетті  қалыптастырудағы  музыканың  ролін  сҽби  шақтан  бастап  анықтаудың 

маңызын атап кҿрсеткен. [4. 125 бет] 

Ұлттық  мҽденитіміздің  қалыптасуына  қазақ  ағартушылары,  ғалымдары  Ш. 

Уҽлиханов,  Ы.  Алтынсарин,  А.  Құнанбаев,  М.  Жұмабаев,  А.  Байтұрсынов.  Ж. 

Аймауытовтар зор үлес қосты. 

Қазақтың  алғашқы  ағартушы–ғалымы  Ш.  Уҽлиханов  ―Қазақ  фольклористикасының 

атасы‖  деп  саналатыны  даусыз.  Ол  қазақ  халқының  аңыздарын,  эпос,  шежіре, 

этнографиялық  материалдарға  жіктеп,  ҽрқайсысына  анықтама  берген.  ―Қазақтың  халық 

поэзиясының  формалары  туралы‖  еңбегінде  жырдың  мазмұны  ҽдетте  қандай 

болатындығын, поэзия формаларын жҽне қобыз аспабы мен онда ойнау тҽсілін кҿрсеткен. 

ХІХ  ғ.  үлкен  ағартушы  -  педагог  Ы.  Алтынсарин  қазақ  халқының  фольклоры  мен 

этнографиялық  материалдарын  жинап,  оларды  халық  тҽрбиесінің  құралы  еткен.  Ол 

бірінші  рет, музыкалық сауат жоқ кезде, ҽн сабағын мектеп бағдарламасына міндетті пҽн 

ретінде  енгізді.  Музыка  сабығында  музыкалық  аспаптарды,  оның  ішінде  домбыраны 

кеңінен пайдалануға мҽн берді. Музыкалық эстетикалық білім мен тҽрбиені дамытуда Ы. 

Алтынсариннің  музыкаға  қатысты  жұмбақтарды  кҿп  беруі  –  аса  бағалы  тҽжірибе  болып 

табылады. 

Қазақтың  ұлы  ойшыл  ақыны,  ағартушысы  Абай  –  ұлттық  мҽдениетіміздегі  ерекше 

тұлға. Оның шығармашылығына тҽн белгі – халық мұрасына айрықша жақын болып, оны 

ҿз шығармаларының негізі етуі. 

Ал, М. Жұмабаев 1922 ж. мұғалімдерге арналған ‖Педагогика‖ атты еңбегін жазып, 

онда  адамның  эстетикалық  тҽрбиесі  де  мҽселелерін  сҿз  етеді.  Ҽсіресе,  жас  баланы 

эстетикалық,  сұлулық  сезімдерін тҽрбиелеуде ҽдемі ҽн-күйлер есітіп ҿсуінің маңызы зор 

екендігіне мҽн берілді. 

Қазақ  халқының  музыкалық  шығармашылығы  -  ҿте  бай  тҽрбиелік  мҽні  бар,  құнды 

мҽдени  мұра  ретінде  ұлттық  мҽдениеттің  маңызды  да  кҿлемді  құрамдас  бҿлігі  болып 

табылады.  Оның  жанрларының  –  (аспаптық  музыка-күй,  ҽн  шығармашылығы, 

музыкалық–поэтикалық дҽстүрлері – толғау, жыр, терме, айтыс т.б.)-педагогикалық, білім 

берушілік,  дамытушылық,  тҽрбиелік  мүмкіндіктері  орасан  зор,  сондықтанда  ұрпақ 

тҽрбиесіндегі маңызын ешқашанда жоғалтпайды. 

―Халық  музыкалық  ҿнері  –  оның  ҿзіне  тҽн  ҿмірге  деген  сезімталдығымен, 

шабытымен  жҽне  кҿпшілік  шеберлігінің  сезімтал  қасиеттері  мен  дағдыларының 

арқасында  ҽрқашанда  алда  жүреді.  Сондықтанда  халық  атты  композитор  кҿп  бейнелі 



 

431 


барлық  музыка  ҽлеміне  бүкіл  жан-жақтылығымен...  ҽсер  етеді‖-  деп,  музыка  танушы  Б. 

Асафьев халық музыкалық шығармашылығының ҿміршеңдігін атап кҿрсетті. 

Халық  музыкасының  ең  кҿлемді  жанры  –  аспаптық  шығармашылығы.  Күй  – 

қазақтың рухани мҽдениетінің аса маңызды да үлкен саласы. Қазақтың ұлы жазушысы М. 

Ҽуезов:  ―Жалпы  музыка  атаулы  нҽрсе  елдің  сезім  байлығы  мен  ішкі  жаратылыс  қалпын 

білдіретін  болса,  солардың  ішіндегі  ең  толғаулы,  ең  терең  сырлысы  -  күй‖  дейді.  [6.  87 

бет] 

 Халық музыкалық шығармашылығыының тағы бір үлкен саласы - ҽн ҿнері. ―Халық 



ҽндерінің  тардымды  келетіні,  жүрегіңе  қона  қалатыны,  олардың  баста  ҿнер  қуу 

мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Халық ҽндерінің үлкен қазына 

екендігі  де  осы  қасиетінде,  сол  ҽндерде  халық  ҿмірінің  сҽулесі  болуында‖,  -  дейді  А. 

Жұбанов ―Замана бұлбұлдары еңбегінде‖.[5. 68 бет] 

 Музыкалық–поэтикалық 

дҽстүрдің 

бір 

жанры–терме. 



Ол 

халық 


шығармашылығындағы  тақпақ-сазды  речитативті  ҽннің  бір  түрі.  М.  Ахметов  ―Қазақтың 

халық  творчествосында  осы  айтылып  отырған  рекчитативтік  стильдің  негізгі  даму 

эпрстық  жырлармен  байланысты.  Жырдың  мазмұнын  жеткізу  үшін  пайдаланылатын 

халық  арасындағы  терме,  желдірме  секілді  ҽн  түрлері  осы  эпоста  қолданылып,  пайда 

болғанын  кҿреміз‖,-  дейді.  Ал,  поэзиялық  тұрғыдан  алғанда,  терме  –  насихат,  ҿсиет 

ретінде  белгілі  бір  ҽуен  –  ырғақпен  орындалатын  ҿлең  түрі  болып  табылады.  Халық 

музыкалық шығармашылығының тағы бір дҽстүрлі жанры – толғау. Онда ой толғанысын, 

уақытқа,  заманға,  құбылысқа  козқарасын  ақын  сҿзді  ҽуенмен  сүйемелдей  отырып 

білдіреді.  Музыкалық-поэтикалық  дҽстүр  жанрына  айтыс  та  жатады.  Ол  эпостан  гҿрі 

нақты  ҿмірге  жақын  тұрған,  түрлі  ҿнердің  басын  біріктіріп  тұрған  құпиялылығымен 

ерекшеленеді. Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы кҿптеген ғылыми зерттеулер 

обьектісі  болды.  Халық  шығармашылығын  қолдану  арқылы  музыкалық  –  эстетикалық 

тҽрбие  беру  саласы  кҿптеген  ғылыми  еңбектерде  зерттеліп,  бірқатар  кешенді  іс-шаралар 

жүзеге асырылды. Дегенмен де, студент жастарымыздың жалпы мҽденитін қалыптастыру 

мақсатында,  олардың  халық  музыкалық  шығармашылығына  деген  қызығушылықтарын 

қалыптастыру  міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін,  халық  музыкалық  шығармашылығы 

құралдарымен  эстетикалық  тҽрбие  беру  саласындағы  зерттеулер  ҿз  кҿкейкестілігін, 

ҽсіресе, қазір жастарымыздың рухани жұтаңдығы аса сезіліп тұрған уақытта ҿз маңызын 

жоғалтпауы қажет. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  музыка  сабақтарының  мақсаты-рухани 

мҽдениеттің аса қажетті бҿлігі - музыка мҽдениетін тҽрбиелеу болып табылады. Ендеше, 

жоғарыда атап ҿткен музыка мҽдениетін біз ұлттық музыка мҽдениеті деп нақтылар едік. 

Ҽрине, бұл ұйғарымнан біз тек ұлттық тар шеңберде қалып қояды екенбіз деген қате ұғым 

қалыптаспауы  керек,  ҿйткені  ұлттық  бастауға  негізделген  тҽрбие  ғана  жеке  тұлғаның  ҿз 

ерекшелігін    сезініп,  түсінуі  арқылы    басқаныңда  ерекшеліктерін  сыйлауға  үйретеді.  Ҽр 

халықтың  ең  тамаша  туындылары  ҿзінің  ҿмірлік  мҽнін  жоймай  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас 

болып  мҽңгілік  мұра  ретінде  ғасырлар  бойы  жасай  береді.  Осылайша  бүкіл  ҽлемдік 

мҽдениеттің  аса  қажетті  бҿлігі-музыка  мҽдениетімен  тҽрбиелеу  болып  табылады.  Белгілі 

түріктанушы  Л.Н.Гумилев  ―Ҿзіңнің  тарихыңды  жете  білмей,  оған  деген  кҿзқарасыңды 

ҽбден  анықтай  алмай  отырып,  мҽдениетіңді  де  ешқашан  дамыта  алмайсың‖-  деген. 

Ендеше,  жоғарыда  атап  ҿткен  музыка  мҽдениетін  біз  ұлттық  музыка  мҽдениеті  деп 

нақтылар едік.  

Ҽрине бұл ұйғарымнан біз тек ұлттық тар шеңберде қалып қояды екенбіз деген қате 

ұғым  қалыптаспауы  керек,  ҿйткені  ұлттық  бастауға  негізделген  тҽрбие  ғана  жеке 

тұлғаның  ҿз  ерекшелігін  сезініп,  түсінуі  арқылы  басқаның  да  ерекшеліктерін  сыйлауға 

үйретеді. Осылайша бүкіл ҽлемдік мҽдениеттің қазынасынан орын алып, адамзат игілігіне 

айналатыны  белгілі.    Ендеше,  жалпы  білім  беретін  мектептің  музыка  бағдарламасының 

мазмұны  оқушыларды  ұлттық  пен  ҽлемдік  мҽдениеттің  ҿзара  диалектикалық  бірлігі  мен 

байланысын  түсіне  білуге  бағдарлауы  қажет.  Осыған  байланысты  ―Елім-ай‖,  ―Мұрагер 


 

432 


‖жҽне  т.с  с.  бірқатар  бағдарламалар  жасалынғанымен,  ҿкінішке  орай,  олар  жүйелі  түрде 

қолданылмауда.  Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  пҽн  мұғалімі  ҿткізетіндіктен  немесе 

ҿз  маманы  бере  тұра,  оның  кҽсіптік  даярлығы  (ҽдістемесін  жақсы  білмейді),  нашар 

болатындықтан арнайы жабдықталған музыка кабинетінің (музыкалық аспаптар, фонотека 

болмауы)  жҽне  т.б.  себептерге  байланысты,  қазіргі  колледж,  университеттердегі  оқып 

жүрген студент жастардың жалпы мҽдениеті кҿп жағдайда, ҽсіресе ауылдық жерлерде сын 

кҿтермейді деуге болады. 

Олардың  ҿзін-ҿзі  алып  жүруі,  қарым-қатынас,  сыртқы  түр-тұлғасы,  сҿз  саптау 

мҽнері,  білімі,  ойлау  деңгейі,  музыкалық,  эстетикалық,  кҿркемдік талғамдары  жҽне  тағы 

сол  сияқты  тұлғаның  мҽдениеттілігінің  кҿрсеткештерінен  тҽрбиедегі  оқылықтар  білініп 

тұрады. Жалпы білім беретін мектептерде ҿтілетін педагогикалық іс-тҽжірибе барысында 

да  біз  студенттерге  мектепте  үйретілуі,  тҽрбиеленуі  қажет  қарапайым  қағидаларды 

басынан  бастап  үйретуге  мҽжбүр  боламыз.  Мұнан  шығатын  қорытынды  –  халық 

музыкалық  шығармашылығының  мол  педагогикалық  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып, 

студенттердің  жалпы  мҽдениетін  қалыптастыру  міндетін  алғы  кезектегі  мҽселе  ретінде 

қою. 


Қорыта  айтқанда,  оқушы-жастардың  жоғарғы  ғылыми  деңгейде  халық  музыкалық 

шығармашылығын  қолдану  арқылы  эстетикалық  тҽрбие  беру  жҽне  ҽдістемелік 

қамтамасыз  ету  процесі  мен  оның  іс  жүзінде  орындалмауының  арасында  алшақтықтың 

болуына  байланысты,  оқушы-жастардың    халық  музыкалық  шығармашылығына  деген 

қызығушылықтарын қалыптастырудың кҿп сатылы білім беру жүйесі жағдайына арналған 

біртұтас, ғылыми  негізделген тиімді концепцияны ҽзірлеп іс – тҽжірибеде жүзеге асырған 

жҿн. 

                                   Ҽдебиеттер 



1.

 

Ұзақбаева С., ―Тамыры терең тҽрбие‖, Алматы.: Білім, 1995ж. 232 б. 



2.

 

Қоспақов З., ―Қазақтың ҽншілік ҿнері‖, Алматы.: Ҿнер, 1999ж. 92 б. 



3.

 

Ветлугина Н. А. ―Бала бақшадағы музыкалық тҽрбие беру методикасы‖              



Алматы.: Мектеп, 1981ж . 279 б. 

      5.   Жұбанов. А.Қ., ―Замана бұлбұлдары‖, Алматы: Дайк-Пресс, 1975. 440 б 

      6.   Қоңыратбаев. Ҽ., ―Қазақ фольклорының тарихи‖, Алматы: Санат, 1991ж.  312 б. 

 

ҼОЖ  37.012 



Жаңа ғасыр жастарының музыкалық тәрбиесінің ерекшеліктері 

Байбаланова М. А., ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 

 

Қазіргі  уақытта  тҽрбиенің  атқаратын  ролі  ҿте  жоғары  болып  отыр.  Еліміз 



тҽуелсіздік  алып  егеменді  ел  болғалы  саналы,  жан-жақты,  халқының  салт  –дҽстүрін 

сыйлайтын,  қайырымды  да  мейірімді,  адамгершілігі  мол,  ел-жұртпен  сыйластықта, 

береке–бірлікте, татулықта ҿмір сүре білетін жаңа заман адамдарын тҽрбиелеу қажеттілігі 

туып отыр. 

Тҽрбиемен  айналысатын  құрылымдар:  отбасы,  бала-бақша,  мектеп,  орта  арнаулы 

білім беретін, жоғары білім беретін оқу орындары жҽне мектептен тыс мекемелер. 

Мектептен тыс мекемелерге жататындар: мҽдени ағарту мекемелері, мҽдениет сарайлары, 

мҽдениет  үйлері,  кітапханалар,  мҽдени-тынығу  орындары  (парктер),  балаларға  арналған 

клубтар жҽне т.б. 

           Қазіргі заманда тҽрбие жұмыстарының қажеттілігі күн сайын артып отыр. 

  Біз білеміз – уақыт деген кең ұғым, 

   Соған қандай үлес қостың сен бүгін. 

Соған қосқан үлесіңмен ҿлшенер, 

Бойыңдағы жақсылығың сендігің 

–  демекші,  уақыт  кеңістігіндегі  болашақ  тҽрбиесіне  ҽр  саналы  азамат  ҿз  үлесін  қосуы 

керек. Болашақ тҽрбиесі–баршаның ісі. Болашақты тҽрбиелеуге кімдер кҿмектесуі қажет, 



 

433 


ҽрине  оған  ұстаздар,  тҽрбиешілер,  мҽдениет  пен  ҿнер  қайраткерлері,  суретшілер  мен 

сазгерлер, артистер мен ақын-жазушылар. Олар қала жастарының жҽне ауыл жастарының 

арасына кҿбірек барып,  ҽдемілік пен мҽдениет, салт-дҽстүр мен ҿнер, тұрмыс пен мінез-

құлық, жайлы ҿз пікірлерін ортаға салып отырса нұр үстіне нұр. 

Адам  ҿзінен  бұрынғы  болғандардан  білімі  жағынан,  тҽрбиесі  жағынан  үнемі  жоғарылап 

отыруы керек. [4. 5] 

Бүгінгі күндегі біздің түсінігіміздегі сұлу адам - ол жан-жақты жҽне дамыған адам. 

Болашақтың  адамдары  барлық  жағынан  келісті  келген,  мҽдениетті,  білімді,  тҽрбиелі, 

инабатты, қайырымды адамдар болуы тиіс. 

Жас  жеткіншек  ҿзінен-  ҿзі  сегіз  қырлы  бір  сырлы  боп  тҽрбиеленбейді.  Бұл  тҽрбиеге 

жоғарыда  аталған  тҽрбиелік  орындардың  барлықтары  бірдей  жан-жақты  ат  салысулары 

керек. 


Қазіргі  кезде  жоғарғы  оқу  орындарының  алдында  тұрған  негізгі  міндеттер: 

студенттерге  сапалы  білім  беру,  оларды  жан-жақты  тҽрбиелеу,  олардың  ішкі,  сыртқы 

дүниелерінің  үйлесімділігін  арттыру,  еліне,  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілігін 

қалыптастыру,  туған  Отанына  деген  патриоттық  сезімін  дамыту,  болашақ  алдындағы 

ҿзінің жауапкершілігін түсінуге талпындыру, еңбектенуге дағдыландыру. 

Бір  сҿзбен  айтқанда,  қай  жағынан  болса  да  келісті,  еңбекққор,  білімдар, 

адамгершілігі мол, тҽрбиелі, ибалы, инабатты, мейірбан болашақ адамын тҽрбиелеу. Жан-

жақты  маман  тҽрбиелеу  оңай  емес.  Ҽр  студентке  дифференциалды  қарауды  талап  етеді. 

Оқу жұмысымен тҽрбие жұмысы қоса жүргізілуі керек. Ҽсіресе адамгершілік, патриоттық, 

интернационалдық  тҽрбие  жұмыстарына  кҿп  кҿңіл  бҿлінуі  тиіс.  Тҽрбие  жұмыстары 

мағынасы жағынан, ҿте жоғары болуы тиіс. Білім ордасында алған білімдерін, жинақтаған 

тҽжірибелерін  жас  маман  еңбек  еткенде  жас  жеткіншекке  үйретеді.  Бітірушілердің 

барлығының  қалада  қалып  жұмыс  істеулеріне  мүмкіндік  тумайды.  Олардың  кҿбісі  оқу 

біткеннен  кейін  ауылдық  жерлерге  жұмысқа  кетеді.  Ауылдық  жерлерде  мҽдени  ошақтар 

аз  болғандықтан  бұл  жұмыстар  мектеп  қабырғасында  жүргізетіндігіне  ешкімнің  таласы 

жоқ шығар. 

Сол  себептен  тҽрбие  жұмыстарының  барлығы  (комплексті)  жинақты  түрде 

жүргізілсе, түрлері мен ҽдістері ҿзгеріп отырса, дұрыс болар еді. 

Сондықтан  ақысыз  ҿткізілетін  ҽр  баланың  кҿруге,  қатысуға  ҿз  ҿнерін  дамытуға 

мүмкіндік  туғызатын  іс-шараларды  іздестіргеніміз  дұрыс  болады.  Тҽрбие  жұмысының 

ҽдіс-тҽсілдерін  жақсы  меңгеру  ҽсіресе  тҽрбие  жұмысын  жүргізетін  болашақ  музыка 

маманына ҿте қажет. Жүргізу үшін оның мҽн-мағынасын түсіну керек. Сонда ғана тҽрбие 

жұмысы  нҽтижелі  болмақ.  Тҽрбие  арнайы  ұйымдастырған  жҽне  саналы  жүргізілетін 

педагогикалық үрдіс. Сонымен қатар, тҽрбие ҿзгеріс деген мағынаны білдіреді. 

Тҽрбиенің ҽсерінен жасҿспірімнің бойында белгілі бір ҿзгеріс жақсы жағына қарай 

бағытталса, онда оның дұрыс жолға түсе бастағаны. Бұл жағдайда тҽрбие жұысын жүргізу 

барысында ҽрбір болашақ маман ҿзінің іс-ҽрекетінің нҽтижесін кҿре бастайды. Тҽрбиенің 

негізгі қызметі – жас адамның бойында сапалық қасиеттерді қалыптастыра отырып, оның 

күн  ҿткен  сайын  жетіліп,  кҿбейіп  отыруын  қадағалап,  оның  жеке  адамдық  сатыға 

кҿтерілуіне  кҿмектесу.  Бұдан  тҽрбиенің,  үгіт-насихаттың  жалаң  сҿзден  қоғамдық   

тҽрбиенің  ҽртүрлі  талабын  игеруге,  пайдалы  қызмет  қосуда,  жеке  адам  жеке  тҽрбиені 

игеріп қоюмен шектелмей, ҿзінің қоғамдық ҿмірге белсенді араласуынан байқалады. 

Студенттер  университет  ҿміріндегі  сан  қилы  тҽрбие  жұмыстарына  белсенді 

қатысып,  одан  үлкен  рухани  байлық    алады.  Бұл  жағдайды  қамтамасыз  ететін 

оқытушылар  қауымы,  топ  жетекшілері.  Осы  белсенді  іс-ҽрекеттің  барысында 

адамгершілік қатынас қалыптастырылады. 

Сонымен,  тҽрбиенің  мҽн-мағынасы  бұл  жеке  адамның  қоғамдық  тҽжірибені, 

білімін,  ептіліктер  мен  дағдыларды,  шығармашылық  іс-ҽрекет  тҽсілдерін,  рухани 

қатынастарды игеру үшін бағытталған педагогикалық үрдіс. 


 

434 


Адам  жаны...  адамның  саналы  ҿмір  кешуі,  адамның  қиялымен  болашақ  жайлы 

сырлы  да  сымбатты  болжамдар  түюі.  Жерге,  елге  махаббаттың  оянуы  осының  бҽрі  – 

тіршілік иесінің рухани қажеттілігі; ол бағзы заманнан қалыптасып бүгінге салаланып ҽрі 

жетілген  ҿзіндік  аты  бар  айдарлы  заттарымыз;  тұрмысымызбен  біте  қайнаған  кҿркем 

ҿнердің қай түрі  болмасын біздің кҿңілімізді  шуаққа бҿлейді, анығырақ айтатын болсақ, 

суреттерден  табиғат  жырын  тыңдап,  скульптура-архитектурадан  ұлы  ғимараттармен 

мүсіндер сұлулығын кҿріп таңдай қағамыз. 

Дегенмен  адам  мінезіндегі  эмоциялық  бояуларды,  күйінішін-сүйінішін  кҿп  сезім 

толғауын музыка тіліндей дҽл баса ҿрнектейтін ҿнер бола қоймас. Музыка тілі-халықтық 

ортақ ұғым. Онда ұлттық шекара жоқ, барша адмзат ҿкілдеріне оның тілі ұғынымды, тек 

тыңдайтын зердең болсын. Музыка біздің қоршаған барлық дүниенің, табиғаттың ҽсем де 

сұлу бейнесін, кҿрінісін ҽсерлі де кҿркем суреттеп бейнелейді. Музыка арқылы ҽр ұлттың 

ұлтаралық  достығы  дамып,  ҿзара  қарым-қатынасы  жақсарады.  Музыка  адамның  кҿңіл  –

күйін кҿтереді, қайғысына ортақтасады, арман мақсаттарға жетелейді. 

Музыка  іс  жүзінде  кҿркем  творчествоның  барлық  түрлерімен  дерлік  қатарласа 

отырып, болмыстың бүкіл объектілі құбылыстарын түсінікті ҽрі жеңіл бейнелеп береді. 

В.А.  Сухомлинскийдің  ―Егер  сҽби  шақта  музыкалық  шығарманың  ҽсемдігін  жүрекке 

жеткізе  білсек,  егер  дыбыстардан  бала  адам  сезімінің  сан  қырлы  реңкін  сезіне  білсе,  ол 

мҽдениеттің  ешқандай  құралдармен  жетуге  болмайтын  сатысына  кҿтеріледі  .... 

Музыкалық тҽрбие – бұл музыкантты тҽрбиелеу емес, алдымен адамды тҽрбиелеу‖ /1. 75 

бет/ деуінде үлкен шындық жатыр. Бір сҿзбен айтқанда қазақ халқының музыкалық жҽне 

кҿркем  творчествосы  ҿзі  ҿмір  сүрген  ғасырлар  ішінде  ҿскелең  ұрпақтың  эстетикалық 

талғамы мен кҿзқарастарын қалыптастыруға жҽрдемдесіп отырады. 

Кез келген басқа халықтар сияқты қазақ халық педагогикасындағы балалар мен жастарға 

музыкалық тҽрбие берудің тамыры тереңде жатыр, ҽрі оның ҿзі К.Д. Ушинскийдің сҿзімен 

айтқанда, халықтң ҿзі қанша ҿмір сүрсе, сонша ғасырлар бойы ҿмір сүріп келеді. Балалар 

мен  жастарға  музыкалық  эстетикалық  тҽрбие  беру  қарапайым  ҽдістермен,  тҽсіл 

құралдармен сҽби шақтан, отбасы жағдайында жүзеге асырылып келді. Бірінші рет орыс-

қазақ мектептерінде ҽн сабағын міндетті оқу тҽртібіне енгізуші - осы мектептердің негізін 

қалаған,  қазақ  халқының  тұңғыш  ұлы  ағартушысы  Ы.  Алтынсариннің  эстетикалық 

кҿзқарастары мен педагогикалық қызметтеріне тоқтала кетсек. 

Ы.  Алтынсарин  –  қазақ  музыкасын  ҿте  жоғары  қастерлеген,  ҿзі  домбыра  шерте 

білетін,  қазақтың  халық  ҽндерін  сүйіп  айтатын  адам  болған.  Ол  ҽсіресе  жас  буын 

жеткіншектерге  музыкалық  тҽрбие  беруге  кҿп  кҿңіл  аударды.  Музыка  мен  ҽн  сабағын 

мектеп  бағдарламасына  енгізудің  ҿзінде  оқушылардың  бойына  ҿз  халқын  ,  отанын, 

табиғатты,  ұлттық  мҽдениетті  құрметтейтін  сезімді  оятумен  ұштасқан  ниет  жатқаны 

күмҽнсіз.  ―Ы.Алтынсарин  далаға  рояль  ҽкелгізіп,  ҿзі  ұстаздық  еткен  мектептерге  шҽкірт 

балалардың басын қосып, бір дауысты хор ұйымдастырған .... Мектептердегі ҽнді хормен 

айту  дҽстүрі  революцияға  дейін  созылды  ‖  –  деп  жазады  Ы.  Алтынсариннің  ҽліппесінен 

бала  кезінде  ҿзі  оқыған,  жҽне  орыс  –қырғыз  (қазақ)  мектептерінедегі  хорға  да  қатысқан 

академик А. Жұбанов. [10. 305 б] Музыкалық - эстетикалық білім мен тҽрбиені дамытуда 

Ы. Алтынсариннің  музыкаға қатысты жұмбақтарды кҿпттеп беруі – аса бағалы тҽжірибе. 

[2. 162 б] 

Музыкалық-эстетикалық  тҽрбиенің  ықылым  ғасырларда  туған  ҽдіс-тҽсілдері  мен 

құралдары  бүгінгі  таңда  да  күнделікті  тҽжірибеде  тҽрбие  міндеттерін  шешуге  ҿз  үлесін 

қосып  келеді.    ―Мектептегі  музыкалық  тҽрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  түрі-

музыка сабағы‖ [6 ] . Мектеп оқушыларының музыка тҽрбиесіне мектептегі ҿтетін ҽн-күй 

сабақтары  кҿмектеседі.  Ҽн-күй  сабақтарында  оқушылар  ұрпақтан-ұрпаққа,  ғасырдан-

ғасырға келе жатқан мол мұра музыка ҿнерімен атап айтқанда: ҽн ҿнерімен, хор ҿнерімен 

аспаптық  ҿнермен  танысады.  Қазақ  халқының  халық  композиторлары  мен  кҽсіби 

композиторларының  шығармашылығымен  танысады.  Ҽн-күй  сабағынан  басқа  мектепте 

музыка  тҽрбиесімен  кҿркем  ҿнерпаздар  үйірмесі  айналысады.  Атап  айтқанда:  хор 



 

435 


үйірмесі, ҽн үйірмесі, ұлт-аспаптар оркестрі, домбырашылар ансамблі, баянистер ансамблі 

жҽне  би  үйірмелері.  Сонымен  қатар,  оқушылардың  музыкалық  тҽрбиесіне  мектеп 

қабырғасында ҿтетін ҽртүрлі тақырыптағы музыка кештері, ашық тҽрбие сабақтары, ҽдеби 

музыкалық кештер кҿмектеседі. Тҽрбие жұмыстары негізінде тоқсандық, айлық, апталық 

жоспарлар түзіледі. 

Музыка  тҽрбиесінің  негізі  –  нота  сауаттылығын  үйрету,  балалардың  музыкалық 

есту,  есте  сақтау  ырғақты  сезіну  қабілеттерін  дамыту,  шығармашылық  қабілеттерді 

дамыту.  Осының  бҽрі  бала  ҿзіне-ҿзі  сенімді  болғанда  ғана  дұрыс  қалыптасады.  К.  К. 

Платонов  сенімділікті  ―тҽжірибеге,  ең  алдымен  білімге  негіздерген  күмҽннің  болмау 

сезімі‖ деп анықтаған. [5. 154 б] Ҿзіне-ҿзі сенімділік адамның тек кҽсіптік ҽрекетінен ғана 

емес, күнделікті ҿмірдің барлық салаларында қажет. Ҿзіне-ҿзі сенімділік адамның алдына 

қойған талаптарды шешудегі ҿз мүмкіншіліктерін сезінудің нҽтижесі.   Сенімділік сезімін 

тҽрбиелеудің  негізгі  мҽні  –  адам  бойындағы  мүмкіншіліктеріне  сай  ішкі  нұсқаулармен 

оларға  сҽйкес  ұмтылыстарды  қалыптастыру.  ―Сенімсіздік  ҿз  мүмкіншіліктері  мен 

қабілеттерін  толық  ашпау,  ҿзін-ҿзі  кҿрсетуде  кездесетін  қиындықтар,  ұялшақтық, 

ыңғайсыздық,  қарым-қатынаста  абыржу  сияқты  қарапайым  құбылыстардан  басталады.  

Сол  себепті  музыкалық  тҽрбиенің  негізгі  бір  тармағы  баланы  ҿзіне-ҿзі  сенімділікке 

тҽрбиелеу‖.  [8.  163  б]  Ҿзіне-ҿзі  сенімді  бала  ҽн  орындаса  да  шығарма  орындаса  да 

қысылмай-қымтырылмай таза орындап шығады. 

Ҿз-ҿзіне сенімді емес бала ұялып, ҽнің сҿзін ұмытып, басқа сҿздермен шатастырып, 

тоқтап  қалып,  аяқ  қолы  дірілдеп,  ҽбіржіп,  не  істеп,  не  қойғанын  білмей  ҽуре  сарсаңға 

түседі.  Ақыры  сахнадан  шығып  кетуге  мҽжбүр  болады.  Осындай  жағдайдағы  баладан 

ешқандай орындаушылыш шеберлікті күтуге болмайды. Сондықтан музыкалық тҽрбиеде 

ҽр  баламен  жеке  жұмыс  істеу  кҿп  нҽтиже  береді.  Кҿптің  арасында  отырғанда  жоғарыда 

аталған  кемшіліктер  байқалмай  қалуы  мүмкін.  Ҽн-күй  сабағында,  белгілі  ҽн  үйренгенде 

барлық  балалардың  ҽннің  сҿзін  жақсы  жаттауларына  кҿңіл  бҿлу  керек.  Сҿзін  жақсы 

жаттап болған  соң, орындаушылық шеберлігімен жұмыс істеп  ҽнді  эмоционалды түрде , 

вокалды  дұрыс  айтқызу  дҽрежесіне  кҿтеру  керек.  Сол  себепті  жастардың  музыкаға 

қызығушылығын ояту басты роль атқарады. 

Л.С. Выготский қызығушылықты ―Жасҿспірімнің психологиялық дамуының кілті‖ 

– деп атады. [9] Ҿнерге, музыкаға қызыққан жеткіншек ҿзін-ҿзі ҿзгертеді, ҿзін-ҿзі дамыту 

процесін  іске  асырады.  Бағыттылығы,  мінез-құлқы,  эмоциялық  қабілеттері,  ҽрекет 

танымдық  процестері  қалыптасады.  Шығармашыдлық  қабілеттері  оянады.  Музыкалық 

тҽрбие жастардың жан-жақты тҽрбиесіне ҽсер етеді. 

Қазіргі  уақытта  ХХІ  ғасырда  ҿмір  сүріп  жатқан  жастардың,  Қазақстан 

болашағының  музыкалық  тҽрбиесін тҽрбиенің  басқа  салаларымен  байланыстыра  жүргізу 

мҽселесі туындап отыр. 

Музыкалық тҽрбие эстетикалық, адамгершілік, еңбек тҽрбиесімен байланыстырыла 

жүргізілетін  болса  кҿп  нҽтиже  береді.  Музыкалық  тҽрбие  ҿте  қиын  жҽне  ұзақ  процесс 

болғандықтан  оған  жетудің  жолы  тек  тынымсыз  ізденіс,  тыңғылықты  іс-ҽрекет  адал  да 

таза  үздіксіз  ұзақ  еңбек.  Қазіргі  таңда  ұлттық  мектептерде  оқушылардың  музыкалық, 

патриоттық,  интернационалдық,  адамгершілік,  имандылық,  еңбек  тҽрбиесіне  кҿп  кҿңіл 

бҿлініп, олардың қазіргі қоғам мен ҿмірдің талаптарына сҽйкес болашақ ересектік ҿміріне, 

кҽібіне қажетті ҽлеуметтік қасиеттер мен дағдыларды дамыту жолдары қарастырылуда. 

Қазір  қалалық  жерлердегі,  аудан  орталығындағы  жалпыға  білім  беретін 

мектептерде жастардың музыкалық тҽрбиесімен айналысуға бір шама жағдай жасалынған. 

Мектептерде  баян,  фортепиано  жҽне  ұлт-аспаптар  оркестріне  керекті  аспапатар  кҿптеп 

табылады. Ауыл мектептеріндегі жағдай ҽлі де қиын, баян, домбыра аспаптары табылар, 

ал  фортепиано  аспабы  ҿте  кем  кездеседі.  Музыка  сабағында  ҽн  аспапсыз  үйретіледі, 

аспапсыз  үйретілген  кезде  балалар  тональдыққа  дұрыс  түспейді,  ҽн  дұрыс  таза 

орындалмайды. Аспапсыз музыка тыңдау да мүмкін емес. 


 

436 


Қазіргі  кезеңде  ҽр  мектепте  арнайы  музыкалық  аспаптармен    жабдықталған    музыка 

кабінеті болуы шарт. 

Музыка кабинеттерінде техникалық құралдар: атап айтқанда (магнитафон) үнтаспа, 

теледидар, компьютер, бейнетаспа, электрондық оқулықтар болғаны дұрыс. 

Кҿрнекті  құралдар:  қазақ  жҽне  шетел  композиторларының  портреттері,  стендттер, 

схемалар, буклеттер  кҿптеп қолданылса жастардың ой-ҿрісін, танымын кеңейтер еді. 

Сонымен  қатар,  музыкалық  тҽрбие  берудің  ҿте  елеулі  мҽселелерінің  бірі,  кадр  мҽселесі. 

ҽлі  де  музыкалық  пҽндер  бойынша  мұғалімдер  жетіспейді.  Музыкалық  эстетикалық 

тҽрбие беретін үйірмелердің аздығы да тҽрбиенің ауқымын азайтады. Музыка сабағын тек 

қана арнайы музыкалық білімі бар маман жүргізсе музыкалық тҽрбие нҽтижелі болар еді. 

Қорыта айтқанда, жинақты, (комплексті) түрде жүргізілген музыкалық тҽрбие ғана 

жас  жеткіншектің  музыкалық  білімін  арттырады.  Олардың  кҿркемдік  танымының  ҿсу 

жолында  эстетикалық  кҿзқарасының  қалыптасуына,  дүниетанымын  жҽне  эстетикалық 

ҿнегесін дамытуға себеп болады. Қазақ халқының рухани құндылықтарын жҽне дҽстүрлі 

кҿркем  мҽдениетін  меңгереді.  Музыканың  халық  ҿнерінің  басқа  түрлерімен,  тарихпен 

байланысын  анықтайды.  Жастардың  сезім  мҽдениетін,  қиялының  эстетикалық  ҽсерін 

дамытады.  Адамгершілік,  эстетикалық,  ҽдемілікті,  сұлулықты  сезіну  қабілеттерін 

қалыптастырады. Музыкалық эстетикалық еңбектің айналадағы ҿмірмен, қазіргі заманмен 

байланысын  түсінеді.    Адамгершілік,  бауырмашылдық,  қайырымдалық,  достық, 

интернационалдық,  патриоттық,  қабілеттерін  дамытады.  ―Достық  планетасы‖  атанған 

жаңа  Қазақстанды  мекендейтін  халықтардың  салт-дҽстүрімен,  ҿнерімен,  музыкасымен, 

мҽдениетімен  танысады.  Ҽлем  халықтарының  музыка  ҿнерімен  атақты  шетел 

композиторларының    озық  шығармаларымен  танысады.  Кҿркем  шығармашылық, 

орындаушылық  қасиеттері  дамиды.  Осы  мҽселелер  оң  шешілген  жағдайда  жаңа  ғасырда 

ҿмір  сүретін,  жан-жақты  білімді  ―сегіз-қырлы,  бір  сырлы‖  қоғам  дамуына  ҿз  үлесін 

қосатын тұлғаны тҽрбиелеуге мүмкіндік туады. 

 

 

Ҽдебиеттер 



1. В.А. Сухомлинский, Избранные педагогические сочинения, Москва, 

    1979г. 75 с. 

2. С. Ұзақбаева Ҿміршең ҿнер ҿрісі, Алматы, 1988.-162 б. 

3. Мінез-құлық эстетикасы Алматы: Ҿнер,  1987 . 

4. К.К. Платонов Проблемы способностей,  Москва, 1972 . 

5. К.М. Меңдіаяқова, Т.Ж. Қарамолдаева ―Мектепте музыка тҽрбиесін беру ҽдістемесі‖    

   Алматы: Ҽл-Фараби, 1997 . 

6. ―Поиск‖, ―Ізденіс‖ №31, 1999.-163 б. 

7. Л. Выготский ―Собрание сочиненние‖ том  Москва.: Педагогика, 1982. 

8. Очерки по историй, Казахско – советской музыки, под редакцией 

    А. К. Жубанова и других. Алматы.: 1962.-305 с. 

 

ҼОЖ  371.31 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет