Музыка мамандарын даярлауда қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің
кейбір мәселелері
Алимова А.Ш. ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң
ҿзгерістерге ұшырып жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып
отырған бұл іс – шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы жҽне
жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр.
Қазақстан Республикасының құзіретті орындары осы іске жан-жақты да кең кҿлемде
кірісуге бағдарланды. Оның дҽлелі ретінде мемлекет тарапынан шығып жатқан білім
жүйесін жетілдіруге қатысты заңдар мен іс жүзіндегі аса маңызды бағыттар.
424
2006 жылдың сҽуір айында шыққан ―Инновациялық қызметтерге мемлекет
тарапынан кҿмек кҿрсету‖ туралы Қазақстан Республикасының Заңы – бүгінгі таңда оқу-
тҽрбие ісіне жаңашылдықпен келуге бағыттайтын басты құжаттың бірі. Білім беру мен
тҽрбиені жетілдіру, жан-жақты саладағы оқу-тҽрбие ісін дамыту жұмысына
жаңашылдықпен келу, уақыт талабына сай оқу жоспарларын қайта қарау, құжаттар мен
оқу ісіне қажет бағдарламаларды, ҽдістемелік нұсқауларды саралау жҽне баспадан
шығару, білім мекемелері басшыларының кҽсіби деңгейін кҿтеру, т.б. мҽселелерін ҿз
шешуін күтіп тұр.
Соңғы ҽлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, ұлттық білім жүйесінің үрдісіне
ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отырып жаңа педагогикалық
технологиялар мен инновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану
тҽрізді мазмұнды жұмыстар түзілуде. Дүние жүзінде жүріп жатқан ғаламдану саясаты,
еліміздің тҽуелсіздік алғаннан бергі 15 жыл ішіндегі саяси, ҽлеуметтік-экономикалық даму
қарқыны мемлекеттік маңызды бағыттарының бірі – білім беру саласын жетілдіруге
бағытталды. Осы жолдағы іргелі зерттеулер, ізденістер жүргізілуде. Тарихи тҽжірібилерге
сүйене отырып, ҿзінің қалыптасқан мҽдени-білімдік дҽстүрлері мен ұстанымдары бар
елдің даму қадамы білімнен басталуы керектігін заманымыз зерделеп берді. Осы
тұжырымдама негіздемесі ендігі күні келешек ҿскелең ұрпақтың ұлы мұратына айналады
деген сенім мол.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру, жас ұрпақты тҽрбиелеу мҽселелері саласында
түбегейлі шұғыл бетбұрыстар жасап жатқаны белгілі. Тҽуелсіздіктің туын тіккен
мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де, білгір білікті азаматтар даярлау
бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Жас жеткіншектің тҽуелсіз еліміздің мҽдениетті де, зиялы азаматы болуы үшін ана
тілін, салт-дҽстүрін, ҽдет-ғұрпын, тарихын білумен қатар халқымыздың музыка мҽдениеті
саласынанда жан-жақты хабардар болуы қажет.
Қай халық болмасын ҿзінің ұлттық ҿнері мен дҽстүрін аса бір ыждағаттылықпен
дамытуға тырысады, оны жаңа дҽуір, жаңа заман ҽкелген, жаңалықтармен сабақтастыра
отырып байытады.
Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалімнің ой-ҿрісі жаңашыл,
шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мҽдениеті жоғары ізденімпаз
ғалым, нҽзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның
ұйытқысы болатын ҿнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан маман болуы қажет.
Болашақ мамандардың кҽсіби қалыптасуы жоғарғы оқу орнынан бастау алады, сол
кезден бастап, болашақ маман иесінің кҿзқарасы тереңдеп, қызығушылық пен қажеттілік
қасиеттері тұрақталып, эстетикалық талғамы қалыптасады. Дҽл осы кезеңде студенттің
ҿзіндік дҽрежесі жоғарылап, оның ҿзін-ҿзі тану мүмкіндіктері ұлғайып, кҽсіби
қабілеттіліктері сын кҿзбен бағаланады. Сондықтан болашақ маманға тҽн қасиеттер мен
ҽлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда - ҿнер, музыка арқылы тҽрбиелеу зор
мүмкіндіктерге ие.
Ҿнер арқылы берілетін тҽрбие жастарды ұдайы сұлулық пен ҽдемілікті дұрыс ұғынуға
жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады.
Музыка – эстетика саласынан жастарға тұрақты білім беріп, ҿнер жҿнінен, оның
ішінде музыка саласынан білім беріп, ҽн айту, музыка тыңдау дағдыларын үйретіп,
музыканың ҿзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіріп, дүние ҽлемінің
тынысын байқатып, аңғартып, оқушының сана сезіміне ҽсер етіп, оларды білгірлікке,
тапқырлыққа ҿнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында
тҽрбие береді.
Ақпараттық технологияның ҽдістері мен құралдарының кҿмегі арқылы болашақ
мамандардың кҽсіби біліктігін арттырып, олардың дағды жҽне ептілік қабілеттерінде
дамыту қажет.
425
Жаңа ақпарттық жҽне телекомуникациялық технологиялардың, сонымен қатар,
электрондық, аудио-видео құралдарын игерудің жалпы ҽсері негізінде білім беру
қызметінің жаңа түрлерін пайдалана отырып, болашақ мұғалімдерді даярлау – бүгінгі
күннің басты талабы.
Музыка ҿнерінде кҽсіби бағдары жетік болашақ мұғалім ҿзінің назарын тек қана білімін
толықтыруымен музыкалық білімін жетілдіуге ғана бағыттап қана қоймай, музыка
мҽдениетін кҿтеру ісін дамытуға ҿз үлесін қосуы тиіс. Бұл іс-ҽрекеттер болашақ маман
иелерінен музыка иелерінен музыкалық құндылықтарды үгіттеуге қажетті сенімділігінің
жоғары деңгейде болуын талап етеді.
Болашақ музыка мамандарының кҽсіби біліктілігін қалыптастыру – осы саланы
меңгерумен байланысты, атап айтқанда, ол музыкалық педагогикалық еңбектің бір
бағытына арналған маманды тҽрбиелеу үрдісі болып табылады. Музыка мамандарының
кҽсіби біліктілігін қалыптастыру үрдісінде маманның міндет-мақсаттар аясында не білу
қажеттілігі, ҿзінінің білім алу барысында жинақтаған жалпы таным-деңгейінің жоғары
нҽтиже беру үшін қандай қасиеттерді дамыту керектігі туралы мҽселелер анықталып,
шешімін табуда.
Болашақ музыка мұғалімдерінің кҽсіптік деңгейін қалыптастырудың басты шарты –
компьютерлік сауаттылығын жетілдіру. Оларға компьютердің нақты бағдарламаларын
білу, интернет-технологияларды меңгеру, компьютердің кҿмегімен дидактикалық
материалдардың дағдыларын жетілдіру, атап айтқанда кҿрнекі құралдар, кестелер, ойлау
құрылымы схемалары жҽне жұмыстарға арналған карточкалары, тестілік жұмыстар,
материалдар, хабарламаларға арналған ақпараттық материалдар, баяндамалар, дебатттар
мен т.б. арналған материалдарды жинақтау қажет.
Болашақ мұғалімдерді жаңа заман талаптарына сай кҽсіби даярлау ісін зерттеуде
еңбек еткен Қазақстандық ғалымдар А.Е. Ҽбілқасымова,А.А. Жолдасбеков, Т.С. Садықов,
А.С. Молдажанова, Ж.А. Қараев, А.П. Сейтешов жҽне т.б. атап кетуге болады.
Болашақ музыка мұғалімдерін жаңа заман талабына сай оқыту мен тҽрбиелеудің
тиімділігін кҿптеген музыка-педагогика факультеті оқытушыларының зерттелерінен
кездестіруге болады. Қазақтың халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тҽрбие
беру мҽселелерін С.А. Ұзақбаева, Ҽ.Ж. Ҿтешова т.б. ғылыми зерттеулерінде арқау етті.
Р.Р. Жҽрдемалиева музыка мұғалімдерін жоғары білім беру жүйесінде ҽдістемелік
дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыра отырып, ҽдістемелік
дербестіктің мҽні мен мағынасын, оның музыка мұғалімдерінің кҽсіби қызметіндегі
тиімділігінің ҽсерін ашып кҿрсетті.
Болашақ музыка мұғалімі керемет музыкант болуы шарт. Егер ол музыкалық
аспапты еркін меңгеріп, даусы, есту қабілеті, нотаға қарап бірден ойнау жҽне
импровизациялық қабілеттілігігі жоғары болса, бұл оның келешектегі қызметінің
шығармашылық жеңісі болып табылады. Белгілі педагог Д.Б. Кабалевский ―Музыка
мұғалімі бойындағы біліктіліктің ең маңыздысы - аспапты меңгеруінде‖, - деп айтқан. [4]
Музыкалық аспапты меңгеру, ҽн салу, дирижерлаумен қатар мұғалімнің теориялық
біліммен толық қаруланғаны керек. Білікті маман ҽдебиеттерді, музыка тарихын, оның
тілін түсінуі тиіс. Сонымен қатар, музыкалық ҿнердің қоғам дамуындағы орны мен
ҽдебиет, сурет жҽне басқа мамандықтармен байланысын білуі, яғни ҿз пҽнін толық
меңгеруі қажет. Мұғалімнің музыкалық тҽжірибесі қоғамдық пҽндермен тоғысып
психология, педагогика циклін құрып музыка тҽрбиелеудің ҽдістемесін меңгертеді. Бұл
тек болашақ педагогикалық еңбектің, ізденістің, ҿздігінен дамудың алғашқы жолы ғана.
Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында ҽсемдікке,
кҿркемдікке деген нҽзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.
Болашақ музыка мұғалімі күнделікті сабақта пайдаланып жүрген ҽдістері арқылы
оқушыларға музыкалық анықтамаларды түсіндіруге, оқушылар шығармашылығын,
арттыруына, жеке тұлғаның рухани дамуын тҽрбиелеуге кҿмектесуі керек.
426
Музыка ҿнерінің мақсаты - ҿскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық ҿнер
қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка ҿнерінің шығармаларына баулу,
олардың ҽсемдік пен эстетикалық кҿзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы
қатынасын орнату. Кҿркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен ҽсемдік дүниесіне ҿз
тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тҽрбиелеу.
Бүгінгі күннің ҿзекті мҽселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат
құндылықтарына деген, адамның ҿзіндік дара қасиетіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі
жағдайды айқындау болып табылады. Тҽрбиеге деген жаңа кҿзқарас, болып жатқан
ҿзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тҽрбие процесінің ҽлеуметтік
саласының ҿзіндік ерекшелігін болжайды. Аса маңызды ҿзгерістер жағдайында
жеткіншектердің санасында қарама-қайшы процестер дамиды. Тапқырлық, іскерлік,
ынталылық, кҽсіпқойлық, кейбір кезде прагматизммен, руханилықсыз қасиеттермен жиі
жанасады. Қалыптасқан ҽлеуметік-экономикалық жағдай, іскерік қасиеттері жоғары
адамгершілік қасиеттермен (парасаттылық, адалдық, ҽділдік, адамның адамгершілігін
сыйлай білу) үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Міне, осыған
байланысты жеткіншектердің музыкалық тҽрбиесінің ҽлеуметтік маңызы арта түсуде.
Оның маңыздылығы, ҽсіресе, жаңа педагогикалық ойдың тұжырымдамасы мен тҽрбиедегі
жүйелі кҿзқарас жалпы стратегияға жҽне оқу-тҽрбие процесін ұйымдастыруға үлкен
ықпал жасау бұрынғысынан да артып отыр.
Қазіргі педагогика теориясы елеулі ҿзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып,
жаңа кҿзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар ҿмірге
келуде.
Президентіміз Республика Білім жҽне ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде ―Бізге
тыным таппайтын аралардан гҿрі, ҿзінше ойлап білетін мамандар кҿбірек керек. Бұл үшін
біз ҿмір бойына жететін білім алу ―моделіне‖ кҿшуге тиіспіз‖,- деген. [1]
Скиннер: ―Оқыту технологиясы – бұл оқытудың ілімділігін арттыру мақсаты мен білім
беру үрдісін зерттеу негізінде оқыту үрдісін бағдарлауды жүзеге асару жҽне бағалаудың
жүйелі тҽсілі‖, - деген. [2]
Педагогикалық технология дегеніміз – тҽжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы. Педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын ҽдіс –
тҽсілдер оның құрамды бҿлігі ғана. Оқытудың жаңа технологиясы құрамына білім
стандартының инновациялық құрамы жатады.
Жалпы сабақтың дҽстүрлі, дҽстүрлі емес, сайыс, ойын, кірістірілген сабақ, аралас
сабақ түрлерін жиі ҿткізу ҽдетке айналған жҿн. Заман талабына сай оқытудың жаңа
технологиясын игере отырып, пҽнаралық байланысқа үнемі кҿңіл бҿлген жҿн.
Музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану, оқушыларды аялап,
эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек екендігін дҽлелдеп отыр. Ҽр
мұғалім білімді ҿз тҽжірибесі арқылы жинайды. Қазіргі заман талабына сай мұғалім ҿз
сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен ҿткізуге талаптанады.
Ҽдебиетер
1.
Дүйсембінова Р.Қ., ―Музыкалқ білім беру педагогикасы‖. Талдықорған.:
І. Жансүгіров атындағы Жетісу меемлекеттік университеті, 2006.-216 б.
2.
Алиев Ю.Б. ―Настольная книга школьного учителя-музыканта‖. Москва.: Владос,
2003.-336 с.
3.
Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Теория музыкального образования., Москва.,
академия., 2004.-336 с.
4.
Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В., Методика музыкального образования., Москва.,
Музыка, 2006.-336 б.
ҼОЖ 37.035.6
Ҧлттық дҥниетанымды саз ӛнері арқылы қалыптастыру мәселесі туралы
427
Ахтанова С.К., Х ГТУ, Шымкент қ.
Республика Президенті Н.Назарбаев еліміздің шығармашылық зиялы қауымының
танымал ҿкілдерімен кездесуінде (17.03.1998 ж): «...Елдің экономикалық мүдделерінің
дұрыс шешілуі үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, мойындағаны
керек. Ал, осынау дүбірлі дүниеде ҿзіңді мойындатудың сенімді жолы-тағылымды
тарихын, озық ғылымның, мҽдениетің»,- деп сҿйлей келе, «...Біз ҿз тарихымызды ҿзгелер
тұрмақ ҿзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз...» Бұл- ҽрбір азамат туған
елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сҿз. Бұл ҽрбір
азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы ҿзінің ата-бабалары қалдырған осындай
кең-байтақ ҿңірдің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сҿз... Түптеп келгенде біз
осыны мақсат етеміз,- деп зиялы қауымның, ҽсіресе педагогтардың назарын аударды.
Осыған орай бүгінгі күні педагогика ғылымында ұлттық жетістіктер арқылы
тҽрбиелеудің жалпы айтқанда қазіргі жарық кҿріп жатқан материалдардағы ҿткен
ұрпақтардың бай тарихы мен мҽдениетіне тереңірек жан-жақты кҿз жіберсек,
байқалатыны - ақиқат-ұлттық дүниетаным ізгілікті мүдделерді қажеттіліктер мен
мақсаттарды қалыптастыруға барынша ықпал етіп, ҽлеуметтік ҿркениетке жету мен
халықтың материалдық жҽне рухани құндылық қатынастарын жасауда қозғаушы күш
болатындығы. Ең маңыздысы, жаңа қоғамдық қатынастарды, жаңа сана-сезімді
қалыптастырудың күрделі кезеңінде ұлттық дүниетанымдық кҿзқарасты ар-намыс
тұрғысында қайратты жігермен, қажырлы еңбекпен іс жүзінде пайдалана білген жҿн.
Мұның ұлттық сана-сезім мен идеологияны қалыптастыруға, халықтың тарихын,
мҽдениетін, ҽдет-ғұрпын, ҿнерін, салт-дҽстүрін, ана тілін дамытуға жҽне жастардың
бойына отаншылдық сезіммен ұлттық ар-намысты қоюға ықпалы айрықша. Солардың
қатарында біз қарастырып отырған саз ҿнері.
Жас ұрпаққа тҽрбие беруде ұлттық ҿнері туралы соның ішінде қазақтың саз ҿнері
туралы журналдың беттерінде ерекше жазылды. Г.Карашев мұғалім негізгі тұлға екендігін
ҽркез айтып отырған. Ол мұғалімге қойылатын талап-тілекке оқыту, үйрету, тҽрбиелеу
ісіне жеңіл-желпі қарамай оған аса жауаптылық пен тиянақтылық керек екенін ескертеді.
Осы кезеңде ҿзінің тҽлімдік қолтаңбасымен жұртқа таныла бастаған ағартушылықпен дін
оқуының келесі бір білгірі – Мұхаметсҽлім Кҽшімов (1884-1934ж) еді. Ол «Ҽдеп» (1907),
«Сабақ» (1907), «Насихат қазақия» (1908), «Ақыл кітабы» (1908) т.б. жарық кҿрген
еңбектерінде қазақ балаларына оқу-білім, тҽлім-тҽрбие тазалық, мҽдениет, ҽсіресе
дүниетаным мҽселелерінің тҿңірегінде кҿптеген ақыл-кеңес, ҿнегелі тағлымдар ұсынады.
Ағартушы ұлттық салт-дҽстүрге, соның ішінде қазақтың саз ҿнерге негіздеу қажеттігін,
мұны имандылық пен адамгершіліктің сан алуан кҿріністерімен ұдайы ұштастырып
отыруға ерекше мҽн береді.
Қазақ халқының ағартушысы Спандияр Кҿбеев Қазан тҿңкерісіне дейін-ақ
шҽкірттерге дҽріс бере жүріп, ауыл мектептеріне арналған бірнеше оқу құралдарын
жазды. Ол Ыбырай Алтынсарин дҽстүрімен «Үлгілі тҽржімҽ» атты оқу құралын
құрастырды. 1912 жылы жарық кҿрген «Үлгілі бала» атты басылымда қазақтың бай ауыз
ҽдебиетінен сұрыпталып алынған материалдар ерекше назар аудартады. Бұл жҿнінде
С.Кҿбеев былай деп жазған: «Хрестоматияны құрастырғанда, негізгі ойлаған мақсат,
кҿздеген нысан - жас ұрпақты ҿнер-білімге, ҽдептілікке, адамгершілікке тҽрбиелеу еді.
Мұндағы ҽрбір ҿлеңнің, ҽңгіменің мазмұны оқушыларды ҿнер-білімге шақыру, шыншыл
болуға үндеу, жетім-жесірлерді, нашарларды аяу, қайырымсыз балаларды ҽшкерелеу, сол
сияқты ҽлеуметтік теңдікті насихаттау еді».
С.Кҿбеевтің шығармашылығында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру туралы
кҿп айтылған.
Орта буын сынып оқушыларының білімін дамытуға, сонымен бірге ұлттық
дүниетанымын қалыптастыруға ерекше кҿңіл бҿлген Ахмет Байтұрсынов болды. Ғалым
қазақ бастауыш мектептерінде қандай пҽндер оқытылу керек дегенге арнайы тоқталып, ол
428
пҽндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жаратылыс осылардың қатарында қазақ тың
саз ҿнері болуы керек екендігін нақтылап кҿрсетті. Ұлттық саз ҿнері құралдарымен
тарих, ҽдебиет сабақтарында дҽстүрге айналған қолданбалы ҿнерін ҽрі қарай дамытқан
жҿн. Бұл сабақтарға ең ҽуелі ҽдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім, керек құралдар
қолайлы һҽм сайлы болуы қажет-деп ғалым ойын түйіндейді.
Қазақтың салт-дҽстүрін сақтау, «қайсыбір» ырымдарды бұлжытпай орындап отыру
Халел Досмұхамедовтың (1883-1937) шығармашылық еңбектерінде орын тауып тұр.
Досмұхамедов жасаған психология, физиология пҽндеріне байланысты кҿптеген
терминдік атаулары тҿл тіліміздің сҿздік қорына жиырмасыншы жылдардың ҿзінде-ақ
іріктеп ала білгені бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін
байқатады. Осының негізінде тҽрбие жүйесі дұрыс құрастыруға мүмкіндік туады. Халел
Досмұхамедов қазақ жоғары педогогика институтында ҿзінің лекцияларында халықтық
педагогиканың кейбір мҽселелерін сҿз етіп, баланың даму үрдісіндегі саз ҿнерінің аса
маңыздылғын айтқан. Сонымен, ғалымның педагогика, психология саласында жазған
ғылыми еңбектернінің де болуы ықтимал. Ҿкінішке орай бұлар бізге ҽлі күнге дейін
жетпей отыр.
Мектеп оқушыларының оқыту, тҽрбие мҽселелеріне арнайы кҿңіл аударған қазақ
ҽйелдерінің арасынан ҽлеумет ҿмірінде алғаш кҿрінген кісінің бірі - Назипа Құлжанова
болды. Ғалым 20-жылдардың ҿзінде-ақ бастауыш сынып жҽне мектепке дейінгі
балалардың психологиялық ерекшеліктерінің байланысын анықтап, дүниетанымының
қалыптасуын жүйеледі. Сол кезден бастап жас балалар педогогикасының ірге тасы қалана
басталынды. Құлжанованың еңбектерінде кҿшпелі қазақ елінің ҿмірі, тұрмыста кеңінен
қолданылатын қолҿнерінің заттары, олардың тҽрбиелік мҽні айқын байқалады.
Ұзақ жылдар бойы «ұлтшылдық» ҽдебиеттің ҿкілі деген айып тағылып, жазықсыз
жапа шеккен қазақ ҽдебиеті мен мҽдениетінің кҿрнекті қайраткерлерінің бірі Жүсіпбек
Аймауытов жазушылығымен қоса топарлығында тұңғыш педагогика, психология,
кҿркемҿнер ғылымдары саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми-зерттеу
еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен
дараланған ірі тұлға. Ж. Аймауытов баланың дҥниетанымын қалыптастыруда тҽрбиенің
екі түрлі болатындығын кҿрсетеді: дене тҽрбиесі жҽне жан тҽрбиесі. Ҽсіресе екіншісінің
дамуына қазақ халқының саз ҿнері байлықтары ҽсер етеді,-деп ғалым ойын түйіндейді.
Жастайынан ұлттық саз ҿнері құралдарын естіп, біліп тану баланың ой-ҿрсін, ойлау
қабілетін тереңдетіп отырады. Осындай құнды пікірлерді ғалымның кҿптеген
мақалаларынан байқауға болады. Бірақ ғалым білім негіздерінің, соның ішінде саз ҿнерін
ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып ҿзге
пҽндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің
айнасы болып, ҿсіп-ҿніп, түрлене беретін, мҽңгі құлмайтын бҽйтерегі. Жүректің терең
сырларын басынан кешкен дҽуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі»-деп оның қоғамдық
ролін адамзат баласы жасаған бар рухани-мҽдени байлықты меңгерудің басты құралы
екендігін, оны жан-жақты жҽне терең меңгерудің қажеттігін баса кҿрсетеді. Ғалымның
пікіріне қосыла отырып, біз ана тілінің оқушының саз ҿнерімен танысуда да,
дүниетанымы қалыптасуда да мҽні зор екендігін айтқымыз келеді. Саз ҿнерінің
ерекшелігін тек кҿркем қазақ тілінің байлығымен жеткізуге болады.
Жүсіпбек Аймауытовтың еңбектерінен біздің зерттеуімізге қатысты тағы да бір пікірге
кҿңіл аударған жҿн. Бірақ Аймауытов сол кезде-ақ кҿшпелі жұрттың ҿткендегі салт-сана,
ҽдет-ғұрып, шаруашылық кҽсібі жҽне мҽдени ҿмірінен хабардар болу үшін, оқушыларға
біріктіріп, яғни интеграция принципі бойынша «Біздің Отан» деген атпен оқыту қажет
деген пікір ұсынады. Сонымен, біздің ойымызша Ж.Аймауытовтың бұдан 70 жыл бұрын
айтқан осы пікірлері бүгінгі жалпы орта білім беру жүйесіне соның ішінде орта буын
сыныпта терең ҿзгерістер енгізуді ұсынып отырған ұлт мектептерінің тұжырымдамасында
айтылғандай білімді ары қарай интеграциялап, оны гуманизм идеясымен нҽрлендіре
429
берудің ұстанымына дҽлме-дҽл келіп отыр. Ҽрине, осы айтылғандар қазақ мектептерінде
де саз ҿнермен таныстыру кезеңінде жаңа шешімдерін табуға тиіс. Аймауытов адам
баласының мҽдениет тарихынан ҿнердің кҿрнекті орын алып келгенін ҿнерсіз қоғамның
дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде
ҽуелі кескін, қолҿнері мен сурет салу, ҽн-күй ҿнерін үйретуге негіз салу керектігін, ҽрбір
баланың ҿнерге деген ынтасын қозғап, ҿнерпаздың қабілетін тҽрбиелеуді баса айтады.
Осы пікір баланың саз ҿнеріне бейімделер кезінде дүниетанымының тереңдеуде айқын
кҿрсетіліп тұр.
Қазақ халқының тҽлім-тҽрбиелік бай мұрасын игеру жҿніндегі Мағжан Жұмабаевтың
бағыт-бағдары ҿте құптарлық. «Ұлт тҽрбиесі, деп жазды ол, - баяғыдан бері сыналып келе
жатқан тақтақ жол болғандықтан, ҽрбір тҽрбиеші сҿз жоқ, ұлт тҽрбиесімен таныс болуға
тиіс. Сол ұлт тҽрбиесі тҽрбие қылуға міндетті». Халық тҽрбиесін қастерлей отырып, оның
негізгі құралдарының бірі деп ҽрине қазақтың саз ҿнерін де кіргізеді.
Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп,
бірге ҿскен қазақ баласын аса нҽзік қылып, үлбіретіп тҽрбие қылмағаны дұрыс болар еді...
Қазақ баласының тҽрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл. Бұл жерде ғалымның
ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тҽрбиесін, оның дүниетанымын табиғаттан тыс
қарастыра алмағаны анық.
Мағжанның еңбектерінен тағы да бір кҿңіл бұратын бір нҽрсе – ол қазақ бесігінің аса
ұсталықпен жасалғаны. Ақын: «Жҿргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен
баланың таза жинақы жатуына кҿп себепші» - дей келе, ананың ҽлдиеінің орны маңызды
екенін айтады.
Аталған ұлы ғалымдардың тҽрбие, дүниетаным, ҿнер туралы пікірлері ҽрмен қарай
бірқатар педагогтардың еңбектерінде орын тауып отыр: Шҽрапи Ҽлжанов (1901-1938),
Ҽбдіхамит Сембаев (1905-1989); Тҿлеген Тҽжібаев (1910-1964), Сұлтанбек Қажахметов
(1910-1945), Мҽжит Мұқанов (1920-1985), Қартбай Бержанов (1924-1976) т.б. Бірақ біздің
зерттеуімізге қажеті саз ҿнері толық жүйеленбеген. Онымен танысуда оқушының
дүниетанымының қалыптасуы кейінгі ғалымдардың еңбектерінде терең зерттеледі.
Ҿйткені қазіргі таңда ұлттық мектептерде саз ҿнері арқылы оқу-тҽрбие жұмысының
педагогикалық талаптарын мұқият ҽрі ұтымды ұйымдастыру аса маңызды болып
табылады.
Ҽдебиеттер
1.Алтынсарин
Ы.
Педагогикалық
идеялары
мен
ағартушылық
қызметі. Алматы., Мектеп, 1969. - 154 б.
2.Жумабаев М., Педагогика., Алматы., Рауан., 1993. - 180 б.
3.Аймауытов Ж., Психология. Алматы., Рауан., 1995.- 312 б.
4.Қалиев С., Казақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.,
Алматы., Рауан., 1998.-128 б.
Достарыңызбен бөлісу: |