Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


Музыка сабағында дәстҥрлі емес әдістерді пайдалану



Pdf көрінісі
бет62/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77

Музыка сабағында дәстҥрлі емес әдістерді пайдалану 

Барболова Г.Ж.,  «Сырдария» университеті, Жетісай қ. 

 

Жас  ұрпақтың  бойына  туған  ҿлкесі  мен  халқына  деген  сүйіспеншілік  қасиеттерді 



дарытуда  музыка  мен  ҽдебиеттің  байланыстылығы  ерекше  ықпал  жасайтыны  белгілі. 

Жалпыға  білім  беретін  мектептердегі  музыкалық  тҽрбие  жҽне  оқытудың  мақсаты 

оқушылардың  рухани  байлығын  байыту,  музыкалық  мҽдениетін  қалыптастыру,  дұрыс 

бағыт беру болып табылады.  

 Мектептегі  музыка  сабағы  тек  қана  музыка  сабағы  жҿніндегі  мағлұмат  беріп  қана 

қоймай,  ең  бастысы  ҿсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақты  жоғары  адамгершілікке,  азаматтық 



 

437 


қасиеттерге  дағдыландыру.  Қазіргі  таңда  музыка  мұғаліміне  музыка  сабағын  жоғары 

дҽрежеде  ҿткізу  міндеттері  қойылуда  жҽне  болашақ  маман  иесінің  ҿнердің  ҽртүріне 

қызығушылық қасиеттерін қалыптастыруда.  

Ҽл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тҽрбие берілуі керек, тҽрбиесіз берілген 

білім  –  адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  ҿміріне  апат  ҽкеледі»,-  деп  тҽрбиенің 

маңыздылығын  атап  кҿрсеткен.  [4]  Қазіргі  уақытта  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

ұлттық салт–дҽстүр, ҽдеп–ғұрып, ойын– сауықтар кҿптеп ұйымдастырылуда. Музыкалық 

тҽрбие  жұмыстары–  балалар  мерекелері,  тҽрбие  сағаттары,  лекция–концерттер,  халық 

композиторларының шығармашылығын дҽріптеп, кеңінен насихаттауға бағытталуы тиіс.  

Музыканы сауатты оқыту тұтас алғанда музыканы оқытудың міндеттеріне сай болуы 

керек.  Кҿркемдік  талғамы  бар,  музыканы  сүйетін,  оны  жанымен  түсінетін,  музыкалық 

ҿмірге  белсене  араласатын  білімді  адам  дайындау  міндеттеледі.  Сабақта  қолданылатын 

музыкалық материалды талдай білудің маңызы зор.   

 Музыка – адамзаттың  рухани  азығы, жан серігі нҽзіктігімен, кҿркемділігімен адам 

жанын  баурап,  олардың  мінез  құлықтарының  қалыптасуына  тікелей  ҽсерін  тигізеді. 

Жасҿспірімдерді  музыка  ҽлемін  түсініп  қабылдауға,  талғампаздығын  тҽрбиелеуге, 

сезімталдығын  қалыптастыруда  білімді,  мҽдениетті  болып  ҿсуіне  ҽсер  етуде  мектептегі 

музыка  тҽрбиесінің  алатын  орны  ерекше.  Егеменді  ел  болып,  ұлттық  сана–  сезіміміздің 

оянуы,  тіліміз  бен  дініміздің  қайта  жаңғыруы,  имандылық  мен  адамгершілікке  деген 

қажеттілігін  қанағаттандырып отыратын ҿнерлердің бірі–музыка. Мектептегі музыкалық 

тҽрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі–музыка сабағы. [5]  

  Музыка  тілі–халықтық      ортақ          ұғым.  Мектеп  оқушыларының  музыкалық 

тҽрбиесіне  мектептегі  ҿтетін  ҽн–күй  сабақтары  кҿмектеседі.  Ҽн–күй  сабақтарында 

оқушылар  ұрпақтан–ұрпаққа,  ғасырдан–ғасырға  келе  жатқан  дҽстүрлі  музыка  ҿнерінің 

кҿптеген  түрлерімен  танысады.  Сонымен  бірге,  оқушылардың  музыкалық  тҽрбиесіне 

мектеп  қабырғасында  ҿтетін  ҽртүрлі  музыкалық  кештер,  тҽрбие  сағаттары,    ҽдеби 

музыкалық кештер кҿмектеседі.  Қазіргі таңда оқушылардың музыка мҽдениетіне, ҿнерге 

қызығушылығын дамыту, білім беру арқылы жүзеге асыру ерекше орын алып келеді.  

Қазіргі  кезде  Қазақстан  мектептерінде  дҽстүрлі  емес  ҽдістердің  сапасын  кҿтерудің 

бай  тҽжірибесі  жинақталып  келеді.  Солардың  бірі  оқушылардың  ойлау  қабілеттерін 

дамытуда ҿзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру. 

А.  Байтұрсыновтың  пікірі  бойынша,  бала  білімді  тҽжірибе  арқылы  ҿздігінен  алу 

керек.  Мұғалімнің  қызметі  –  білімнің,  шеберлігі  ұзақ  жолды  қысқарту  үшін,  ол  жолдан 

балалар  қиналмай  ҿту  үшін,  балаға  тапсырманы  ҽліне  қарай  шағымдап,  белгіленген 

мақсатқа  қарай  түзеп  отыру  керек.  [3]  Оқытудың    негізгі  формасы  –  сыныптық  сабақ 

жүйесі.  Сондықтан педагогикалық  оқу үрдісін жетілдіру ісі осы кездегі  сабақ теориясын 

жасауды, сабақ берудің жаңа технологиясын пайдалануды талап етеді. Ҿйткені, сабақтың 

түрлерін білмей сабақты ұйымдастыру мүмкін емес.    

Оқу  барысында  сабақтың  түрін,  оның  мақсаты  жҽне  міндетіне  сҽйкес  таңдап  алуға 

ҽдіскерлер кҿмектесіп, алдын–ала қалай ҿткізу керектігін ойластырады. Ҽлбетте, сабақтың 

түрін  таңдау  күні  бұрын  күнтізбелік  жҽне  күнделікті  сабақ  жоспарын  жасағанда 

ескеріледі. 

Қай  сынып,  қай  сабақта  болмасын  музыкалық  материалдарды  оқытқан  кезде 

музыканың  мазмұнын    негізге  алып,  түсінуді,  ынта–ықыласты  сезімдік  құбылыстарын 

соған  бағыттауы  керек.  Оқушылардың  белсенділігі  мен  танымдық  іс-ҽрекеттері  арқылы 

шығармашылығын  дамыту,  қажетті  жағдайда  айрықша  шешім  қабылдай  алатын  жеке 

тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған 

үлкен міндет екені мҽлім.  Уақыт талабына сай  оқушылардың шығармашылық қабілетін 

дамыту  үшін  дҽстүрлі  емес  оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологиясын  пайдаланған  жҿн 

деп ойлаймыз. Оқу тҽрбие ҽдісін даярлаудың оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни 

оқушының  ҿзіндік  танымдық  іс-ҽрекетін  қалыптастыруға  бағыттау,  білім  беруге  жеке 

оқытуды  дамыту,  кҿзделу  қажет.  Осы  бағытта  оқушыларға  берілетін  жекелей 



 

438 


тапсырмалардың үйренушілік, шығармашылық деңгейімен, оқушы құбылысты ҿз бетінше 

талдай келіп, ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу керек. 

Бұл оқушыға жаңалық ашқанмен бірдей болып есептелінеді.  

Дҽстүрлі емес  сабақтардың  негізгі мақсаты - оқушылардың танымдық міндеттерін  

қалыптастыра  білу,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін      жҽне  музыкаға  деген 

қызығушылығын  қалыптастыру,  ҿнерге,  музыкаға  деген  құштарлығын  ояту.  Мұғалім 

сабақта дҽстүрлі емес ҽдістерді пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілетін дамытып, 

ойларын  еркін  жеткізуге,  ұсыныс–пікірлерін  айтқызып,  балалардың  ҿздеріне  деген 

сенімдерін  арттыруға  мүмкіндік  туғызып  отыру  қажет.  Дҽстүрлі  емес  ҽдіс–тҽсілдер  

арқылы  ҿткізген  ҽрбір  сабақ    оқушылардың  ойлауына,  оқушының  тереңде  жатқан  ойын 

дамытып,  олардың  ойларын  жеткізіп  айтуға  үйретеді.  Негізгі  мақсатымыз  оқушыны 

тҽрбиелей  отырып,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  ҿзіндік  жұмыс 

түрлерінің маңызын ашу.  

Кҿрнекті    педагог  В.А.Сухомлинский:  «Сабақ  жас  ҿспірімдердің  интелектуалды 

ҿмірінде  құр  ғана  сабақ  болып  қоймай,  ол  қызықты  болуы  керек»,-  деген.  [1]  Сонымен 

қатар,  қызықты  сабақтар  мұғалімнің  ашқан  жаңалығы,  ҿзіндік  қолтаңбасы,  ҽдістемелік 

ізденісі,  мақсат–мұраты.  Мұның  барлығы  оқушының  шығармашылық  дамуының  қайнар 

кҿзі. 


Оқушылардың  музыкалық  танымдық  деңгейде  қабылдау  қабілетін  ұдайы  дамыту 

үшін,  мұғалім  олардың  музыкалық  қалауын,  түйсіну  деңгейін,  сезімдік–қабылдау 

дҽрежесін  жете  білуі  шарт.  Бұл  мҽселені  сабақ  үстінде  сұрақ  қою  арқылы  анықтауға 

болады.  Міне,  осы  секілді  ҽдіс–тҽсілдер  мен  материалдар  қазіргі  таңдағы  оқушылардың 

музыкалық  қабілетін  дамытуда,  олардың  бойындағы  музыкаға  деген  қызығушылығын 

қалыптастыруда аса бай тҽжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызады.  

Мұғалімнің  ҿмір  тҽжірибесі,  күнделікті  сабақта  пайдаланып  жүрген  ҽдістемелері, 

шығармашылық қызығушылығын арттыруға, жеке тұлғаның рухани дамуын тҽрбиелеуге 

кҿмектеседі.  Жалпы    оқушылардың  музыкалық  дамуында  музыканы  тыңдатудың  үлкен 

маңызы  бар.  Балалардың  қаншалықты  музыканы  қабылдай  алу  дҽрежесі  мұғалімнің 

шеберлігіне  жҽне  сабақта  ҽдістемелерді  дұрыс  қолдана  білуіне  байланысты.  Сабақта 

танысатын  шығармаларда  кҿркемдік  құндылығымен  сезімге  ҽсер  ететін  айқын  бейнелігі 

ескерілуі  керек.  Мұғалім  оқушыларға  білім  беріп  қана  қоймай,  сол  алатын  білімдері 

арқылы тҽрбие жұмысын жүзеге асырады.  Сабақ қызықты ҿту үшін мұғалім жан–жақты 

ҽдіс–тҽсілдерге  бай,  түсінікті  болуын  қадағалап,  үйрететін  музыкалық  шығармалардың 

құндылығын  ескеруі  қажет.  Кез–келген  оқу  құралы  осы  кешенге  сҽйкес  келуі  қажет, 

сондай–ақ құрастыру кезінде бекітілген ҽдістемелік идеяларға нұқсан келмеуі қажет.  

Дҽстүрлі емес ҽдістермен жұмыс істеудің бірнеше нысандары бар. 

-

 

лекциялар, семинар сабақтарындағы баяндамалар; 



-

 

жазба жұмыстары, сабақтың жоспары, тақырыптық мақалалар. 



Оқушыларды  дҽстүрлі  емес  ҽдістерге  сүйене  отырып  оқыту  барысында  мұғалімнің 

ғылыми,  тарихи  құжаттарға  жүгінуіне  тура  келеді.  Оқушылардың  іс-ҽрекетін 

ұйымдастыру эстетикалық іс-ҽрекетпен шығармашылыққа деген қажеттілік жҽне белсенді 

қызығушылық, 

музыкалық 

іс-ҽрекеттерді 

ұйымдастыру 

ҿнермен 


байланысы, 

конференциялар, байқаулар, күнделіктер, газеттер, экскурсиялар жатады.  

Болашақ  музыка  мұғалімдерінің  дҽстүрлі  емес  ҽдіс–тҽсілдерін  қолданудағы  кҽсіби 

біліктілігін  қалыптастыру  барысында  былайша  қорытынды  жасауға  болады.  Кҽсіби 

музыкалық  білім  беру  саласында  оқушылардың  ҿнерге  деген  қызығушылығын 

қалыптастыру,  болашақ  музыка  пҽні  мұғалімдерінің  кҽсіби  біліктілігін  қалыптастыруға 

үлкен ықпал жасап, негізін құрайды. Болашақ музыка пҽні  мұғалімдерінің дҽстүрлі  емес 

сабақ  түрлерін  қолдану  барысында  кҽсіби  біліктілігін  қалыптастыру  ҽдістемесі  болып 

табылады.  

    Балалар  бойындағы  қасиеттерін,  музыкаға  деген  құлшынысын,  қабілеттерін, 

азаматтық  сезімдерін  оятуда  музыка  пҽнінің  мұғалімі  сияқты  ешқандай  педагогикалық 


 

439 


мамандық  жан–жақты  алуан  түрлі  ҽдістемелік  тҽсілдерді  талап  етпейді.  Басқа  ешқандай 

мамандық  ҿз  елін,  оның  табиғатын,  халқын  жырлайтын  ҽндер,  концерттер  түріндегі  бай 

материалдарды  бермейді.  Сондықтан  жалпы  музыкалық  мҽдениетпен  таныстыруда 

музыка арқылы танымдарын арттырады. 

Мұғалімнің  берген  ҽрбір  білімі  ҽсерлі,  тартымды,  бағдарламаға  сай,  жоғары  сапада 

ҿткізіліп,  сабақтың  ҽрбір    уақытын  тиімді  пайдаланып,  ұтымды,  маңызды  етіп  ҿткізудің 

жолдарын қарастыруымыз қажет. 

 

Ҽдебиеттер 



1.

 

Ҽденбаев С.Ш. Тҽрбие теориясы жҽне ҽдістемесі., Алматы., Дарын, 2004.-152 б. 



2.

 

Абдуллин  Э.Б.  Николаева  Е.В.  Теория  музыкального  образования.,  Москва., 



Академия., 2004.-336 с. 

3.

 



Момынұлы П. Музыкалық эстетикалық тҽрбие., Алматы., Қазақпарат.,  

      2000.-270 б. 

4.

 

Ұзақбаева С. Тамыры терең тҽрбие. Алматы., Білім, 2005.-232 б. 



5.

 

Меңдаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тҽрбиесін беру ҽдістемесі., 



Алмат., Ҽл-Фараби., 1997 .-132 б. 

 

ҼОЖ 372.878 



Мектепте халық аспаптар оркестрін жҥргізудің жолдары 

Бҿрі Иса, ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 

 

Біз ҽріге бармай-ақ Оңтүстік ҿңіріндегі жылма-жыл  ҿткізіліп отырған мектеп аралық 



кҿркем  ҿнер  үйірмелерінің  ҿзара  шығармашылық  жарысын  тыңдай  бақылай  отырып, 

аңғарғанымыз ондағы ұлт-аспаптар оркестрінің кең ҿріс алып отырғаны байқалады. Бірақ 

бұл  ҿз  бетімен  үйренушілердің кҿркем  жҽне музыкалық  білім  дҽрежелері  тиісті  кҿлемде 

емес, олардың репертуарлары да ҿте кедей ҽрі біркелкі. Үйірме мүшелерінің кҿпшілігінің 

нота  сауаты  жоқтың  қасы.  Оркестр  жетекшілерінің  де  жан-жақты  кҽсіби  дайындығы 

саяздығы кҿзге ұрып тұрады. Сол себепті жетекшіге айтар тҽліміміз тҿмендегіше. 

Оркестр музыка икемі мен қабілеті бар жҽне халық аспаптарының жақсы кҿріп, онда 

ойнағысы  келетін  оқушылардан  құралған  музыка  ұжымы,  оның  дұрыс  жолға  түсіп, 

қалыптасып кетуі, алғашқы кезіндегі ұйымдастыру мҽселелеріне байланысты.   

Оркестр  ұйымдастырудың  негізгі  мҽселесі  -  оны  жабдықтау.  Бұған  жататындар: 

дайындық  ҿткізетін  кең  бҿлме,  сапалы  музыкалық  аспаптар  комплексі,  пульті,  орындық, 

нота қағазы, тақта т.б., кҿрнекті құралдардан: нота сауты жазылған схема, композиторлар 

портреті, грамжазба, магнитофон жабдықтары жҽне видео таспалар. 

Жалпы  білім  беретін  жҽне  музыка  мектептеріндегі  арнаулы  музыка  мектептері 

туралы  ҽңгіме  басқаша.  Халық  аспаптар  бҿліміне  домбыра,  қобызды  қай  кластан  бастап 

алуға  болады  деген  мҽселе  туындаса,  ҿлке  бойынша  кҿптеген  тҽжірибелі  ұстаздар  3-

сыныптан бастап алғанды жҿн кҿреді. Біз де осы тұжырымға қосыламыз. Шындығында 1-

2  сынып  оқушылары  ҽлі  де  мектеп  ҿміріне  кҿндіге  қоймаған  кезеңі.  Екіншіден  бұл 

жастағы оқушылардың денесіне шақ музыкалық кішкене аспап ҽлі жасалынған жоқ. Міне 

осы  жҽйттерді  ескерсек,  3-сыныптан  бастау  ыңғайлы.  Оркестр  ұйымдастыру  кезеңіндегі 

ендігі бір мҽселе  - оқушыларды аспаптарға бҿлу. Бұл оқушылардың музыкаға икемділігі 

мен  дене  құрылысына  байланысты  жүргізілуі  тиіс.  Дене  жағынан  ірілеу,  саусағы  күшті 

оқушы  оркестрдің  бас,  контрабас  топтарына,  ал  қалғандары  қобыз,  домбыра  топтарына 

отырғызуға  болады.  Ал  дауылпаз,  ұрмалы  аспаптарға  музыкалық,  ритмикалық 

ырғақтарды жақсы сезіне білетін оқушы таңдалады.  

Оркестрді  ұйымдастыру  сҽтіндегі  ендігі кҿңіл аударатын мҽселе актив мүшелерінің 

іріктелуі.  Оркестр  активін  құраудан  бұрын  жетекші  оқушылармен  түрлі  дайындық, 

басқада  жұмыстар  барысында  жақын  танысып,  олардың  ұжымдағы  қарым-қатынасын, 

қоғамдық  жұмысқа  деген  икем,  ынта-ықыласын  байқаған  жҿн.  Ҿйткені,  бұл  жұмысқа 


 

440 


икемі жоқ мүшелерлің қабылдануы ықтимал. Актив мүшелерін дұрыс іріктеп таңдай білу, 

оркестр  жұмысының  ілгері  басуынының  кепілі.  Оркестр  активінің  құрамын  –  кҿркемдік 

кеңес  деп  атайды.  Кеңес  мүшелері  оркестр  жетекшісі,  топ  басшы,  аспап  топтарының 

концертмейстрі кіреді. Кеңес мүшелері мына жұмыстарға жауап беруге тиіс: дер кезінде 

ҽзірліктің  басталуы,  барлық  аспаптардың  құлақ  күйінің  келтірілуі,  мүшелердің  ҿз 

партияларын  игеруде  жауапкершілігі,  тҽртіп  бұзбау,  аспапты  күьіп  ұстау,  орындық 

пульттерінің  қамтамасыздығы  жҽне  т.б.  Актив  мүшелері  жиі  бас  қосып,    оркестрдегі 

жетістік,  кемшілікті  талқылап,  қорытынды  шығарып  отыруға  тиіс.  Оркестрдегі  алғашқы 

дайындық оқушыларға үлкен эмоциялық ҽсер қалдырумен қатар, ұйымдастырылу процесі 

жоғарғы дҽрежеде болуға тиіс.  Ҿйткені оркестрдің болашақта творчестволық бағытымен 

дамып,  бір  тұтас  ұжымдық  тұрғыда  қалыптасуына,  алғашқы  дайындықтардың,  ұйымдық 

қызметтердің дҽрежесімен тығыз байланысты.  

Алғашқы дайындықтардың жұмыс барысы: 

-

 



оркестр мүшелерімен танысу, музыкалық қабілеттеріне сай оркестр топтарын бҿлу;  

-

 



оркестрдің нормалық тҽртібі бойынша отырғызуы оның бірнеше варианттары бар

-

 



құлақ күйін келтіру; 

-

 



дирижердің қолына дұрыс түсініп, анамбльдік тҽртіпті сақтай білу; 

Алғашқы  дайындықтағы  енді  бір  ескеретін  мҽселе  –  оқушылардың  кҿңіл 

кҿтеріңкілігі мен қызығушылық дҽрежесін бҽсеңдетіп алмай, одан ҽрі дамыта түсу. 

Домыраны игеруегі ойнау аппаратын дұрыс қою кезеңі немесе шығарманы сапасыз 

қайталай  беру  оқушыларды  жалықтырады.  Жетекші  мұндай  сҽттерде  олардың  жақсы 

кҿретін  күйлерін  ойнап,  музыка  тарихы,  оркестр  аспаптары  жайлы  ҽңгіме  айтып, 

сейілдіріп  отырған  жҿн.  Ҽсіресе  жетекшінің  аспапта  ҿзі  ойнап  беруі  оқушыларға 

эстетикалық  құштарлық  туғызып,  менде  осылай  ойнасам  екен  деп  ынталанады.  Бұл 

ҽдістемелік  маңызы  зор  тҽсіл.  Оны  ҽр  сҽт  оркестр  ҽзірлігінде  орынды  пайдалану 

музыкалық дамудың зор кепілі. Психологияда бұны еліктеу дейді.  

Оркестрдің  алғашқы  дайындығында  қысқада,  кҿңілді  ҽн-күй,  пьесаларды  ойнаған 

жҿн.  Себебі  оқушылардың  оркестрге  келуіндегі  негізгі  мақсаты-музыка  аспабын  тезірек 

үйреніп  жолдастарының  алдында,  үйінде  ойнап,  концерттерге  шығу,  жұрттың  назарына 

ілігу, ҿз ойынан лҽззат алу. Міне алғашқы үйренген ҽн-күйлер оқушыны кҿңілдендіреді, 

қызығушылығын арттырады. Аспапта ойнай алады екенмін деген ынта сезімін туғызады.  

Жетекші оқушының осы бір алғашқы талап ұшқындарын сҿндіріп алмай, жандандыра 

түскен  жҿн.  Яғни  не  ойнағысы  келетінін  оны  қандай  жолдармен  игеруге  болатынын 

түсіндіру,  концертке  шығару  ойнағысы  келетін  шығармада  үзінділер  үйрету,  концертке 

алып бару, ансамблдік ойындарға қатыстыру (дуэт, трио), фортепиано, баян сүйемелімен 

пьеса, күйлер ойнау т.б. Бұл кезеңдегі енді бір ескеретін жҽйт оқушылардың аспапты үйде 

ойнап  жаттығуы.  Ұстаз  үйдегі  жаттығудың  ҽдістемесін,  ҿзі  аспапта  кҿрсетіп,  мысалдар 

арқылы айқындаған жҿн. Үйдегі жаттығудың маңызы терең түсіндіргенде ғана олардың ҿз 

бетімен дайындалғанда ғана белсенділігі арта түседі.  

Оркестрге енген музыкалық аспаптарды практика жүзінде игеру–бұл саладағы негізгі 

жҽне  қиындығы  кҿп  жұмыс  аспапта  практикалық  игерудегі  алғашқы  қадам  жаттығулар. 

Ал  ол  жаттығулар  ҽн-күйге  негізделсе  тіпті  жақсы.  Жаттығу  ҽдісін  дұрыс  пайдалана 

білсек,  кҿптеген  күйлерді  тез-ақ  үйреніп  кетуге  болатындығы  практикалық  дайындық 

жұмыстарында  кҿрініп  жүр.  Музыкалық  аспаптарды  практикалық  игеруге  мына  жұмыс 

формалары қажет: 

1.  Ең алдымен жетекші домбырада оқушылардың жақсы кҿретін бір күйін ойнап,   сол 

күй немесе жалпы музыка туралы қысқада, қызықты ҽңгіме айтып беру.  

2.  Жетекші  оқушылардың  домбыраны  ұстауын,  орындыққа  отыруын,  қағу  тҽсілін, 

дұрыс  музыкалық  дыбыс  шығару  т.б.  ойнау  техникаларын  практика  жүзінде  ҿзі 

ойнап, кҿрсетіп түсіндіреді. 

3.  Алғашқы  ойнаған  жаттуғулардан  бастап  дыбыстық  мҽнерлілігіне  кҿңіл  аударып, 

салыстырмалы ҽдісті пайдалану /сапалы, сапасыз дыбыстарды ажыратып отыру/. 



 

441 


4.  Ҽр  кез  ойнау  техникасына  жаңа  элеметтерді  қосып,  оқыту  процесін  ілгері  дамыта 

түсу; 


5. Жетекші мен оқушылардың бірігіп ансамблде ойнауы. 

 

Ҽдебиеттер 

1. Тастанов Х. Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек., Алматы,    

Казгослитиздата., 1965.-442 б. 

2. Байжұтанов С. Оқушылардың халық аспаптар оркестрі., Алматы., Ҿнер., 1989 .-160 б. 

 

ҼОЖ 372. 878 



Мектеп оқушылар арасындағы кҥй сайыстың дәріптелуі және оның келешек ӛнерге 

тигізер әсері 

Бҿрі Иса, ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 



 

Қазіргі  іріленген  Мақтаарал  ауданы  еліміздің  ең  шетіндегі  шекараға  орналасқан 

аудандардың  бірі.  Ал  Жетісай  қаласы  осынау  мақталы  ҿлкенің  рухани-мҽдени  астанасы 

десек,  ешкімнің  дауы  болмас.  Оған  айғақ  кешегі  кҽсіптік-техникалық,  мҽдени-ағарту 

училищелері,  1965  жылдан  бері  жұмыс  істеп  жатқан  Жетісай  қазақ  педагогикалық 

училищесі  (қазіргі  Жетісай  гуманитарлық  колледжі),  1968  жылдан  бергі  Қ.Жандарбеков 

атындағы Жетісай қазақ драма театры, Жетісай халық хоры, халық оркестрі, республика 

кҿлемінде  іргелі  оқу  ордасына  айналып  келе  жатқан  "Сырдария"  университеті  кішігірім 

облыстардың бірінде болса, бірінде жоқ. 

Осындай  мҽртебесі  биік,  экономикасы  мен  мҽдениеті  бірдей  ҿркендеген  ҿлкеде 

талай мҽдени іс-шаралар жоғары деңгейде ҿтті. 

Бірнеше  ҿнер,  спорт  саңлақтарының  есімі  республикаға,  тіпті  ҽлемге  ҽйгілі  бола 

бастады.  Десек  те  біз  мекендеп  тұрған  ортаның  үлкен  мҽдени  орталықтармен  тығыз 

араласуы  жылдан-жылға  қиындап  келеді.  Ҽсіресе  қатты  ойландыратын  жай  -  мектеп 

жасындағы болашақ ҿнерпаздарымыз. Оның ішінде күй орындаушылық ҿнерінің мүлдем 

құрдымға кетуі ертеңгі күннің кешірмейтін парағы болмақ. 

 Жер-жерде 

ҿткізіліп  жүрген  ҽнші  балапан  конкурсының  кҿпшілігі  жас 

балапандардың кҽсіби ҿнерін қолдағандық емес, қорлағандық боп жүр. Дарынсыз, ойсыз 

ҿнерпаздарға жол ашып жатқандаймыз. Ҿйтпегенде ше аузына дауыс күшейткішті тығып, 

дауысы  бары  да  жоғы  бақырып  ҽн  айтса,  соған  мҽз  боп  қол  шапалақтаймыз,  ал  мыңнан 

бірі қолы майысып жазатайым күй тарта қалса, тыңдамақ түгіл мазақтаймыз. Бұл қасірет 

пе, жоқ па? 

Жалпы  күй  ҿнері  -  киелі  ҿнер  жолы  азапқа  толы.  Кҿптеген  2  сағатқа  созылған 

концерттік бағдарламаларда бір күй тартылса тартылды, кҿп жағдайда ол да жоқ. 

Соңғы  кезде  ҽн  мен  күйдің  орындалар  орны  тойхана  тыңдаушылар  мен  оның 

қонақтары  боп  жүргені  жасырын  емес.  Ол  жерлердің  кҿпшілігінде  бірде-бір  күйдің  үні 

естілмейтіндері де жетерлік. 

Ҽрине  тойдың  аты  той,  талғамның  аты  талғам.  Бірақ  тойдың  ҿзін  тҽрбие  мектебі 

десек,  тарзының  басын  мүкіндігінше  тең  ұстасақ,  болашақ  ұрпаққа  жасаған  бірден-бір 

ҽлілдігіміз болар еді. 

Кҿпшілікке күл шашу қашанда қателік. Ел ішінде небір күйді қастерлейтін, құдірет 

тұтатын  жандар  да  аз  емес.Мысал  ретінде  айтар  болсақ,  асықаталық  бір  азамат  ҿз 

қызықшылығын,  бас  қонағын  күйші  деп  есептейді,  ақын-жазушылардың  айнымас  досы, 

ҿзі  тұрған  бойы  ҿнер  дүниесінің  энциклопедиясы,  керісінше  сол  аймақтың  тағы  бір 

азаматы,  ол  да  үлкен  білімпаз,  шындықтың  қаншалықты  ащы  екенін  білсе,  күйдің 

соншалықты  тҽтті  екенін  біле  тұра  ҿз  қызықшылығында  күй  ҿнерін  ұнатпайды.  Тіпті, 

оның не керегі бар, кім тыңдайды оны дейді. Сол ненің керегі бар, ненің керегі жоқ екенін 

білетін  білгіштердің  кҿбіне  жолы  болғыш  келеді.  Бірақ  бір  кҿнекҿз  қария  адамның  бір 

айтқаны  есімде  қалғаны  кейбір  адамның  ҿмірден  ұзар  тұста  үйінде  ойналмай  тұрған 



 

442 


домбырасына  кҿзі  түсіп,  бір  күй  тыңдағысы  келеді.  Бірақ,  күй  ауылы  алыста,  құлақта 

баяғы бозбала кездегі күй күмбірі кеп тұрады екен деп еді. Күйге шҿлдеген тұста таңдай 

жібітер  тҽтті  күйдің  үнін  естімеуден  азап  жоқ  шығар,  сірҽ.  Қазақстан  жазушылар 

одағының  мүшесі,  ҿңіріміздің  белгілі  ақыны  Ҽлібек  Мейірбекүлы:  "Ҽн  үшін,  күй  үшін, 

керек  қой  ҿмірді  сүю  үшін"  -  десе,  қазақтың  батыр  данышпаны  Бауыржан  Момышұлы 

айтады: "Домбыра - қазақтың касиетті дүниесі, оны тарта алмасаң да қадірлей біл. Себебі 

баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның 

сырлы  сазына  ауызданбаған  бала,  уызына  жарымағана  кҿтерем  қозыдай  болады. 

Домбыраны  қастерлей  білмеген  қазақтың  баласы  туған  халқының  жанын  білмейді.  Ал 

халықтың  жанын  түсінбеу  деген  тамыры  шабылған  ағашпен  тең.  Ондай  ағаш  жапырақ 

жайып, сая да бола аламайды". Қандай дҿп айтылған сҿз десеңізше шіркін. 

Сол  қастерлейтін  киелі  домбыра,  күй  ҿнері,  күй  орындаушылық  ҿнер  ҽзір  қандай 

күн  кешіп  отыр.  Күйші  ҿнерін  насихаттау  үшін  бе?  Арзан  кҿңіл  жықпастықта  ҽйтеуір 

күйшіні бірде ақындар айтысы ішінен, бірде тамашаның бағдарламасынан кҿріп қаламыз. 

Ҽрине,  бұдан  насихаттың  басқа  жолы  қалмағаны  ма  деп  қауіптенесің.  Күйшінің  де  ҿз 

орны, ҿз тҿрі болу керек емес пе? Ілгеріректе күйшілер аулында туылып, соңғы ҿмірлерін 

қалада  ҿткерген.  Ал  қазір  шын  кҽсіпқой  домбырашылар  үлкен  мҽдени  қалаларда  ғана 

дайындалатын  болып  отыр.  Ауылды  жерлерде  музыкалық  мектептердің  кҿпшілігі 

жабылып, жалпы білім беру мектебінде балаларды домбыраға баулу мүлдем тоқтағанның 

қасы.  Оған  ұмтылушылық,  қызықтырушылық  мүлдем  байқалмайды.  Домбырамен  ҿлең 

айтуға  да  құлшыныс  азайды.  Дайын  терілген,  ҿзі  оркестр,  ҿзі  аспап  "Ямаха"  деген  пері 

шықты  дҽуірге.  Оған  қосылып  айту  да  ыңғайлы,  содыр,  шодыры  да  білінбей  кетеді  кей 

кезде. Қазіргі жастардың кҿпшілігі классикалық ҽуенді тыңдаудан кетті деп бас ауыртып 

кайтейін,  ҿзіміздің      қара    домбырамыздың    кей-кезде    теледидардан    беріліп    қалған   

бағдарламаларды сарт еткізіп ҿшіріп,  айқай-ұйқай, ҿзі де  сҿзі де түсініксіз жеңіл ҽуенді 

эстрада  музыкаларын  күні-түні  тыңдаудан  жалықпайды.  Сонда  да  біз  дҽуірге  бара 

жатырмыз ба жоқ ҽлде тас дҽуірге бара жатырмыз ба? Қайранмын. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Ҽбішұлы Назарбаев жуырда Алматыда ҿткен ҽдебиет, ҿнер 

қайраткерлерімен  кездесуінде  сҿзге  шыққан  шешендердің  сҿзін  тыңдай  келе:  "Біздің  ең 

кҿрнекті  жазушыларымыз  мен  суретші,  сазгерлер  ең  таңдаулы  шығармаларын  ҿзінің 

қиыншылық  кезеңдерінде  шығарғанына  осы  отырған  бҽрің  де  куҽсіңдер,  жақсы  туынды 

жазуға ҽзір кім кедергі жасап отыр?" - деді. 

Ал  бізге  не  жасық,  ел  аман  ай  жарықта  барды  жоғалтып  алу,  ҽсіресе 

баладарымыздың-болашағымыздың жолын байлауымызға жол болсын. 

Қиын  кезең,  уақыт  деп  музыка  мектебін  жаптық,  сонда  не  ұттық?  Келешегімізге 

балта  шаптық,  одан  басқа  айтар  теңеу  жоқ.  Ірі-ірі  кҽсіпкерлердің  балалары  музыка 

мектебінде оқығанда, ол орын жабылмауы мүмкін еді ғой. 

Ол  азаматтардың  балалары  ҿздері  сияқты  ірі  кҽсіпкер  немесе  заң  қызметкері 

болуына бесігінен тҽрбиеленеді. Ілгері кеңес үкіметінің кезінде сол саз мектептерінде 400-

ден  астам  оқушылар  оқып,  солардың  бес-алтауы  ҿзгелері  басқа  кҽсіптің  маманы  болып 

кетті. Жалпы музыка мектебіне тек қана кҽсіпкер-музыкант болу үшін ғана бермейді, бала 

жан-жақты тҽрбиелену үшін беретін жҽне сол балалар бҽрінен де тҽртіпті, басқа сабақтар 

да  үлігілі  болып  ҿсті.  Ҽзір  ше?  Балалардың  кҿбісі  музыка,  спорт  мектебіне  бармайды. 

Есесіне  күніге  ойын,  бейне-фильм  кҿру,  бесінші,  алтыншы  сыныптан  бастап  жаппай 

бірігіп  туған  күні  ҿткізу.  Бастапқыда  елу  теңгеден  жинаса,  мектеп  бітіргенше  мың 

теңгеден  жинайтын  жағдайға  жетеді.  Оның  бҽрін  қайдан  алып  жатыр?  Рас,  балаларын 

оқытуға  шынымен  жағдайы  келмей  жатқан  жанұялар  бар.  Зҽулім-зҽулім  үйлер,  6-7 

автокҿлік,  200  гектардан  жері  бар  қалталы  азаматтардың  табысын  қызғанбай-ақ  қояйық. 

Бірақ сонын қайсысы дарын балалардың оқуына қол ұшын беріп отыр? Айтты не, айтпады 

не.  "Бермесе  де  бай  жақсы,  жемесе  де  май  жақсы"  -  деген  мақал  арада  ғасыр  салып, 

жаңғырғандай сыңайы бар. 


 

443 


Солай  бола  берген  жағдайда  да  жас  дарындардың  оқуына  мүмкіндік  жасау  ҽрбір 

кҿкірегі  ояу  азаматтың  күн  тҽртібінен  түспейтін  кестесі  болуы  керек.  Алысқа  бармай-ақ 

қойғанда, ҿзіміздің мақтаарал ауданында 100-ден астам мектеп бар десек, ҽр мектеп бір-

бір  дарынды  күйшіден  берсе  де,  сол  жүз  күйші  үнсіз  қала  қоймас,  бірақ  күйсіз 

қалдырмауы  ҽбден  мүмкін  еді  ғой.  Қолдан  жүз  пайыз  келетін  істі  істемеуді  қазақы 

жалқаулық  демей  не  дейміз?  Енді,  істі  оңғарар  жағына  келсек,  біздің  "Сырдария" 

университетіндегі  "Ҽн-саз"  кафедрасы  ҿзіміздің  барлық  мектептің  ҽн-күйден  беретін 

мұғалімдеріне  жарты  жылда  бір  рет  қоғамдық  негізде  кеңес  семинар  қазіргі  ҿзекті 

мҽселеге байланысты ғылыми-ҽдістемелік конференция ҿткізуге дайын. Қала маңындағы 

дарынды  оқушыларға  ҿте  арзан  нарықта  домбыра,  қобыз  т.б.  аспаптарда  оқытуға,  тіпті 

жағдайы  ҿте  тҿмен  дарынды  балаларды  тегін  оқытуға  дайын  екендігін  жұртшылықтың 

есіне салғым келеді. 

Қазіргі  хал-ахуалдың  анық-  қанығына  жету  үшін  жақын  арада  жас  күйші-

орындаушылардың  конкурсын  ұйымдастырып  ҿткізу  алғы  шарт.  Құрылықтан  жасалған 

аралдай  азғантай  жердегі  ауданымыздың  кешегі  жеткен  жетістіктерін  жаңғыртып,  ҽнші-

күйші-жыршы ауылы атанатынымызға жазсын алла. 

Күй ҿнерін дұрыс насихаттап жүрміз бе? Тарихқа  үңілсек,  қазақ  арасында  айтыс  

ҿнері қаншалықты  кең тараған болса,  күй тартысы да сондай дҽрежеде таралған. Бұл бір 

енені тел емген егіздер секілді. Күй тартыс ҿнерінің бірнеше түрлері бар: 

 

1. Домбырашылық-орындаушылық шеберлікті таныту жарысы



 

2. Күйшінің ҿз шығармаларын ойнап жарысу; 

  3. Импровизаторлық,  яғни  табан  астында  ойдан  шығарып,      

       жалғасын  қарсыласына тартқызу

 

4.

 



Белгілі   бір   оқиғаны   немєсе   тақырыпқа   күй   шығарып   жарысу   (мысалы,   

"Нар идірген"). 

Осылардың  ішінен  бүгінге  жеткені  -  орындаушылық  шеберлікті  таныту  жарысы. 

Оның  ҿзі  жекелей  емес,  кҿбінесе  ақындар  айтысының  ортасында,  концерттердің 

құрамында дегендей... қоса салынады. Қазір, қүдайға шүкір, ақындар айтысы ҿнері ҿркен 

жайып, жас айтыскерлер қатары кҿбейді. Олардың арасында елді тамсантқан майталман 

таланттар жетерлік. Ендігі кезекте күй тартысына баса назар аударсақ деп ойлаймын. 

XVIII  жҽне  XIX  ғасырларда  қазақ  даласын  шарлаған  орыс,  неміс  т,б.  халықтар 

саяхатшыларының  күнделіктері  мен  естеліктерінде  ҽсіресе,  осы  күй  тартысы  ҿнеріне 

ерекше  таңданыс,  сүйсініс  кҿп.  Бұрынғының  ақындары  да  күйшілерді  аға  санап,  күй 

ҿнерін  кие  тұтады  екен.  Бұл  ҿнерге  үлкен  шеберлік  керек.  Ал  қазіргі  жағдайымызда 

күйшілік  түгіл,  тіпті  күйді  түсініп  тындайтындардың  ҿзі  де  сирек.  Осы  жағдайды 

ескерсек, халқымыздың ежелгі ҿнерін дамытып, тұғырына қайта қондыру оңайына түспесі 

керек. 


Ал,  екінші  жағынан,  бұған  жетпейтін  бар  болғаны  -  ниет,  ықылас  қана  секілді, 

Айталық,  неге  баланы  күй  тыңдауға  бесіктен  баулымасқа?  Ғалымдардың  сҿзіне  сесек, 

музыкаға  немқүрайлы  қарауға  болмайды.  Ол  -  үлкен  күш,  психикаға  ҽсері  бар  құдірет. 

Мысалы, осы күнгі жастардың тындайтын даңғаза, мҽн-мағынасыз шулы ҽуендердің ҽсері 

есірткінің  ҽсерімен  тең  дегені  оқығаным  бар.  Ҿз  басым  осыған  сенемін.  Арзан,  жеңіл 

айқай  жас  баланың  миын  ашытып,  ойын  тұмандайды.  Ал,  ҿнерді,  сырлы  жас  жан 

тазалығына  жетелейді.  Осыны  тек  ата-аналар  ған  емес,  мұғалімдер  де  білім  беру 

саласының  "тетігін  бұрап"  отырған  шенеуіктер  де  ескерулері  керек.  Тҽрбиелеудің  жаңа 

тҽсілі  деп  алыс-жақын  жұрттардың  озығын,  да  тозығын  да  талғамастан  ҿзімізге  қарай 

сүйрелеумен  жүрген  сабаздар  неге  екені  белгісіз,  тамыры  тереңде  жатқан  ата-баба 

мұрасын  пайдаға  асыруға  кҿңіл  белгілері  келмейді.  Үйлестіре  білсе,  күйді  де  тҽрбие 

құралына айналдыруға болар еді. 

Күй  тартысы  ҿнерін  дамыту  мҽселесіне  келсек,  меніңше  мұны  бірте-бірте  қолға 

алған  жҿн.  Алдымен,  орындаушылық  шеберлікті  таныту  жарысын  ҽр  түрлі  мҽдени 



 

444 


шараның  арасына  бір  тықпалап,  қадірін  кетірмей  жҽне  ҿзін  бір  қолға  алса.  Несі  бар, 

дүрілдетіп ҿткізер едік!   

Кҽдімгі ақындар айтысы XIX ғасырда шарықтау шегіне жетті десек, XX ғасырдың 

ҽр кезеңінде ҿз ҿрісін тауып, тіпті 90-жылдарды жас айтыскер ҿкілдерінің қатары кҿбейіп, 

шеберлігі  едҽуір  тартса,  күй  тартыс  ҿнері  айтыс  ҿнерінің  арасында  қосалқа  құрамы 

сияқты,  ҽр  жерде  жыл-жылт  етіп  кҿрініп,  күй  беделі,  күй  орындаушылық  ҿнері 

бұрынғыдан  тҿмендемесе,  артты  ҿсті  дей  аламыз.  Күй-тартыс,  күй-айтыс  бір  жақтылық 

қана  танытып,  күйді  тартып,  кенет  бірден  тоқтап  қалса,  екіншісі  сол  күйді  бірден 

жалғастыра іле жҿнеледі. 

Жалпы алғанда, естіген құлаққа, кҿрген кҿзге, сол сҽтте ҽсерлігі жаман емес, бірақ 

күй тартыстың ҿзге түріне тындаушымыз дайын емес дейміз бе?, ҽлде күйшілеріміз дейміз 

бе?  Айтып  отырған  күй-тартыс  бұл  тек  орындаушы  күйшілер  тартысы.  Қай  күйшінің 

шебер тартатынын, орындаушылар конкурсында да дҽлірек анықтасақ болады. Бұл жерде 

ұтып  отырғанымыз,  кҿзге  ұратын,  ҽсерлі  алдамшы  кҿрініс  қана.  Жасыратынымыз  жоқ, 

осы  ҿңірімізде  айтысының  жоғарыда  аталған  түрлеріне  қосалқы  топ  ретінде 

қатысқанымыз  бар.  Ақындардың  жеңгендері  темір  ат,    ақбоз  ат  мініп  жатқанда  күйші 

жазғандар  жҽй  қол  сағат  алып  жатты.  Бұған  да  қүдайға  шүкір  дейміз.  Ҽңгіме  ат,  патта 

емес, күйші ҿнерінің рухани арзан бағалануында. Қазақ тарихында бұрын да ақындар мен 

күйшілер бірге єл аралап жүрген. Ақындар күйшіні аға тұтып, күй қүдіретіне бас иіп, тіпті 

күйшілердің рухани есесі керкен жерлерін, ақындар жақтап ҽперіп отырған. Ата кҿрген оқ 

жонса, қазіргі ақындар да солай етіп жүр деп ойлаймыз. Күй қашанда құдіретті. Күй тарту 

мен күй тыңдаудың мҽдениетін бабаларымыз  XIX ғасырдың  басында-ақ салып кеткенін, 

зерттеуші ғалым-саяхатшылар күнделігенен оқығанымыз бар. Бір жерінде айтады: "Күйші 

қара  киіз  үйде,  қоңыр  үнді  күйді  күңірентіп  отырады.  Алыстан  аттылы  кісі  келе  жатып 

үйге  шамада  50-60  қадамдай  жер  қалған  тұста,  күй  күмбірін  есітіп,  атынан  ҽсте  түсіп, 

күйге  берілген  сонша  күрс-күрс  шайнаған  атынын  ауыздығынан  ноқтаны  қымти  ұстап, 

күй  біткенше  демін  ішіне  тартып  тұрады,"-  деп  келтіреді.  Ал  ҽзір  ше?  Оны  айтпай-ақ 

қойғанымыз дұрыс ау шамасы. 

Бұл тұста күйпаз, күй тыңдаушылар тіпті қалған жоқ деуден мүлдем аулақпыз. Тек 

қана  ҽзіргі  зҽулім  концерттік  залдарда  күйшіге  қойылған  дыбыс  күшейткіштері  кҿп 

жағдайда дұрыс қойылмай, күйші ҿнері тындаушыларын баурап алатын мүмкіндіктерінен 

мүлдем  айырылып  жатады.  Есесіне  "Ямаха"  аспабымен  айтатын  солақай  ҽншілдер 

құлақты  жарып  жібере  жаздап  айтып  жатса,  ҿнердің  қай  түріне  табынарын  білмеген 

тындаушылар  дел-сел  болмасына  не  шара.  Ал  күні-түні  теледидар  алдын  бермей  ҿзі  де, 

ҿзге  де  ҽсер  түсінетін  жеңіл  де  шулы  ҽуендерге  құлағы  ҽбден  үйренген  жастарды,  дҽл 

қазір  қоңыр  күйге  тартып  кҿр.  Ал  сондай  екен,  ендігі  бірақ  үміт,  күй  тыңдауды,  ҽуен 

толғауды бесіктен қайта босату керек.    

  Ҽңгіме басында сҿз еткен күй тартыс ҿнері арқылы да тыңдаушы қауымды дұрыс 

тҽрбиелеуге болады. Мұсылмангершілік бірте-бірте десек күй тартыс формасын сол естіп 

кҿрген жерден ҽрі қарай дамытуымыз абзал. 

Қопалдау  айтсақ,  соқыр  кҿргенінен  жазбайды  дегендей  сол  тартысты,  сол  айтыс 

дҽл осы күйде кете берсе, алға басарынан гҿрі тұңғиыққа батарына дау жоқ. Солай екен, 

қайталап айтқанда қазіргі кҿріністі, күй айтыстың осы түрін дамыта отырып, тағы бұнын 

алғашқы  шарты  деп  ұғынып,  табан  астында  күй  шығарып,  оны  қарсыласына  тартқызу, 

күйшінің  ҿз  шығармаларын  ойнап  жарысуын,  белгілі  бір  тақырыпқа  күй  шығарып 

жарысуларды  қиын  да  болса,  бірте-бірте  қосып  дамытып  отыру  керек-ақ.  Бұл  тҽрбиенің 

алғаш жеңіл түрлері тағы да сол мектеп қабырғасындағы балалар дұрыс бастағаны лҽзім. 

Жалпы, ақындар айтысы болсын, күй тартыс ҿнері болсын, жас жеткіншек ҿнерпаздарды 

жан-жақты  тҽрбиелеуге,  шығармашылық  белсенділігін  арттыруға  сҿзсіз  ҽсер  етеді. 

Ендеше  қос  егіздей  тел  емген,  қос  қастерлі  ҿнерді  бір-біріне  кемсітпей  тең  ұстауға 

ұмтылайық ағайын. 

Ҽдебиет 


 

445 


1.

 

М.Шахай. Мақтаарал ауданының 70 жылдығына арналады., Алматы., РГЖИ.  



      Дҽуір., 1999.-98 б. 

 

ҼОЖ  37.012 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет