Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


Жаңа ақпараттық технологияларды жалпы білім беру жҥйесінде



Pdf көрінісі
бет63/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77

Жаңа ақпараттық технологияларды жалпы білім беру жҥйесінде 

пайдаланудың кейбір ерекшеліктері 

Дҽрменшеева А.А., ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 

 

   Қазіргі  уақытта  жаңа  ақпараттық  технология  үрдісі  адамзат  ҿркениетінің 



дамуының  жаппай  жҽне  қайталанбайтын  кезеңі  ретінде  қарастырылып  отыр.  Білімді 

ақпараттандыру  ҽсіресе  оның  алғашқы  баспалдағы  мектепте  енгізу-қоғамда 

ақпараттандырудың  негізгі  шарты.  Себебі,  мектепте  жаңа  ақпараттандырылған  қоғам 

жағдайында жұмыс істеп, ҿмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы арқылы жүзеге 

асады.  

Қазір  республикамыздағы  жҽне  аймақтағы  нарықтық  қатынастардың  қалыптастыру 

жағдайында  еліміздің  ҽлеуметтік  дамуы  жҽне  қоғам  ҿмірінің  барлық  саласында  оның 

ішінде  бала-бақшаларда,  мектепте,  жоғарғы  оқу  орнында  оқытудың  қазіргі 

технологияларын  жетілдіру  ҿзекті  мҽселелердің  бірі  –  тұлғаны  қалыптастыруға 

бағытталған  ролі  жҽне  педагог  оқытушылар  мен  оқушылардың  мемлекеттік  білім  беру 

стандартында кҿзделген деңгейден тҿмен емес білім, білік, дағды алуға қамтамасыз етуге, 

олардың  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы  үшін  жағдай  жасауы  кҿзделген.  Осыған 

орай  оқу-тҽрбие  үрдісін  жетілдірудің  қазіргі  технологияларын  жетілдіріп,  мектептерде, 

жоғарғы  оқу  орнында  сабақ  беруде,  қолдану  арқылы  білім  саласын  жақсартуға  басым 

бағыт  берілуде.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізу  арқылы  оқу  сапасы 

жақсарылып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны қызықты ҽрі жеделдетіліп, 

жеке  тұлғамен  жұмыс  істеуде  саралап,  қаралап  оқытуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жоғарғы 

оқу  орнында  мамандар  даярлаудың  сапасын  арттыруды,  мұғалім  тұлғасының  дамуына, 

ҽрбір  оқушының  ҿз  беттерінше  ізденіп  білім  алуларына  кҿмектеседі.  Жаңа  ақпараттық 

технология  оқушының  ҿзіндік  жұмыс  атқаруына  жҽне  ең  бастысы  оқушының  білімін 

жақсартуға  ықпал етеді.  Қазіргі ҿмір  талабына сай қазақ тілінде электрондық оқулықтар 

даярланып,  республика  кҿлеміндегі  мектептерге  беріліп,  бұл  электрондық  оқулықтар 

мектеп  оқушыларына  ақпараттық  технологияны  кіші  жастан  меңгеруге  кҿмектесіп,  ҿз 

бетімен  білімдерін  толықтыруына  мүмкіндік  беріп,  оқу  біліктілігімен  қатар  ойлауы,  іс 

ҽрекеті,  ҿзара  қарым-қатынасы  жҽне  ҿзінің  сана  сезімі  дамып,  қарапайым  ойлау 

(салыстыру, сұрыптау) жҽне шығармашылық іс-ҽрекеті қалыптасады. [2. 67 бет] 

      Қазіргі  нарықтық  сұраныстарға  сай  жастарды  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру  үшін 

мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияларын пайдаланып, оны одан ҽрі заман талабына 

сай  жетілдіру  қажет.  Осылай  оқушылардың  білім  деңгейін  кҿтеруге  болады.  Оқыту 

ҽрекеті табысты болуы үшін мұғалімнің терең білімділігімен қатар, шешендік пен ҽсерлі 

сезімталдықты,  ұнамды  дикция  мен  кҿркем  ҽуезді  дауыс  пен  қажетті  сҿздерді  тауып, 

саралап,  даралап  сабақ  түсіндіре  білуі  сияқты  педагогикалық  қаруды  игеруі  абзал. 

Мұғалім  оқыту  үрдісін  тиімді  ҿткізіп,  оқушылардың  белседілігін  тудыру  үшін  сабаққа 

қойылатын талаптарды ескеруі қажет: 

      а)  дидактикалық  талаптың  (сабақтың  тақырыбы,  мақсаты,  мазмұнының  бағдарламаға 

сайлығы,  игерілетін іскерлік, дағдыларының айқындығы, қабылдауға ҽзірлену, түсіну, ой 

елегінен ҿткізу); 

      ҽ)  дамытушылық  талаптың  (дамытушылық  мақсатының  айқындығы,  танымдық 

қызығушылығының,  бастамшылығы,  ҿздігінен  іздену,  білімін  толықтыру,  ой  еңбегінің 

мҽдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл ойын дамыту); 

      б)  тҽрбиелік  талаптың  (тҽрбиелік  мақсаттың  нақтылығы,  білім  мазмұны  арқылы 

кҿзқарасын,  эстетикалық  сезімі  мен  адамгершілік  қасиеттерін,  жүйелі  еңбегін 

қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру т.б.); 


 

446 


      в)  гигиеналық  талаптың  (сыныптың  тазалығы,  желдетілуі,  оқу  құралдарының, 

тақтаның,  бордың  яғни  сабақтың  жабдықталуын,  жарық  мҿлшерінің  сақталуын, 

оқушылырдың  сыртқы  кҿрінісі,  кҿрнекі  құралдарға,  дҽптерге,  жазуға  қойылатын 

талаптар) сақталуын ескеру; 

      г)  психологиялық  талаптың  (білімге  ынталандыру),  танымдық  белсенділігін  арттыру, 

эмоциялық кҿңіл күйін тудыру, қабылдау зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескерілуі

      ғ)      ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен тұрады: 

      І  кезеңі:  Сабаққа  алдын-ала  дайындық.  Күнтізбелік  жоспар  негізгі  жҽне  қосымша 

ҽдебиеттерді, ҽдістемелік жҽне кҿркем шығармалар, педагогикалық бсылымдармен жұмыс 

істеу. 


      ІІ кезеңі: Пҽн бойынша тақырыптық сабақ жоспарын жасау. Онда сабақтың білімдік, 

дамытушылық, тҽрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім кҿлемін анықтау, ҽдіс-тҽсілдерін 

таңдау сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, 

ҿздігінен істейтін жұмыстарды,т.б. ескеру. 

       Ҽдістемелік  талапқа  аталған  барлық  тараптардың  жиынтығы  жатады.  Мұғалім 

оқытудың  ҽдіс-тҽсілдерін  біліп  қана  қоймай,  тиімді  пайдаланғанда  ғана  оқушылардың 

білімге  құштарлығын  тудырып,  терең  түсінігін  қамтамасыз  еттеді.  Оқыту  ҽдісін  таңдау 

үлкен шеберлікті  талап етеді. Айталық,  ҿткенді  қайталау, қорытындылау, жаңа біліммен 

байланыстыру,  жаттығулар  мен  педагогикалық  есептер  жүйесін  ойластыру,  уақытты 

дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, 

іздену  жұмысын  ұйымдастыру,  сабақтың  темпін,  ритімін  ҿзгертіп  отыру  мұғалімнің 

шеберлігімен  жұмыс  стиліне  (педагогикалық  ептілігі,  икемділігі,  тапқырлығы, 

мҽдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым-қатынасы) 

байланысты шешілетін мҽселелер. 



     Қазіргі  заманғы  оқыту  технологияларын  меңгеру  ҿте  күрделі  де  ұзақ  үрдіс.  Кейде  ол 

мұғалімнен  оқытудың  үйреншікті  ҽдіс-тҽсілдерінен  арылуды  талап  етеді.  Сондықтан 

мұғалімге  оқыту  технологияларын  үйретуді  арнайы  кҽсіби  тұрғыдан  ұйымдастыруы 

қажет.  Сабақ  қашанда  жетіліп  отыратын  шығармашылық  үрдіс.  Сабақ  -  білім  беруді 

ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болсада шҽкіртке біліммен дағды 

беруді  кҿздейді.  Мұғалім  -  сабақтағы  басты  тұлға,  ҿйткені  ол  оқушыларға  жүйелі  түрде 

білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту ҽдістерін алмастыра 

пайдаланып,  оқушылардың  танымдық  ҽрекетіне  мақсат  кҿздей  басшылық  етеді.  Бұл 

жҿнінде  педагог  ғалым  Ахмет  Байтұрсынов:  ―Мектепке  бірінші  керегі  -  мұғалім,  екінші  

оқыту ісіне керек құралдар, үшінші- бағдарлама жҽне оқулықтар керек,‖- [1.365б] деп дҿп 

басып  айтқан,  ҿйткені  оқыту  ісінің  сапасы  осы-үш  қажеттілікке  байланысты.  Ендеше, 

қазіргі  заманның  ақпараттық  технологиясын  игеруге  міндеттіміз.  Ол  үшін  болашақ 

мұғалімдерді даярлауда жоғары оқу орындары тҿмендегідей  жұмыстар атқаруы тиісті. 

1)

 



Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып, білім алуға, ҿмір сүруге 

бейімдеу : 

2)

 

Жаңа  ақпараттық  жҽне  телекоммуникациялық  технологияға  бейімделген  білім 



берудің    ғылыми  ҽдістемелік  базасын  жасау,  білім  саласын  басқарудың  жаңа 

формалары мен ҽдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту. 

3)

 

Дүние жүзілік ақпараттық білім беру мен  жоғары білім беру жүйесін сҽйкестендіре 



отырып кірістіру; 

4)

 



Білім  берудің  иллюстративтік  түсіндірмелі  жүйесінен  дамыта  оқыту  жүйесіне 

кҿшу.  Оқыту  үрдісінде  оқушы  шығармашылығына  негізделген  оқыту  ҽдістерін 

пайдалануға түбегейлі кҿшу. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлаудың 

сапалық деңгейін кҿтеру;  

Сонымен  қатар  оқытудың  жаңа  технологиясы  тек  сипаттама  түрінде  ғана  емес,  шынайы 

проблемалық  негізде  болуға  тиіс.  Жаңа  оқу  үрдісінің  ҽдістерімен  түрлерін  жетілдіруде 

жаңашыл - педагогтардың озық дидактикалық идеяларында ―Нені оқыту? ―Қалай оқыту? 

―Сапасы  қандай‖  деген  сияқты  мҽселелерді  шешуге  бағытталған  кҿптеген  жаңа 



 

447 


жұмыстарын  кҿруге  болады.  Мұндай  педагогикалық  технологиялық  жан-жақты  тараған, 

оң  нҽтижесін  танытып  жатқан  бір  қатар  түрлерін  айтуға  болады.  Атап  айтсақ,  ойлауды 

дамыту,  ойын  арқылы  оқыту  технологиясы,  білім  беруді  ізгілендіру  технологиясы, 

модульдік  оқыту  технологиясы,  оқытудың  компьютерлік  технологиясы,  дамыта  оқыту 

технологиясы,  проблемалық  оқыту  технологиясы,  түсіндіре  басқару,    озат  оқыту 

технологиясы,  бағдарламалап  оқыту  технологиясы,  деңгейлеп,  саралап  оқыту, 

ынтымақтастық педагогикасы т.б. 

Берілетін  білім  жоғарылаған  сайын  олардың  білімді  қабылдауы  ҿзгеріп,  ҿтілетін 

пҽндер  жүйесі  күрделене  түседі.  Сондықтан  баланың  жас  ерекшеліктерін,  қабылдау 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  дамып  жатқан  оқытудың  жаңа  технологияларын    тиімді 

пайдалану ең маңызды болып отыр. 

Білім берудің тҿменгі сатысы-интелектінің дамуы, оқытуды қалыптастырудың ең қуатты 

кезеңі.  Бірақ,  бұл  сатыдағы  баланың  есте  сақтау  қабілеті,  қабылдауы  нашар  болып 

келгенімен, білуге құштар, барлығын кҿзбен  кҿруді ұнатады. Сондықтан да оқу түрінде, 

модульдік оқыту технологиясы қолданылып отырады. 

Орта  сатысында  барлық  білімнің  негіздері  қаланады.  Ҽдебиеттері  күрделірек 

болғандықтан бірден түсінулері де қиынға соғады. Сондықтан жас ерекшелігімен пҽннің 

күрделілігі ескеріліп, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, түсіндіре басқарып озат оқыту, 

модульдік  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту,  оқытудың  компьютерлік  технологиясын 

тиімді түрде қолданылу кҿзделіп отыр. 

Ал жоғарғы сатысында,  яғни орта кҽсіптік жҽне жоғары білім сатысы ҿз бетімен 

оқу  дағдыларын  игере  алатындықтан,  белгілі  мҽселе  тҿңірегінде  ой  қозғай  алатын,  жеке 

пҽндерге  деген  талғамы,  талғауы  бар  саналы  азамат  ретінде  танимыз.  Осындай 

ерекшеліктерді  ескере  отырып  бұл  сатыда  ойлауды  дамыту,  оқытудың  компьютерлік 

технологиясы,  ҿздігінен  дамыту  технологиясы,  дамыта  оқыту  технологияларын 

пайдаланып  жетістіктерін  күтуде.  Дегенмен  де  жаңа  ақпараттық  технологияларды 

меңгерген  ҽрбір оқытушы ҿз сабағында жақсы нҽтиже кҿре алады. Оқытушы біріншіден 

жаңа  ақпараттық  технологияларды    оқып  үйренеді,  екіншіден  меңгереді,  үшіншіден 

тҽжірибеде  қолданады,  тҿртіншіден    нҽтижесін  байқайды.  Жаңа  ақпараттық 

технологияларды тиімді пайдаланудың тағы бір ерекшілігі оқытушы мен білім алушының 

күрделі, тығыз байланысын оңай шешуге кҿмектесіп, сенімділікпен жұмыс жасауға, ҿзара 

пікірлесуге,  оқуға  деген  қызығушылығын  арттырады.  Сондай-ақ  жаңа  ақпараттық 

технологияны  пайдалану  оқытушы  мен  оқушының  қарым-қатынасын  шеберлікпен, 

білімділікпен уақыт талабына сай таңдауды қалайды.   

 Қорыта  келгенде,  болашақ  мамандарды  жаңашыл  педагогтардың  озат  тҽжірибелерімен 

таныстырып,  ҽдіс-тҽсілдерін  пайдалануға  үйрету,  зерттеу  жұмыстарын  жаздыру, 

педагогикалық  ынтымақтықты  іске  асыру  т.б.  жұмыстар  олардың  кҽсіптік  білімі    мен 

іскерлігін,  дағдысын  ұштай  түседі.  Бұл  жағдайларды  шешуде  жаңа  ақпараттық  

технологиялардың  орны  бҿлек.  Болашақта  ҿркениетті  елдердің  жоғары  технологиясын 

меңгерту, дүние жүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.  

 

Ҽдебиеттер 



      

 Үздіксіз білім., проблемалары мен болашағы., Халықаралық ғылыми-практикалық 

конференциясы., Алматы., АГТУ, 2006.-424 б. 

1.

 



Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру., Алматы., РБАО, 

2006.-114 б. 

 

 

ҼОЖ  37.311.1 



Музыкалық білім мамандығының жеке сабақтарын кредиттік технология бойынша 

оқытудың жолдары 

Ділдҽбекова Р.К., ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ. 



 

448 


 

―Музыкалық білім‖ мамандығының жеке сабақтарын кредит тік технология бойынша 

оқыту, студенттердің ҿзіндік жұмысы оқу іс-ҽрекетінің бір түрі жҽне маңызды бір бҿлігі. 

Ҿзіндік  жұмыс  кезінде  студент  оқу  процесінің  белсенді  бір  қатысушы  ретінде  кҿрінеді, 

бұл  оқытуды  максималды  түрде  жекешелендіруге  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Ҿзіндік 

жұмыс мыналарды қамтиды: 

1.

 

Студенттерге ғылыми жҽне творчестволық қабілетті арттыру, музыкалық аспапты 



еркін меңгеру. 

2.

 



Үй  тапсырмаларын,  сынақ  жҽне  емтихан,  аралық  жҽне  қорытынды  бақылауға 

дайындалу барысында оқу материалдарын терең оқып білу жҽне пысықтау. 

3.

 

Еңбекқорлыққа тҽрбиелеу, табанылық пен мақсаттылыққа, ҿз  уақытын жоспарлау 



жҽне ұйымдастыруға, оқуды үздіксіз жҽне жүйелі жүргізуге үйрету. 

Оқытудың кредитттік жүйелі білім берудің  бірізді емес жаңа психологиясы бұл жиі 

студентке  ҿз  бетінше  шығармашылық  негізде  білім  алуды  ҿз  жағдайына  бейімдеп  оқуға 

мүмкіндік  беретін    технология.  Сонымен  қатар  бұл  деңгейдегі  кҽсіптік  білімді  студент 

негізінен  ҿз  белсенділігі  арқылы  меңгереді.  Кредиттік  термині  білім  алушы  студент  ең  

белгілі  ҿлшемі  кредиттік сағат деп бүкіл  оқу  процесі  кезінде аудиторияда ҿтілетін сабақ 

жҽне  онымен  қатар  жүретін  студенттік  ҿзіндік  жұмыс  (сҿж).  жұмсалатын  уақыттардың 

қосындысына  тең  уақытты  атайды.  Студенттердің    ҿз  бетімен  шығармашылық  жұмыс 

істеудің тҽрбиелеу жҽне музыкалық ойлау қабілетін дамыту үшін  ең алдымен  мынадай 

шарттарға бірінші оқу жылы   кҿңіл қою керек.  

1.

 

Музыкалық-теориялық білімнің  негіздерін меңгеру.      



          Сырнайдың тарихы мен теориялық негіздерін, ерекшеліктері мен дыбыс шығару 

құпиясын  түсініп,  музыкалық  сауатты  тереңдету.  Сырнайдың  түйме  басқыш  

құрылысы мен оған арналған нота графикасының ерекшеліктерін біліп, ноталарды  

бірден оқып ала  жҿнелетін дағдыларын қалыптастыру.  

2.

 

Орындаушылық қимыл-ҽрекеттер тҽсілдерінің негіздерін игеру.  



3.

 

Бастапқы оқудық ең қилы да күрделі жағы- орындаушылық дағдыларын меңгеру. 



4.

 

Музыканы мҽнерлеп орындаудың ҽртүрлі тҽсілдерін үйрену. 



Бұл  нұсқауларды  ҽйгілі  ұстаз    сырнайшы  профессор  П.Гаворушко  зерттеп  ұсынған 

тҽжірибе  жүзінде ҿздерінің жарамдылығымен тиімділігін дҽлелдейді. [2. 265 бет] Сырнай 

аспабында  ойнап  үйрену  барысында  студенттің  негізгі  уақыты  кҿркемдік  шығармалар 

дайындаумен    ҿтеді.    Студент  шығармаларда  ҿз  бетінен  меңгеруде  дағдыланы    арқылы 

білім алып, іскерлік пен  ынтасын арттырып,  ҿзін  рухани дамытып байытады. Ҽрі қарай 

біз  жұмыс  барысында  қолданылатын  қажетті  шарттар  мен    студенттің  ҿз  бетімен  

жасайтын жұмысының, іскерлігі мен  дағдысының одан ҽрі дамуына бала  назар аударуы  

қажет. Шығарма мен жүргізілетін жұмысты негізінде бір-бірімен   тығыз байланысты үш 

кезеңге бҿлуге болады:  

1 кезең- шығармамен толық танысу

2 кезең – айқын  мҽнерлі жҽне техникалық дағдыларды меңгеру

3 кезең - шығарманы кҿркемдетіп орындау; 

1.

 

Оқытушының  мақсаты  -  студентке  шығарманың    түр  –  тұлғасын  қадір-қасиетін 



ҽуеннің музыка мҽнерінің  ерекшеліктерін, сонымен қатар жан-жақты сырын ашып 

жеткізу.  Егер  бұл  шығарма    бір  авторға  тиесілі  болса  сол  композитордың 

шығармашылығы мен оның музыкалық тілмен, стилімен, таныстыру керек.  

2.

 



Ең  ұзақ      жҽне  алда  еңбеккерлікті  талап  ететін  кезең.  Бұл  кезеңде  шығарманы 

шағын  бҿлімдерге  бҿліп    бҿлім  -  бҿлімімен  жұмыс  істеген  тиімді.  Шығарманы 

бҿлімдерге  даралау,  шығармының  түрлерін  талдау  негізінде  жүргізіліп,  ал 

бҿлімдердің  шегін,  сан  мҿлшерін,  кезеңдерін,  ҽуен  қатарын  олардың  дауыс 

ырғағының ұқсастығы немесе айырмашылығын анықтайды.   

    Мұнда  тізбектелген  музыкалық  ҽуенді  жеке  –жеке  талдап  соңынан  бҽрі  бір  сҿйлемге 

немесе  кезеңге  біріктіру  жұмысы  жүргізіледі.  Осы  кезеңде  сауалдардың    арғы  шешімі  


 

449 


кҿрікті алып жүру мен үзінділеуді немесе толық шығарманы қасиетті екпінді орындағанда 

кҿрінетін  ыңғайлы  аппликатураны    талдай  білумен  жҽне  ойнау  қимыл  –  қозғалыстарын 

ҿңдеу  мен  тығыз  байланысты.  Музыкалық  шығармаға    жүргізілетін  жұмыстың  табысты 

болуы үшін студденттерге мына үлгі қатары ұсынылады: 

1.

 

Ноталы мҽтінде талдау. 



2.Аппликатураның қолайлы нұсқасын анықтап белгілеу. 

3.Дыбыстың  шығуын,  дыбысты  шығару  ҽдістерін  (легатто,  стаккато  т.б. 

штрихтарды) анықтау. 

4.Шығарманың құрылысын талдау. 

5.Музыкалық сҿйлемді құрайтын бҿліктерін анықтау. 

6.Жай екпіндегі шығарманы жүргізілетін жұмыс. 

7.Шығарманы жатқа білу. 

8.Кҿріктің ауыспалы  бағытын анықтау. 

9.Шығарманың кҿркем орындалуының  түрін таңдау. 

Шығармаға жүргізілетін жұмыстың үшінші кезеңінде сҿйлемдер ой жүйесінің дамуы 

анықталып ашыла түседі. Яғни, күрделі ой жүйесінің қызметін атқарып отыратын барлық 

ұсақ  жҽне  күрделі  бҿліктер  болып  музыкалық  бейнені  құрап  музыканың  аяқталған  түрі 

орнайды. [1. 50 бет] 

Жұмыс  барысында  студент  ҿз  бетімен  ноталы  мҽтінді  оқып  шығарманың  кҿлеміне,  

ондағы  альтерация  белгісіне,  дыбыс  ұзақтығына  жҽне  т.б.  кҿңіл  аударуы  керек.  Атап 

айтқанда,  сырнайда  ойнап  үйренуде  студент  музыкалық  шығарманы  ҿз  бетімен  танып 

білуінің, ҿз ойлауына талдау жасап, ой елегінен ҿткізіп қатесін табуы,  нақты сауалдарды 

қоя  білуі  оқытушының  дҽл  жҽне  уақытылы  қойған  сұрақтарына  байланысты.  Аталған 

қасиеттерді  студенттің    бойына  дарыту  қазіргі  кредиттік  оқытуға  сай,    педагогиканы 

жаңашыл  заңдылықтарының  бірі  болып  табылатын  дамыта  оқыту  заңдылықтарымен 

жүргізілгені жҿн. 

Оқу  жылы  басында  студенттерге  жеке  сабақтар  (домбыра,  баян,  қобыз)  пҽндері 

бойынша силлабус беріледі. Силлабус дегеніміз студенттерге арналған пҽн бағдарламасы. 

Силлабус  типтік  пҽн  бағдарламасы  негізінде  дайындалады,  пҽннің  мақсаты,  міндеттері 

жҽне  стденттің  оқытушының  басшылығымен  (ОБСҾЖ)  жҽне  студент  тік  ҿзіндік 

жұмысының  (СҾЖ)  тақырыптары  кҿрсетіледі.  Силлабусты  студент  пҽнді  игеру  үшін 

қажет  болатын  теориялық,  практикалық  мҽліметтер,  студенттке  қойылатын  негізгі  талап 

тар жҽне білімді бағалау тҽртібі беріледі. ОБСҾЖ, СҾЖ  тақырыптары барлық семестірге 

берілген.  Мысалы:  1.  халық  ҽні,  2.  классик композиторының  шығармасы  (полифония)  3. 

мектеп  ҽні,  4.  қазақ  композиторының  шығармасы,  5.  сырнайға  ҿңделген  немесе 

лайықталған ҽндер мен күйлер, 6. мектеп репертуарынан шығарма (тыңдау). 

Студенттің  шығармасы  қай  жанырда  ойналса,  соған  лайықты  қысқаша  мҽлімет 

беріледі.  Халық  ҽндері,  қазақ  композиторларының  ҿмір  баяны,  шығармашылықтары 

туралы  мҽліметберу  қажет.  Шығармамен  танысу  барысында  мұғалім  мен  студент 

арасында ҿзара талдау жүргізіледі. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу 

қажет.  Жаттығу  дегеніміз-гамма,  арпеджіо,  аккордтар  түрлі  нюанстармен  ойналады. 

Жаттығулармен  жұмыс  болашақ  музыка  маманының  техникалық  орындау  шеберлігін 

арттыруға  мүмкіндік  туғызады.  Биік  деңгейдегі  орындау  шеберлігі  ең  алдымен  гамма, 

арпеджио жаттығуларымен жүйелі түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады. Нотаға қарап 

бірден оқу-студенттің ҿзіндік жұмысының бір түрі болып саналады. Бұған арнайы уақыт 

бҿлінбегенімен  негізгі  аспапқа  бҿлінген  сағаттың  30  %  осы  жұмысқа  қолдануға  болады. 

Мектеп  репертуарына  арналған  шығармаларды  таңдаған  кезде  кілт  белгіге  жҽне 

шығарманың  күрделі  сүйемелдігіне  кҿп  кҿңіл  бҿлу  керек.  Біз  мектептің  болашақ  ҽн-күй 

мұғалімін даярлау себепті студенттердің нотаға қарап оқу қабілетін дамыту керек. Нотаға 

қарап  оқу  студенттердің  жалпы  музыкалық  даму  жолындағы  ең  тез,  келешегі  мол 

музыкалық  дамудың  жолы  болып  табылады.  Нотаны  оқу  баян  аспабына  ҿзіне  тҽн 

ерекшеліктерімен  дараланады.  Бұған  екі  жақты  клавиатураны  меңгеру,  орындаушының 


 

450 


қол  қимылын  баян  мехының  бірдей  қимылдауы.  Нота  оқу  кезінде  ең  бастысы  кҿре 

алмағандықтан  ҿзінің  саусақтарының  ұшымен  керекті  басқыштарды  сезу  (ҽсіресе  сол 

қолда).  Оң  клавиатураға  қарап  ойнау  нота  оқуға  кедергі  келтіреді,  студент  нота  текісін 

бақылай  алмайды,  ол  тоқтауға  ҽкеліп  соғады,  шығарманың  логикалық  құрылымына  кері 

ҽсерін  тигізеді.  Сол  себепті  студенттің  баянның  екі  клавиатурасын  да  жақсы  меңгеріп, 

жҽне  керекті  басқыштардың  орналасуын  тез  таба  алатын  дҽрежеге  жеткені  дұрыс.  Ҽр 

семестірде  классик  композиторларының  шығармасы  беріледі.  Оған  полифониялық 

шығармалары  да  жатады.  Полифония  –кҿп  дауысты  шығарма.  Полифония    -  батыстық 

құбылыс.  Солай  бола  тұрса  да  полифониялық  стиль  ҽлемдік  музыка  мҽдениетінен  орын 

алып  отырған  елеулі  құбылыс.  И.С.  Бахтың  полифониялық  шығармалары  (―ХТК‖  т.б.) 

кейінгі  композиторлық  мектептерге  үлгі  болып,  ХХ  ғ.  дейін  ―прелюдия  жҽне  фуга 

циклдары‖  жазылып  келгені  белгілі.  Полифониялық  шығармалар  баян  аспабының  да 

негізгі  музыкалық  репертуарын  құрайды.  Полифониялық  шығармаларды  студенттердің 

оқытушының  кҿмегінсіз  талдау  қиындыққа  соғады.  Полифонияны  ҽр  қолмен  жеке 

талдайды. Полифония  -ҽлемдік аспаптың музыка тҽжірибесінен елеулі  орын алған жанр. 

Ондағы мақсат болашақ орындаушылардың полифониялық ойлау жүйесін қалыптастыру. 

Батыс  музыкасына  тҽн  кҿркемдік  стильмен  таныстыру.  Студенттерге  жоспар  бойынша 

берілген шығармалар ҽр арарлық аттестациаларда бағаланып тұрады. Аттестация тыңдау 

ретінде ҿтіледі.  

Білім  беруде  кредиттік  технологияны  пайдаланып,  негізгі  аспап  пҽнін  меңгеру 

процесінде  студенттерді  еңбекқорлыққа,  табандылық-мақсаттылыққа,  ҿз  уақытын 

жоспарлы  ұйымдастыруға,  оқу  сатылы  үздіксіз  жүйелі  бағытында  жүргізуге 

дағдыландыру.   

Ҽдебиеттер 

1. Б.Мұстафин., Т. Мұстафина., Т. Алыбаев., З. Смакова, Сырнай үйрену мектебі.,   

    Алматы., Білім., 2004.-406 б. 

2. Смакова, Сырнай-баян үйренудің бастапқы курс., Алматы., Білімү., 2003.-350 б. 

  

ҼОЖ  37. 035 6 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет