Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


Ҧлттық дәстҥрлі ӛнердегі ою-ӛрнектің табиғаты мен наным-сенім кӛріністері



Pdf көрінісі
бет67/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77

Ҧлттық дәстҥрлі ӛнердегі ою-ӛрнектің табиғаты мен наным-сенім кӛріністері 

Болысбаев Д. С.,  ―Сырдария‖ университеті,  Жетісай қ. 

 

      Халықтың ұлттылығы тек қана санмен ғана емес, адамзат баласының ой-ҿрісіне қосқан 



мҽдениетімен,  білімімен,  рухани  дүниетанымымен  бірге  ұлттық  дҽстүрлі  ҿнерімен 

айқындалады. Қай халықты зерттеп, зерделеп кҿрсекте ұрпағын жан-жақты тҽрбиелеуде, 

тарихын,  ақын-жырауларын,  ойшылдарын,  мҽдени  мұрасын,  ұлттық  мҽдениетін,  ҿнерін, 

музыкасын  қай дҽрежеде дамығанынан байқай аламыз. Оларды  ҽлемдік денгейге кҿтере 

отырып,  дүние  жүзіне  таныта  да,  таңқалдырып  келе  жатыр.  Жоғарыда  айтып 

кеткеніміздей қазақ халқының ұлттық мҽдениетін, мҽдени мұрасын, дҽстүрлі қол ҿнерін, 

музыкасын дүниежүзілік деңгейге кҿтерсек қазақ ұлты ұлы, ҿркенеиетті ұлттар қатарынан 

кҿрінетіні  сҿзсіз.  Ол  үшін  біз  ұлттық  ҿнеріміз  бен  мҽдениетіміздің  тарихи  дҽстүрлі 

бастауларын  насихаттауымыз  қажет.  Осыған  орай  Ж.Ш.  Балкенов  ағамыз  «Осындай 

жағдайларда  қазақ,  қазақ  халқының  мұрасындағы  ұлттық  қолҿнердің  мҽдени-рухани 

тҿлтума  болмысын  сақтап  қалу  үшін  күресі  дегеніміз,  ҽлдебір  жеке  адамдардың  қалауы 

емес,  ҽлемдік  даму  үрдісіндегі  тенденция,  ҿзекті  қажеттілік  екенін  игермей  болмайды» 

деп атап кҿрсетеді [1]. 

      Қазіргі  таңда  суретшілеріміз  Астанада,  Шымкент  қалаларында  кҿшені  безендіру 

мақсатында  дҽстүрлі  қол  ҿнердің  ішіндегі  зергерлік  бұйымдарымыздың  ҿте  үлкен 

макеттерін  қолдануы  осының  айғағы.  Адам  жан  дүниесін  толықтыратын,  биік 

жетістіктерге жҽне нҽзік сезімдерге жетелейтін, адамгершіліктің шыңына ұмтылдыратын 

ол ҿнер екендігі даусыз. Ҿнер үлгілерінде ҿмірдің барлығы дерлік кіші кҿріністер арқылы 

танылады.  

      Ендігі  жерде  ұлттық  ҿнерімізге,  ата-бабаларымыздың  діни  наным-сенімі  кҿрініс 

тапқан бүгінгі таңдағы ұлттық ҿнер туындыларына назар аударсақ. Ҿмір, табиғат, адамзат 

жҿніндегі  дүниетанымды,  ақыл-ой,  рухани,  эстетикалық  талғам-түсініктерді,  танымдық 

тҽлім-тҽрбиені меңгере отырып, ҿз ұлтымыздың бүкіл болмысын қалыптастыруда ұлттық 

ҿнердің алатын орнының ерекше екендігіне кҿз жеткіземіз. Ұлттық ҿнер туындыларында 



 

469 


бейнеленген  табиғаттың  қыр-сырына  бойлаған  сайын  бір  нҽрсені  біліп,  түйсінген  сайын 

адамның кҿкірек кҿзі ашылып, рухани байып қалатыны рас. 

      Қазіргі  заманда  діни  нанымдарды  ғылыми  тұрғыда  зерттеу  қажеттілігі  туып  отыр, 

себебі халық санасында наным-сенімге деген кҿзқарас ғылыми емес тұрғыда белең алуда. 

      Қазақтың  ұлттық  дҽстүрлі  ҿнері  соның  ішінде  діни  наным–сенімге  қатысты  пайда 

болған  дүниелер  осы  күнге  дейін  ғылыми  тұрғыдан  қарастырылмай  келеді.  Дҽстүрлі 

ҿнеріміздің  тарихи  тамыры  тереңде  жатқаны  бҽрімізге  белгілі,  сондай-ақ  қазақ  ұлттық 

ҿнерінің негізгі бастауы болып табылатын діни наным-сенімдер қол ҿнер жҽне ою-ҿрнек   

негізінде қарастырылады.   

      Мысалы,  белгі,  айғақ,  таңба,  ен-таңба  атауы  адам  баласына  бағзы  заманнан  серік 

болып  келе  жатқан  қызық  дҽстүр.  Символды  белгілерге  ден  қою  арқылы  ғалым-

зерттеушілер  жеке  адамнан  бастап  тұтас  қауымға  дейін,  жеке  ұлттан  бастап  тұтас 

мемлекетке дейін ҽрбір тарихи кезеңдегі таным-түсінікті, арман-аңсарды, наным-сенімді, 

талғам-талапты  анықтайды.  Қазіргі  кезде  мемлекеттік  гербке  дейін  адамдардың  таным-

түсінігіне, наным-сеніміне, талғам-талабына ҽлі де қызмет етеді. 

      ―Ақ найзасы болмаса, 

      Ерді қайдан танырсың, 

      Ең- таңбасы болмаса, 

      Малды қайдан танырсың‖,- 

деп, қазақ атамыз жырлаған.  

      Мҽңгілік 

ҿмір,  дүниенің  ҿтпелілігі,  ҿмірдің  мҽңгілік  қозғалысы  сияқты 

экзистенциялық  мҽселелерге  кҿшпенділердің  ҿзіндік  жауабы  ретінде  туындаған  ою-

ҿрнектердің  бірі  –  «тұйық»  оюы.  Бұл  ою  сҽулет  ҿнерінде,  бау-басқұрларда  кеңінен 

қолданылған. Сыртқы пішінінің тасбақаға ұқсас болуына байланысты халық арасында ол 

«тасбақа» оюы деген атаумен де танымал. Кҿшпелілер кҿне заманнан бері бұл оюды бейіт 

басындағы құлыптасқа, батырдың, ханның киіміне, қалқанына салатын болған. Бұл дҽстүр 

сый  тартушының  сый  қабылдаушы  адамына  мҽңгілік  пен  бақыт  тілегені  деген  ниетті 

білдірген. Күні бүгінге дейін Орхон-Енисей сағаналары мен Үстірт үстіндегі сынтастарда 

тасбақа бейнесінің тұрғанын кҿреміз. Немесе, түркі халықтарының біразында ―тұйық‖ деп 

аталатын фольклор жанры бар. Бұл жанр ҿзінің бітім-құрлысы жҿнінен қазақтың қасиетті 

қара ҿленіне ұқсас. Осы орайда қазақ жылқышыларының: 

      ―Жылқы жайып, ҽн салдым ұйықтамай, 

      Ҿлең сҿзі келіспес тұйықтамай‖,- 

деп айтылатын ҽні еске түседі [2]. 

      Демек,  ―тұйық‖  оюы  ҽлемдегі  мҽнгілік  достықты,  тіл-кҿзден  сақтайтын  қорғаушы, 

білім мен бақыттың белгісі болса, екінші жағынан ҽлемнің дҿңгелек екендігін білдіреді.  

 

  



 

 

      



Cурет 1 

 

     Қазақ  дҽстүрлі  ҿнерінің  ҿткені,  қазіргісі  мен  болашағының  арасындағы  сабақтастық 



пен  ішкі  рухани  үндестікті  осы  ою  арқылы  білуімізге  болады.      Қазақ  дүниетанымының 

рухани ҿзегінен негізгі орын алатын діни наным жҿнінде Ш. Уҽлиханов, Ҽ. Марғұлан, Б. 

Байжітов, С. Қасиманов, Х. Арғынбаевтың пікірлері ҿте құнды. Қазақ халқының дҽстүрлі 

ҿнері  қоршаған  ортаның  табиғатын,  оның  ҽсемдігін  бағалай  білуден,  сол  ҽсемдікті 

күнделікті  қолданыс  заттарына  сіңдіре  отырып,  ҽдемілік  ҽлемінде  ҿмір  сүру 

талпынысынан  туындаған.  Осы  орайда  қазақтың  дҽстүрлі  ҿнерінің  эстетикалық  сипаты 

қазақ  ұлтының  сұлулыққа  құштар  табиғи  болмысын  білдіретін  тұғыр  болып  табылады. 

Сонымен  бірге  қазақтың  дҽстүрлі  ҿнері  табиғат  сырларына  үңілуден,  табиғатпен, 



 

470 


Жаратушымен  етене  жақын  наным-сенімдерінен  бастау  алады,  дҽстүрлі  ҿнер 

туындыларынан кҿрініс тапқан діни наным-сенімдер ҽлемі, олардың бейнелену табиғаты  

танымдық қызмет атқарып, ұлттық мҽдениеттің болмысын түсінуге, ҿнер тілі арқылы діни 

дүниетанымды саралауға жол салады. 



      

Дҽстүрлі    ҿнер  арқылы  ҿскелең  ұрпақтың  ҿмір,  табиғат  жҿніндегі  дүниетанымдарын 

қалыптастырып,  ақыл-ой,  рухани  эстетикалық  талғам-түсініктерін,  танымдық  тҽлім-

тҽрбиенің даңғыл жолын ашуға ҿз ұлтымыздың бүкіл болмысын қалыптастыруда ҿнердің 

берері мол.  

      Жоғарғыда  айтқанымыздай  ҽр  ұлттың  ҿзіне  тҽн    ерекшелігі  бар.  Оны  қол  ҿнерінен, 

музыка  мҽдениетінен,  би  ҿнерінен,  тұрмысынан  байқаймыз.  Ою-ҿрнектерін,  зергерлік 

ҽшекей  заттарын  кҿре  отырып,  ҽн-күйлерді  тыңдай  отырып  оның  қай  ұлттқа  тҽн  екенін 

ажырата  білуге  болады.  Қандай  халықтың  болмасын  салт-дҽстүрі,  ҿнері  сол  халықтың 

мінез-құлық  қасиеттерін  таныта  алады.  Халқымыздың  атадан-балаға  мирас  болып  келе 

жатқан  ұлттық  дҽстүрі  ҿнеріміз  ауыз  толтырып  айтарлықтай.  Біздің  ұлттық  дҽстүріміз 

қайталанбас  тек  қазақ  халқына  тҽн  қасиеттер  деп  танылады.  Ұрпақтан-ұрпаққа  кҿшетін 

тарихы    қалыптасқан  дҽстүр  ұлтымыздың  мінез-құлқымен  іс-ҽрекетінің  рухани  негізі. 

Ұлттық  дҽстүр  ҿнермен  тығыз  байланысты  екені  бҽрімізге  белгілі.  Ҿнері  дамыған  ел, 

ұлттық  дҽстүрге  де  бай.  Ҿнер  ҿмірде  күнделікті  болып  жататын  тыныс-тіршілікті 

санадағы образдар арқылы іс-ҽрекеттің бейнелеуінен туындайды.   

      Діни  нанымдардың  дҽстүрлі  ҿнердегі    кҿрінісі  қандай?,  Дҽстүрлі  ҿнердің  табиғаты 

дегеніміз не?. Осы секілді  сұрақтарға біз мақаламызда ҽдейі тоқталдық. Онда қамтылған 

тағы бір мҽселе жаңа буынға қол ҿнеріміздегі ою-ҿрнек, зергерлік, ағаш ҿнеріндегі наным-

сенімдерді ашып кҿрсету. Сҿйтіп, Қазақстанның тарихы терең, мҽдениетке бай мемлекет 

екендігіне,  егемендікке  қол  жеткізгелі  бері  халқымыздың  еңсесі  кҿтеріліп,  дінімізбен 

рухани  мҽдениетіміздің  жарқын  салалары  жаңаша  заман  талабына  сай  ҿркендеп 

келетіндігіне нық сенім білдіре отырып, болашақ ертеңіне кҿз жүгірту. 

      Ҽр ұлттың ұлттық тірегі  - ол оның діні, тілі жҽне ҽдет-ғұрпы мен салт-дҽстүрі, ҿнері. 

Егер  ҽр  ұлт  осы  асыл  қасиеттерінен  айырылатын  болса,  онда  ол  ұлт  ҿзінің  ұлттық 

ерекшелігінен, ұлттық бостандығынан, мҽртебесінен айырылып, басқа ұлттарға қосылып 

ассимиляцияланып,  рухани  жойылып,  тек  сыртқы  нҽсілдік  түрі  ғана  қалуы  мүмкін. 

Сондықтан  ҽр  ұлт  ҿзінің  дінін,  ҿнерін,  ҽдет-ғұрпы  мен  салт-дҽстүрін  кҿзінің 

қарашығындай сақтауы қажет. 

      Адамзат баласы бүгінгі ҿркениетті қоғамға дейін түрлі даму сатыларынан ҿтті. Ҿзіндік 

ҿркендеу  жолын  басынан  кешірді.  Соған  орай  ҽр  халық  ҿзінің  таным-түйсігін 

қалыптастырды. Ҽрбір қоғамдық сатыдағы адам түсінігі, наным-сенімі бірдей емес. Содан 

да  діннің  түрлері  ҿзгеріп  отырған.  Алғашқы  адамдардың  діни  нанымы  олардың  кҽсібіне 

тікелей байланысты болды. Егінші  үшін ең негізгі - Құдай, жерді қыздыратын Күн, жерге 

ылғал беретін Бұлт еді. Ал малшы үшін оның негізгі қамқоршысы ―Қамбар ата‖, ―Ойсыл 

қара‖,  ―Зеңгі  баба‖,  ―Қошқар  ата‖,  ―Шешек  ата‖  сияқты  қиялдан  туған  құдайлар  болған. 

Алғашқы  адамдар  құдайларды  кейде  адам,  кейде  жануар  бейнесінде  елестетті.  Олар 

ағаштан  немесе  тастан  құдайдың  бейнесін  ойып,  қашап  жасады.  Адамдар  түсінігіндегі 

мұндай құдай мүсіндер идол (пұт) деп аталды. Олар идолдарды адамдар кҿп жиналатын 

ең құрметті жерлерге қойды. Бұл қасиетті жерге адамдар егін егуді, аңға шығуды немесе 

басқа  да  үлкен  істі  бастамас  бұрын  алдын  ала  келетін  болған.  Сол  істің  сҽтті  болуын 

сұрап,  дұғалар  оқылды.  Дұға  соңынан  идолдан  рақым-шарапат  тілеп  жалбарынып, 

сонымен  бірге  құрбандыққа  астық,  мал,  тағам  жҽне  тағы  басқа  апаратынды.  Осылайша 

қарапайым  табиғат  күштеріне  сиынудан  туған  дін  мыңдаған  жылдар  бойына  дамып 

ҿркендеп, біздің дҽуірімізге де жетті. 

      Іслҽм  дінінің  ықпалын  мойындай  отырып,  біз  кҿшпелі  қазақ  дүниетанымында  тҽңір 

дінінің,  ата-бабалар  аруағының,  Ұмай  ананың,  оттың,  жердің,  судың,  космос  ҽлемінің 

жҽне  т.б.  киелі  қасиеті  болғанын  айтуымыз  керек.    Қазақтар  бұлардың  бҽріне  табынды 


 

471 


деуден  аулақпыз.  Дегенмен,  от,  күн,  ай,  су  тағы  басқаларды  киелі  санаған.  Осыларға  

байланысты ырым-жоралар қалыптасты.  

      Ҿнер-адамның  жан  дүниесін  суреттеп,  табиғатты  бейнелеп,  шын  мҽнінде  ҿмірмен 

тығыз  байланысып  жатады.  Ҿнердің  қайсыбір  түрін  алып  қарасақта  оның  негізгі  мҽн 

мағанасы  ұлттық  дҽстүрлі  ҿнермен,  салт-дҽстүрмен,  ҽдет-ғұрыппен    сабақтаса  астасып 

жатады.  Ұлттық  дҽстүрлі  ҿнер  талғам  тілекті  ескере  отырып,  қоғамның  ертеден  дамып 

келе  жатқан  ҿнері  мен  оның  жеке  түрлері  жҿніндегі  ҽлеуметтік-философиялық 

кҿзқарастарды  қорытып  ҽрі  қарай  дамытып  отырады.  Қазақ  халқындағы  этнографиялық 

ҽдет-ғұрыптардың  бір  бҿлігі  қолҿнердің  кейбір  элементтерін  тұрмыс  салт-дҽстүрін  діни 

нанымдар мен сенімдер тұрғысынан алып қарайық. 

      Қазақ  халқының  қолҿнері  деп    халық  тұрмысында  жиі  қолданылатын  ҿру,  тігу,  тоқу, 

мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық дҽстүрлі ҿнер жиынтығын айтады. 

Шын мҽнінде қолҿнер түрлерінің ҽрқайысысының талай ғасырлық тарихы бар. 

     Қазақтың  ҿрнекті  ҽшекейімен  істелетін  қолҿнерінің  түрлері    де,  атаулары  да  ҿте  кҿп. 

Солардың  ішінде  халық  арасында  кҿбірек  тарағаны    ою-ҿрнек.  Ою-ҿрнек  ісі  тым  ерте 

заманнан бастап-ақ қолҿнерінің барлық түріне бірдей ортақ, ҽсемдеп ҽшекейлеудің негізі. 

      Қазақ  халқының  этнографияиялық  ҽдет-ғұрыптарының  кейбір  элементтерінің  де  ою, 

сызу, бедерлеу, бейнелеу, ҿрнектерінен  белгілі бір орын алғандығы байқалады. Мысалы, 

бұрынғы  ру  таңбалары,  малдардың  ен-таңбалары,  діни  сенімдер  негізіндегі  ай,  жұлдыз, 

аспан ҽлемін тұспалдау жҽне тағы басқаларын айтуға болады. 

      ―Ай‖,  ―жартыай‖  ҿрнектері  шынында  да  аспандағы  айды  мезгеп  жасалынған.  Бұлар 

кҿбінесе діни орындардың сҽулеттік безендіруінде, мешіт-медреселердің мұнараларында, 

мазараттарда,  жайнамаз  сияқты  заттарда  кҿбірек  кездеседі.  ―Ай‖  ҿрнегінің  ислам  діні 

келуден  кҿптеген  жылдар  бұрын  шыққаны  анық.  Мұның  себебі  де  жоқ  емес.  Бір 

замандарда  кҿптеген  қауымдар  ай  мен  күнге,  от  пен  жұлдызға  табынған.  Жаратылыс  

құбылыстарынан  мағұлматсыз  заманда  ай  да,    күн  де,  жұлдыз  да  тҽңірі  болып  кҿрінген. 

Осыған  байланысты  аспан  ҽлеміндегі  денелердің  ең  кҿріктісі  жҽне  құбылысы  кҿп  айды 

олар тҽңірі тұтып жалбарынған, оған құрбандықтар шалған. Қазақтардың тілек тілер, бата 

қылар жиындарда кҿк қасқа малды айтып союы да осы ескілік нанымнан қалған ҽдет. Кҿк 

дегенде, түсіне қарай аспанды тұспалдаса, қасқа дегенде сол кҿктегі айды тұспалдаған [3]. 

      Дала кҿшпенділері тіпті кҽдімгі ағаштың ҿзін ҽулие кҿріп, табиғат сыйларын пір тұтып 

отырған.  Қазақ  халқының  кемеңгер  ғалымы  Шоқан  Уҽлиханов  «Тҽңір»  атты  еңбегінде: 

«Айдалада дара ҿскен ағаш... тҽу етіп, басына түнеуге жарап жатыр. Жанынан ҿткен ҽрбір 

жолаушы  оларға  ырым  етіп,  ҽлем  байлап,  жанына  ыдыс-аяқ  тастап  кетеді...  басына 

құрбандық  шалады»,  -  деп  ата-бабаларымыздың  ағаштың  қасиеттілігіне  бас  иіп, 

кҿңілдеріне  медет  ететіндігін  жазса  [4],  түркі  тілдес  халықтардың  ортақ  қазынасы  - 

«Қорқыт ата кітабындағы»: 

     «Атың ағаш десем шамданба, ағаш! 

     О, Мекке мен Мҽдиненің есігі болған – ағаш! 

     Құдаймен тілдескенде Мұсаның асасы болған ағаш! 

     Ерлердің ері Ҽлидің дүлдүліне ер болған – ағаш! 

     Зұлыпқарға сап болған – ағаш! 

     Хасан мен Хұсайынға бесік болған – ағаш! 

     Басыңа қараса, тамырың кҿрінбес – ағаш! 

     Мені  саған  асар  болса,  құлап  түс,  ағаш!»  -  деген  ағашқа  бағышталған  айшықты  сҿз 

ағаштың ерекше бітіміне, қасиеттілігіне деген наным-сенімнен туындап отыр (5).  

     Мұндағы жыр жолдары ағаштың діни кеңістік аясындағы маңыздылығымен екшеленіп, 

адам  ҿмірінде  діни  құндылықтардың  маңызы  ағашпен  теңдестіріле,  қосарлана  беріліп 

отыр. Осы жерде ағашқа байланысты ою-ҿрнектің даму табиғатының жолын кҿрсетсек:  

 

 



 

 

472 


 

 

 



 

 

 



 

Сурет 2 


      Осыдан біз ҿмірдегі болған оқиғалар мен аңыздардың, діни ұғымдардың ҿрнек, ҽшекей 

істердің  кейбір  элементтеріне  ҽсер  еткендігін  байқаймыз.  Осындай  ҿткен  замандағы 

ҽдебиеттерге,  халық  ауызындағы  аңыз  деректерге,  қолҿнер  бұйымдарына  сүйенсек  ою-

ҿрнектердің,  жалпы ұлттық дҽстүрлі ҿнердің қайсысы болса да  белгілі бір діни наным-

сенімге байланысты  ұғымды бейнелеуден туындағаны анықтала түседі. 

 

Резюме 



     В  статье  расматриваются  природа  орнамента  и  веро-доверительные  узоры  в 

национальном традиционном искусстве казахского народа. 

 

Resume 


     In  the  qiven  article  it  is  considered  the  elementv  and  role  of  traditional  desiqn  and  qreat 

national ways of the Fine Arts in the life of Kazakh people.  

 

Ҽдебиеттер 



1 Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық ҿрнек жҽне рең. – Қарағанды:  1996. – 199 б.  

2 Ҽлем: Альманах:    Ҿлеңдер,    очерктер,    ҽңгімелер.   – Алматы:   Жазушы,1991– 496 б. 

3 Байжігітов Б. Бейнелеу ҿнерінің теориялық мҽселелері.  - Ақтҿбе:А-Полиграфия, -2003-

240 б. 


4 Уҽлиханов Ш.Тҽңірі (Құдай) // Уҽлиханов  Ш.Таңдамалы.– Алматы: Жазушы,1985–560 б 

5  Қорқыт  ата:  Оғыздардың  батырлық  эпосы.  Аударған  Ҽ.  Дербісалин      –  Алматы: 

Қазақстан, 1993. - 48 б. 

 

ҼОЖ 373.67 



Бейнелеу ӛнері пәнінде дәстҥрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі 

Дуйсенбиева Г.А.,Мінетаева Г.О.,  

№6 Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназия, Жетісай қ. 

 

 



Білім беру жүйесіндегі жүргізіліп отырған реформалау — қазіргі күннің талабы. 

Реформалауды  жүзеге  асырудың  жаңа  бір  сипаты,  ол  қазіргі  уақыттағы  оқыту  мен 

тҽрбие  беру  процесіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  енгізу  болып  отыр.  Оқу  — 

тҽрбие  процесіндегі  жаңа  педагогикалық  технология  дҽстүрлі  оқыту  процесін  мүлдем 

жоққа  шығаруға  болмай,  керісінше,  оны  дҽстүрден  тыс  ҽдіс-тҽсілдермен,  жаңа  мақсат-

міндеттермен байыту болып табылуы керек. 

Жаңа педагогикалық технология дегенді — тҽжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір 

педагогикалық жүйенің жобасы деп түсінетін болсақ, ол — педагогикалық жүйенің басты 

мақсаты:  жан-жақты  дамыған  немесе  ҿздігінен  дамуға  ұмтылатын  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру; 

—  осыған  орай,  қытай  даналығы  «оқушы  құйып  толтыратын  ыдыс  емес,  ол  жағатын  

шамшырақ» деп пайымдауын еске түсіруге болады. 

Оқытушы жүйелеп оқыту материалдарын пайдалану арқылы оқушыға алған білімін ҿз 

еркімен саналы түрде, шығармашылық тұрғыда дамыта алатындай ҽсер етуі қажет. 



 

473 


Білім жүйесін реформалаудағы алға қойылған мақсат-міндеттерді орындау барысында 

бейнелеу  ҿнерін  оқытудың  маңыздылығы  ескеріліп,  басқа  пҽндермен  бірдей  деңгейде 

қарастырылуда. 

Бейнелеу ҿнерін оқытудағы жаңа педагогикалық технологияларға тоқталатын болсақ, 

ол  —  соңғы  техникалық  құралдармен  жабдықталған,  шығармашылық  ізденістен 

туындаған дҽстүрлі жҽне дҽстүрден тыс ҽдіс-тҽсілдердің жүйелі бірлігі. 

Бейнелеу  ҿнерін  оқыту  тҽжірибесінде  қолданып  жүрген  бірқатар  дҽстүрден  тыс  ҽдіс-

тҽсілдерді атап айтсақ, олар — ойын, сайыс, кҿрме, соның ішінде: 

 

тірілген туынды — туынды оқиғасын кеңістікте кҿрсету; 



 

мазмұн мен кӛңіл-күйді кӛшіру — музыканы жазықтықта бейнелеу; 

 

ұйықтап  тану  —  жұмулы  кҿзбен  кҿріністі,  белгілі  бір  бұйымды  ұстап  тану  жҽне 



оны мүсіндеу; 

 



ауада сурет салу — белгілі бір бейне ізін ауада сызып кҿрсету; 

 



ауызша сурет салу — музыканы, ҿлеңді ауызша суреттеу. 

Сабақ  жүйесіне  енгізілген  дҿстүрден  тыс  ҽдіс-тҽсілдер  оқушылардың  бойында 

шығармашылық  ізденіске  деген  құштарлықты  арттырып  ҿзіндік  образ,  ҿзіндік  іс-ҽрекет 

жобасын  құрауға  мүмкіндік  жасайды.  Қоршаған  ортадан,  үлкен  ҿнер  туындыларынан 

сұлулықты  кҿріп  қана  қоймай,  оны  ҿз  бетімен  іздеуге  ұмтылуға  баулиды.  Бейнелеу 

ҿнерінің  сезімдік  ҽсерін  түсініп,  оған  қызығушылығы  артады.  Ҿзінің  жҽне  ҿзгенің 

жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, ҿнерді ҿз ҿмірінің құрамдас 

бір бҿлігі ретінде кҿруге тҽрбиеленеді. 

Б.  М.  Неменский  ҿз  еңбектерінде  мұндай  сабақтарға  енгізілген  дҽстүрден  тыс  ҽдіс-

тҽсілдер  оқушылардың  арасында  бір-бірімен  шығармашылық  бірлікті,  оқытушы  мен 

оқушының арасында ортақ бірлікті қалыптастырады деген. 

Бейнелеу ҿнері жҽне оның ҽдістемесі пҽнінде «Портрет» тақырыбына сабақтың ҿтілуі. 

Ҿткізілетін  сабаққа  тоқталсақ:    онда  сабақ  мақсаты  —  портрет  жанры  туралы  түсінік 

беріп,  портретті  бейнелеу  тҽсілдерін  үйретіп,  шығармашылық,  ҿнертану  қабілеттерін 

дамытуға  болады. 

Сабақ барысында қайта ҿрлеу дҿуірінің ұлы суретшілері Леонардо да Винчи, Рафаэль 

Санти,  қазақ  бейнелеу  ҿнерінің  атасы  Ҽбілхат  Қастеевтің  портреттік  шығармалары  кең 

қолданылып, портрет жанры, портретті бейнелеу тҽсілдері жҿнінде түсінік беріледі. 

Дҽстүрлі  сабақтарда  портретті  натурадан  немесе  елестету  арқылы  бейнелеу 

тапсырылатын  болса,  ал  бұл  сабақта  машықтық  жұмысқа  жоғарыда  кҿрсетілген 

суретшілер  туындыларындағы  композицияны,  қимылды  пайдалану  арқылы  ҿзіндік  жаңа 

образ  бейнелеу.  Мысалы:  Рафаэльдың  «Мадонна  Темпи»  атты  туындысындағы  ана 

образын ҽр оқушыға ҿз анасының образында бейнелеу ұсынылады. 

Бұл  ұсыныс  оқушылардың  біріншіден,  ұлы  суретшілер  шығармаларының 

композициялық  құрылымына,  түсінік  шешіміне,  орындау  ҽдісіне  талдау  жасауларына 

мүмкіндік  туғызады.  Екіншіден,  ақ  қағаз  алдындағы  кедергілерді  тез  жеңіп,  суретшілер 

шығармаларын  бағытқа  ала  отырып,  жаңа  образ  жасауларына  кҿмектеседі.  Үшіншіден, 

шығармашылық,  икемділік  дағдымен  қатар  ҿнерсүйгіштікке,  ҿнер  танушылыққа 

тҽрбиелейді, баулыйды. 

Осы  тҽсілді  табиғат  кҿрінісін  бейнелеуде,  тақырыптық  бейнелеу  сабақтарында 

қолдануға болады. 

 

Резюме 


Изобразительное  творчество  позволяет  не  только  отражать  и  воспроизводить  

существующую  природную реальность , но и создавать новую художественную среду 

общества,  своеобразную  материальную  среду  жизнедеятельности  людей.  В  процессе 

изобразительного творчества происходит проверка научных знаний, их  подтверждение 

или  опровержение,  а  также  постановка  новых  научных  проблем  и  сбор  фактического 

материала  как  экспериментальной  основы  новых  исследований.  Примерно  к 



 

474 


изобразительному творчеству учащихся в его развитие к своей форме изобретательству, 

важно  разработать  такое  его  содержание,  чтобы  определить    формы  и  методы 

включения  учащихся    в  эту  деятельность,  которое    сможет    развить  у  них  черты 

личности,  обеспечивающие  творчество,  вооружить  их  изобретательскими  умениями, 

необходимыми знаниям, соответствующими современному уровню развития  техники и 

человеческого общества . 



 

Summar y 

Izobrazitelinoe  creative  activity  allows  not  only  to  reflect  and  reproduce  the  existing 

natural reality , but also create the new artistic ambience a society , pecular material ambience to 

vital  activity  of  the  people.  In  process 

of  art   

creative  activity  occurs  checking  the  scientific 

knowledges  ,  their  acknowledgement  or  disclaimer  ,  as  well  as  stating  the  new  scientific 

problems  and  collection  of  the  actual  material  as  experimental  base  of  the  new  studies. 

Approximately to 

of  art   

creative activity 

pupils 

in  his(its) development  to  its  form 



of art  

it is 


important to develop such his(its) contents to define the forms and methods of the cut-in  

pupils 


in this activity , which will be able to develop  beside them line of the  personalities , providing 

creative  activity  ,  arm  their  invention  skills  ,necessary  knowledges,  corresponding  to  modern 

level of the development of the technology and human society. 

 

Ҽдебиеттер 



1.

 

Байжігітов. Бейнелеу ҿнерінің теориялық мҽселелері. Атырау., ―Ҿнер‖.,  2005 



2.    Қ.Ҽмірғази. Қазақтың бейнелеу ҿнері.  Алматы., ―Ҿнер‖., 1969 

3.    Мизамбаев Р. Живопись жҽне оның негізгі мҽселелері. Алматы., ―Ҿнер‖., 1999 

4.

 

Л.Любимов. Батыс Европа ҿнері. Алматы .,―Ҿнер‖., 1982 



5.

 

Кузьмина М.Т. Юному художнику. Москва., ―Просвещения‖., 1963 



6.

 

А.С.Шипанов. Ҽуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер Алматы .,―Мектеп‖., 1986 



7.

 

Е.В.Шорохов. Композиция. Москва., ―Просвещения‖., 1986 



8.    Ҽ.Тҿлебиев .«Сурет сала білесің бе ?» Алматы.,  «Ҿнер»., 1990     

9.    Федеоров С.Изобразительное искусство Москва.,―Просвещения‖., 1977 

10.

 

  Л.Любимов Искусство деревного руси. Москва., ―Просвещения‖.,  1981.  



11.

 

  Ғалиев В.З. Қазақстан ХІХ ғасыр суретшілерінің шығармаларында.  



       Алматы., ―Ҿнер‖., 2005 

 

УДК 373.67 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет