Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры



Pdf көрінісі
бет6/43
Дата08.01.2017
өлшемі18,03 Mb.
#1411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Әдебиет 

1. http://www.metod  kopilka.ru/azastan_2050_strategiyasy._mglk_el_logotipn_erekshelg-

4494.htm 



53 

 

2. http://referatikz.ru/forum/6-24-1 



3. ҚАЗАҚСТАН  ЖОО-ЛАРЫНДА  «Мәңгілік  Ел»  ҰЛТТЫҚ  ИДЕЯСЫН 

ЖҮЗЕГЕ 


АСЫРУ 

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ., 

Пірәлиев С.Ж., 

Нәрібаев К.Н., 

Жампеисова Қ.Қ. 

4. Қазақстан стратегиясы-2050 «Мәңгілік ел» 

5. http://strategy2050.kz/news/5079 

 

 



БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК  

ЕҢБЕГІ МӘДЕНИЕТІНІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ 

ПАРАДИГМАСЫ 

 

Р.А. Жүсіпбекова  

№26 ЖОББМ, Павлодар қ. 

 

Еліміздегі  жоғары  білім  берудің  негізгі  міндеті  маманды  тек  қана 



біліммен  қаруландырып  қоймай,  сонымен  қатар  олардың  жеке  басының 

жан-жақты 

қалыптасуына,  дамуына,  шығармашылық 

қабілетінің 

жетілуіне,  кәсіби  мәдениеттің  қалыптасуына  өз  дәрежесінде  көңіл  бөлу, 

мүмкіндік жасау болып табылады. Студентті тек болашақ маман ретінде 

ғана  қарамай,  оны  өз  қоғамының  азаматы,  шығармашылық  тұлға 

келешектің  иесі,  тірегі  ретінде  тану,  соған  мүмкіндік  жасау  қажет.  Ал 

болашақ  мамандарды  осы  айтылғандарға  сәйкес  дайындау,  оның 

болашақ кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден бастау алады. 

Жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде болашақ маман даярлауда 

мынадай  басты  міндеттердің  шешімін  табу:  оқытудың  жетік  жолдарын 

меңгерген маман даярлау; кәсіби пәндерді игерумен қатар, адамгершілік, 

рухани-мәдени  құндылықтарды  меңгерген,  жан-жақты  жеке  тұлғаны 

тәрбиелеу;  болашақ  мұғалімнің  қоғамдағы  әлеуметтік  белсенділігін 

арттыру;  жалпы  педагогикалық,  әдіскерлік  іскерлігін  арттыру;  өз 

бетінше  білім  ала  білу  қабілеттерін  қалыптастыру;  педагогикалық 

шеберлігін  үздіксіз  арттырып  отыру  дағдысын  қалыптастыру  басты 

мәселе болып табылады. 

Болашақ  маманның  кәсіби-әдістемелік  даярлығын  қалыптастыру 

үшін өзі таңдаған мамандығына сәйкес арнайы ғылыми пәндерден терең, 

жан-жақты  білімі  болуы  қажет.  Білім  беру  саласындағы  негізгі 

құжаттарды,  білім  беру  стандарты,  оқу  жоспары,  бағдарлама,  оқулық, 

оқу-әдістемелік  ғылыми  әдебиеттерді,  сондай-ақ  озық  педагогикалық 

тәжіриберлерді меңгеруі тиіс [1]. 

Елбасы  экономиканы  нығайту  мен  халықтың  әл-ауқатын  арттырудың 

жаңа  міндеттерін  жүктей  отырып  он  бағыт  бойынша  міндеттер  кешенін 

жүзеге асыруға тиіс екенімізді айтты. Оның ішінде Президент қазақстан-

дықтарды  ақпараттық  технологияларды  белсендірек  игеруге  шақырады. 

«Компьютерлік  сауаттылықты,  соның  ішінде  әртүрлі  ынталандырушы 

бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет» – деп атап көрсетті. 


54 

 

Еліміздегі  білім  беру  реформасы  «жалпыға  арналған  білімнен», 



«білім  әркімге  өмір  бойы»  үлгісіне  көшуді  және  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  жедел  ену  мақсатына  сәйкес  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 

ерекше мән береді. 

Тұлғаның  «қалыптасуы»  деген  ұғым  педагогика  және  психология 

ғылымында,  жеке  тұлға  дамуының  нәтижесі  дегенді  және  оның  пайда 

болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын 

білдіреді. Демек, қалыптасу дегеніміз – бір нәрсеге форма мен тұрақтылық 

беру;  нақты  бір  түр  беру,  яғни баланың  ата-анасынан  немесе  ата-

бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұлғаның 

қалыптасуы  өте  күрделі  және  ұзақ  процесс.  Ол  қарама-қайшылықтарды 

шешумен  бұл  іс-әрекеттегі  ересектердің  әрекет  күштері  мен  қабілеттерінің 

заттық формаға ауысуының бірлігі. Егер, педагогикалық процестің түпкі 

мақсаты  адамның  тұлға  ретінде  қалыптасуы  болса,  онда  педагогикалық 

процестің элементар бірлігі, оның бастапқы абстракция болып «қалыптасудың 

қас  қағым  сәті»  (педагогикалық  ситуация  яғни  педагогикалық  жағдаят) 

болуы қажет [2, 15 б]. 

Парадигма  (гр. үлгі деген  сөз)  –  зерттелетін  мәселені  шешу  үшін 

үлгі  ретінде  алынған теория;  теориялық  көз-қарастардың,  методологиялық 

принциптердің,  әдістемелік  қабылдаудың  және  эмпиризмдік  нәтижелердің 

бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен 

қабылданған  және  болжамдарды  ғылыми  ұғыну  үшін,  ғылыми  таным 

процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде 

пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны. 

Парадигма  ұғымының  енуі  Бергманның  және  оны  терең  талдау, 

физик,  философ  Т.  Кунт  есімдерімен  байланысты.  Т.  Кунт  парадигма 

идеясын ғылым дамуының кезеңдерін анықтауда пайдаланды. Парадигма – 

ғылым  дамуының  негізгі  өлшем  бірлігі  ретінде  түсіндіріледі.  Т.  Кунт 

бойынша,  ғылыми  білім  дамуы  мынадай  сызба  бойынша  жүреді: 

қалыпты  ғылым   ғылымдағы  ауытқушылық  ғылымдағы  тоқырау   жаңа 

парадигма  (альтернативті  теориялар  бәсекелестігі  және  бұрынғы 

парадигманың  ауысуы)  ғылыми  төңкеріс   қайтадан  қалыпты  және  одан 

әрі дамудың жаңа тарауы. 

Ғалымдардың пікірлерін тірек ете отырып және талдау нәтижесінде: 

білім берудің жаңа парадигмасы – жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, 

мемлекеттік  стандарттарға  сай,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруға  бағытталған,  инттеллектуалдық  білім  орталығы  ретіндегі 

инновациялық  мектепте  ғылыми-әдіснамалық  негізделген  білім  берудің 

концептуалдық моделі деген анықтама берілді [3, 4 б]. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің даму стратегиясын 

мысал  ретінде  айтсақ.  Миссиясы:  кадр  потенциалын  құру – отандық 

және  шетелдік  жұмыс  нарығында  бәсекелестікке  қабілетті  жоғары 

білікті мамандар дайындау. 



55 

 

Болашағы:  әлемнің  ТОП-200  жетекші  ғылыми-зерттеу  университеттер 



құрамына  ену.  Мақсаты:  Классикалық  ұлттық  университеттен  әлемдік 

деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. 

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  2015-2020 

жылдарға  арналған  стратегиялық  жобасында  6  стратегиялық  бағыт 

анықталған: 

1-стратегиялық бағыт. Білім беру қызметі сапасын арттыру. 

2-стратегиялық  бағыт. Ғылыми-зерттеу  және  инновациялық  қызмет 

сапасын арттыру және дамыту. 

3-стратегиялық бағыт. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. 

4-стратегиялық  бағыт. Тәрбие  және  әлеуметтік  жұмысты  жақсарту, 

жастарды мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуына қатыстыру. 

5-стратегиялық  бағыт. Инфрақұрылымды  дамыту  және  жаңа 

информациялық технологияларды енгізу. 

6-стратегиялық  бағыт.  Қаржы  –  экономикалық  қызмет  тиімділігін 

арттыру. 

Сонымен,  жоғары   оқу  орнында  болашақ  маман  есею  мектебінен 

өтеді,  белгілі  бір  мамандықтың  иесі  болып  қалыптасады.  Жоғары  оқу 

орындарында 

педагогикалық 

білім 


беру 

– 

болашақ 



маманды 

қалыптастырудың  алғы  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Өйткені 

бүгінгі  студент  ертеңгі  маман  болғандықтан,  ол  қоғамдық  әлеуметтік 

істерге  араласады,  адамдармен  жұмыс  істейді,  ұжымдағы  адамдар 

әлеуметтік  топты  құрайды,  оған  жас  маман  мүше  болып  кіреді.  Олай 

болса,  жас  маманның  адамдардың  тәрбиесінде  де  ықпалы  болады. 

Педагогика-  тәрбие  туралы  ғылым  болғандықтан,  оның  қағидалары  

адамдармен жұмыс істегенде тәрбие құралы бола алады.  

Тәрбиелеу туралы педагогика тағылымдарымен қаруланған маманға 

адамдармен  жұмыс  істеу,  оларға  мәдени-тәрбиелік  ықпал  ету  қиыншылық 

туғызбайды. Дүниеде өтіп  жатқан процестерді түсініп, оларға баға беру, 

қоғамдық  қатынастар  арасында  рухани  өсу  және  үйлесімділік  табу, 

тәрбиенің 

басты 


мақсаттарын 

көрсете 


білу, 

адамдар 


мінез-

құлықтарындағы  келеңсіздіктерді  жою  шараларын  алу,  қоғамды  өзін-өзі 

ұйымдастырып,  үздіксіз  дамып  отыратын  жүйе  ретінде  түсіну  үшін  жас 

маманға  білім  тірек  бола  алады.  Адамдарды  еңбек  етуге  үйрету  қажет, 

бірақ  адам  бойындағы  адамгершілік  кемтарлықты  жоюға  мұның  бәрі 

жеткіліксіз.  

Адамның  танымға,  жоғары  білімге  ұмтылуы  қандай  нәтиже  берді? 

Ол  жеке  адамды  сыртқы  зорлық-зомбылықтан  азат  етіп,  оған  ішкі 

мазмұн  берді.  Ол  азат  адамгершілік  формасындағы  адамдық  бастауды 

жүзеге  асыра  отырып,  адамды  нағыз  адам  етеді.  Біздің  білім  жолында 

тоқтаусыз  өрлеуіміздің  басты  шарты  –  бұл  қоғамның  топтасқандығы, 

егеменді  Қазақстан  Республикасында  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясы 

төңірегінде азаматтық және кәсіби топтасу болып табылады. 

 


56 

 

Әдебиет 



 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары.  

2. Иманбаева С.Т. Болашақ маманның зияткерлік әлеуеті // Егемен Қазақстан. 

7 қаңтар 2014 ж. – 3 б.   

3. Шокатаева Р.С. 

Жалпыадамзаттық 

құндылықтар 

негізінде 

болашақ 

маманның кәсіби мәдениетін дамыту // Педагогика. 17 ақпан 2015 ж. – 9 б. 

  

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  



СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ 

 

С.Х. Ибрагимова  

Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ  

Павлодар қ. 

 

 

1. Оқушының сөздік қорын дамыту. 



Қазіргі  заманда  өз  ана  тілінде  таза  сөйлеу  –  әрбір  адамның  ұлттық 

мақтанышы, жан азығы. Өз тілін, өз ата – баба,өз елініжерін менсінбеген 

ұрпақтан  жақсы  азамат  шығады  деп  айтуға  болмайды.  Сондықтан 

мемлекетіміздің  даму  барысында  ана  тілінде  таза,  мәдениетті,  дұрыс 

сөйлейтін ұрпақты тәрбиелеудің ролі орасан зор.    

Ана  тілін  оқытудағы  негізгі  мақсат  –  оқушылардың  сөздік  қорын, 

ауызша  сөйлеу  тілін  және  жазбаша  сөйлеу  тілін,  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыру,  оларға  рухани  дүниесін  байыту,  өмірдің  ең  қымбаттысы, 

ең  асылы  –  жақсылық  пен  ізгіліктің  ұрығын  себу.  Ол  үшін  бала 

айналадағы  затты,  құбылыс  пен  болмысты  танып  білуі  тиіс.  Соған 

байланысты  оның  тіл    байлығы  мен  сөйлей  мәдениеттілігі  де  артады. 

Баланың  өмірді  көргені,  танығаны  көп  болса,  оның  тілі  де  байи  түседі. 

Оқушының  тіл  байлығы  ауызша  түрде  де  жазбаша  түрде  де  қатар 

дамытылуы тиіс.  

1.  Тілдің  негізгі  элементі  –  сөздік  қор.  Ал  сөздік  қор  дегеніміз  – 

тілдің  құрамының  ішіндегі ең  тұрақты,  талай ғасырлар бойы өмір сүріп 

келе  жатқан,  жалпы  күнделікті  өмірде  кеңінен  қолданылатын  халыққа 

ортақ  сөздер  жиынтығы.Тілдің  негізгі  сөздік  қоры  –  тілдің  сөздік 

құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы 

сақтай  отырып,  тілдегі  жаңа  туынды  сөздер  мен  жаңа  мағынаның 

жасалуына ұйытқы болады. Сөздердің негізгі сөздік қорда кең қолданылуы 

мен  ұзақ  сақталуы  олардың  сөз  жасау  қабілетін  дамыта  түседі.  Сөздік 

қордың  тіл  бірлігін  сақтап,  көне  дәуір  әдеби  ескерткіштерін  ұғынуға, 

тануға мүмкіндік тудырады.  

Ең  бастысы  оқушылардың  өзін  сөйлету  арқылы  сөйлеу  тілдері 

дамиды. Жаттау, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білу, сұрау – тапсырмаларға 

жауап жазу, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, салыстырмалы әдіске 


57 

 

негізделіп  жазылған  үлеспелі  кестелерді  толтыру  т.  б.  Әдістер  үзбей 



қолданылып  отырса,  жақсы  нәтиже  берері  сөзсіз.  Ойды  көрікті, 

мағыналы етіп жеткізуде сөздікпен жұмыс жасаудың септігі мол. Түсінігі 

қиын  сөз,  сөз  тіркестерін  түсіндіру  арқылы  оқушылардың  сөздік  қорын 

дамыту.  Сөздік  жұмысын  үзбей  қолдану  барысында  көркемдегіш 

ерекшеліктерді  танытудағы  басты  мақсат  сөздік  қорды  жаңа  бейнелі 

сөздермен, сөз тіркестерімен толықтыру негізінде дамыту. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  сөздік  қорын  байытуда  сөздерді 

үйретудегі  ұстанымдары:  –  сөздің  оқушылардың  күнделікті  өмірмен 

байланыстылығын  ескеру;  –  үйретілген  сөздің  жеңілділігін;  –  бастауыш 

сынып оқушыларының  ұғымына сөз мағынасының сай келуі; – сөздерді 

оқытылатын  тақырыптармен  байланысты  таңдап  алу;  –  сөздердің 

мағыналық ерекшеліктерін ескеру; –сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымына 

сәйкестілігін  есепке  алу  және  т.  б.Сөздік  қорының  ең  маңызды  міндеті 

оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын 

сөздерді  белсенді  ету.  Жаңа  сөздерді  есте  сақтаудың  тәсілдері  мен 

жаттығулары:  1.  Тақтаға  сөз  жазып,  оны  буынға  бөліп  оқыту;  2.  Сөз 

мағыналарын  анықтауда  ұғымның  белгілерін  санайтындай  жаттығулар 

(жазу  жұмыстары);  3.  Жаңадан  үйренген  сөздерге  байланысты 

шығармашылық  жұмыстар  (эссе,  мазмұндама,  шығарма  т.  б.)  жүгізу;  

4.  Жаңа  сөзді  кірістіре  отырып  сөйлем  құрастырып,  мағынасын  ашу;  

5.  Орфографиялық  жаттығуларға  жаңа  сөздерді  енгізу:6.  Сөздік  жасату 

(түсіндірмелі,  алфавиттік  немесе  тақырыптық  сөздер,  оқушы  сөздігі  т.б.); 

Оқушылардың  тілін  дамыту  мақсатын  шешуде  біріншіден,  оқушылардың 

меңгерген сөзі, сөз байлығы қаншалықты дәрежеде екендігін; екіншіден, 

оқушыда  сөз  байлығының,  сөз  қорының  аз  болуының  себебін,  өзіндік 

ерекшелігін;  үшіншіден,  тілін  байыту  мен  дамытуда  тиімді  әдіс-

тәсілдерін  алдын  ала  анықтап  белгілеу  керек.Балалар  сөздігін  мынадай 

жолмен  байытуға  болады:  –  қоршаған  ортаны  байқату,  аңғарту 

(табиғатпен, адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру); – 

үлкендермен  қарым-қатынас  әңгіме  өткізу,  кездесу  ұйымдастыру;  – 

арнаулы  тілдік  жаттығулар  жүргізу;  –  сыныпта  және  сыныптан  тыс  оқу 

(әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында т. б.  

2.  Бастауыш  сыныптарда  сөздік  қорын  дамыту  үшін  ертегі,  аңыз, 

әңгіме  оқытудың  және  сабақ  тақырыбына  байланысты  мақал-мәтел, 

жұмбақ-жаңылтпаш  пайдаланудың  маңызы  зор.  Баланы  қызықтырады, 

баланы  оқи  отырып,  тыңдай  білуге  үйретеді  және  сөздік  қорын 

дамытады.  Қиялын  дамытып,  адамгершілікке  тәрбиелейді,  тілін  ширатып, 

мінез-құлқын  қалыптастырады.  Мақал  –  мәтелдерді  қаншалықты 

білетінін анықтау үшін әрі мейлінше көп меңгерулері үшін  осы бағытта 

сайыс  сабақтар  ұйымдастырылады.  «Мың  бір  мақал,  жүз  бір  жұмбақ» 

тәрізді  сайыстар  оқушының  тіл  байлығының  артуына  ғана  емес,  

ой-өрісінің, танымының артуына ықпал етпек. 



58 

 

Мысалы, 3-сыныпта ана тілін оқыту барысында мақал-мәтелдермен 



мынадай жұмыс түрлерін жасауға болады. 

Тақырып  мазмұнына  сай  мақал-мәтелдер  айтқызу,  оны  өз  сөзімен, 

ойымен дәлелдету. 

Көрініске, табиғатқа, суретке қарап тұрып мақал айту   

Мақал-мәтелдер айтысы. 

Мақал-мәтелдерге сай оқиға ойластыру. 

Мысалы: «Мал – баққанға бітеді». 

Асанға атасы базардан бұзау сатып алып берді. Бұзауы сүйкімді, әрі 

момақан.  Асан  бұзауына  шөп  орып,  су  беруге  ерінбейтін.  Ербол  оған 

қатты  қызықты.  Бірақ  ол  ойынды,  сотқарлықты  жақсы  көретін.Бір  күні 

көршісі  Ерболға  да  ата-анасы  бұзау  сатып  алды.  Ербол  бірнеше  күн 

бұзауына  қарап  жүрді,  бірақ  шөп  орып  беруге  ерініп,  ойынға  қызығып 

кетіп қалатын. Суды да уақтылы бермейтін. Бір күні бұзауы ауырып өліп 

қалады.  Мал  –  баққанға  ғана  бітедің-деген  осы  емес  пе?  Бала 

тәрбиесінде  жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  мақал  мәтелдер  олардың 

дүниетанымын,  түсінігін,  болжағыштығын,  ұғымын  кеңейтумен  қатар, 

тілін  ұстартып  ойын  жүйелеуге,  кеңейтуге  әсері  мол.  Мақал-мәтелдер  – 

ой дәні, сөз мәйегі. Балалардың ақыл-есін молайтып ой-өрісін кеңейтеді, 

адамгершілікке,  адалдыққа,  ерлікке,  еңбекке,  өнер-білімге  тәрбиелейді. 

Ал  жаңылтпаш  баланың  тілін  ұштап,  асықпай  еркін  сөйлеуіне,  тілін 

барынша  жаттықтыруға  көмектессе, жұмбақ  –  тез  ойлауға,  шапшаң 

жауап  беруге  үйретеді.  Мысалы:сергіту  сәттерінде«

 

Жаңылтпаш  жаттап 



жарысайық!» ойынын қолдануға болады.Оқушылар жаңылмай,тез,жатқа 

айтып  беруі  тиіс.  Жаңылыстыратын  әрі шапшаң  айтылатын  бұл 

сөздердің  адамға  шешен  сөзді  болуға  септігі  мол.  Көңіл-күйді  көтеріп, 

күлдіргі сезімін де сыйлайтын қасиеті бар.  

Сондықтан  мен  сабақтарымда  балалардың  тілін  дамыту  үшін,  осы 

жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамын.  

Мысалы:  

 

Жұмбақтар 

 

1. Өзінше ноян,  



Қорқақ кім... (қоян)  

2. Алмастан тыным,  

Шабады ... (құлын)  

Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.  

Жұмбақты оқып, қай әріп екенін тап.  

Қорада емес сарайда,  

Аспанда емес тоғайда.  

Отында жоқ күйеде,  

Жылқыда жоқ, түйеде.  

Қырда емес, сайда бар,  



59 

 

Құнанда жоқ, тайда бар.  



Бұл жұмбақты шешетін  

Тапқыр бала қайда бар?  

Қай әріп? ........  

Жұмбақтардың шешуі не туралы? Олар туралы баяндап бере аласың ба?  

Алшаң-алшаң басады,  

Құйрығында шашағы,  

Аң біткен одан қашады. (Арыстан)  

3.  Оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  арттырып,  оны  дамыту 

көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның 

ішінде сабақтың қызық өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс – дидактикалық 

ойындар.  

Дидактикалық  ойындар  –  көп  салалы,  күрделі  педагогикалық 

құбылыс.  Оны  балаларды  оқыту  әдістерінің  бірі,  оларды  жан-жақты 

тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады. 

Дидактикалық  ойын  оқыту  процесінде  мынадай  екі  мақсатта 

қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі – ойын ойнау мақсатында. 

Мұғалім  өзі  де  ойынға  қатысады,  баланы  үйретеді.  Бала  ойнай 

отырып, үйренеді.  

Бастауыш  сыныпта    дидактикалық  ойындарды  жаңа  тақырыпты 

түсіндіру  барысында,  қайталау,  пысықтау,  жаттығу  сабақтарында  да 

пайдалануға  болады.  Бастауыш  сынып  оқушылары  әлі  де  ойын  баласы, 

сондықтан  мұғалім  оларды  жалықтырмай  әр  түрлі  ойын  түрлерімен 

сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.  

Дидактикалық  ойындар  оқушылардың  ой-өрісін  дамытып,  ойлау 

қабілетін  арттырумен  қатар,  үйретілген,  өтілген  тақырыптарды  саналы 

да  берік  меңгеруге  үлкен  әсер  етеді.  Ойындар  оқушылардың  шығарма-

шылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  сөздік  қорларын 

молайтып,  сауатты  жазуға  баулиды.  Ойын  оқу  пәндерінің  мазмұнымен 

тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз 

Ойын әдісі: 

Оқушының  тілін  дамытып,  еркін  сөйлеу  қабілетін  жетілдіреді. 

Оқушылардың сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын 

қалыптастыру  үшін  сабақта  ойын  элементтерін  кірістіріп  отырудың 

маңызы зор. 

Мысалы:  Ойынның  шарты  бойынша  әр  оқушы  бір  сөзден  қосып, 

толықтырып  отыруы  тиіс.Бірақ  сөйлемнің  мағынасы  өзгермеуі  керек.  

Сөйле мге сөз қосып толықтыра алмаған оқушы жеңіледі. 

Мен отырмын. 

Мен сыныпта отырмын. 

Мен жарық сыныпта отырмын. 

Мен жарық, кең сыныпта отырмын. 

Мен жарық, кең, жылы сыныпта отырмын. 



60 

 

Көңілді гномдар. Мақсаты: Апта күндерін рет-ретімен дұрыс айтуға 



үйрету.  Кеше,  бүгін,  ертең  деген  ұғымдары  туралы  білімдерін  кеңейту. 

Балалардың  логикалық  ойларын,  зейінін,ті  л  байлығын  дамыту.  Ойын:  

1) Киімдер. Мақсаты: Киімдердін атын  атай отырып білімдерін кенейту, 

рет-ретімен қоюға үйрету. Бұл ойын арқылы балалардың тілдері дамиды, 

сөздік  қорлары  жетіледі.Киім  аттарына  байланысты  сөздерді  дұрыс 

айтуға  үйрету.Үйренген  сөздерді  бекіту.  Сұрақ-жауап  ретінде  сөйлеу 

дағдыларын жетілдіру.Ойын кезінде дұрыс қолдана білуге үйрету. Ойын: 

«Қуыршақ серуенге барады.» Не істеу керек?» «Күн ыстық немесе суық» 

«Не киеді» «Киім дүкені» 

Оқушылардың тілін дамытуда осындай әдістерді пайдалана отырып, 

өз ойларын еркін жеткізіп, байланыстырып сөйлеуіне қол жеткіземіз. 

Өтілетін  тақырып  бойынша  әр  түрлі  ойын  түрлерін  жүргізуден 

басқа  өлең,  тақпақ,  жаңылтпаш,  жұмбақ,  мақал-мәтелдерді  қолдану, 

түрлі  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  оқушылардың  сабаққа 

қызығушылығын арттырады.  

Сабақта мынадай ойын түрлерін жүргізуге болады: «Кім көп біледі» 

ойын  тәртібі  бойынша  мұғалім  және  оқушының  алдында  санағыш 

жатады. Берілген тапсырмаға сәйкес дұрыс жауап берген бала таяқшаларды 

қорапқа салып отырады. 

4.  Бастауыш  сыныптардағы  оқудың  мазмұны  екі  үлкен  бөлімнен 

тұрады: көркем және ғылыми-танымдық шығармалар. 

Ауыз  әдебиетінің  мынадай  үлгелері:  балаларға  арналған  ойын 

өлеңдері,  төрт  түлік  жырлары,  ертегілер  мен  аңыз  әңгімелер,  мақал-

мәтелдер  мен  жұмбақтар,  шешендіе  сөздер  мен    билер  сөздері,  нақыл 

сөздер  мен  мысалдар,  барырлар  жырларының  үлгілері,  өтірік  өлеңдер 

мен айтыс өлеңдері кең орын алады. 

Жазба  әдебиет  үлгілірімен  ақын-жазушыларымыздың  балаларға 

арналған таңдамалы шығармалары қамтылған. 

Олар негізінен үш үлкен тақырып төңірегінде топталған: 

– Туған елім Қазақстан; 

– Табиғат – тіршілік бесігі; 

– Адам болу – ізгі ниет: 

Тіл  байлығы  –  сөз  байлығы.  Лингвист  –  ғалым  М.  Балақаевтың: 

«Ана  тілін  жақсы  білу  –  әркімнің  азаматтық  борышы.  Егер  әрбір  сөзді 

орнымен  жұмсай  біліп,  айтқан  ойы  мазмұнды,  нысанаға  дәл  тиетіндей 

ұғымды  шығып,  тыңдаушысын  баурап  алардай  әсерлі  болса,  ана  тілінің 

құдіреті  сонда  ғана  сезілер  еді.  Ал  мұндай  шеберлік  тек  тіл  мәдениеті 

жоғары  адамдардың  ғана  қолынан  келер  жайт»,  –  деген  пікірімен 

келіспеске болмайды. 

Бастауыш  мектепте  ана  тілі  сабағында  сөздік  қорды  дамыту 

жұмыстары түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады: 

 

 



61 

 

–  сұрақ - жауап; 



–  түсіндіру; 

–  әңгімелесу; 

–  түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындату 

арқылы. 


–  әңгімелеу; 

–  зерттеу; 

 

Сабақ  сайын  өтілген  тақырып  ауқымына  қарай  кем  дегенде  екі-үш 



сөзден болсын оқушының лексикалық минимумы артып отырады. Және 

барлық  үйренген  сөзі  күнделікті  өмірде  белсенді  қолданыла  бермеуі 

мүмкін.  Көнерген  сөздер  (зат,  киім-кешек,  салт-дәстүр,  музыкалық 

аспаптар,  ай,  жыл,  қару-жарақ  атаулары),  кәсіби  сөздер  т.  б.  қажеттілік 

болмаса, үнемі белсенді қолданысқа түсе бермейді. Осыдан келіп сөздік 

қордағы  сөздерді  белсенді  және  белсенді  емес  сөздер  деп  қарастыру 

қажеттігі туындайды. 

Тіл  байлығын  арттырып,  оқушылардың  сөйлеу  тілін  жетілдіруде 

мәтіндермен  жұмыс  жүргізу  аса  маңызды.  Көркем  мәтінге  тақырыптық 

талдау  жасап,  негізгі  ойын  анықтау,  кейіпкерлердің  іс-әрекетіне  баға 

беру,  сол  арқылы  оқушы  танымын  кеңейтіп,  тәрбиелік  жағына  көңіл 

бөлу  –  бастауыш  сынып  бағдарламасында  ескерілетін  жайт.  Алайда, 

көркем мәтінді оқыған соң, талдаған тұста сөздік жұмысын жүргізу одан 

әрі  оқушының  барынша  дұрыс  түсініп,  барлық  талдауларға  еркін 

қатысуына  түрткі  болады.  Тіл  дамыту  жұмыстары  жүйелі  жүріп,  оны 

дұрыс  меңгеруі  үшін  әр  оқушыда  жеке  сөздік  дәптер  болуы  керек. 

Мұғалім оқушылардың дәптеріне төмендегідей кесте сызып беріп, оның 

тұрақты толтырылуы талап етілсе құба - құп. 

Мақал-мәтелдер  мен  тұрақты  тіркестерді  үйрету  барысында  да 

оқушының тіл байлығы артады. Оқулықта берілген және басқа да мақал-

мәтелдерді,  тұрақты  тіркестерді  ұдайы  үйретіп  отыру  –  мұғалімнің 

күнделікті  жұмысының  бір  түрі.  Үйренгендерін  ұмытып  қалмауы  үшін 

оны  сөздік  дәптеріне  жаздырып,  әр  тоқсанда  соларды  көбейту  кестесі 

тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады 

Оқушының  тілін  байыту  жұмыстары  тіл  мәдениетімен  тығыз 

байланысты  екені  белгілі.  Тіл  мәдениеті  бойынша  бастауыш  сынып 

оқушыларына мына талаптар қойылады: 

– сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу; 

– орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу; 

– ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу; 

– шамасы жеткенше ертегі, әңгіме жаза білу т. б. 

Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. 

Мұндай  тапсырмалар  –  тіл  мәдениеті  талаптарын  жүзеге  асыруда  аса 

тиімді. Оның түрлері: 

–  шығарма, әңгіме жазу; 

–  сурет бойынша әңгіме жазу; 

–  икемі бар балаларға өлең шумақтарын жазғызу; 

–  ертегі жазу; 



62 

 

–  көркем шығарма оқу; 



–  сайыс, рөлдік ойындарға қатыстыру; 

–  әркімнің қабілетіне қарай деңгейлік жеке тапсырмалар беру; 

–  сөзжұмбақтар құрастыру; 

–  газет-журнал шығарту; 

–  балаларға арналған басылымдардағы сөзжұмбақ, ребустарды шешкізу; 

–  жұмбақтар құрастырту; 

–  хат жаздыру; 

–  белгілі бір шығармаға қысқаша пікір жаздыру т. б. 

Оқушының  сөздік  қорын  арттырып,  сөйлеу  тілін  байытуда  сыныптан 

тыс  оқуға  да  үлкен  талап  қойылады.  Сыныптан  тыс  оқу  мектеп 

бағдарламасында арнайы ескеріледі, міндетті шығармалар тізімі беріледі, 

сағат  саны  көрсетіледі.  Әйтсе  де,  тек  көрсетілген  тізіммен  шектеліп 

қалмай, сабақ үстінде үйде оқып келуге оқушыларға қызықты әңгімелер 

мен  ертегілер  ұсынылса,  бұл  біріншіден,  нақты  мақсатқа  жетуге, 

екіншіден,  оқушылардың  одан  әрі  де  көркем  шығарманы  өз  бетімен 

қызығушылық танытып оқуына септігін тигізеді.  

Мұғалім  осындай  жұмыстарды  атқарту  арқылы  оқушылардың 

өздігінен  кітап  оқуына  бағыт  береді.  Көркем  шығармамен  жұмыс  – 

оқушының тілін байытудың ең тиімді жолы. Көркем шығарманы көп оқу 

арқылы  оқушының  танымы  артып  қана  қоймайды,  ойын  жүйелі 

жеткізуді,  байланыстырып  сөйлеуді,  тілдің  орфоэпиялық,  орфографиялық 

нормаларын  дұрыс  меңгеруді  үйренеді.  Алайда,  көркем  шығармамен 

жұмыс  істеу  барысында  есте  ұстайтын  жайт:  шығарманың  оқушының 

жас  ерекшелігіне  сай  болуы,  мазмұнының  қызықты  болуы,  тәрбиелік 

мәнінің зор болуы, оқушыны жалықтыратындай тым көлемді болмауы. 

 

Қорытынды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет