Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Акиева Г.С. Педагогические основы развития и совершенствования системы
охраны здоровья школьников.-Алматы, 1997г 23 стр
2.
АбылкасымоваА.Е.,ДанияроваК.А.,Тулеубаева
Х.Т.
Здоровьесберегающие
образовательные технологии в учебно-воспитательном процессе.-Астана, 2005.-65с
3.
Ахаев А.В., Колесникова Н.В. Валеологизация учебно-воспитательного процесса в
общобразовательной школе.-Алматы: Мектеп, 2002.-48с
4.
Безруких М.М. Здоровьесберегающая школа.-М.: МПСИ, 2004.-240с
5.
Лисицын Ю.П. Образ жизни и здоровье населения. –М.: Знание, 1982. – 40с.
477
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Қуанышбек Альбина Жазылбекқызы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының. 4 курс студенті
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Сманова Алуа Арыстанқызы
PhD, доцент
Аннотация.
В статье рассматривается проблема развития познавательной активности
младших школьников через игру. Рассмотрена игровая роль познавательной активности
младших школьников, изложено мнение казахстанского ученого о роли игры в
совершенствовании педагогического процесса. В том числе показаны виды игр,
используемых в начальных классах.
Abstract.
The article discusses the problem of developing the cognitive activity of Primary
School students through the game. the role of the game in the cognitive activity of Primary School
students is considered, the opinion of the Kazakh Scientist about the role of the game in improving
the pedagogical process is expressed. In particular, the types of games used in elementary grades
are indicated.
Ключевые слова:
начальный класс, ученик, познание, познавательная деятельность,
игра, развитие.
Keywords:
primary school, student, cognition, cognitive activity, game, development.
Таным -бұл әрқашан жаңаны іздеу, шындыққа жету, ал шығармашылық
жаңаны сапалы құрудағы әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқушыларының жақсы
оқығанын, мектепке қызығушылықпен, ынтасымен келгенін қалайды. Бірақ
оқушылардың көбі білімге қызықпайды, оқуға өз еріктерімен ниеттенбейді.
Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қандай
педагогикалық тәсіл қолдану қажет? Егер оқушының білімге, оқуға
қызығушылығы болмаса, онда оның жақсы оқуы мүмкін емес. Сондықтан
оқушылардың қызығушылығын арттырып, дамытып және қалыптастырып
отыру қажет.
Танымдық
қызығушылықтың
тууы
баланың
даму
деңгейіне,
тәжірибесіне, біліміне байланысты, ал бір жағынан оқу материалын беру
тәсіліне байланысты. Сондықтан, оқытушының ең маңызды мақсаты —
оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамыту үшін сабақта әр түрлі әдіс
тәсілдерді пайдалану. Сондай әрекеттердің бір саласы – ойын әрекеті. Баланың
психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік
маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып
саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған
ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі [1. 26 б].
Ойын әрекеті – тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар
дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор.
Хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық
сипатқа ие болады. Ал жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой
иесі – адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі
формасы саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын
478
өмір тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда
адам баласының ойын әрекеті негізінен балдырған кезінде дамып, баланың
өсіп-жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.
Тәлім-тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін
психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір
кездегі тіршілік қажеттілігі ретінде қарастырады. Осы бағытта адамның ойын
әрекеті әлеуметтік өмірдің негізгі бір құрамды бөлігі және баланың үлкендердің
өмірін бейнелеу, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді [2. 19 б].
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деген пікірінен
бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып
оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші роль
атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен.
Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.
Ал, ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы
балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы
мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт тәрбиеде және
оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский,
С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде
қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу,
инстинкт, күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелдеген.
Н.Құлжанованың пікірі бойынша, ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа
пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің
талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Ойын – бала табиғатымен егіз, ол бала миын жаттықтыратын, әрі
тынықтыратын негізгі жаттығу. Сондықтан да В.А.Сухомлинскийдің
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың
рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы
түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап
жанар оты», - деген пікірдің маңызы зор.
Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет
атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров,
Ш.Құдайбердіұлы, т.б. қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған
еңбектерінде
айрықша
орын
алады.
Қазақ
ағартушылары
мен
демократтарының, ұстаздар мен ғалымдардың еңбектерінде бұл мәселенің мән-
жайы кең ауқымда даралап қарастырылып, оларға ғылыми тұрғыда баға
беріледі [3. 27 б].
Біз осы мәселе төңірегінде белгілі ғалым, мемлекет, қоғам қайраткері
Т.Тәжібаевтың педагогикалық мұраларындағы жәйттерді қарастырдық.
Т.Тәжібаев халық ағарту ісі мен оқу-тәрбие саласындағы зерттеулерінде
баланың ойын әрекетін психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның тәлім-
тәрбиелік, білімдік маңызын халықтың тағылым беру өнерімен ұштастыра
отырып зерттейді.
479
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын
арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске
жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне
деген сенімін арттырады [4. 19 б].
Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
-
Ойын – сауық
-
Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
-
Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)
-
Коррекциялық (өзін-өзі түзету)
-
Әлеуметтендіру
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын
арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның
нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін
жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің
дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке
әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар,
грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-
жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі
түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге,
ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін
оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды
жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған
білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рольдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір
ережелерді
сақтап
ойнайды.
Ол
ойындар
баланың
тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады [5. 19 б].
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда
пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық
мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар
оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
480
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді.
Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса,
оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана
білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп
отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне
көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез
серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып,
түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық
«деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті
негізге
ала
отырып,
бірте-бірте
күрделендіре
жүргізуіне
болады.
Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ
жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |