Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет4/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау – А, 2015 
2.
Раджерс Э. Инновация туралы түсінік //Қазақстан мектебі, №4, 2011. 



ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЭЛЕКТРОНДЫ 
КАРТАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 
Бірмақанов Қорғанбек Сағындықұлы
 
«Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім 
беретін мектебі» КММ, 
Тарих және география пәні мұғалімі
 
Главная цель работы-остановиться на значении науки картографии. Раскрыть 
значение электронных карт в хозяйстве и их удобство, оптимальность. Раскрыты 
возможности и значение геоинформационной системы на уроках географии. 
Ключевые слова: 
геоинформационная система, визуализация, картография, цифровая 
география, инфографика, обработка графики, инновационные технологии. 
The main purpose of the work is to focus on the importance of the science of cartography. 
To reveal the importance of electronic cards in the household and their convenience, optimality. 
The possibilities and importance of the geoinformation system in geography lessons are revealed. 
Keywords: 
geoinformation system, visualization, cartography, digital geography
infographics, graphics processing, innovative technologies. 
Қандайда бір құбылыстарды немесе заттарды жалпы белгілеріне қарай 
бөлу, тіркеу, сақтау және пайдалану мақсатында географиялық карталарды 
қолданамыз. Картаны жіктеудің басты белгілеріне мазмұны, аумақты қамтуы, 
атқаратын қызметі, масштабы, пайдалану әдістері, шыққан жылы және т.б. 
жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары картаның масштабы, мазмұны мен 
қызметі оның сипатын айқындайды. Мазмұнына қарай карталар жалпы 
географиялық, тақырыптық немесе, арнайы болып бөлінетіні белгілі. 
Жалпы географиялық карталардың бірнеше элементті болғанмен басым 
болатын карталар, гипсометриялық карта. Өйткені оның басты мазмұны жер 
бедері болып саналады. 
Белгілі бір құбылыстарды сипаттау арқылы жалпы географиялық 
картаның элементтерінен басқа арнайы деректер берілген карталар. Ондай 
карталарға экономикалық, климаттық топырақ карталары жатады. Арнайы 
тақырыптық карталарда жалпы географиялық элементтері толық берілмейді. 
Жіктеу тұрғысынан алғанда арнайы карталар үш топқа бөлінеді. 
Олар: 
физикалық-географиялық, 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
техникалық карталар. Аумақты қамтуына қарай географиялық карталар 
төмендегідей топтарға бөлінеді: 
1.
Дүние жүзінің картасы; 
2.
Жартышарлар картасы (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік); 
3.
Материктер мен мұхиттар картасы; 
4.
Мемлекеттер тобының картасы (Орталық Америка, Еуропа және т.б.) 
5.
Мемлекеттің және оның жеке бөліктерінің картасы. 
Қазақсатан Республикасының Ұлттық Атласы 2011 жылы Алматы 
қаласындағы картографиялық фабрикада басылып шыққан, Қазақстан 
Республикасының ғылыми-анықтамалық Ұлттық Атласы болып табылады. Ол 
География институты мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан 



Республикасының қоршаған ортасын қорғаудың 2005-2007 жылдарға» арналған 
бағдарламасының шеңберінде әзірленді. 
Кешенді ғылыми-анықтамалық Қазақстанның Ұлттық Атласы жер асты 
байлықтарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға, өндіруші 
күштерді дамытуға сондай-ақ Республикадағы әлеуметтік-экономикалық 
мәдени дамуды шешуге бағытталған. 
100-ден аса авторлар қатысқан Ұлттық Атлас ІІІ томға жинақталып, онда 
300-ден астам карталар топтастырылған. 
Атластағы карталар қазіргі геоақпараттық технологияларды қолдана 
отырып ArcGis-9.1 карта құрастыру бағдарламасында жасалды 
Атластың бірінші томында Қазақстан Республикасының қазіргі 
географиялық жағдайы, Жер бедері, геологиялық құрылысы, минералдық 
корлары, гидрогеологиялық жағдайы, жер асты сулары гидрогеологиялық 
жағдайы, ауа-райы, агроклиматикалық ресурстар ландшафтар, физикалық- 
географиялық аймақтандыру, жер үсті су корлары, жер корлары, жануарлары 
мен өсімдіктер жамылғыларының ерекшеліктерін сипаттайтын 102 картаның 
картографиялық мәліметтерін қамтыған. 
Табиғат карталарында еліміздің геологиялық құрылысын, климат түзуші 
факторларын, жауын-шашынның, ауа температурасы мен желдің жыл 
мезгілдеріндегі таралу ерекшеліктерін жануарлар мен өсімдіктер жамылғысы, 
пайдалы қазбалар масштабты және масштабтан тыс белгілеу, картограмма, 
ареал, қозғалыс белгілері, изосызықтар шартты белгілермен кескінделіп
таралған аумақтары ареал тәсілімен берілген. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының екінші томы 2005 жылы 
әзірленген және 117 картадан тұрады. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік- 
экономикалық және демографиялық ахуал туралы ауқымды ақпарат қамтылған. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының үшінші томы 2006 жылы 
әзірленді және 127 картадан тұрады. Экологиялық білімді, білім беру және тәрбиені, 
табиғатты қорғау қызметін іс-жүзінде картографиялық негіздеуге арналған. 
Атластың III томындағы мәліметтер экологиялық дағдарыс зардаптарының алдын 
алу және жою бағдарламасының негізі ретінде, республиканың табиғи ортасына 
антропогенді факторлар әсерінің нәтижелерін бейнелейді. 
Атластың электрондық нұсқасы табиғи ортаның ахуалы туралы білімді 
жетілдіру және табиғатты пайдалану жаңа міндеттерінің қалыптасуына қарай 
үнемі жаңалануы мүмкін экологиялық мониторинг жүргізудің картографиялық 
базасы болады. 
Жалпы алғанда әлеуметтік-экономикалық және техникалық карталардың 
халық шаруашылығы үшін маңызы өте зор. Қазіргі таңда шаруашылық 
нысандарының ғарыштық электронды навигациялық құралдары туралы түсінігі 
мүлде басқа. 
Жердің 
жасанды 
серіктерінің 
талап 
етілетін 
кеңістіктік 
координаттарының тұрақтылығы мен жоғары дәлдігі олардың орбитасын 
тұрақты бақылап отыратын жер үсті бекеттері қамтамасыз етеді. Өйткені жер 
үсті бекеттерінің үстінен Жердің жасанды серіктері бір тәулікте екі рет өтеді. 
Позициялайтын Жер серіктік жүйелердің артықшылығына ғаламдығы, 



жеделдігі, кез-келген ауа райында жүргізілуі, оңтайлы дәлдігі мен тиімділігі 
жатады. Олар геодезияда, картографияда, географияда, жерді орналастыруда, 
ауыл шаруашылығында, авто-, әуе-, теңіз навигацияларында, т.б. салаларда 
қолданылады [1]. 
Бүгінгі таңда GPS (Global Positioning System – ғаламдық позициялау 
жүйесі) құрамына Жердің 30 астам серіктері кіреді. Бүгінгі таңда 100- ге тарта 
компаниялар әуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінен бастап құрылыс пен 
жерді орналастыруға дейінгі адам әрекетінің көптеген салаларында 
қолданылатын қабылдау құрылғыларының шамамен 600 түрін шығарады. 
GPS жүйесі жылдамдық пен уақыттың, қозғалыстағы әртүрлі нысанның 
орналасқан орнының үш координатын анықтауға арналған. АҚШ көрсетілетін 
қызметтеріне қандайда бір арнайы ақы төлеуді қажет етпейтін азаматтық, 
коммерциялық және ғылыми мақсатта пайдалану үшін GPS жүйесін 
стандарттық режимде ұсынады. Ғарыштық сегмент шама мен 20 000 
шақырымға дейінгі биіктіктегі 6 шеңберлі орбитада орналасқан 31 ғарыш 
аппараттарынан тұратын орбиталық топ түзеді. Ғарыш аппараттары орбитаны 
12 сағатта бір рет толық айналып шығады. 
Ресейдің орта орбиталық навигациялық жүйесі 1982 жылдың қазан 
айынан бастау алады. ГЛОНАСС жерсеріктік навигациялық жүйесін 
қолданысқа енгізу 1995 жылы аяқталып, штаттық құрамы 24 ғарыш аппаратына 
жетті. Ресейдің зияткерлік меншігі болып табылатын ГЛОНАСС АҚШ-тың GPS 
жүйесіне қарағанда орбитада қызмет еткен уақыты қысқалау болды. 
GPS және ГЛОНАСС ғарыштық навигациялық жүйелерінің нысандардың 
координатын анықтау дәлдігі GPS пен ГЛОНАСС ғарыш навигациялық 
жүйелерінің координатты анықтау дәлдігі шамамен бірдей. Сигналдар GPS 
жүйесінде 1227 және 1575 МГц, ал ГЛОНАСС-та-1250 и 1600 МГц жиілікте 
шағылысып «селективті (таңдамалы)» деп аталатын қолданыс аясын 
ұйымдастыру үшін кодталады. Екі сигналда екі кодты пайдаланады. Олардың 
біріншісі GPS-те «жеңіл табатын», ал ГЛОНАСС-та «стандартты дәл» деп 
аталады. Екіншісі код GPS-те «жабық», ал ГЛОНАСС «жоғары дәлдікті» деп 
аталып, тұрақты пайдалануға арналған. Бұл дәлдік кейбір міндеттерді шешуді 
қанағаттандырмайтындықтан орта орбиталық ғарыштық навигациялық 
жүйелердің жіктелген режимде жұмыс істеуі енгізілді. (1-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет