18
оқушылардың тіл деңгейлеріне сай;
орындауға қызықты;
ынталандыратын;
бір – бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.
Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы
көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана
қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық,
жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. CLIL әдісінің мазмұны мен
құрылымы ғылыми – педагогикалық зерттеулерді қажет етеді. Себебі, отандық
білім беру жүйесінде бұл әдіс инновациялық, жаңа бағыт әрі көптілді білім беру
жүйесінінің моделі толықтырылып отыруы тиіс деп ойлаймын. Пән мен тілді
кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар
тілді дамыту бағытында жүреді. Яғни тілдік емес пән оқытушылары тек пәннің
мазмұнына ғана емес, сонымен қатар сол пән арқылы оқушылардың тілдік
дағдыларын дамытады. Бұл әдіс арқылы бірден екі мақсатқа жетуге болады:
ағылшын тілі арқылы сабақ мазмұнын түсіндіру және пәндерді меңгеру арқылы
ғылыми тіл дағдыларын дамыту.
CLIL технологиясын қолдануымен жүргізілетін сабақтарда оқытушы мен
студенттердің тиімді жұмысы студентте шетел тілді кәсіби – коммуникативті
құзыреттіліктің қажетті деңгейін қалыптастыруға, жалпы ғылыми білімдер мен
іскерліктерінің дамуына, болашақ мамандарды мәдениетаралық өзара
әрекеттесуге даярлауға ықпал тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: