Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет68/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланған әдебиеттер:
 
1.
Республикалық ғылыми әдістемелік журнал: Педагогика мәселелері. №4, 2012ж 
2.
Ұлттық қоғамдық саяси журнал: Ақиқат №2, 2015ж 
3.
География пәнінен жалпы орта білім беретін мұғалімдеріне арналған құрал, 
Алматы 2015 ж 
4.
Жалпы орта білім беру мектептеріне арналған: Физикалық география оқулығы, 
6 сынып; Алматы: Атамұра 2015ж 


174 
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ОНЫҢ РОБОТЕХНИКАДА 
ҚОЛДАНЫЛУЫ 
Қалтай Нұрсұлтан Берікұлы 
информатика пәні мұғалімі 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы әкімдігі білім 
бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
Аннотация: 
XXI век – время новых технологий и научного прогресса. Главной 
предпосылкой научно-технической революции является внедрение ее новых возможностей 
на новый уровень человечества, сотрудничество между человеком и машиной. 
Ключевые слова: 
Искусственный интеллект, робототехника, электроника, механика, 
информатика, радиотехника и электротехника 
Аnnotation: 
The 21st century is a time of new technologies and scientific progress. The 
main prerequisite for the scientific and technological revolution is the introduction of its new 
capabilities to a new level of humanity, cooperation between man and machine. 
Кeywords: 
Artificial Intelligence, Robotics, Electronics, Mechanics, Computer Science, 
Radio Engineering and Electrical Engineering 
XXI ғасыр – жаңа технологиялар мен ғылыми прогресс заманы. Ғылыми- 
технологиялық революцияның басты алғышарты-оның жаңа мүмкіндіктерінің 
адамзатты жаңа деңгейге шығаруы, адам мен мәшиненің бірлесіп жұмыс істеуі. 
Жасанды интеллект қазіргі заманның жаңашылдықтарының бірі және ол жыл 
сайын, тіпті ай сайын дамып, өз сапасын жақсартуда. Жасанды интеллект өзінің 
толық потенциалын көрсете алатын сала – робототехника. 
Робототехника электроника, механика, информатика, радиотехника және 
электротехника секілді бағыттарға сүйенеді. Қазіргі заманның роботтары тірі ағза, 
кәдімгі адам секілді жұмыс жасайды. Бұл олардың адамға ұқсас өзіндік қимылдары 
мен мимикасымен ғана емес, оның ойлау қабілетімен сипатталады. Атап айтқандай 
роботтардың ойлау қабілеті мен жасанды интеллект тығыз байланысқан. 
Ең бірінші жасанды интеллекттің жұмыс істеу принципіне тоқталайық. 
Жасанды интеллект термині туралы сөз қозғалса, білім, ақыл-ойы жатық, 
адамдарда даму туындайтын білік, ерекшеліктерді айта аламыз. 
Жасанды интеллект құралдары жоғары сапалы деректерді 
(деректердің 
қол жетімділіг
і) қажет етеді. Деректер бір жақты әрі қате мәліметтерден 
құралмауға тиіс 
(деректердің репрезентативтілігі
). Сонымен қатар индексте 
бұл деректердің әлеуетін жасанды интеллект құралдарының пайдалануы және 
оларды ел азаматтарының қолдануына ұсыну үшін қажетті инфрақұрылым 
мүмкіндігінің көрсеткіштері қамтылған. 
Интеллект тасымалдауыш өзгеріп отырған білікті және оны жасайтушы 
академиялық байлықтарды зерттеп өту барысында де сынған түрлі 
уақытылымдарда өзгеретін психологиялық көзқарас ақыл-пп успап қинын 
түсіндіреді. Бірақ интеллект неше түрлерді және компоненттерін алуы зерттеп 
отырып отырған білімті дайындаушылар арасында айтады: зерттеу, ойлау, 
толықтыру, көру және дереккөздегі биіктегі күшке негізделеді. Бұл көзге көз 


175 
жасаудың, проблемаларды шешудің, қарызылық қатынасу туралы көзқараспен 
жетуге мүмкіндік беретін жеке көзқараспен де ойлана берілетін ақиқалықтарды 
қамтуға кепілдік етеді. 
Ол қолданыстағы барлық қолжетімді ақпарат көздерін өте тез 
жылдамдықта өңдеп, ақпарат беру арқылы жұмыс жасайды, ал жасанды 
интеллектті ақпаратты өңдеуге үйрету және жаттықтыру үшін жоғарыда 
айтылған ақпарат көздері қолданылады. Жасанды интеллекттің қазіргі таңда 
мүмкіншіліктері шексіз. Мысалы, сіз шын өмірде болып көрмеген жерде 
саяхаттап жүрген видеоңызды жасай аласыз. Жасанды интеллект өте қарқынды 
дамып келе жатқандықтан, бұл өте шынайы визуалды эффект береді. 
Миымызда бірден робототехникамен жасанды интеллекттің байланысы 
жайлы сұрақ туындайды. 
Жер бетіндегі барлық заттың гендік негізі болады. Роботтың негізі – код. 
Ол роботтың атқаратын әрекеттерінің алгоритмін құрайды, ерекшеліктерді 
белгілейді, роботтың әрбір қозғалысы мен әрекеті кодпен белгіленеді. 
Робототехникада ең қолданбалы программалау тілі 
– C++
. Ол күрделі болып 
көрінуі мүмкін, себебі ол өзіндік компиляторды қажет етеді. Дәл осы жағдайда 
біз 
жасанды 
интеллектті 
қолдана 
аламыз. 
Жасанды 
интеллекттің 
робототехникада атқаратын маңызды рөлдерінің бірі – кодтауды жеңілдету. 
Ол өнімділікті, қауіпсіздікті жоғарлата алады және қажет уақытты үнемдейді. 
Қазіргі кезде код жасауға арналған жасанды интеллект құралдарының алуан 
түрлері бар. Ең танымал түрлері 
– GitHub Copilot 
және 
Microsoft Intellicode

2017 жылы Google Autodraw атты бағдарламаны жарыққа шығарды. 
Оның көмегімен жасанды интеллект кәсіби сызбаларды жаза алады. Қазіргі 
таңда AI кәсіби құрылыс саласына біршама өзгерістер енгізуде. Құрылыс 
саласындағы жасанды интеллект – қазіргі таңда көптеген инвестицияларға ие 
болып жатқан инновациялық технология. Жаңа деректер бойынша 2026 жылға 
дейін бұл жобаға салынатын қаражат 4,5 миллиард долларды құрайтын болады. 
Бұл технологияның басты мақсаты – жобалау уақытын үнемдеу және 
жобалауды барынша қауіпсіз ету. Ол жобалау барысында ресурстарды тиімді 
қолдануға, қаржыға байланысты тиімді шешімдер қабылдауға және 
есептеулерді барынша нақты қылуға әсер етеді. 
Жасанды интеллект мыңдаған сызбаларды бастапқы нүкте деп алып, 
оларды сараптап, өзіндік ерекше жобаларды жасауға дағдыланады. Мамандар 
жасанды интеллект көмегіне модельдеу үшін де жүгіне алады. Болашақ 
жобаның 3D моделі құралады, оның көмегімен жобаға кететін қаражат пен 
ресурстар көрінеді. Қазіргі таңда модельдеу үшін BIM (Building Information 
Modeling) технологиялары қолданылады. 
Жалпы алғанда, құрылыс саласындағы жасанды интеллект есептеу және 
сызбалар құру кезінде қате кетуі мүмкіндігінің алдын алады. Сандық егіздер 
технологиясы арқылы құрылыс объектісінің келесі 10 – 20 жылдағы жағдайын 
болжауға болады. Сандық егіздің бір жағына өзгеріс енгізу арқылы оның 
құрылыс объектісіне және қоршаған ортаға қалай әсер ететінін көруге болады. 
Бұндай әдістер барлық қателіктерді ең алғашқы жобалау кезінде анықтауға, 


176 
олардың алдын алуға көмектеседі және кейінгі уақытта олардың ешкімге қауіп 
төндірмеуіне кепіл бола алады. 
Жасанды интеллект пен робототехника тоғысатын салалардың бірі – 
медицина. Қазіргі таңда медицина дамып келе жатқандықтан, адамдарды 
емдеудің жаңа әдістері пайда болып жатыр. Адамдар темір дене мүшелерімен 
толыққанды өмір сүре алады. Ал ол темір мүшелерді, яғни протездерді жасауға 
жасанды интеллект пен робототехника қолданылады. Әр адамның физикалық 
ерекшіліктері әртүрлі. Жасанды интеллект сондай ерекшеліктерді ескере 
отырып, жасанды дене мүшесін барынша бақылауға жеңіл қылады. Жасанды 
интеллекттің көмегімен жасалған протездер қолданушының физиологиясына 
өте тез бейімділеді, қозғалысты жақсартады және қолданушының қимыл- 
қозғалысын болжай алады. 
Протезді қолданатын адам көптеген диагностикалардан өтуі қажет. 
AI көмегімен жасалған протездер диагностиканы өздігінен жасап, 
қолданушының денсаулығына жалпы қадағалау жүргізе алады. 
Қазіргі таңда жасанды дене мүшелерін өндіру кезіндегі басты 
мәселелердің 
бірі 
– 
оларды 
басқаруда 
қиындық 
тумау 
үшін 
нейроинтерфейстерді жақсарту, яғни денемен жақсы байланыс орнату. 
Жасанды интеллектті қолдану арқылы протездер мидан және бұлшықеттерден 
келетін сигналдарды танып, оларды өз пайдасына қолданады. 
Жалпы жасанды интеллект өзінде неше түрлі әдістерді қамтиды. Оқыту, 
өзін өзі оқыту, бейнелерді тану, жасанды интеллект жүйелерін бағдарламалық 
әдістемелеу, және т.б. Робототехника саласында жасанды интеллектті сауатты 
қолдану арқылы мамандар адамзатты дамудың жаңа деңгейіне шығара алады. 
Тек робототехника ғана емес, денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, өнеркәсіп 
секілді салаларды да қоса айта аламыз. Жасанды интеллект – дамыған 
болашақтың жаңа бейнесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет