Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Досаева Б.Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С.А., Сайдуллаева Г., Адильбаева Г.
Жалпы физика курсы. Алматы-2018
2.
КӨБЕНҚҰЛҰЛЫ Н., БАҚТЫБАЕВ Қ., БАҚТЫБАЕВ Ә. Физика әлемі. Пәндік-
анықтамалық энцоклапедия I-том, А-Л. Алматы-2015
ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІН ГЕОГРАФИЯ
САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Қайырғалиев Ерасыл Маратұлы
6В01512 - «Биология және География» мамандығының ІІІ курс студенті
Калкашев Сагынгали Габизиятович
Аға оқытушы, магистр
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
В статье рассматривается роль интегрированных уроков в обучении географии.
Приведен пример урока с использованием интегрированной технологии. Статья посвящена
особенностям интегрированного подхода к обучению географии в школе. На основе опыта
работы автором показана сущность межпредметного взаимодействия в форме
интегрированных уроков и их эффективность
Ключевые слова:
интеграция, урок, география
the article examines the role of integrated lessons in teaching geography. An example of a
lesson using integrated technology is given. The article is devoted to the features of an integrated
approach to teaching geography at school. Based on work experience, the author shows the essence
of interdisciplinary interaction in the form of integrated lessons and their effectiveness
Keywords:
integration, lesson, geography
170
Қазіргі таңда білім берудегі тиімді тәсілдердің бірі ретінде
интеграцияланған білім беру жүйесін жиі қарастырамыз. Интеграциялау
әдісінің ең бір тиімді тұсы қоршаған ортаны кешенді түрде оқытуға мүмкіндік
беруінде. Біздің қоршаған ортамыздағы барлық процесстердің бір бірімен
тығыз байланысты екенін ескеретін болсақ, мектепте оқытылатын пәндерді
жеке дара оқытудан нәтиже болмайтынын түсінеміз. Интеграцияланған білім
беру әдісі әлемнің біртұтастығын негізге ала отырып бізге пәнаралық байланыс
орнатып беруге мүмкіндік береді.
Оқулықтардағы негізгі интеграция, олардағы пәнаралық байланыс.
Туыстас пәндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жылы мемлекеттік
оқу бағдарламасына енді.Оқу үдерісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор,
ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі
байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді және қоршаған
орта туралы түсінік қалыптастырады. Бірақ пәнаралық байланыс толық
интеграция емес, оқу үдерісіндегі интеграция оқу үдерісіндегі ерекше жүйе,
яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру. Сондықтан бастауыш
сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылатын пәнаралық байланыстың
педагогикалық, психологиялық және философиялық негіздерін анықтайық.
Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен
мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның
бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құраушының бірі – оның білімі.
Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыда қарастыру көптеген
зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыда оның өмір сүру формасы – оқу-
әдістемелік әдебиеттерде тіркелген. Осыған сәйкес М.Скаткин жалпы білім
беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар
мен терминдер; әртүрлі нысандар мен болмыс құбылыстар арасындағы
байланыстарды және қатынастарды күнделікті болмыстық және ғылыми
фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау
нысандарымен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер
жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет
тәсілдері, таным әдістері және білім беру тарихы, ғылыми тарихы жөніндегі
білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты
нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырған.Оқыту мазмұнындағы білім мен
іскерліктің адамның интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің
біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы,
алған
білімді
өмірмен,
қоғамдық
тәжірибесімен
байланыстырудағы
құралдардың бірі – пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен
ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде
де қарастырылды. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар
оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элементі ретінде де
айқындалады. (В.Краевский, И.Лернер, А.Байсенбаева И.Зверев, В.Максимов
және т.б.).И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру
тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу
функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін
еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беруін
171
функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының
өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін
қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу
функциясы
оқушыларда
диалектикалық-материалистік
дүниетанымдық,
өнегелік-эстетикалық идеалдарды дамытуда, талдап қорытылған іскерліктер
мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.Сондай-ақ пәнаралық
байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру
функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылым негізінде пәнаралық
байланысы мектеп оқушыларының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында,
объективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда
болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім
мен мінез-құлық әрекетінің бірлікті жүзеге асуына мүмкіндік береді. Қазіргі
заманғы педагогикалық технологияпәні мен ғылым негіздері пәндерінің
байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек
үдерістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру –
экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.В. Скакун өз жұмысында
қазіргі
заманғы
педагогикалық
технология
курсындағы
пәнаралық
байланыстарды: зерттейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда
қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен
құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістерімен
құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке
тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-педагогикалық аспектісін
ескеру қажеттігі туындайды
[1]
.
Интеграцияланған білім беру тәсілін мысал ретінде география пәнінде
пайдаланатын болсақ оқушыларға бұл пәнді меңгеруде орасан зор пайдасы
тиері анық. География пәнінің интеграциясын көрсету үшін біз реферат
жасадық "целлюлоза шикізат ретінде" тақырыбы бойынша 9-сыныпта
географияның химиямен байланысы мысалындағы сабақ Қазақстанның орман
және ағаш өңдеу өнеркәсібі".Сабақтың мақсаты: "орман және Қазақстанның
Ағаш өңдеу өнеркәсібі", "Целлюлоза". Бұл арқылы біз оқушыға химия пәнімен
байланыстыра отыра географияны оқыттық.
Тағы бір мысал ретінде география сабағын өзін-өзі тану бағытымен
интеграцияланған сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылысы
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттері: сүйіспеншілік , қамқорлық, достық
Сабақтың мақсаты: Жер шарының ауа қабатының құрамы мен құрылысы
туралы білімідерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының маңызын
ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Атмосфераның құрамы мен қабаттарымен таныстыра отырып,
қоршаған ортаға қиянат жасамау керек екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында сүйіспеншілік, қамқорлық
қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелеу: Оқушыларды табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
172
Сыртқы интеграция :
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасып, оларды
түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау,5 құралдарын түгендету.
5 Т – ережесі «Тәртіп , талап , тыныштық, тазалық , татулық»
Балалар ережені есімізге түсіріп , сыныптағы тәртіпті сақтап, оқып-білуге
талаптанайық,тыныштықты орнатып, тазалықты сақтайық , бүгінгі күнімізді
тек қана көңіл –күймен өткізейік
[2]
.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға
болады. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын
неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға
серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды,
дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып,
шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн
сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз,
жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.
Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап,
еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош
иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.
Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің
ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті.
Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын
тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға
шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін
ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның
қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.
Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс
алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
(Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат
неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі
жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз
бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз.
Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы
бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы
жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға
тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып
келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.
Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Жер шарының жан – жағынан біртұтас ауа қабығы – атмосфера қоршап
жатыр. Ауа біріңғай зат емес, әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде
негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78% - азот . 21% -
оттегі құрайды. Ауа жер бетіндегі кез келген қуысты толтырады. Теңіздер мен
көлдердің, өзеңдердің, жер асты суының құрамында да ауа бар. Онымен бүкіл
жануарлар мен өсімдіктер тыныстайды. Ауа түссіз болғандықтан біз оны
173
көрмейміз. Бірақ ауа бос кеңістік емес, зат. Сондықтан жердің тартылыс күші
оны Әлем кеңістігіне шашырап кетеуге жібермей ұстап тұрады
[3]
.
Ауа сияқты біздің өмірімзде жалпы адамзаттық құндылықтардың алатын
орыны ерекше. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат
жасаму. Осы құндылықтар бірі - бірімен үйлесімді болса адамдар ешкімге
оймен,
сөзбен,
әрекетпен
қиянат
жасамайды.
Жалпыадамзаттық
құндылықтардың ең тәтті жемісі – қиянат жасамау.
Біз әрдайым табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс әрекет жасай
отырып қорғасақ, сонда ғана табиғатқа, ауаға қиянат жасамаймыз. Табиғат
аясында отырып, таза ауамен тыныс алғанға не жетер еді, рахатқа бөленіп ішкі
тыныштықтын орнауына көп ықпалын тиізеді.
Адам өмірінде ауаның рөлі өте маңызды, ауамыз таза болса, адамдар
ауырмайды, денсаулықтары мықты болады. Сондықтан табиғатқа қиянат
жасамау керек. Қазіргі уақытта ауамыз ластанып бара жатыр, себебі көп
зауыттар, машинаның көп болуы, ормандардың өртенуі, осылардың бәрі
атмосферадағы көмірқышқыл газының үлес салмағының көбеюіне алып келеді,
ал бұл ауа райының, климаттың өзгеруіне себеп болады. Сондықтан біз
қоршаған табиғатымызға қиянат жасамай қорғауымыз керек
[4]
.
«Бір ағаш кессең, он ағаш ек»- мақал бекер айтылмаған, ауамызды
тазарту үшін жасыл өсімдіктерімізді көбейтіп, орман алқаптарын кеңейтіп,
зауыт пен фабрикалардың мұржаларына тазартқыш қондырғылар орнатсақ
табиғат үшін қамқорлық жасағанымыз.Дәйексөз «Ауа - өмірің, су – қазынаң,
Жер- үйің, атамекенің» Оқушылар жазып алады. Оқушыларға сұрақтар
қойылады. Нақыл сөзді балалар қалай түсінесіңдер? Адам өмірінде ауаның
маңыздылығы қандай ? ,Суды неге қазына дейді? ,«Жер - үйің, атамекенің» -
дегенді қалай түсінесіңдер?
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ауамызды таза, сақтап қалу үшін біз
табиғатқа қиянат жасамау керекпіз.
Үй тапсырмасы.
«Қазақстаның қандай жерлерінің атмосферасы лас» осы тақырып
бойынша ақпарат жазып келу.
Қорытындылай келе біз барлық пәннің бір бірімен тығыз байланысқанын
және осы пәндерді бір бірімен біріктіру арқылы оқытуда үлкен нәтижеге
жетіп,оқушының дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік аламыз.Біздің қоршаған
ортамыз бір бірімен тығыз байланыста болғандықтан білім беруде де біз тек бір
пәнді жеке оқыта алмайтынымыз анық сол себепті кез келген мұғалім барлық
саладан хабары болғаны абзал .
Достарыңызбен бөлісу: |