227
Әр сынып бойынша термин атауы, сөз табы, оқулықтағы анықтамасы,
толықтырылған анықтамасы, терминнің ононимі, синонимі, антонимі,
гиперонимі, гинонимі, мернимі мен холонимін жазып, әр терминге 4 сұрақтан
құрдық. Терминдермен жұмыс жасау барысында көптеген қиыншылықтар
кездеседі. Жиналған ақпараттардың дұрыстығына көз жеткізіп, жан-жақты
ізденістің арқасында жақсы нәтижеге жетуге болатынын бәрімізде білеміз.
Жұмыс барысында сөздердің дұрыс жазылуы мен реттілігі де маңызды.
Жинақталған ақпаратты ортаға салып, талқылағанда тағы да жаңа
ақпараттар аласын. Осылайша қазіргі кезде 7-11 cыныптар бойынша барлығы
891 термин сөз жинақталды. Термин сөздердің сандық көрсеткішін төмендегі
диаграмма түрінде көрсетілген ( 1 – суретте көрсетілген).
Сурет 1. Термин сөздердің сандық көрсеткіші
Бұл көрсеткіш нақты емес, себебі әлі толықтыру және түзету жұмыстары
жүріп жатыр. Термин сөздерді тек еліміздегі мектеп оқулықтарынан басқа шет
елдік
оқулықтарынан
қарастыру
алдағы
жоспарымызға
енгізілген.
Жұмысымыздың
нақты,
толық
болуы
біздің
интеллектуалды
оқу
басылымыздың моделінің көрсеткішін бейнелейді.
Сондықтанда интеллектуалды оқу басылымдары қазіргі кезде білім
саласының дамуына өте қажет. Ақпараттарды интеллектуалды оқыту
элементтері арқылы білім алушыға ұсыну таптырмас құрал. Ақпараттың
қарқынды дамыған заманында пәнге деген қызығушылығын арттыру
мақсатында, озық технологияларды пайдалана отырып, сапалы білім беруді
мақсат тұту әр білім берушінің алдында тұрған міндет. Болашақта жалпы білім
беретін мектептердің білім сапасының артуына, нақты білімді анықтауға
осындай сапалы интеллектуалды оқу басылымдарының ықпал тигізері анық.
Достарыңызбен бөлісу: