226
Алайда құр тезаурус құру интеллектуалды оқу басылымы үшін
жеткіліксіз.
Тезаурус құру әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін: бірі - тезаурус үшін
деректер үлгісін пайдалану. Тезаурус адамдарға ең өзекті және нақты
ақпаратты табуға, қайта термей-ақ мазмұнды іздеуге мүмкіндік береді [3]. Бұл
әдіс іздеу жүйесін оңтайландыруда да кеңінен қолданылады.
Тезаурус – білімді басқару құралы. Ол терминдер базасын құру
процесінде қолданылады. Оны іздеу жүйелері үшін немесе деректерді талдауға
көмек ретінде пайдалануға болады. Бұл кез келген компанияда маңызды құрал
және процестерді жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін. Тезаурус дербес жүйе
емес екенін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар «формальды түрде басқарылатын
индекстеу тілінің лексикасы» болып та қарастырылады.
Жопандық деректерге сүйенсек, тезаурус белгілі бір дәрежеде ұқсастық
немесе синоним ретінде жоғарырақ сөздерге жауап беру [4]. Векторлық
кеңістік үлгісімен алынған сөз ұқсастығы салыстырмалы ұқсастықты анықтау
үшін пайдаланылады, бірақ абсолютті тану үшін бұл әдістің тиімділігі
тексерілмеген. Сондықтан ұқсастық шегін белгілейтін әдісті ұсынып, ішінара
сөздіктің ұқсастығы бар барлық сөздерін қарастыру керек. Әр интеллектуалды
оқу басылымының тезаурус нақты, дұрыс құрылса сапалы өнімнің шығуына
кепіл бола алады.
Өз тәжірибеміздегі интеллектуалды оқу басылымының тезаурусын
бастамамас бұрын жалпы білім беретін мектептердегі геометрия пәні бойынша
шығарылған оқулықтарға шолу жасадық. Әр оқулықтағы термин сөздердің
тізімін жасап, анықтамаларына назар аудардық. Осылайша, барлық сыныптар
бойынша оқулықтардағы термин сөздердің тізімін құрып алып, оларды
төмендегідей тезаурусқа жинақтадық (1 – кестеде көрсетілген).
Достарыңызбен бөлісу: