15
subjects in a foreign language, in particular in English, are presented. As a new focus of teaching
disciplines in a foreign language, an explanation of the CLIL method is given, the significance and
significance are considered.
Keywords.
subject – language integrated learning, CLIL technology, content,
communication, cognition, culture, multilingual education
CLIL (Content Language Integrated Learning) технологиясы немесе пәндік-
тілдік интеграцияланған оқыту, яғни шетел тілінде пәнді оқыту соңғы
онжылдықта қарқын алып, шетел елдерінің көптеген білім беру мекемелерінде
кеңінен қолданылуда. Көптеген елдерде жас ұрпақ білім беру бағдарламалары
арқылы басқа тілдерді қолдана отырып оқиды, бұл олардың оқу тәжірибесін
байыта алады, тілдік дағдылары мен білім базасын кеңейтеді және ХХІ
ғасырдың мақсаттарына сәйкес пәнаралық білім береді.
CLIL терминін (Content and Language Integrated Learning) Д. Марш енгізді,
оның келесі анықтамасы берілді: «Пәндік – тілдік кіріктірілген оқыту кез –келген екі
пәндік білім мен мәтініне бағытталған, онда оқыту тілі ретінде қолданылатын
қосымша тіл, яғни негізгі емес/шет тілінде оқытудың курсы жүргізіледі».
Пәндік – тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) – бұл білім беру тәсілі,
онда оқу пәндері немесе оқу пәндерінің бір бөлігі шет тілінде оқытылады және
екі мақсатты көздейді: пәнді оқып үйрену, сонымен бірге шет тілін меңгеру.
CLIL – мен байланысты педагогикалық қозғалыс соңғы онжылдықта жаһандық
ауқымда қарқын алуда.
CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл
дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді. СLIL
әдістемелік тәсілдің негізгі принциптері төрт негізгі аспектілермен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: