16
CLIL әдістемелік тәсілінің негізгі сипатын
айқындағанда бес негізгі
аспект ерекшеленеді, ол мәдениет, әлеуметтік және тілдік ортаны қамтиды
және мынадай пәндік пен білім беру міндеттерін шешуге бағытталған:
1.
Мәдениеттік аспекті
басқа елдердің мәдениетін зерделеу және түсіну;
мәдениетаралық қарым-қатынас дағдысын дамыту;
көрші елдердің, өңірлер мен аз ұлттардың ерекшеліктерін зерделеу;
мәдени өзара қарым – қатынасты кеңінен түсіну.
2.
Әлеуметтік аспекті
интеграциялануға әзірлік;
халықаралық үлгідегі сертификатты алуға емтихан тапсыру мүмкіндігі;
мектеп бағдарламасы шеңберінде білім беру деңгейін арттыру.
3.
Тілдік аспекті
тілдік құзыреттіліктің жалпы деңгейін арттыру;
коммуникативтік дағдыны дамыту;
ана тілімен қатар шет тілін терең түсіну;
ана тілімен қатар шет тіліне қызығушылықты дамыту;
қолданбалы мақсаттар үшін шет тілдерін пайдалану.
4.
Пәндік аспекті
пәнді жан-жақты оқыту мүмкіндігі;
шет тілі арқылы арнайы пәндік терминологияға қол жеткізу;
одан әрі оқытуға немесе жұмысқа әзірлік.
5.
Оқыту аспекті
әр түрлі оқыту стратегияларды қолдану мүмкіндігі;
сынып жұмысының әр түрлі тәсілдері мен формасын қолдану;
білім алушылардың мотивациясын арттыру.
CLIL әдістемесінің мақсаты – шет тілі пәнде оқыту және шет тілі арқылы
беретін пән арқылы CLIL түрлі білім беру контекстерін пайдаланыланып ересек
балалар тобынан бастап жоғары білім беру дейін жалғастыру.
Зерттеушілер CLIL тәсілінің оқушылардың мотивациясы тұрғысынан
сәттілігі туралы есеп бергенімен тілдік және пәндік дағдыларды потенциалды
жетілдіру үшін, осы артықшылықтарды жүзеге асыру үшін
мұғалімдер
өздерінің оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеудегі қиындықтарды
жеңуге қолдау көрсетуі керек, осылайша CLIL көмегімен дамудың негізгі
принциптері күнделікті сабақтарда көрініс табады.
CLIL – пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін
тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамыту бағытында жүреді. Яғни тілдік емес
пән оқытушылары
тек пәннің мазмұнына ғана емес, сонымен қатар сол пән
арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады.
CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс
берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.
Пән мен тілді ұштастыра оқыту, бір жағынан алып қарағанда,
білім
алушыларға шет тілді игеру арқылы қажетті білім мен тілдік дағдыларды
игеруге, өздерінің зияткерлік даму деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік береді,
17
сөйтіп олардың болашақта өз білімдерін сәтті жалғастыруына, жұмысқа
орналасуына, өмірлік міндет – мүдделер мен әр түрлі ахуалдардың сәтімен
шешілуіне қолайлы жағдай жасайды.
CLIL әдістемесін оқу жоспарлары мен оқыту формасына сәйкес іс –
тәжірибеге ұтымды түрде енгізу мен қолдану,
білім алушыларды
лингвистикалық ортаға тарту, оқыту үдерісін жүзеге асыру және осы оқыту
үдерісін жетілдіру мақсатында оқытушылар тарапынан жасалатын келелі
шаралар пән мен тілді ұштастыра оқытуды тиімді түрде жүзеге асырудың
нақтылы көрсеткіші бола алады.
CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары:
оқытылатын пән арқылы шет ел тілін зерделеу;
пәнді шет ел тілі арқылы зерделеу.
Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту бір
тұтасты құрайды. Ағылшын тілі арқылы физика,
математика, информатика,
биология, химия, география, және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла алады.
CLIL әдісі арқылы оқытуда күтілетін нәтижелер:
полимәдени тұлға тәрбиеленеді;
тілдік құзыреттілік дамиды;
білім сапасын арттыруға ықпал жасалады;
функционалдық сауаттылық дамиды;
пәнаралық қоғамдастық қалыптасады.
CLIL әдісінін артықшылықтары:
дәстүрлі емес сабақ;
жоғары қызығушылық;
ойлау белсенділігін ынталандырады;
оқушылар, талдау, салыстыру арқылы пәндер арасындағы байланыстарды
іздейді;
тілдік ортаға енеді;
сөздік қорын жаңа лексикамен, тілдік құрылымдармен, пәндік
терминдермен толықтырады;
қолдануға жаңа білім мен дағдыларды дайындайды;
мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттырады.
CLIL әдісін қолдану мұғалімнен нені талап етеді:
пәндік білімін жетілдіруді;
ресурстарды кеңінен қолдануды;
сабағын тиянақты жоспарлауды;
кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруды талап етеді.
CLIL әдісін қолдану барысында:
әр сабақтың пәндік және тілдік мақсаттары болуы керек;
мұғалім оқушылардың сол мақсаттарға жетуін қадағалауы қажет;
сабақта тірек сөздермен жұмыс жасалуы қажет;
айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары дамытылуы қажет;
белсенді оқу әдістерін қолдану қажет.
CLIL әдісін қолдану барысында тапсырмалар:
мақсатқа бағытталған;
18
оқушылардың тіл деңгейлеріне сай;
орындауға қызықты;
ынталандыратын;
бір – бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.
Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы
көру, баланың
көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана
қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық,
жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. CLIL әдісінің мазмұны мен
құрылымы ғылыми – педагогикалық зерттеулерді қажет етеді. Себебі, отандық
білім беру жүйесінде бұл әдіс инновациялық, жаңа бағыт әрі көптілді білім беру
жүйесінінің моделі толықтырылып отыруы тиіс деп ойлаймын. Пән мен тілді
кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар
тілді дамыту бағытында жүреді. Яғни тілдік емес пән оқытушылары тек пәннің
мазмұнына ғана емес, сонымен қатар сол пән
арқылы оқушылардың тілдік
дағдыларын дамытады. Бұл әдіс арқылы бірден екі мақсатқа жетуге болады:
ағылшын тілі арқылы сабақ мазмұнын түсіндіру және пәндерді меңгеру арқылы
ғылыми тіл дағдыларын дамыту.
CLIL технологиясын қолдануымен жүргізілетін сабақтарда оқытушы мен
студенттердің тиімді жұмысы студентте шетел тілді кәсіби – коммуникативті
құзыреттіліктің қажетті деңгейін қалыптастыруға, жалпы ғылыми білімдер мен
іскерліктерінің дамуына, болашақ мамандарды мәдениетаралық өзара
әрекеттесуге даярлауға ықпал тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: