Использованная литература
1. Зайцева О.В. Тотальный контроль или полная свобода? О влиянии оценки деятельности
учителей на успеваемость их учеников // Журнал «Народное образование», №5 – 2011,
с.101-104
2. Чудаева Е.В. Профессиональные педагогические сетевые сообщества http://nsportal.ru/
blog/shkola/administrirovanie-shkoly/professionalnye-pedagogicheskie-setevye-soobshchestva
(17.10.2013)
3. Patarakin Перечни действий и последствий работы с сервисами Google http://edublogru.
blogspot.ie/2008_05_01_archive.html (15/10/2013)
4. http://google.com (17.10.2013)
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жүсіп З.Б.
№266 мектеп-лицейі Әйтеке би кенті
Қызылорда облысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мектептегі педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мұғалімнің ақпараттық
мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасай отырып, практикаға енгізу жолдары айқын көрсетілген.
Мұғалімдерге ақпаратты мәдениетті қалыптастыру жолдары, әдістемелік тұрғыда пайдалану туралы бағыт-
бағдар берілген. Оқушылармен өзіндік жұмыс, сабақ барысында, тәрбие жұмыстарын ақпаратты меңгеру жолда-
ры көрсетілген. Мұғалім әр уақытта да білімге, өзіндік білімін көтеруге ұмтылуы қажет, өзіндік ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру үшін қажет.
Аннотация
Придерживаясь педагогических принципов, формируя методику информационной культуры будущего учите-
ля, показаны пути внедрения в практику. Даны направления учителям использования в методических целях форм
информационной культуры. При индивидуальных работах с учениками, в ходе урока в воспитательных процессах
указаны виды усвоения информации. Учителю необходимо быть в поиске, чтобы повысить профессиональный
уровень и формирование информационной культуры.
Abstract
Нolding to the principles of teaching , shaping technique of information culture of the future teacher , shows the path
of implementation in practice. Directions are given to teachers to use in teaching the way of information culture. When the
individual works with students during the breaker failure in educational processes are types of learning information. We
must always be on the lookout to raise the professional level of the formation of information and culture.
Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр
түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пай-
далана білу керек.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие
берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан
Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық
182
дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық
деңгейіне кең жол ашылуы.
Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің
дербестігін кеңейту [1, 3-б ].
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік
деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту, білім
беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын,
жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар ау-
даруымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық,
қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда
болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың
дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі
үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін – қоғамдық сананың, адамның
тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. [2, 18-б].
Жеке адам еңбексіз дамымайды. Еңбек арқылы адамның дене бітімі, адамгершілік, эстетикалық
және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі. Кәсіби еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі.
Кәсіби еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам
материалдық және рухани құндылықты жасайды. Жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін,
творчествалық қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе,
соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының және отбасының бағыты толыса түседі.
Болашақ маманның еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері:
1. психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау;
2. ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру;
3. еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту;
4. ынтасын және қабілетін дамыту;
5. өз бетімен өз еркін пайдаланып отыруға дағдыландыру.
Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады:
А) білім деңгейі;
Б) адамның жеке қасиеттері, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту бейімділігінің арнайы қабілеттерінің
динамикасына көңіл аудару. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы
көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет
етеді. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты – мамандыққа
жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа
қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасала-
ды. Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу),
мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және
медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын
анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық
жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады [5,19-б].
Болашақ маман тұлғасының ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарының бірі
өз сүйіп таңдаған мұғалім мамандығының білімді, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз ауылына іс-әрекетімен
де өнеге үлгісімен де білім мен мәдениет таратады, оның өз ортасының алдыңғы қатарлы азаматы
болуы -өмір талабы. Мұғалімнің біліктілігін арттыруды ұдайы, үздіксіз ұйымдастыру –оның кәсіби
деңгейіне теориялық біліміне байланысты. Кәсіби білім арқылы оның шығармашылық қабілеті де
дамиды. Ол үшін болашақ мұғалім мәдениетінің негізі педагогикалық шеберліктің қалыптасуы.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара, психологиялық, ин-
теллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің процесі. Шығармашылық
шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге асырылады.
Ал, кәсіби шеберлік –мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын
тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы: [7, 23-б]
- гуманитарлық бағыттылығы: қызығушылықтар, құндылықтар, идеялар;
- кәсіби білімдері;
- педагогикалық қабілет: коммуникативтілік, перцептивті қабілеттер, динамизм, эмоционалды
тұрақтылық, креативтілік;
- педагогикалық техника: өзін-өзі бағдарлау.
Педагогикалық міндеттерді шешуде қарым-қатынас жасай алу (дидактикалық біліктілік,
ұйымдастырушылық қабілет, контактілі қарым-қатынас жасау зор роль атқарады. Педагогикалық
қарым-қатынас педагогикалық кәсіби мәдениетті қалыптастырады. Ал, педагогикалық шеберлік –
педагог тұлғасынының іс-әрекет барысында дами бастайды.
183
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениеті қалыптастыру үшін педагогикалық шеберлік,
педагогикалық компетенттілік т.б. қасиеттер де қалыптасуы керек. В.М. Шепель компетенция
шеңберіне адамның білім, ептілік, тәжірибе теориялық дайындығын кіргізеді. Педагогикалық пси-
хологияда “компетенттілік” педагогикалық әрекетті жүзеге асырудағы білімі, дағдысы, ептілігі деген
пікір қалыптасқан деп өзіндік тұжырымдама жасайды.
Әлқожаева Н.С. “Ақпараттандыру технологиясының болашақ маманның коммуникативтік ком-
петенциясын жетілдіруге ықпал” деген мақаласында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – қазіргі
білім берудегі үлкен міндеттің бірі. Келешекте ақпараттық мәдениетадамның кәсіби ғана емес, жал-
пы мәдениеттің де көрсеткіші болып уақыт өте келе қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның дамуының
маңызды бір факторына айналады. Техниканың дамуы педагогикалық технологияның да сапалары
мен салаларын ғылыми дамып, нәтиже беруіне өз үлесін қосады деп есептейді [9, 212-б].
Жаңа технолдолгиялардың қарқынды дамуы, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты
айтарлықтай өзгерістерге алып келуде. Сыртқы және ішкі саясат саласына, тұрмысқа, медицинаға,
мәдениетке, қоғамдық және жекелей көзқарасқа, ғылымға түбегейлі әсер етіп, белсенділік пен
дамуға ат салысады. Нәтижесінде, әртүрлі мәселерді шешуге қажетті біліммен қамтамассыз
ететін мүмкіндіктер пайда болды. Бұл ақпараттық процесс технологиялық байланыс жүйесі мен
компьютердің қазіргі коммуникалдық жәрдемі арқылы өз шешімін тауып отыр.
Олай болса ақпараттық технология жоғары оқу орындарында терең оқытылса, болашақ
маманның ақпараттық мәдениеттінің қалыптасуына ықпал ете отырып, оның кәсіби шығармашылық
қабілеттінің артуына үлкен септігін тигізген болар еді.
Елбасы Н.Назарбаев ''ғасырлар тоғысы'' атты ғылыми еңбегінде “Тәрбиенің түп мақсаты- қоғамның
нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарды
жеңіп шыға алатын, XXІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты мәдениетті, жеке
тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру” – деп тұжырымдама жасаған болатын. Осы орайда педаго-
гика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі- жеке тұлғаны тәрбиелеуде,жан- жақты дамытуда,
білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыс істеуге қаблетті,
дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру. Тәрбие процесі
мен таным әрекетінің қалыптасып дамуын іске асыруда ортақ мақсат, өзіндік тәрбие мен өзіндік
білім алудың ролі ерекше.Өзін- өзі тәрбиелеу деп- адамның белгілі мақсатқа бағытталған, өз сапа-
сын жетілдіру арқылы, кемшіліктерінен арылу әрекеті.Сондықтан тұлғаның білімге ұмтылысы үнемі
құпталып, жол көрсетіліп отырылуы тиіс. Осыдан кейін оқуға деген ынтасы, оған итермелейтін
түрткісі, икемдейтін ерік қайраты пайда болады. Егер білімді меңгеруге оқуға өзі талпынбаса,
ұмтылмайынша, өзіндік дара сапасын қалыптастырмайынша, білімге деген ізденісін тудырмайын-
ша, оның адамгершілік,дүниетанымының қалыптасуы мүмкін емес.
Болашақ маман тұласының бойына ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениетті қалыптастыру қажет.
Білімге ұмтылу және өзіндік білімін жетілдіру, белгілі дәрежеде тұлғаның келешектегі мақсатты
нұсқауы. Оқытудың жетістігі оқытушыға тәуелді, дегенмен, студенттердің қалай жұмыс жасауы да
жетімсіз дәрежеде болмауы тиіс [13, 66-б].
Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, өнер-білімді игеруі-
тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазына байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз
“Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесі” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке
кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп
халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады.
Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
1. Тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
2. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
3. Мектеппен отбасының байланысын жасау;
Ал түрлі бағдардағы кәсіби мамандық беретін орта оқу орындарында көбіне оқытушы деп атай-
ды. Білімдендіру, оқыту, тәрбие саласына ортақ атау – ұстаз, педагог, ал денешынықтыру, тәрбие
ісімен ғана шектелетін мамандарды – тәрбиеші, тәлімгер деп атау да ана тілімізде берік қалыптасқан
нұсқа [21, 110-б].
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға арналған жұмыстардың бірі
тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.
В.А.Сухомлинскийдің [22, 76-б] сөзімен айтар болсақ “Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы
да жоқ” және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол
арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік ала-
ды. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С.Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды
тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа
184
бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын
тәрбиелейді, – деп қарастырады.
Педагогикалық технология-тиісті мақсатқа жетудің нақты тәсілдері мен құралдары арқылы
көздеген нәтижеге ие болудың әдісі мен амалы. Оқыту технологиясымен салыстырғанда педагогикалық
технологиялардың мәні кең де жан-жақты, өйткені мұнда тәрбие-тәлім және тұлғаның қалыптасуы
мен дамуы бірге қамтылады. Ал оқыту технологиясы болса оқу бағдарламасындағы көлемдік
мазмұнды меңгерту түрі, әдістері мен тәсілдерін жүйелі орындап, қойылған [17, 36-б ].
Мұғалімдердің оқушыларға оқу мақсаты, оқу түрткісі бойынша қоятын қосымша сұрақтары: са-
улнама әдісі – бірнеше сыныптардан мектеп оқушыларының оқуға деген қарым-қатынастары тура-
лы түсініктерді тез арада жинап алатын әдіс. Барлық ізденістер бұл жаста танымдық түрткілермен
байланыста болады. Бұл жерде жаңа пәндерге деген қызығушылық оны оқу әртүрлі қиындықтардан
шығуы ғылыми негіздегі танымдық түсініктер кіреді. Жоғары сыныптардағы қоғамдық ғылыми
ұйымдарға қатысу, сабақтардан зерттеу әдістерін қолдану сияқты талпыныстар пайда болады.
Педагогикалық қызметті жақсы орындауға және тиімді нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін
адамның жеке басының ерекшеліктеріне сүйене отырып дамыйтын оқытушының жалпы және кәсіби
мәдениетін, кәсіби маңызы бар жеке-дара қасиеттерінің жиынтығын педагогикалық білгерлік деп
атаймыз. Себебі, біздің ұйғаруымызша, осы қасиеттер жоғары мектеп оқытушысының өз қызметінде
үлкен жетістіктерге жетуіне кепілдік бере алады [20, 38-б].
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру оқу-тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі
– ол сабақтан және аудиториядан тыс жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Болашақ мұғалім мамандарының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға педагогикалық техно-
логия пәнінің маңызы ерекше. Болашақ мұғалім оқытудың педагогикалық технологияны меңгеру
қажет.
Болашақ мұғалімнің ғаламдық интернет жүйесін меңгеру арқылы дүниенің төрт бұрышындағы
жаңалықтар мен өзгерістермен ақпараттандырыла орырып кәсіби білімін көтеруге үлкен мүмкіндік
алады. Білм беру жүйесінің жаңа талаптарын меңгеру дамыған 50 мемлекетқұрамына кіру үшін кез-
келген сала маманымен қатар жеке пәндерден дәріс беретін оқытушы мен мектеп мұғалімі ғаламдық
ақпарат жүйесіне кіре білуі қажет.
Екіншіден, алынған ақпараттарды тиімді пайдалана білу қазжеттілігі туындайды, бұл мәселенің
де шешімін шыға білу керек.
Үшіншіден инновациялық (жаңашылдық) процесті меңгеру қазіргі таңда болашақ мұғалімнің ал-
дына қойылған басты мәселелердің бірі болып саналады.
Төртіншіден электронды оқулықтарды пайдалана білу оқушылар қызығады, мұғалім де
электрондық оқулықтардағы материалдардан ақпататтық білімі болу керек. Оқыту процесінде
оқушылармен ынтымақтаса отырып электрондық кітаптардың ішіндегі материалдарды талқылап,
оқушының ой-өрісін дамытуға болады.
Бесіншіден қазіргі таңда ақпарат алу құралы көп, оны кейде пайдаланып үлгірмейміз сондықтан
да болашақ маманның ақпараттық мәдениеті жоғары деңгейде болу үшін педагогикалық бейімділік,
шеберлік, іскерлік қабілеті болуы керек.
Алтыншыдан, болашақ мұғалім жан-жақты хабардар болуы керек сол себепті бұқаралық
мерзімдік баспа ақпараттарын уақытылы пайдалану керек
Мұғалімнің ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық компетенттік білімдендіру қызметінің ба-
рысында атқарылатын процесс әрі соның нәтижесі деп қарастыруға болады. Себебі, педагогикалық
оқыту мен жеке тұлғаны тәрбиелеп дамытудың соңғы кездегі педагогикалық-психологиялық теория-
ларын қолдануға негізделген.
Мұндағы педагогикалық процесс әрекеттілік және жеке даралық- тұлғалық қатынастар
принциптеріне негізделіп ұйымдастырылады. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруды басқару
жоғары мектеп оқытушысының кәсіби қызметінің ерекше саласы болып табылады және төмендегі
мәселелерді қамтиды;
а) шығармашылық қабілеттерін дамыту: ғылыми, көркем-өнер, техникалық , спорттық ,
ұйымдастырушылық ;
ә) өзін-өзі ұйымдастырудың дағдыларын қалыптастыру. Оған магистранттардың психалық
жағынан өзін-өзі бейімдеу, табандылық, оқуда және қарым-қатынаста рационалдық көрсету. Өмірде
кездесетін жағыдайлардың шешімін табуға жігерлік білдіру сияқты дағдылар жатады.
б) денсаулығын сақтауға бағытталған дағдылар.
Болашақ мұғалімді білімдендіруге бағытталған іс-әрекетінің негізгі бағыттарының тағы бірі өз-өзін
танып білуге, өзін-өзі дұрыс бағалауға, қоршаған болмысты объективті қабылдауға, өз мақсаттарын
қоршаған ротаның мақсат мүддесімен ұштастыруға жеке басының жетістіктерімен кемшіліктерін
саралай білуге, мамандықты меңгеру жолындағы өз ісін жоспарлап ұйымдастыруға үйретеді.
185
Білім-тәрбие жетілдіру саласында болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
маман даярлау ісінің сапасын арттыру – білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі педаго-
гика психология ғылымының басты міндеттерінің бірі екені мәлім. Жоғарыда аталған мәселелерді
топтастырар болсақ, болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырып оның таңдаған
кәсібіне деген қабілетін, қызығушылығын қалыптастырып, педагогикалық технологиялар мен
ақпарат құралдары және оны пайдалану жолдарын жан-жақты ақпараттармен қаруландыра білсек,
оқушының болашақта мұғалімнің атқараты, ұнататын қызыметімен болашақта жұмыс істеуге
септігін тигізер еді.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы /Егемен Қазақстан, 1999, 1 маусым.
2. Қазақстан Республикасы азамат тарихының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын
қалыптастыру тұжырымдамасы. –Алматы: Қазақстан, 1999. 40 б.
3. Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. /Егемен
Қазақстан, 7 тамыз, 1996.
4. Педагогика негіздер.і Алматы. 2005.
5. Жаңа педагогикалық технологиялар (оқу құралы). Алматы. 2006.
6. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. Ғылыми және көркемдік таным ерекшеліктері.
Алматы: Білім, 1994, 224-б.
7. Баширова Ж.Р., Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы. 2003. 60 б.
8. Абдімәжитов К. Педагогикалық практика кезінде студенттерді тәрбие жұмысына даярлау
(Ауыл мектептерінің тәжірибесінен). Алматы. 1996. 76-б.
9. Мектепте қазақ әдебиетінен шығарма жаздыру методикасы-Алматы, 1988, 32 б.
10. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
Алматы. 2002, 180-б.
11. Баширова Ж.Р. Методологические аспекты преемственности в системе непрерывного об-
разования //ҚазҰУ хабаршысы. Педагогика ғылымы сериясы, №4. 33-39-б.
12. Ахметова Г.К. Біліктілік бастауы немесе педагогикалық жолдары оқу орындарында бірінші
курс студенттерінің өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру мәселесі // Қазақстан мектебі,
1998, №1, 31-б.
13. Айтмамбетова Б.Р. Педагогтық институтта студенттердің мұғалімдік мамандыққа
қызығуын қалыптастыру. пед.ғыл.канд.дис.автореф., Алматы. 1970, 26-б.
14. Амантурмин Ш. Мұғалім және оқу тәрбие жұмысы (әдістемелік нұсқау), Алматы, 1978,
73-б.
15. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике.-Алматы, 2001.
16. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. М.: Просвещение, 1972. 255-б.
17. Кудайкулов М.А. Дидактические проблемы формирования основ профессионально-
методических умений у будущего учителя (на материалах системы частно-методических
дисциплин и педагогической практики студентов-физиков педагогических институтов):
Дис. докт. пед. наук. Алма-Ата. 1975, 453-б.
18. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М: Педагогика, 1998.
19. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Учебник. СПб.,1960, 500-б.
20. Джусубалиева Д.М. Формирование информационной культуры студентов в условияхм
дистанционного обучения. Алматы, 1997.
21. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. М.: Просвещение, 1972. 255-б.
22. Кудайкулов М.А. Дидактические проблемы формирования основ профессионально-
методических умений у будущего учителя (на материалах системы частно-методических
дисциплин и педагогической практики студентов-физиков педагогических институтов):
Дис. докт. пед. наук. Алма-Ата. 1975. 453-б.
186
ИНТЕГРАЦИЯ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ ПО ЯЗЫКОВЫМ ДИСЦИПЛИНАМ
ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПРОГРАММЫ
«ТРИЕДИНСТВО ЯЗЫКОВ»
(КАЗАХСКИЙ, РУССКИЙ, АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫКИ)
Жусупова А.А., Алиева А.З., Алтынбекова Ж.М.
Назарбаев Интеллектуальная школа
химико-биологического направления, г. Караганда
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
Аңдатпа
Мақалада ҚР орта білім беру мекемелерінде «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасын көпмәдениетті тұлға
қалыптастыру дәрежесінде іске асырудың бір жобасы ұсынылады.
Аннотация
В статье предложен один из путей решения вопроса реализации программы «Триединство языков» на уровне
поликультурной личности в средних учебных заведениях РК.
Достарыңызбен бөлісу: |