Әдебиеттер тізімі
1. ҚР «Білім туралы» Заңының 8-бабынан.
2. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Астана.
2004. 3б.
3. Misra, P., &Koehler, M., (2006). Technological pedagogical content knowledge. A framework for teacher
knowledge. Teachers College Record, 108(6), 1017-1054.
4. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. 61-бет.
5. Убаев Ж. Қ., Сембіғалиева Л. Физика пәнін оқытуда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану-са-
палы білім негізі. - www.aktobe-gpi.kz/sites/default/files/article/Ubaev.pdf (09.10.2013)
6. Easy Science Experiment Videos.- http://www.stevespanglerscience.com/video, /(10.10.2013)
7. Free Topics – Films and Learning Materials. -http://twig-it.com/twig-films (10.10.2013)
8. Free online physics simulations.-http://phet.colorado.edu / (10.10.2013)
9. Дасибеков А., Мирсаидов М. М. Теориялық механика курсы. Электронды оқулық.- http://www.yki.
kz/index.php?option=com_content&view=article&id=84&Itemid=9 (10.10.2013)
10. Маженов Н. А., Мурашова З. Ф., Жумадилов Е. К. Толқындық және кванттық оптика. Электрондық
оқулық. -http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/optika%20kaz/index.html (10.10.2013)
11. Қожахметова А. Қ., Үмбеталиева Ұ. Л. Теориялық механика. Электронды оқулық.-http://lib.kstu.
kz:8300/tb/books/Teoreticheskaya_mehanika_%28kaz%29/main.htm (10.10.2013)
12. Копбалина К. Б., Толекова М. С. Молекулалық физика және термодинамика негіздері. Электронды
оқу құралы.http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/Molekulal@ik_fizika_zh@ene_termodinamika_negizderi/
main.htm (10.10.2013)
13. Төлеубекова А. Физика пәнін оқытуда интерактивті әдістерді пайдаланудың тиімділігі. http://
sc0011.arshaly.akmoedu.kz/modules.php?m=news&p=view&id=A0D26002922DC5E0 (10.10.2013)
14. Shulman, L. S. (2007) ‘Good teaching’. Box content in S Leob, C Rouse and A. Shorri/’Introducing the
Issue’, in The Future of Children. 17(1) 6-7.
335
ХИМИЯ ПӘНІ САБАҚТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
Рсымбетова А. У.
Ақтөбе физика-математика бағытындағы НЗМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада химия пәні сабақтарының нәтижелілігін арттыруға және оқушылардың білім сапасын
көтеруге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді табу жолындағы ізденістер жайында айтылады. Сабақты тиімді
ұйымдастыруға, атап айтқанда дарынды және талантты оқушылардың сабақ уақытын ұтымды пайдалануға,
мектептің материалдық-техникалық базасын оқушылардың білім-біліктілігі мен практикалық дағдыларын
жетілдіруде кеңінен қолдану мүмкіндіктеріне, мұғалім мен оқушылардың практикалық сабақ үстіндегі өзара
қарым-қатынасына баса назар аударылған.
Аннотация
Работа посвящена поиску способов повышения результативности и качества уроков химии. Особое внимание
уделено вопросам организации уроков с целью повышения эффективности уроков химии, рациональному исполь-
зованию времени одаренных, а также совершенствованию знаний, умений и практических навыков при широком
использовании материально-технической базы НИШ г. Актобе, вопросам взаимоотношения между учителем и
учениками.
Abstract
The work is devoted to looking for ways to improve the effectiveness and quality of chemistry lessons. Particular attention
is paid to the organization of the lessons in order to improve the efficiency of chemistry lessons, time management of gifted
children, and improve the knowledge, abilities and practical skills in the wide use of the material-technical base of NIS Aktobe,
on the relationship between teacher and students.
Қазіргі заман талабына сай мұғалім орта білім беру жүйесіндегі сындарлы теориялық оқытуға
негізделген тәсілдерін меңгеру керек. Тек осындай жағдайда ғана мұғалім «дәстүрлі» білім беру
әдісіндегідей жаттанды, біраз уақыт өткеннен кейін ұмытылып қалатын, үстірт білімді оқушыны емес,
пәнді терең түсінетін, алған білімін өмірде тиімді пайдалана алатын зияткер тұлғаны даярлай алады.
Мектептердегі «дәстүрлі» сабақ жүргізу жүйесі «баяу» оқушының проблемаларын ескермейтін, ал
жақсы оқитындар өз мүмкіндіктерін көрсете алмайтын бір үлгідегі «шаблонды» сабақ құрылымдары
ретінде «өзара сөйлеспеңдер!» деп өткізілетін оқушының тек мұғаліммен бірлесіп істейтін іс-әрекетін
дұрыс деп санап, оқушыларға дайын білім беруге негізделіп келсе, қазіргі сындарлы жүйе-пікір
алмасыңдар, өзара түзетіңдер деген көзқарасты негізге алады. Сондықтан әртүрлі әрекеттер арқылы
оқушының ақыл-ойын жетілдіру, оның жеке тұлға ретіндегі өзіндік көзқарасын қалыптастыру жолда-
рын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Осыған орай, елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолда-
уында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге
қол жеткізуіміз керек» делінген. Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу- барша
ұстаз алдында тұрған көкейкесті міндеттердің бірі, сондықтан бүгінгі таңда аса маңызды болып табыла-
тын сындарлы оқыту теориясы негіздерін басшылыққа алу қажеттілігі айдан анық [1, 6-б].
Әрине, жаңашыл бағытта сабақ берудің әдіс-тәсілдерін үйрену мен үшін уақыт талабы, өзім
жұмыс істейтін Назарбаев Зияткерлік мектебінің талабы болып табылады. Біздің мектебімізде
конкурстың жоғары талаптарына сай, өз мектептеріндегі жақсы оқып жүрген, дарынды да, ізденімпаз
оқушылар іріктеліп алынған. Мектептің жабдықталуы мен әдістемелік қамтылуы да білім берудің
озық талаптарына сәйкес. Әсіресе, мектептің кез келген бөлмесінде қондырылған желісіз интернет
жүйесі мен сенсорлық тақталардың болуы, заманауи лабораториялық құрал-жабдықтардың болуы
оқушыларды сөзсіз қызықтырады және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Соңғы кезде
оқушыға бағытталған «Қарасам – көремін, тыңдасам – естимін, ал әрекет жасасам – білемін» деген
қағида мұғалімдер ортасында жиі айтылады.
Менің ойымша, химия көбінесе абстрактылы ойлауды қажет ететін ғылым болғандықтан, белсенді
әрекеттің тиімділігі ерекше сезілетін пән болып табылады. Оқушының белсенді әрекеті көбінесе хи-
мия сабақтарында жүргізілетін практикалық жұмыстарда ұйымдастырылады. Практикалық жұмыс
оқушылардың тақырып түйініне қолмен жасаған тәжірибе негізінде көз жеткізуіне мүмкіндік береді.
Оқушылардың сабаққа ынтасының артатындығын «Бейтараптану реакциялары» тақырыбына өткізген
практикалық сабағымда оқушылардың демонстрациялық зертханалық жұмыстың видео түсірілімінен
бақыладым. Демонстрациялық тәжірибе кезінде ықылассыз отырған оқушы С-5 жеке жұмысты зор
қызығушылықпен, көздері жайнап орындап отырғаны мені қатты таңқалдырды, әрі ойландырды.
Оқытудың қолмен ұстап көруге мүмкіндік беретін «актив» формаларына көшу керектігіне, шынымен,
336
көз жеткіздім. Осыдан кейін өткізілген практикалық жұмыста барлық тәжірибелерді оқушылар өздері
жасады. Мұндай оқушы үшін «жағымды» өзгерістер практикалық жұмыстар санын әдеттегіден көбірек
қамтыған кіріктірілген химия пәнінің бағдарламасына көптеп енгізілген.
Практикалық сабақтарда қойылған сұрақтарға оқушылардың өзбетімен жауап іздеп үйренуін
ынталандыру үшін «Қойылған мәселелер оқушылар үшін мәнді болуы керек, ол оқушылар
қызығушылығынан туған жағдайда мүмкін» деген ұстанымды ескердім [2,11-б]. Менің ойымша,
бұрынғы сабақтарымдағы «мұғалім- оқушы» авторитарлық қарым қатынастан «оқушы- оқушы»
еркін қатынасына көшу өз жемісін бере бастады. Эксперимент ретінде «дәстүрлі» сабақтарымда өзім
аз қолданып жүрген жоғары деңгейдегі «Егер... өзгерсе, не болар еді?» және «Неге?» деген сұрақтарды
көбірек пайдаландым. Мұндай сұрақ қою әдісі оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге мүмкіндік
беретінін осы сабақтар топтамасын өткізу кезінде байқадым. Сабақта шаблондық жауап беретін С.,
Д. сияқты оқушылардың қызығушылықпен жауап беріп, өздерінің шығармашылықтарын көрсете
білгені мені қуантып тастады.
Сыныптағы талантты және дарынды оқушылармен дифференциацияланған жұмысты жеделде-
ту, күрделендіру, тереңдету, проблемалық оқыту, креативті шешімдер қабылдау сияқты мен үшін
тың бағыттарда жүргізуге болатынын білдім [3, 106-б].
Тереңдету стратегиясы бойынша жұмбақ қасиеттері бар бейорганикалық заттарды табуға берілген
практикалық есептерді шығаруда: «Біз не білеміз?», «Бізге не білу керек?», «Оны қалай білеміз?»
деген сұрақтар көмегімен дарынды оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударсам, мұндай
балаларды оқытудың келесі тиімді жолдарының бірі ретінде жеделдете білім беру әдісін қолданып
көрдім. Менің ойымша, бұл бағытта өтілетін тақырып пен жоғарғы сыныпта өтетін тақырыптарды
дұрыс байланыстыратындай етіп оқытуды жоспарлай алсам, оқушылар соғұрлым тез дамиды
және жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Жеделдету стратегиясы бойынша оқушыларға күкірт
қышқылын мұнайды өңдеуде қолдану мүмкіндіктерін зерттеуге тапсырма бердім.
Талантты және дарынды оқушылармен дифференциацияланған жұмысты проблемалық оқыту
бағыттарында жүргізу үшін химиялық зерттеу жұмыстарын беруге болады [4, 64-б]. Мен мұндай
стратегияны мен өткізген сабақтар топтамасының екінші «Қышқылдардың негіздермен әрекеттесуі»
тақырыбы бойынша өткізілген практикалық сабағымда қолданып көрдім. Бұл бағытты дарындылар-
мен жұмыс кезінде олардың сындарлы ойлауын жетілдіру мақсатында таңдап алдым. Оқушылар
практикалық жұмыстың мақсатына сәйкес нәтижесін «Фишбоун» әдісімен алдын ала болжау,
эксперименттік жұмысты жүргізу, қорытынды жасау сатылары бойынша «Measure» программасымен
жабдықталған компьютерге тіркелген лабораториялық PHYWE қондырғысында зерттеді. Жұмысты
жүргізу барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау деңгейін көтеру мақсатында проблемалық
технологиялар арқылы болжам жасауға үйрету, жоғары деңгейлік практикалық жұмысты жүргізу
дағдыларын қалыптастыру және мәселенің шешімін іздету арқылы шығармашылық қабілетін
дамыту көзделді. Проблемалық оқыту стратегиясының тиімділігі бірден көрінді. Мен мұндай
әдісті практикалық жұмыстарға жиі қолдана бастадым. Мұндай практикалық жұмыстар ерекше
бағалау критерийлерін қажет етеді. Сондықтан практикалық жұмысты бағалаудың критериалды
жүйесін жасауды үйрендім. Бейтараптау реакциясы бойынша жүргізілетін титриметриялық ана-
лиз химиядағы концентрацияны анықтауға қажетті аса маңызды әдіс болып табылады. Бұл әдісті
меңгеру оқушылардың аналитикалық әдіс-тәсілдерді меңгеруіндегі табалдырық іспетті. Сондықтан
оқушыларды титриметриялық анализ әдістеріне үйретуде олардың титрлеудің мақсатын түсінуіне
және практика жүзінде оны орындауына көп көңіл бөлінеді. «Титриметриялық анализ» тақырыбы
бойынша оқыту мақсатына сәйкес құрылған дескрипторлар практикалық жұмыста оқушылардың
аналитикалық титрлеу әдісін меңгеруіне негізделіп төмендегідей етіп құрылды (кесте1):
Кесте 1. «Титриметриялық анализ» тақырыбы бойынша формативті бағалау
дескрипторлары
Тақырып: Титриметриялық анализ
Оқыту мақсаты:
Титрлеудің мақсатын түсініп және практика жүзінде оны орындап, эквиваленттер заңына сәйкес
есептеулерді орындай алу
Критерий:
b- қолдану
Тапсырма№1
0,1205 н H
2
SO
4
ерітіндісінің титрі нешеге тең?
Тапсырма № 2
20 мл HNO
3
ерітіндісін титрлеуге 15 мл 0,1200 н NaOH ерітіндісі жұмсалды. Азот қышқылы ерітіндісі
үшін эквиваленттің молярлық концентрациясын табыңдар.
337
Оқыту мақсаты
Критерий
Дескрипторлар
Жетті
Талпынды
Қорытынды
Жетті
Тал- пынды
ОМ1
В
Оқушы ерітіндінің нормальдық концентрациясы бой-
ынша титрді есептей алады
Оқушы титрант ерітіндісі бойынша зерттелетін
ерітінді концентрациясын таба алады
Оқушы титрлеуге кеткен зат мөлшері мен эквива-
ленттер заңы бойынша зерттелетін ерітінді үшін
эквиваленттің молярлық концентрациясын таба
біледі
«Бейтараптану реакциялары» тақырыбына өткізілген практикалық жұмыстың қорытындысы
төмендегідей спецификацияға сәйкес жүргізілді (кесте-2):
Кесте 2. «Бейтараптану реакциялары» тақырыбы бойынша критериалды бағалау
спецификациясы
Тапсырма
Тапсырманың сипаттамасы
Тексерілетін элементтер
Тексерілетін эле
-
менттер ұпай
Тапсырманы
орындағаны үшін
ұпай
1
Практикалық жұмыстың дәптерге толық орындалуы мен оқушы байқаған құбылысқа сай
қорытынды жасай
білу дағдысы
Оқушы практикалық жұмыстың мақсатын дұрыс қоя алады
1ұ
5ұ
Оқушы практикалық жұмыстың гипотезасын жаза алады
1ұ
Оқушы жұмыс барысында байқалған құбылыстарды дұрыс
жаза алады
3
2
Қышқыл мен сілті арасында жүретін бейтарап
-
тану реакциясының: молекулалық, толық және
қысқартылған иондық теңдеулерін жазу
Оқушы күшті қышқылдар мен күшті сілтілер
ерітінділерімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін біледі
және оны сақтай біледі
Оқушы фенолфталейн индикаторының сілті ерітіндісіндегі
түсін біледі
Оқушы сілтіні қышқылмен бейтараптаған кезде таңқурай
түстің жойылатындығын біледі
Оқушы сілтіні қышқылмен бейтараптаған кезде жылудың
бөлінгендігін біледі
Оқушы бейтараптану және алмасу реакциясының
молекулалық теңдеуін жаза алады
Оқушы бейтараптану және алмасу реакциясының толық
иондық теңдеуін жаза алады
Оқушы бейтараптану және алмасу реакциясының
қысқартылған иондық теңдеуін жаза алады
3
Оқушы практикалық
жұмысты талапқа сай
дұрыс рәсімдеп жаза
алады
Жұмыстың аралық нәтижесі бойын-
ша қорытынды жаза алады
1ұ
2ұ
Жұмыс нәтижесі бойынша жалпы
қорытындыны дұрыс жаза алады
1ұ
Жалпы ұпай саны: 14
338
Әсіресе дарынды оқушылардың рефлексия кезінде: «Тәжірибені қалай басқаша жүргізуге болар
еді?» деген сұраққа рН-ты анықтаудың қарапайым әдістерін ұсына білгені менің анықтаған дарынды
оқушыларымның дұрыс бағытта жұмыс істеп келе жатқандығын көрсетті. Сабақ қорытындысында
оқушының өзіне қойған бағасы, кластасының бағасы қойылған парақшалар жиналып, соңында
мұғалімнің бағасы қойылды. Бірақ мұғалімнің қойған бағасынан гөрі, оқушының өз жұмысына сыни
тұрғыдан қарап, өзін-өзі бағалауы және кластастарының берген бағасының оң ықпалы болуына бай-
ланысты, өзіндік, өзара және мұғалім бағасы сараланып отырса, бағаның объективтілігі артып, оның
әділдігіне оқушының өзінің де, ата-анасының да көзі жететіндігін байқадым. Бұл оқушының өзін-
өзі реттеуіне үлкен әсер етеді, сондықтан бұрынғыдай көптің алдында тақтаға шығып, сабақ айту-
дан қысылатын оқушы өзіне ыңғайлы ахуалда практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.
Мұндай белсенді әрекеттер арқылы шәкірттердің білімді өздігінен үйренуіндегі негізгі қағида «не
білу» емес, – «не жасай білу» болып табылады [3, 15-16-б].
НЗМ және CTY бағдарламасына сәйкес талантты және дарынды оқушылармен
дифференциацияланған жұмысты жеделдету, күрделендіру, тереңдету, проблемалық оқыту,
креативті шешімдер қабылдау бағыттарында жүргізуге болатынын білдім [4, 106-б]. Сыныптағы Д., С.
және Д. сияқты дарынды оқушыларға өздігінен ұзақ білім алуға ынталандыру және олардың білімін
тереңдету мақсатында ерекше қасиеттері бар жұмбақ бейорганикалық заттарды табуға берілген
жоғарғы қиындық деңгейі бойынша құрастырылған шығармашылық тапсырма ұсындым. Таңдап
алған стратегиям- тереңдету стратегиясы деп аталады.
Тереңдету стратегиясы. Сұрақ-1. «Жарық шашатын монах». Берілген тапсырманы оқып
болғаннан кейін мен оқушылардың төмендегідей сұрақтарға жауап беруін сұраймын: «Біз не
білеміз?», «Бізге не білу керек?», «Оны қалай білеміз?»
Бұл сұрақтар оқушыларға берілген жұмбақтың шешуін табуға қажетті амалдар ретін таңдауға
көмектеседі. Сонымен қатар, тереңдету стратегиясы оқу мақсатына сәйкес талаптарды дарынды
оқушылардың өздігінен түсінуіне және өзін-өзі реттеуіне мүмкіндік береді. Сондықтан сабағымда
оқушылардың жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беру кезінде өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыруына басты назар аудардым. Оқушылар өздерінің болжамдары бойынша дәйекті жа-
уаптар бере алды. Табылған жұмбақтың шешуі метакогнитивті сұрақтар бойынша тексерілді және
Біз нені үйрендік?- бағаны толтырылды. Мені қуантқан нәрсе – тапсырманы орындап болған кез-
де оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды, себебі олар тереңдетілген сұраққа құрылған қызықты
жұмбақтардың шешуін дұрыс таба білді. Оқушылардың дұрыс жауабы жұлдызшалармен марапат-
талды. Орындалған тапсырманың нәтижесі сыныптағы талантты және дарынды оқушыларға оқу
материалының мазмұнын кеңейту және тапсырманы күрделендіру арқылы немесе практика жүзінде
шешілетін проблемалық мәселе қою арқылы олардың ішкі уәжін арттыруға болатындығын көрсетті.
Мен осы бағыттағы жұмысымды өзге сыныптарда да жалғастыруды ұйғардым. Келесі сабақта мен
сыныптағы талантты және дарынды балаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі ретінде жеделдете
білім беру әдісін қолданып көрдім. Менің ойымша, бұл бағытта ағымдағы тақырып пен жоғарғы сы-
ныпта өтетін тақырыптарды өзара дұрыс байланыстырып жоспарлай алсам, оқушыларым соғұрлым
тез дамиды және жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Себебі мұндай жоспарлау оқушылардың
шығармашылық дағдыларын, метакогнитивті қабылдауы мен логикалық ойлау дағдыларын жақсы
жетілдіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты оқушылардың келесі сыныпта оқитын мұнай және
оны өңдеу жолдары тақырыбын минералды қышқылдармен байланыстырып, жеделдету бағытын
апробациялауды жөн көрдім. Осыған орай, дарынды балаларға төмендегідей тапсырма берілді:
Жеделдету стратегиясы. Сұрақ-2
Қазіргі кезде мұнай кеніштеріндегі қоры жағынан көбі – ауыр мұнайлар. Батыс Қазақстанның
мақтанышына айналып отырған Кеңкияқ мұнайы құрамы бойынша ауыр мұнайларға жататыны
анықталды. Мұндай мұнайларды қандай жолмен өңдеген тиімді?
Дарынды оқушылар мұнай өңдеу әдістері бойынша алған білімдерін сараптап, ауыр мұнайларды
өңдеуде минералды қышқылдарды қолдануға болатындығын және осы мәселе бойыншатиімді
әдіс ұсынады. Яғни, бейорганикалық химия материалымен қатар органикалық химияның кейбір
сұрақтарын дарынды оқушылар меңгере алатынына көзім жетті. Талантты және дарынды оқушылар
келесі сыныптың материалын толық меңгермегенімен мұнайлардың құрамы бойынша негізгі
түсінігінің қалыптасуы – саралау тапсырмасының алдына қойған мақсатына жеткендігін көрсетеді.
Бірақ бұл сұрақты тапсырма берілген үш оқушының екеуі ғана орындай алды, сондықтан бір
оқушымен қосымша сабақта осы тапсырманы қайта қарау керек болады. Бұл жағдай жеделдету
стратегиясын талантты және дарынды оқушылардың барлығына бірдей қолдануға болмайтындығын,
олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін әлі де болса жақсырақ зерттеу қажеттігін көрсетті. Сондықтан
дарынды оқушы мен мұғалімнің төмендегідей іс –әрекеттің 3-кестесі қабылданды.
339
Кесте-3. Сабақтағы мұғалімнің және дарынды оқушының іс–әрекет кестесі
Мұғалімнің ролі
Оқушының ролі
Сұрақтар береді
Өзін-өзі бағалау мақсатында жұмысының
тиімділігін бақылайды
Тәлімгер
Оқып-білу керек білімдер көлемін анықтайды.
Оны оқу кестесін құрады.
Қабылдау үдерісіне және түсінік қалыптасуына
көмектеседі
Оқу ресурстарын анықтайды
Прогрессті бағалайды
Оқу ресурстарын тиімді қолдануға қажетті
дағдыларды анықтайды
Жақсартуға кеңес береді
Қажетті ақпаратты анықтайды және іріктейді,
ақпараттың шынайылылығын анықтайды.
Оқушыны шаблонды емес ойлауға үйрету ұстазға қажырлы еңбекпен келетін жетістік. Сондықтан
курс материалдарынан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін тақырыпқа сай
теориялық мағлұматтарды стандартты емес жағдайларда қолдануға байланысты сұрақтар қоюдың
аса маңызды екенін түсіндім [1,41-б]. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін арттыру және
өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру үшін меңгерілген материалды өзгертілген жағдайда,
нақты өндірістік практикада қолдануға байланысты тапсырмаларды оқушыларға жиі беріп оты-
рамын. Талантты және дарынды оқушылармен дифференциацияланған жұмысты проблемалық
оқыту бағыттарында жүргізу үшін химиялық зерттеу жұмыстарын беруге болады. Мен мұндай
стратегияны өткізілген сабақтар топтамасының екінші «Қышқылдардың негіздермен әрекеттесуі.
Бейтараптану реакциялары» деген тақырыптағы практикалық сабағымда қолданып көрдім. Бұл
бағытты дарындылармен жұмыс кезінде олардың сындарлы ойлауын жетілдіру мақсатында таңдап
алдым. Практикалық жұмыста дарынды оқушылар бейтараптану реакциялары кезіндегі рН мәнінің
өзгерісін лабораториялық PHYWE және SPARK оқыту жүйесі қондырғыларында зерттеді.
Проблемалық оқыту стратегиясы. Тапсырма-1. «Бейорганикалық қышқылдар мен сілтілер
арасындағы бейтараптану реакциялары» кезінде ортаның рН мәні қалай өзгереді?
Оқушылар қойылған проблеманы шешу жолын «Фишбоун» әдісімен болжау арқылы ұсынды.
Химия зертханасында жеткілікті компьютер және дистанциялық «Measure» – программалық
жабдықталуы болғандықтан барлық оқушылар жеке жұмыс істей алды.
Талантты және дарынды оқушы деңгейі қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерге байланысты
анықталып отырды.
Жұмыста күтілетін нәтижелер: «Бейорганикалық қышқылдар мен сілтілер арасындағы бей-
тараптану реакциялары» тақырыбы бойынша жоғары деңгейлік практикалық жұмысты жүргізу
дағдыларын қалыптастыру.
Дифференциациялау әдістері: білім мен біліктіліктерді тереңдету стратегиясы.
Қажетті материалдар: лабораториялық PHYWE қондырғысы
Қосымша идеялар: жұмысты жүргізу әдістемесінің бірнеше жолдарын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |