Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция


өлшеу»  әдістемесі,  «Филлипстің  мектептегі  мазасыздану  тесті»



Pdf көрінісі
бет55/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72

өлшеу»  әдістемесі,  «Филлипстің  мектептегі  мазасыздану  тесті»  әдістемесі  (Т.  А.  Немчинмен 

жаттықтырылған) қолдануға болады.

«Тейлордың мазасыздану деңгейін өлшеу» әдістемесі мазасыздану деңгейін өлшеуге арналған. Ол 

50 сұрақтан тұрады. Ол тізім немесе карточка ретінде берілуі мүмкін. Зерттелінушінің мазасыздану-

ын білдіретін жауаптар саны есептеледі.

40 – 50 балл – мазасызданудыңөте жоғары деңгейде екенін көрсетеді, 25 – 40 балл – мазасызданудың 

жоғары  деңгейде  екенін,  15  –  25  балл  –  орташа  (жоғарыға  бейім)  деңгейде,  5  –  15  балл  –  орташа 

(төменге қарай) деңгейде, 0 – 5 балл мазасызанудың төменгі деңгейін айтады. 

«Филлипстің мектептен мазасыздану тесті» оқушыларға санауға болатын немесе жазбаша түрде 

ұсынылатын 58 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек. Нәтижелерді 

өңдеу кезінде жауаптары тест кілтімен сәйкес келмейтін жауаптардың сұрақтарын бөледі. Кілтпен 

сәйкес келмейтін жауаптар – бұл мазасыздану көрінісі. Өңдеу кезінде саналады:

1.  Барлық  тест  бойынша  сәйкес  келмейтін  жалпы  санды.  Егер  ол  50%  көп  болса,  баланың 

жоғарылаған мазасыздануын айтуы, ол егер 75% көп болса, жоғары мазасыздануды айтады.

2. Тестте белгіленген мазасызданудың әр 8 фактісіне сәйкес келген сандар.

Мазасыздану деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады. Көбіне сол немесе басқа мазасыздану 

синдромдары (фактор) мен оның мөлшерін анықтайтын, оқушының жалпы ішкі эмоционалды күйі 

анализденеді. Әр синдромның (фактордың) сипаттамасы:

1. Мектептегі жалпы мазасыздану – мектеп өміріне қосылатын түрлі формамен байланысты, 

баланың жалпы эмоционалды күйі.

2.  Әлеуметтік  стресті  уайымдау  –  әлеуметтік  қатынасы  (ең  алдымен  –  құрбыларымен)  даму 

бейнесіндегі баланың эмоционалды күйі.



351

3.  Сәттілікке  жетудегі  структуралық  қажеттілік  –  балаға  өзінің  қажеттіліктерін  сәттілікке, 

жоғары жетістікке жетуге дамуға мүмкіндік бермейтін. Жақсы емес, сәтсіз психикалық фон.

4. Өзін байқауға қорқынышты – өзін ашумен емес, өзін басқаларға тапсырумен, өз мүмкіндіктерін 

демонстрациялау қажеттілігімен байланысты, жағдайды эмоционалды уайымдау.

5. Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш – білімдерді, жетістіктерді, мүмкіндіктерді тексеру 

(әсіресе көпшілік алдында) жағдайындағы үрейді уайымдау және кері қатынас. 

6. Айналадағылардың үмітін ақтай алмай қалу қорқынышы – айналадағылардың берген бағасын 

ойлап, мазасыздану.

7. Стреске психофизиологияық қарсы тұруының төмен болуы – әсіресе, баланың стрестогендік 

сипаттағы ситуацияларға бейімделуі төмендететін психофихиологиялық организациялар.

8.  Мұғаліммен  қатынас  жасауға  қорқатынымен  байланысты  проблемалары  –  мектептегі 

әрекеттермен  жағымсыз  эмоциялық  қарым-қатынасы  бала  үлгерімінің  төмендеуіне  әсер 

етеді. [7]

Бастауыш  сынып  оқушылар  құлығындағы  мазасыздануды  төмендету  мақсатында,  мазасыз 

балалардың өзара іс-әрекет тәсілінің құрылымы дамуына, олардың жеке тұлға арасындағы қарым-

қатынасының, сонымен қатар коммуникативтік үйренулерінің дамуына бағытталған, коррекциялы – 

дамытушы жұмыстары жасалады.



«Саламатсыздарма, мен танысқаныма қуаныштымын»(тренинг сабақ)

Мақсаты: топтың үйлесімділігі, ұйымшылдығы, оңды эмоционалды фонды құру, сабақ үстіндегі 

құлық ережелерін өңдеп шығару.

«Мен және Менің әлемім» (тренинг сабақ)

Мақсаты: қатысушылар арасында кернеуді түсіру өзін тану. 



«Қарым-қатынас үйлесімділігі» (тренинг сабақ)

Мақсаты: басқаның құлағына деген зейінді дамыту және кері байланысты алуға деген қабілеттілік.



«Менің қоршаған әлемім» (тренинг сабақ)

Мақсаты:  басқа  адамның  қадірі  туралы  түсінікті  дамыту  және  өз  эмоциялық  күйін  шығару 

қабілеттігі. [8]

Бақылаушы эксперимент нәтижелерінің сапалы анализі, бастауыш сынып жасындағы балалардың 

мазасыздануларының  төмендеуіне,  өзара  іс-әрекеттік  құрылымдық  тәсілдерінің  дамуына,  оларға 

өзара іс-әрекетке белсенді кірісуге мүмкіндік беретін және біріккен іс-әрекетке жақсы нәтижелерге 

қол жеткізуге бағытталған коррекциялы-дамытушылық шаралардың жүйесі арқылы нәтижеге же-

туге болады.



Әдебиеттер тізімі

1.  Макшанцева Л. В. Тревожность и возможности ее снижения у детей // Психологическая наука и 

образование – 1988 №2 –15с.

2.  Психология. Словарь / Под ред. А. В. Петровского, М. Г. Ярошевского. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: 

Политиздат, 1990 – 494 с.

3.  Аракелов  Н.  Е.,  Лысенко  Е.  Е.  «Психофизиологический  метод  оценки  тревожности»  // 

Психологический журнал – 1997 – №2 –34-38с.

4.  Габдрева Г. Ш. Основные аспекты проблемы тревожности в психологии. // Тонус, 2000, № 5.

5.  Аракелов Н., Шишкова Н. «Тревожность: методы ее диагностики и коррекции» // Вестник МУ, сер. 

Психология – 1998 – №1 –18с.

6.  Нетреба С. Влияние коррекции тревожности на формирование адекватной самооценки младшем 

школьном возрасте с учетом этнической принадлежности детей. //Ұлт тағылымы. 2004. №3, 122-

126 с.

7.  Практическая психодиагностика. Методики и тесты. Учебное пособие – Самара: Дом «БАХРАХ», 



1998 – 672 с.

8.  «Альманах психологических тестов» – Москва: «КСП», 1995 –333-336 с.

 


352

КЕМБРИДЖ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ 

ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАУ 

Сүлейменов М. Б. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша

ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа 

Мақала  қазіргі  білім  берудің  өзекті  тақырыбын  ашып  көрсеткен.  Педагог  қызметкерлердің  біліктілігін 

арттырудың Кембридж бағдарламасы бойынша оқытуды тұлғаға бағыттауды және білім беру үдерісінде оқушы 

әрекетіне баса назар аударуды ұсынған. 

Аннотация

Статья раскрывает актуальную проблему современного образования - личностно-ориентированно обучение. 

Автор  акцентирует  внимание  на  личностно-ориентированном  обучении,  нашедшем  отражение  в  программе 

Центра педагогического мастерства и Кембриджского университета и рекомендует особое внимание учителя ак-

центировать на действиях ученика в учебном процессе. 

Abstract

The article is revealed the actual topic of modern education. The author focuses on the influence of the Cambridge teacher 

training program on the development of functional literacy to change the content of the educational process.

Қазақстан Республикасындағы педагогтердің біліктілігін арттырудың Кембридж бағдарламасын 

іске асыру қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби 

дамуға және жалпы білім беретін мектепте оқыту мен оқуды түбегейлі өзгертуге тамаша мүмкіндік 

берді. 

Бағдарламаның  негізгі  идеясы  сындарлы  оқыту  тәсіліне  негізделген.  Сындарлы  оқытудың 



мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез 

келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. 

Күтілетін нәтижелері: 

•  оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуі; 

•  еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білуі; 

•  ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастарының жүйелі дамуы; 

•  қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруі; 

•  сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушының қалыптасуы [1, 6-б].

Дәстүрлі  оқытуда  оқушы  сұраныс,  талап-тілегін  қанағаттандыра  бермейді.  Оқытудың  замана-

уи технологиялары мен әдістері ұстаз бен оқушы арасындағы сенімді серіктестік қарым-қатынасқа 

ауысуға ықпал етеді.

Бағдарламаның  басым  бағыттары  келесі  жеті  модульден  тұрады:  оқыту  мен  оқудағы  жаңа 

тәсілдер;  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету;  оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау;  оқыту  мен 

оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану;  талантты  және  дарынды  бала-

ларды  оқыту,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқу;  оқытуды  басқару  және 

көшбасшылық [1, 12-б]. 

Кембридж  бағдарламасын  іске  асыру  оқушылардың  дербестігін,  тәуелсіздігін  дамытуға  қалай 

ықпал етеді? 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бағыты бойынша балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері 

мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. 

Мұнда жаңа әдістер ретінде біріншіден, «Қалай оқу керектігін үйрету» модулінде мұғалім алды-

мен «оқуды үйрететін» білім ортасын құру қажет. Ол үшін балаларға оқу қағидаттарын үйренуде 

көмек көрсететін келесі факторларды зерделеуі керек: балалардың оқу үдерісін түсінуі, оқу үдерісін 

қалай құрылымдау қажет екендігі; оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі [1, 32-б]. Осы аталған 

факторлар  толық  қамтылғанда  ғана  оқуды  үйрету  тиімді  болмақ.  Сонымен  қатар  бағдарламада 

қалай оқу керектігін үйрену «өзін-өзі реттеу» үдерісіне негізделген. Яғни, бұл жерде оқушылардың 

әлеуметтік, когнитивтік, эмоционалдық, ынталандырушылық реттелуі қалыпты жағдайда орын алса, 

оқушылардың  оқып-үйренуі  табысты  болады.  Себебі,  оқушылар  өздерінің  оқуына  саналы  түрде 

қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады, сондай-ақ оқушы ретінде 

сезіне бастайды. 



353

Келесі әдіс ретінде «Диалогтік оқытуды» басты назарға алынады. Оның негізінде оқушылар мен 

мұғалім  арасында  өзіндік  ой-пікірді  жүйелеу  амалдары  қарастырылады.  Диалогтік  оқыту  тәсілін 

қолдануы сыни тұрғыдан дамытуға ықпал етеді. 

Диалогтік оқыту тәсілі сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Сұрақтың дұрыс қойылуы – сабақтың тиімді құралына айналады. Сұрақтардың түрлері: төмен 

дәрежелі жабық және жоғары дәрежелі қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға, талдауға тиіс 

ашық сұрақтар болып бөлінеді. 

Сұрақ қоюдың техникалары: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау.

Түрткі болу: жауап алу үшін, оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін, сұрақты қарапайым 

қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беруге ықпал ету.

Сынақтан өту: толық жауап беру, ойларын анық білдіру, идеяларын дамытуға көмектесетіндей 

етіп құру, «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» тапсырманы орындау барысында бағдар беру. 

Қайта  бағыттау:  сұрақты  басқа  оқушыға  қайта  бағыттау  «Көмектесе  алатындар  бар  ма?»,  ын-

таландырады,  қызығушылығын  анықтайды,  зерттеуге  ынталандырады,  білімін  қалыптастыруға 

көмектеседі, сын тұрғысынан ойлауға ықпал етеді, басқа идеяларды құрметтеуге үйретеді, оқытуды 

қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды [1, 41-б]. 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын оқытудың 

әртүрлі формаларында қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық 

жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін 

түйіндеп,  пайдалана  білуге  үйретуді  көздейді.  Әр  уақытта  сабақта  оқушылардың  сыни  ойлауын 

дамыту  мен  сындарлы  көзқарасын  қалыптастыру  басшылыққа  алынады.  Сыни  ойлауды  дамыту 

технологиясының  дәстүрлі  оқытудан  басты  айырмашылығы-  білімнің  дайын  күйінде  берілмеуі. 

Нақты  жағдайда  «мынаны  былай  жасау  керек»  деп  көрсетпей,  оқушының  өзінің  шығармашылық 

ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. 

Оқушылардың  оқудағы  когнитивтік,  эмоционалдық  және  әлеуметтік  кедергілерінің  дұрыс 

анықталуы мұғалімдерге дидактикалық жағдайларды жасауға, оның ішінде оқытудың тиімді страте-

гияларын таңдауға мүмкіндік береді. 

Зерттеулерде  ересектермен  интерактивті  қарым-қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілген 

жұмыстың  балалардың  оқуына  және  когнитивті  дамуына  әсер  ететіндігі  айтылған.  Сыныпта  тіл 

қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететіндігі дәлелденген.

Оқушылардың  дербестігін  дамытуға  ықпал  болатын  Кембридж  бағдарламасын  келесі  басым 

бағыты, ол – оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. 

Мұғалімдер  мен  оқушылар  үшін  өздерінің  қандай  мақсатқа  жетуді  көздейтінін,  мақсатқа  жету 

өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу және оқушылардың оқуға ішкі уәжбен келуі маңызды. 

Осыған байланысты бағдарлама критерий арқылы бағалау тәсілдерін де қарастырады. Тәжірибеде 

қалыптастырушы  бағалаудың  бірнеше  түрін  қолдануға  болады.  Соның  бірі  –  оқушылармен  кері 

байланыс  орнату.  Кері  байланыс  жасау  –  оқушының  оқуын  жақсарту  үшін  қажет.  Рефлексияға, 

кері  байланысқа  ерекше  көңіл  бөлу  –  оқыту  мен  оқудың  тиімділігін  арттыру  болады.  Сондықтан 

әр сабақ мазмұнында оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет 

екендігін,  қандай  ұсынысы  бар  екенін  білу  мұғалім  үшін  оқытуды  одан  әрі  қалай  жетілдіруге  бо-

латынын ойлануға, ізденуге мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалау, яғни әр оқушының жеке, өзара 

және топаралық оқу әрекеттерін бағалаудан тұратын формативті бағалаудың енгізілуі олардың бір-

бірімен  ынтымақтастықта,  сенімді  қарым-қатынаста  жұмыс  жасауы  болып  табылады.  Оқыту  мен 

кері  байланысты  білім  беру  қаншалықты  сауатты  болуы  оқушының  келешектегі  табыстылығына 

байланысты болады. 

Бағдарламаның  келесі  басты  бағыты  болып  саналатын  талантты  және  дарынды  балаларды 

оқыту қазіргі білім талабына сай ерекше мәнде қаралады. Олардың өздері де сабаққа ынталы бо-

латыны  белгілі.  Оқушылардың  әрқайсысылары  өзіндік  ерекше  қасиеттері  арқылы  дараланып 

отырады.  Біреулері  ойын  ашық  түрде  жеткізе  алса,  басқалары  өлең  арқылы  суреттеу  арқылы  да-

ралануы  мүмкін.  Дарынды  оқушылармен  жұмысты  ұйымдастыруда  тереңдетілген,  күрделенген 

тапсырмаларды дайындау және шығармашылық ізденістегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу 

арқылы дарындылықты анықтауға болады. Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, 

көшбасшылық қасиетімен таныла бастайды. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы 

серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізеді. Осы 

тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықталуына мүмкіндік беру. 

Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  құралдарды  пайдалану  арқылы  оқыту  мен  оқудың 

тиімділігін арттыру болып табылады. Интернет ресурстарын, сандық мультимедиялық ресурстар-

ды,  интерактивті  білім  беру  технологияларын  білім  беру  үдерісінде  пайдалану  сыныптағы  өзара 

әрекеттестікті  және  ақпараттық  –  коммуникациялық  құралдардының  әлеуеті  диалогтің  тиімді 

қолдануын дамыту және сыныптағы оқушыларды жұмысқа тартумен байланыста іске асырылады. 


354

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды көбіне деңгейлік тапсырма-

лар арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдістің ерекшелігі – мұғалім бағыт беруші, ол оқушылардың өз 

бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат 

мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай 

алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, 

саналы шешім қабылдауға бағытталады. 

Кембридж бағдарламасының тиімді тәсілдерінің бірі – Lesson Study тәсілі. Бұл тәсіл тәжірибені 

жақсартудың демократиялық жолы. Мұғалімдері тобы көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, 

бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де 

тартылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде 

үдеріске  тартылады.  Тек  бір  мұғалім  ғана  сабақ  беретіндігіне  қарамастан,  зерттеу  үшін  бүкіл  топ 

өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, 

тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі [2, 4-б]. 

Lesson  Study  тәсілінің  тағы  бір  демократиялық  ерекшелігі  мынада,  мұғалім  зерттеу  барысын-

да жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. Lesson Study топтары сондай-ақ 

әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін 

модельдейді, бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады [2, 

10-б]. 

Бұл  үдеріс  барысында  мұғалімдер  ынтымақтастықтағы  оқу  сапасын  арттыру  үшін  белгілі  бір 



тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. 

Әр деңгейдегі оқушылардың бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасауын қарастырады және мұғалімдерге 

оқыту  үдерісін  бірлесе  құруға  мүмкіндік  береді.  Бірлескен  түрде  оқыту  сабақтарының  мазмұнын 

талқылайды, талдайды, сабақ элементтерінің өзара байланысын жоспарлайды. Сабақтың түрлі этап-

тарында әр түрлі деңгейдегі оқушыларға арналған тапсырмаларды әзірлейді. 

Қорыта айтқанда, қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттырудың Кембридж бағдарламасын, 

ондағы басты идеяларды мұғалімдердің білім беру үдерісіне ендіруі және іске асыруы оқушылардың 

сыни  тұрғыдан  ойлауына,  сындарлы  сөйлеуіне,  дербес  дамуына,  өмірде  өз  орнын  табуына  ықпал 

етері анық. Осы орайда, заңғар жазушы М. Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін 

нәрсе – білім» деген екен. Олай болса, ХХІ ғасырда бүгінгі ұрпақтың өмір сүруі үшін қажетті білім 

дағдыларымен  және  қасиеттермен  қаруландыру  –  мұғалімдер  үшін  ынталандырушы  күш  болып 

табылады. 



Әдебиеттер тізімі

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

2. Чичибу Т. Сабақты зерттеу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық: ағылш./Чичибу (Жапония), 

Л. Ду Тоит (Оңтүстік Африка), А. Тулепбаева (Қазақстан Республикасы), – «Назарбаев Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана. 2013.


355

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ФОРМАТТЫ  

МҰҒАЛІМНІҢ ҮЛЕСІ 

Сулейменова М. М. 

Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Аталмыш жұмысымда педагогикалық тәжірибемде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының 

ІІІ (негізгі) деңгей бағдарламасын меңгергеннен кейін ХХІ ғасырдың жаңа форматты мұғалімі ретінде қазақ тілі 

мен әдебиетін оқытуда бағдарламаның 7 модулінің жүзеге асырылуы бойынша оқытудың түрлі заманауи әдіс-

тәсілдерін отандық педагогтардың жаңашыл технологияларымен ұштастырған, оқытуда нәтижеге бағытталған 

педагогикалық іс- тәжірибеммен бөліссем деген ойым бар.

Аннотация

В данной статье автором предложен опыт педагогической практик в качестве учителя нового формата ХХІ 

века, объединяющий различные современные методы обучения казахскому языку и литературе по семимодульной 

программе с новейшими технологиями отечественной педагогики, наработанной после освоения ІІІ уровня про-

граммы повышения квалификации педагогических работников, разработанной Центром педагогического мастер-

ства с Кембриджским университетом.

Abstract

I  have  completed  the  III  (basic)  level  course  within  the  training  programs  as  XXI  century  teacher.  Referring  to  the 

7  modules  of  the  training  program  and  new  pedagogical  technologies  of  Kazakhstan,  I  would  like  to  share  my  teaching 

experience on new different teaching approaches in Kazakh and Literature.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана 

шәкірт жанына нұр құя алады».

А. Байтұрсынұлы

Бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесі жаңа бағыт алып, әлемдік білім беру кеңістігіне көз тікті. 

Бұл  сөзімнің  дәлелі  «Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының  үшінші  (негізгі)  деңгей  бағдарламасынан  күтілетін  нәтижелер  оқушылардың  қалай 

оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, 

ынталы,  сенімді,  сыни  пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық  технологияларда  құзырлылық 

танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды» [1, 6-б].

Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты 

адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа тех-

нологиялары пайда болуда.

Жаңа  технология  –  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін  құрал,  бірақ  ол  мұғалімді  алмастыра 

алмайды.

Жаңа педагогикалық технология ұғымы – тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары іс-әрекеттерінен 

ізденуді,яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы 

пайдалану,сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз.

Екінші  бір  жолы-  оқушының  білім-білік  дағдысын  жетілдіруде  өз  бетінше  білім  алу  үрдісін 

қалыптастыру. Қазіргі заманғы мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші қызметінен ада болып, 

ізденуші,  зерттеуші,  технолог,  өнертапқыш,  шығармашыл  секілді  жаңашыл  қасиеттерді  бойына 

сіңіру керек. Оқушыны өздігінен білім алуға жетелеу арқылы оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке 

тұлға  бойындағы  қасиетті  дамыту,  «Мен»  менталитетін  қалыптастыруда  білім  мен  тәрбиені  жеке 

тұлғаға қарай бағыттау- ХХІ ғасыр мұғалімінің алдында тұрған кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.

«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер»,-деп дана Сократ айтқандай, педагог қызметкерлердің 

біліктілігін  арттыру  курсының  ІІІ  (негізгі)  деңгей  бағдарламасын  меңгергеннен  кейін  менің  де 

педагогикалық іс-тәжірибем түбегейлі өзгерді.

Нұсқаулықта Пажарестің (1992) ойынша: «Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің 

сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді...»делінген. Бұл ойға мен толық қосыламын [1, 7-б].

Себебі өз пәнімді оқытуда осы уақытқа дейін шешімін таппаған төмендегі кедергілерден арылу 

жолдарын таптым:


356

1. Оқушылардың көркем шығармаларды оқуға деген ынталарының төмендігі;

2. Алған білімдерін өздігінен одан әрі толықтыруға деген ұмтылыстарының аздығы;

3. Ынтамақтастық атмосферасында жұмыс істеу дағдыларының төмендігі;

4. Өзара бағалау, өзіндік бағалау түсініктерінің төмендігі;

5. Қазақ тілінде сөйлеу дағдыларының төмендігі;

6. Сөздік қорларының аздығы; 

ІІІ деңгейлік курстың «Мұғалімдерге арналған нұсқаулығында»:

«Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін 

сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету» делінсе, құзырлы 

оқытуды мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы 

деп көрсетеді [1, 6-б].

Бұл анықтамалар арқылы менің түйгенім- жаңа форматты мұғалімнің міндеті-оқушыға дайын 

білім бермей, оқытудың түрлі заманауи әдіс-тәсілдерін отандық педагогтардың жаңашыл технологи-

яларымен ұштастыру арқылы оның өздігінен білім алуына, алған білімін қолдана алуына жан-жақты 

жағдай туғызу керек деген сөз. Бұған дәлел, қытай философы Конфуцийдің мына бір кемеңгер ойы: 

«Маған айтшы- мен ұмытып қаламын,маған көрсетші-менің есімде қалады, өзіме істетші-мен сонда 

түсінемін».

Мен  өзге  тілді  сыныптарға  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқудың  қажеттілігін,  маңыздылығын, 

оқушының тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын аталмыш бағдарламаның 7 модулін 

Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау», Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту» технологиялары 

және «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен ұштастыру арқылы артты-

рып келемін.

Назарбаев  Зияткерлік  мектебіндегі  аз  ғана  уақыттағы  педагогикалық  тәжірибем  менің  алдағы 

жылдардағы жоспарларым мен мақсаттарыма қанат бітірді.

Бүгінгі күн қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы өзіндік іс-тәжірибеммен сіздермен бөліссем деген 

ойым бар.

Ең бастысы, мен әр сабағыма сабақ жоспарын дайындамас бұрын төмендегідей сұрақтарға ойла-

на бастадым: 

 

–  Оқушылар сабақ процесінде бұрынғы білімін пайдалана алады ма?



 

–  Сабақ барысында алған білімін өмірмен сабақтастыра алады ма?

 

–  Жүргізіліп отырған сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?



 

–  Сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін? 

Осы сұрақтар арқылы оқушының нәтижелі білім алуын көздедім.

Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  әдіс-тәсілдердің  бірі  –  сыныпты  топқа,  жұпқа  бөліп  оқытудың  да 

өз  нәтижесі  бар  екендігіне  көз  жеткізгенім.  Топта  бірлесіп  жұмыс  жасау  оқушылардың  өзара 

ынтымақтастығын арттырып, жүректеріне сенім ұялатады. Тапсырманы орындау барысында өзара 

пікір  алмасады,  талқылайды,  қателерін  түзетіп,  ортақ  шешімге  келсе,  сыныптастарының  алдына 

шығып, топ жұмысын қорғау кезінде бір-бірлерін толықтырып, қолдау көрсетсе, өзара сенімділіктері 

артады. Әсіресе, өз біліміне сенімсіз, жауап беруден қашқақтап, сыныптағы «үнсіз» оқушылардың 

ашылуына көп пайдасы бар екеніне мен өз тәжірибемде көзім жетті. Сондықтан да әр сабағымда 

топқа бөліп оқыту, жұпқа бөліп оқытуды күнделікті қолдануды дағдыға айналдырдым. Оқушыларды 

топқа,жұпқа  бөлуде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданамын.  Мүмкіндігінше  сабақ  тақырыбына  қарай 

бейімдеп,түрлендіріп отыруға тырысамын.

Жұпқа  бөлуде  мүмкіндігінше  қазақша  сөйлеу  дағдысы  төмен  оқушы  мен  қабілеті  жоғары 

оқушыны жұптастыруды көздеймін. Осы арқылы өзара оқытуды жүзеге асырамын.

Көбінесе  оқушыларға  бірін-бірі  оқытуына  мүмкіндік  берген  дұрыс.  Оқушылар  өз  қолдарымен 

жасап көрсе, талқыласа, бір-біріне білім берсе, көп жетістіктерге жетеді.

Өткен  оқу  жылының  соңында  топтық  жұмысқа  деген  көзқарастарын  анықтау  мақсатында 

оқушылардан сауалнама алған болатынмын. «Сабақты топтық жұмыс түрінде өткізген ұнайды ма, 

неге  ұнайды?»  деген  сауалыма  оқушыларымның  барлығына  да  топтық  жұмыстың  ұнайтындығын 

анықтадым. Дәурен: «Топта әрбір топ мүшесінің маңызды орны бар, топтағы жұмыс бір-бірімізді 

біріктіреді»  деп  жауап  берсе,  Юлия:  «Топта  адамдар  бір-біріне  көмектеседі,  маған  сурет,  жазу 

ұнайды» деп, өзінің ауызша сөйлеуге әлі де болса қалыптаса алмай келе жатқанын білдіріпті. Лаура 

болса: «Топпен жұмыс істегенде оқушылар қазақша сөйлеуден ұялмайды» деген екен.

Топтық  жұмыс  жасату  арқылы  түйгенім:  Оқушылардың  бірі-біріне  деген  сенімділіктерінің 

артқаны,  қазақша  сөйлеуге  қалыптаса  бастағандары,  түрлі  шығармашылық  тапсырмаларды 

орындауға қызығушылықтарының артқаны, бірінің ойын бірін тыңдай білуге қалыптаса бастағандары. 

Аталмыш курстың 7 модулінің ішінен мен өз тәжірибемде кең қолданыста жүрген, нәтижесіне көз 

жеткізе бастаған, «ойлау туралы олану» деп сипатталған «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін 

ерекше атағым келеді [1,49-б]. Себебі, оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлануға үйретуге арналған 



357

шығармашылық – зерттеушілік жұмыс түрлерінде Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау», 

Қ. Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту» технологиялары және «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ой-

лау» технологиясының бірнеше стартегияларын («Инсерт», «Рөлдік ойын»,«РАФТ», «Венн диаграм-

масы»,  «Бес  жолды өлең»,  «Миға  шабуыл»,  «Түртіп алу», «Болжау», «Бес  минуттық эссе»,  «Автор 

орындығы»,  «Жигсо»,  «Формативті  тест»,  «Конференция»,  «Бес  қадам»,  «Авторға  хат»)  қолдану 

арқылы жүзеге асырамын.

Дәстүрлі оқытуда біз  көбінесе  оқушылардың  ойларын  назарға  ілмедік. Олардың  қалай  ойлай-

тыны бізді ойлантқан да емес. Ал, осы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда мен олардың пікірлерін 

тыңдап,  өзгелердің  де  пікірін  тыңдай  білуіне  жағдай  жасау  арқылы  Роддок  қолдағандай  «оқушы 

үнінің» маңыздылығына көз жеткіздім [1,46-б].

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы білімнің болашаққа қажетке жарауын қалыптастырады. Сын 

тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен 

түзіледі.  Қызығушылықты  ояту  кезеңінде  аталмыш  технологияның  «Миға  шабуыл»  әдісін,  сабақ 

тақырыбы  мен  мақсатын  анықтауда  «Болжау»  стратегиясын  қолданған  кезде  «Идеялар  себетін», 

мағынаны  тану  кезеңінде  «Венн  диаграммасы»,  «Конференция»,  «Жигсо»,  «Рөлдік  ойын»  әдісін, 

«Бес минуттық эссе», «РАФТ», «Формативті тест»,«Автор орындығы», «Авторға хат», ментальді кар-

та, постер жасатуды үнемі қолданамын. Рефлексивтік кезеңде «Синквейн», «Алты ойлау шляпасы», 

«Инсерт», «Эссе» әдісін жиі қолданамын, әрі сабақ тақырыбына сәйкес рефлексия мазмұнын өзгертіп 

отыруға тырысамын. Ондағы мақсатым- оқушыны жалықтырып алмау. 

«Миға  шабуыл»  әдісінің  ішінде  «рөлдік  ойын»  оқушылардың  қызығушылық,  белсенділік 

қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. 

Қорыта келе,сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар 

төмендегідей оң нәтижелерге қол жеткізуде: 

 

–  белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды: 



 

–  мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға дағдыланды; 

 

–  бір-біріне құрметпен қарауға қалыптасты; 



 

–  бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлау секілді ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; 

 

–  өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашылды; 



 

–  өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға дағдыланды; 

 

–  өзін-өзі, бірін-бірі бағалай білуге қалыптасты; 



 

–  достарының  ойын  тыңдап,  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  шешуге 

көмектесуге әдеттенді; 

Менің  ойымша,  оқушыны  дұрыс  бағалауда  сыныптағы  балалардың  өзара  әңгімесін  тыңдап, 

тапсырманы орындау кезіндегі оқушының нені білетіндігін, нені істей алатындығын, оның қандай 

қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігіне бақылау жүргізу қажет деп ойлаймын. Өз тәжірибемде 

тапсырманы бере отырып, олардың іс-әрекетін, өзара әңгімелерін, пікірлерін, жауаптарын тыңдап, 

бақылап  отыруды  да  қолға  аламын.  Топтың  жұмысын,  немесе  топтағы  жекелеген  оқушылардың 

үлесін бақылауда төмендегідей кестелерді пайдаланмын. Бақылауға алынатын оқушыларды алдын-

ала анықтап аламын.



Кесте 1. Топпен жұмыс барысындағы оқушының жеке үлесін бағалау парағы 1-10 ұпай

Топ №


Топтағы 

ұжымдасып 

жұмыс істеу ( 

міндеттерді бөлу 

мен орындау)

Тәртібі (өзгелерге 

кедергі жасамау, қатты 

дауыс шығармау, 

тапсырма орындауда 

тиянақтылық таныту)

Тақырыптың 

ашылуы, 


тапсырма

Өзге топты 

тыңдай білуі, 

сұрақ қою, 

толықтырулар 

жасау


Жалпы ұпай

1

2



 

358

Кесте 2. Топтың жұмысын бақылау Күні________ Сынып _________ Сабақ тақырыбы

Оқушының аты-жөні

1.

2.

3.



Топта міндеттерді үлестіруге қатысты, өз 

міндетін орындады

Идеясын ұсынды

Топта талқылауға белсенді қатысты 

Топ мүшелеріне көмек көрсетті

Мұқият тыңдайды, сұрақтар қойды

Талқылау жүргізе алады (сыпайы қарсылық 

білдіреді,дау туғызған сұрақтар бойынша 

келісімге қол жеткізді)

     


Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау 

оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағдарламаның 

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі арқылы тәжірибемде топтың жұмысын, оқушыны 

оқыту үшін бағалау тәсілі- формативті бағалаудың түрлерін («Екі жұлдыз,бір тілек», «Бағдаршам», 

«Қолмен  белгі»,  «Геометриялық  фигуралар»,  «Смайлик»)  сабақтарымда  тиімді  қолдана  алдым. 

Формативті  бағалау  оқыту  үшін  бағалау  болып  табылады.  Оқыту  үшін  бағалауда  оқушы  өзін-өзі 

реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, 

қызығушылығы  оянады,  өзін-өзі,  бірін-бірі  бағалауды  үйренеді.  Мен  өз  іс-тәжірибемде  көбінесе 

оқушыларды  өзін-өзі,  бірін-бірі  бағалауына  баса  назар  аударамын.  Өйткені  оқушы  өзін-өзі  рет-

тей  отырып,  өз  білім  деңгейін  анықтайды,  өз  білімін  басқалармен  салыстыруды  үйренеді.  Қате 

кеткен  жерлерін  түсініп,  әділ  бағалауды  үйренеді,  дағдыланады.  Аталмыш  бағалаулардың  ішінде 

қиындық  туғызғаны-2  жұлдыз,1  тілек  әдісі  болды.  Себебі,  оқушылар  алғашында  жұлдыз  айтуға 

машықтана  алмады,  тілектерін  де  дәстүрлі  түрде  қарапайым  жеткізіп  отырды.  Бірақ  жиі-жиі 

қолдана келе, оқушылар енді жұлдыз бен тілек айтуда сыни ойлана отырып өздерінің жетістіктері 

мен кемшіліктерін көре отыра,өздері тіленіп тұратын болды. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды 

қолдануда қиындықтар болды, оқушылар өздеріне жоғары баға беріп, бірін-бірі көтермелеп қойды. 

Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді

Бағалағанда сөз мәнері, идеялары, өз ойларын дұрыс жеткізе алуы, тәртіптері, ережені сақтауы 

т. б. қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда дәптерде жазылған жауаптарының дұрыстығына, қатесіз 

жазылуына,  яғни  критерийлерге  сүйене  отырып  бағаланса,  өзін-өзі  бағалағанда  оқушыда  әртүрлі 

сұрақтар  туындайды.  «Мен  өз  ойымды  жеткізе  алдым  ба?»,  «жауабымның  дұрыстығына  нақты 

дәлелдер келтіре алдым ба?», «қаншалықты?», «мен жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердім?», 

«қаншалықты белсенділік таныттым?», «өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?», «неге үй тапсырма-

сын орындауда салғырттық таныттым екен?». Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінді, өз 

білімін жетілдіру қажеттігін түсінді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу 

барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағдыланады. Білімін жақсарту үшін бағалауды 

түсінді. Шығармашылыққа, зерттеушілікке жетелейтін тапсырмаларға (эссе, жоба, таныстырылым) 

критериалды бағалауды қолданамын. Бағалау критерийлерін оқушылардың ұсыныс,пікірлерімен са-

наса отырып құру керектігін түсіндім. Мүмкіндігінше, бағалау критерийлерін алдын-ала оқушыларға 

таныстырамын.  Себебі  оқушы  белгілі  бір  тапсырманы  орындауда  тапсырма  қалай,  қай  жағынан 

бағаланатындығын білуі шарт. Берілген критерийлерді жүзеге асырса, онда нәтижелі жұмыс болды 

деп айтуға әбден болады. 



359

Кесте 3. Таныстырылымды бағалау критерийлері

Рубрикатор

Критерий


Дескриптор

Ұпай


Шығармашылық сипаттағы 

таныстырылым 

1. Таныстырылым мазмұны тақырыпты аша-

тындай деңгейде;

2. Таныстырылымды таңдап алудағы мақсат 

пен міндеттер айқын;

3. Қолданылған фотосуреттерге сипаттама 

берілген;

4. АКТ-нің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған;

5. Таныстырылым эстетикалық талғамға сай;

6. Айтар ойда грамматикалық байланыстың 

сақталынуына көңіл бөлінген;

7. Таныстырылымды ауызша қорғауда ауди-

тория алдында өзін-өзі ұстау мәнерін сақтай 

алады.

   


Оқушыларым, әсіресе критерийалды бағалау тәсілін қолдану барысында дескрипторлар жазудың 

қиындығын сезінді. Критерийлер арқылы оқушылар өз бағасының неліктен қойылғанын көре алады. 

Сондай – ақ, мұғалім оқушының қай жерде білімінің ақсап қалғанын айқын көре алады. Күрделі бола 

тұрса да маған критерийалды бағалау әдісі өте ұнады. Алдағы тәжірибелерімде оқушыларымның 

ауызша, жазбаша жұмыстарына критерийалды бағалауды қолдану қажеттігін түсіндім. Сонда ғана 

мұғалім мен оқушының арасында баға қоюдағы түсінбестік, сенімсіздік жойылады деп ойлаймын. 

Бағалау арқылы оқушы өзіне, өзгеге де баға беріп, өз ісіне сын көзбен қарауға үйренеді дей аламын. 

Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Өйткені 

кез  келген  істі  атқарған  кезде  оған  критерийлер  қойып,  сол  талаптар  арқылы  өзін-өзі  бағалайды, 

«мен  осы  қойылған  талаптарға  сай  жұмыс  жасадым  ба?,  қандай  дәрежеде  орындадым?»  –  деген-

дей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасай-

ды. «Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған 

қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин» деп нұсқаулықта көрсеткен [1,56-б]. Яғни, бағалау 

оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз оқытуды бағалау білім беруді 

жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет.

Мені оқушының шығарма мәтінін көре отырып тыңдау арқылы өздігінен қалай түсінуіне болады 

деген сұрақ көп толғандырды. Себебі, мектеп бағдарламасына енгізілген ақын-жазушыларымыздың 

шығармашылығы  бойынша  дайындалған  аудиожазбалар  өте  аз.  Оқушының  өлеңді  жай  ғана 

тыңдауы  бір  бөлек  те,  оны  аудио-бейнежазба  арқылы  тыңдап  көруі  мүлдем  бөлек  дүние  деп  ой-

лаймын. Осы орайда мен О. Сүлейменов, Қ. Мырза-Әли, Т. Айбергенов, М. Жұмабаев, М. Мақатаев 

секілді ақындардың поэзиясынан аудиожазба дайындап, АКТ-нің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы 

өлең мазмұнына сәйкес бейне клиптер іздестіріп, құрастырып, өз сабақтарымда тиімді пайдаланып 

жүрмін.

ХХІ  ғасырдың  жаңа  форматты  мұғалімі  ретінде  мен  Альберт  Эйнштейннің  мына  бір  даналық 



ойын өзіме өмірлік ұстаным еттім: «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет