Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Әдебиеттер  1.   Немов Р. С. Психология. В 3т. – Москва, 1998



Pdf көрінісі
бет15/52
Дата06.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#8316
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52

Әдебиеттер 
1.
 
Немов Р. С. Психология. В 3т. – Москва, 1998. 
2.
 
Мухина В. С. Детская  психология.  Москва, 1990.  
3.
 
Овчарова Р. В. Справочная  книга  школьного  психолога. – Москва, 1996. 
4.
 
Абрамова Г. С. Практическая  психология. – Москва, 2001. 
5.
 
Возрастная и  педагогическая  психология. Под. ред М. В. Голиза. – Москва,  1995. 
6.
 
Сухомлинский В. А. Балаға  жҥрек  жылуы. – Алматы, 1961. 
7.
 
 Байділдина К. Патриоттық  тҽрбие  бастауы. – Бастауыш  мектеп. 1986, №9. 
 
 

84 
 
ҼОЖ 37.015.3 
 
БАСТАУЫШ  СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ПАТРИОТТЫҚ  СЕЗІМДЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  НЕГІЗІ 
 
Аманбекқызы Ж., Кӛшенова Ә., Пердебаева Ә.  
М. Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Актуальность  данного  исследования  заключается  в  том,  что  в  работе  изучается  педагогические 
основы формирование потриотизма у учащихся начальных классов. 
 
Summary 
Relevance  of  this  research  lies  in  the  fact  that  the  paper  deals  with  the  pedagogical  bases  of  formation  of 
patriotism among primary school pupils 
 
«Адамға  ең  бірінші тҽрбие берілуі  керек,  тҽрбиесіз  берілген  білім – азаматтың  қас  жауы,  ол 
келешекте    оның    барлық   барлық    ҿміріне    апат    ҽкеледі»,  -  депті    ҽл-Фараби    бабамыз.    Мҧнан   ҿз 
тағдырын ҿзін шешуге  қолы  жеткен  халқымызға  ҧлттық рухани  болмысты  дҧрыс  қалыптастыру аса  
қажет  екенін  байқаймыз. 
Отанына  деген  сҥйіспеншілікті  қалыптастыру  мҽселесі – бҥгінгі  кҥннің  білім  беру  жҥйесі  
алдында  тҧрған  маңызды  міндеттерінің  бірі.   
Отан    дегеніміз  –  халық.    Халық    дегеніміз  –  адам.    Адамды    сҥю  –  оған    жақсылық    жасау.  
Ендеше  отаншылдық – сонау  ерте  заманнан  қалыптасып  келе  жатқан  қасиетті  сезім.  Халықтық  
қҧндылықтарға    сҥйене    отырып,    елдікке,    ерлікке,    азаматтыққа    тҽрбиелеудегі    ҿлең    -  жырлар,  
мақал-мҽтелдердің  ҽсері  ҧтымды  болатындығы  туралы  танымал  педагогтарымыз  айтып  та,  жазып  
та  жҥр.   
Патриотизм  мҽселесі  қай  халықтың  болмасын  басты  тҽрбие  бағдары  болады.  Патриоттық  
сезімді  тҽрбиелеуде  тҥрлі  қҧралдар  пайдаланылады.  Патриоттық  сезімдер  қҧралдарына:   
1.
 
Ҧлттық  қҧндылықтары – жер,  ел,  тіл  жатады.   
2.
 
Ҧлттық  нышандары  - Ел  таңба,  Ту,  Ҽнҧран. 
3.
 
Ҧлттық  мҽдениеті – сҿз,  бейнелеу,  саз,  дене  тҽрбие  жҽне  т.б.   
4.
 
Қазақ  зиялыларының  ҿнегелі  іс - ҽрекеттері  мен  сҿздері.   
Халқымыздың    отан    сҥйгіштік,    патриоттық    туралы,    ҧлттық    мҧрасының    даму    тарихына 
ҥгілетін  болсақ, ХҤ – ХҤІІІ  ғасырлардағы  Асан  Қайғы  бастаған,  Ақтамберді,  Доспамбет,  Шалкиіз
Бҧхар,  Махамбет  т.б.  ақын – жыраулардың  поэзияларындағы  тҽлімгерлік  ой  пікірлерінен  кҿреміз.  
Жас   ҧрпақтың    оның   ішінде   тҿменгі    сынып    оқушыларының    тҿл   мҽдениетінен   нҽр   алуы  
ҧлттық    фольклорымен    тығыз    байланысты.    Қазақ    халқының    ҿте    ҽрідегі    ата-бабаларының    ҿмір 
сҥрген  кезінен  (ҤІ  ғасыр,  Тҥрік  қағанаты)  бастау  алып,  кҥні  бҥгінге  дейін  кҽдесіне  жарап  келе 
жатқан  рухани  мҧраның  бірі – халықтық  педагогика. Халық  педагогикасының  басты  мҽселелерінің 
бірі  –  ҧлттық    ҥрдістер    тҧтастығын    сақтай    отырып    азаматтық,    адамгершілік,    патриотизмге 
тҽрбиелеу  болды. Қазақ  халқының  тҽлімдік  мҽні  зор  ой-толғаныстары  бесік  жырымен  батырлық  
эпостарда,    ертегілер    мен    аңыздарда,    шешендік    сҿздер    мен    айтыс-термелерде,    жҧмбақ-
жаңылтпаштар  мен  мақал-мҽтелдерде  кҿптеп  кездеседі.  Мҧндағы  ҧрпақ  тҽрбиесінің  негізгі  тҥйіні 
–  адамгершілік-имандылық,    ақыл-ой,    еңбек,  эстетика,    дене,    патриоттық    тҽрбиесіне    байланысты  
мҽселелерге  келіп тіреледі. Қазақ  халқы  бала  тҽрбиесімен  арнайы  айналысатын  қоғамдық  орындар  
(балалар  бақшасы, шағын орталықтар  т.б.) ашпаса  да,  ҿз  ҧрпағын  бесікте  жатқан кезіннен  бастап-
ақ    ҿлең-жыр    мен    ҽңгіме,    ертегі,    тақпақ    тҽрізді    мҽтіндік    ҧлағаттармен    санамақ,    жаңылтпаш  
сияқты  ойындар  арқылы  тҽрбиелеп  отырған.  Ауыз  ҽдебиетінің  басқа  тҥрлеріне  қарағанда,  мақал-
мҽтелдердің  ҿзіне  тҽн  ерекшеліктері  мен  ҿзгешеліктері  бар.  Ол  адам  ҿмірінде,  тҧрмыс-тіршілікте, 
қоғамдық    жайларда    кездесетін    ҽр    тҥрлі    қҧбылыстарға,    тарихи    мҽні    бар    оқиғаларға    берілген  
даналық  баға,  тҧжырымды  тҥйін  есебінде  қолданылады.  
Отансҥйгіштікке  тҽрбиелейтін  мақал-мҽтелдердің  алатын  орны  ҿз  алдына  бір  тҿбе.  Мақал-
мҽтел  ойды  қысқа  да  ҧтымды  жеткізетін,  ҿмір  тҽжірибесін  қолдана  айтатын  сҿздер.  Онда  ел, 
жер,  халық,  Отан  жайында  айтылған  ҿнегелі  сҿздер  ҿте  кҿп.  Мысалы,  «Ҿз  елім  ҿрен  тҿсегім»,  
«Ел-жҧрты  бардың  жҧтамы  жоқ»,  «Туған  жердің  кҥні  де,  кҥлі  де  ыстық»,  «Туған  жер – тҧғырың,  
туған    ел  -    қыдырың»,    т.б.    мҽн-мағынасына    зер    салатын    болсақ,    ешқандай    дҽлелдеуді    қажет  
етпейтін,    жас    ҧрпақтың    отансҥйгіштік,    патриоттық    сезімін    жетілдіру    ҥшін    қажетті    қағидалар,  
бҧлардың    тҽрбиелік    мҽнін    тҥсіндіре    отырып,    бала    тҽрбиесінде    кең    пайдаланылды.  Ҿзінің  
мақалдарында  туған  жер,  ел-отанды  аса  жоғары  бағалап  ардақтаған  халық  енді  оларды  қорғау  

85 
 
ҽрбір  ер-азаматтың  басты  борышы  деп  біледі.  Ел  талап,  ойран  салуды  кҿздеген  шапқыншы  жау  
болса,    оған  қарсы    аттану,    қасықтай    қаны    қалғанша,    ақтық    демі    біткенше    алысу,    сҿйтіп  
дҧшпаннан    Отанды    қорғап    қалу    халқын    сҥйген    ҽрбір    ер    жігіттің    азаматтық    борышы  
болатындығын  кҿрсетеді.  «Жат  елдің  жақсысы  болғанша,  ҿз  еліңнің  сақшысы  бол»,  «Елін  сҥйген  
ер    болар»    деген    мақалдар    осының    айғағы.  Халық    мақалдары    ел    қорғау,    басқыншы    жауды  
талқандап  жену  жолында  ерлік  жасаған,  қара қылды  қақ  жарған,  қиядан  тартып  жол  салған,  жау  
қамалын    қиратқан,    табан    тірескен    айқастарда    тайсалып    тартынбаған    жігіттерді    ардақтайды,  
абыройлы  атақ  пен  даңққа  бҿлейді.  Олардың  халық  сҥйсінген  ерлік  істерін  кейінгі  ҧрпаққа  ҥлгі  
етеді.   
Қазақ  ауыз  ҽдебиетінен  орын  алған  жҽне  ерте  заманнан  бастап  бҥгінгі  кҥнге  дейін  даму,  
ҿсу  ҥстінде  келе  жатқан  жанрлардың  бірі – жҧмбақтар.   
Жҧмбақ  -  ҿскелең    ҧрпаққа    білім    берерлік,    тҽрбиелік    мҽні    бар    қҧралдардың    бірі.    Мақал  
адамның  логикалық  ойын  дамытса,  жҧмбақ,  жаңылтпаш  жас  баланың  тілін  жетілдіріп,  табиғат  
ҿмір    жағдайындағы    тҥсінігі    мен    қиялдау    қабілетін    дамытады.    Жҧмбақ    ең    алдымен    жас  
бҿбектерге    ҥйретілген.    Оның    ҿзі    кҿбіне    ҧйқасқан    ҿлең    тҥрінде    айтылатын    болған.  Алдында  
айтылған  мақал–мҽтелдер  тҽрізді  жҧмбасқтар  да  балаларды  ерлікке  отаншылдыққа,  патриотыққа  
ҥндейтін  маңызды  қҧралдардың  бірі.  Ҿйткені  кҿптеген  жҧмбақтардың  астарында  батырлық  ел  
қорғаған    ерлердің    бойындағы    бес    қарулы    жасырын    тҥрінде    айтылады.    Мысалы:    Белі    қайқы,  
жоны  тайқы (қылыш).   
Сҥмбелі  теректі,   
Қызыл  желекті. 
Ерден  қалмайды, 
Жауда  керекті  (найза). 
Негізі,  жҧмбақты  сҿз  образының  кілті  есебінде  тануға  болады.  Жҧмбақ  ақындықтың  ҧрығы 
– дҽні  тҽрізді.  Жҧмбақтардың  шешуін  іздеймін  деген  баланы  ойына  жҽне  қиялына  ҽсер  етіп  қана  
қоймайды,  сонымен  қатар  қылыш,  найза  тҽрізді  ер  қаруын  қолға  ылып,  елін  жаудан  қорғауға  
деген  қҧштарлықтар  пайда  болады.   
Аңыз-ҽңгімелерде    елдің    мҧңын    мҧндап,    жоғын    жоқтайтын    қаһармандар    ҿскелен    буынға  
тҽрбиелі    де    ізгі    ықпалын    тигізеді.    Мысалы,    кҿпшілікке    мҽлім,    ҧлы    даланың    абыз    жырауы  
атанған    Асан    Қайғы    туралы    айтсақ    артық    болмас.    Асан    Қайғының    халқы    уайым-қайғыны  
білмейтін,  жан-жануары  жылына  екі  мҽрте  балалайтын  жазы  самал,  қысы  шуақты  Жерҧйықты  
іздеуі    баяндалады.    Желмаяға    мініп    тынымсыз    сапар    шегетін,    Алтай    мен    Атырау    арасындағы  
жер-судың  қадір-қасиетіне  қарай  сипаттама  беретін  дала  даңышпаны  қартайған  шағында  жарғақ  
қҧлағы  жастыққа  тимей  жҥрсе,  ол  халқы ҥшін  жасаған  қызметі.   
Сол    ҥшін    де    халқы    да    оны    қадірлеген,    оны    кейінгі    ҧрпағына    Асан    Қайғының  
отаншылдығын,  ҥлгі  етіп  ҧсынған.  Асан  Қайғыдай  ел  ҧлы  болуға  ҥндеген. Жалғыз  Асан  Қайғы  
емес,  сонымен  бірге  Жиренше  шешен  туралы  айтылған  аңыз  ҽңгімелерді  де  патриотизм  туралы  
айтылған.  Айталық,  ҧзақ  мерзім  бойы  ҽз Жҽнібек  ханның  ақ  ордасында  болып,  ҿзінің  ҧядай  
қосына  анда-санда  бір  оралатын  Жиреншенің  екі  тізесі  сыртқа  шығып  жататын  баспанасы  жайлы  
«қайран  менің  ҿз  ҥйім,  кең  сарайдай  боз  ҥйім»  деп  айтатын  қанатты  сҿзінде  патриоттық  ой  
жатыр.    Ҿйткені,    ел    деген    ҧғым    осы    шағын    қостан    басталатынын,    туған    жерге    деген  
сҥйіспеншілік    осындай    тҥсініктен    нҽр    алатынын    қиыр    жайлап,    шет    қонып    жҥрген    кҿшпелі  
жақсы  білген.  Сондықтан,  оны  ҧрпақығына  ҿнегелі  жол  деп  кҿрсетті.   
Ертегілерге  бай  елдердің  бірі – қазақ  халқы.  Қазақ  халқының  ой-қиялының  жемісі  болып  
саналатын  ертегілер  балалардың  патриоттық  тҽрбиесінде  аса  маңызды  рҿл  атқарады.  Ҿйткені,  
ондағы   патриотизм   шығарма   қаһармандарының   туған   еліне,    кіндік   қаны    талған   жеріне    деген  
қҧмтарлығы    ауыз    ҽдебиеті    нҧсқауларының    басқа    жанрларына      қарағанда    ертегілерде    анық   
байқалады.  Мҽселен,  «Ер  Тҿстік»  ертегісіндегі  оқиғалар  бас  кейіпкер  ҿзінің  елден  ауып  кеткен  
ағаларын    іздеп    тауып    ҽкелуі,    ҿз    басына,    еліне    қауіп    тҿндірген    перінің    қызы    Бекторы    мен  
Жалмауыз    кемпірден    қҧтылып,    кек    алуы    жалаң    батырлық    емес,    ізгі    пейілді    азаматтығын    да  
байқатады.  Халық  ертегілері  ҿткенді  ғана  баяндаумен  шектелмейді,  болашақ,  келешек  туралы  
қатты    ойланады.    Қазақ    ертегілерінің    басым    бҿлігінде    ерлік,    батырлықпен    қатар    ҥлкен  
адамгершілік,  қайырымдылық  ақыл,  тапқырлық,  мейірімділік  пен  парасат  мадақталып,  ҿскелең  
ҧрпаққа  ҥлгі  ретінде  ҧсыналады.   
Отаншылдық,    ел-жҧртын    сҥю,    азаматтық    борышын    атқаруға    болатын    халықтық    рухани  
қҧндылықтың    бірі  –  ар-намыс.    Бҧл  –  борышты    атқаруға    итермелейтін    ҽлеуметтік    кҥш.    Осы  
тҧрғыдан  алғанда  ар-намыс  қазақ  халқының  бойына  туа  біткен  ҧлттық  ҽлеуметтік-психологиялық  
ерекшелік  болмысы  жҽне  ол  азаматтық  елін,  жерін,  тілін  сҥюге  отандық  ойлау  жҥйесінің  негізі  
болмақ.  Сондықтан  баланың  жасынан  ар-намысын  қалыптастыру  ҥшін  халықтық  ертегілердің,  ер-
азамат  бейнесін  сомдап,  ҥлгі  етіп,  мақтанышын,  ерлігін  мадақтап  тҽрбиелеудің  маңызы  зор.   

86 
 
Қазақ  ауыз  ҽдебиетінің  ертеден  кем  жатқан  кҥрделі  саласының  бірі – батырлар  жыры.  Бҧл  
жырлардың  кҿпшілігі  халықтың  Отанды  сҥю,  басқыншы  жаудан  елді  қорғау,  халық  ҥшін  емес  
ерлік  еңбек  ету  идеясынан  туған.  Дҽстҥрлі  қазақ  эпосы – ҧрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығының 
айқын  айғағы  ретінде  бҥгінгі  кҥні  де  халықтың  жадында  сақталып,  ғасырдан-ғасырға,  ҧрпақтан-
ҧрпаққа   асыл   мҧра   болып   жетіп    отыр.   Батырлар    жыры   бір   ғасырдың   ғана   жемісі    емес.  Ол  
халықтың  ертедегі  тҧрмыс-тіршілігіне,  тарихына,  қоғамдық  ҿміріне  байланысты  туып,  солармен 
бірге    жасасқан.      Елін,    жерін    қорғаған    батырларды    мадақтап    жырға    қосу    арқылы    халық    жас  
ҧрпақты    ерлікке,    ҿрлікке,    мҽрттілікке,    ҧлтжандылыққа    ҥйретуге    тырысқан.    Мысалы,    «Қамбар  
батыр»  жыры  ерсектермен  қатар,  кіші  сынып  оқушыларының  қабілетіне  сай  шығарма.  Қамбар  
батырдың  ерлік  істері,  халқына  сіңірген  еңбегі  балаларды  қажырлы  ҿжет  іске  бастайды.   
Ҧлттық  ойындардың  да  балаға  тигізетін  пайдасын  халық  ертеден-ақ  білген.  Бҽйге  аттың  
озып  келуі  баланың  батылдық  пен  ҿжеттілікке,  шапшаңдыққа, ептілікке  тҽрбиелейді. Жастайыннан  
ат  қҧлағында  ойнайтын  қазақ  баласы  ҥшін  бҽйге  ертеңгі  ҽскери  мектептің  бір  сынағы  іспеттес. 
Қазақтың    баласы    жасы    жетіге    келгенде    атқа    мінгізіп    ҥзеңгіні    ҧстатуы,    ел    болуға,    ҿз    ісіне  
жауапты  болуға  меңзегені  де  жақсы  дҽстҥр.  Бҧл  жерде  баланың  жетіге  келгенде  мектепке  баруы 
да,  оң-солын,  танудағы  алғашқы  қадамы  да  кездейсоқтық  емес. 
Жалпы  кез  келген  адам  соғыс  іс-ҽрекетінде  немесе  басқа  жағдайда  ерлік  істерге  бару  ҥшін  
алдымен  рухани  тҧрғыдан  дайын  болуы  керек.   
Адам  ҿмірінде  тҽлім-тҽрбиенің  маңызының  зор  екенін  терең  тҥсінген  олардың  ешқайсысы  
да    осы    тақырыпты    айналып    ҿте    алмады.    Жалпы    ҧрпақ    тҽрбиесінде    ҧлттық    ерекшеліктерде,  
халықтың    тҽлім-тҽрбиені    ҧлттық    қҧндылықтарын      ескере    отырып    тҽрбиелеудің    тҧтас    жҥйесін  
жасауда  ҿткен  ғасырдағы  кҿрнекті  ағартушылардың  педагогтардың,  қазақ  зиялыларының  алаш  
азаматтарының  ҿнегелі  істері  мен  ой-пікірлері  патриоттық  тҽрбиенің  қҧралы   бола  алады.   
Қазақ  зиялыларының  тҽлім-тҽрбие  беру  жҿніндегі  қҧндылықтары  елжандылық,    халқы    ҥшін  
адал  қызмет  ету  екенін  ҿз  еңбектерінде  терең  тҥсіндіре  алды.  Ҧлтжандылықтың,  елін  сҥюдің  
ғажайып    кҥш    екендігін    терең    сезінген    ежелгі    қазақ    ақын-жыраулары,    ойшылдары    ҿз  
шығармаларына  осы  тақырыпты  ҥнемі  арқау  етті,  кҿп  кҿңіл  бҿліп,  халықты  елі  ҥшін  жанын  
жеда  етуге,  жастарды  елжандылық  рухы  тҽрбиелеуге  баса  кҿңіл  бҿледі.   
Жастарды    елжандылық    рухта    тҽрбиелеу    жауынгер    жыршысы    Махамбет    Ҿтемісҧлының  
ҿлеңдерінде    ҿзекті    орын    алады.   Ол    ҿз   еңбектерінде   жастарды    ерлікке,   Отан   сҥюшілікке,   ар-
намысты    қорғауға,    адамгершілікке    уағыздайды.  Ақынның    қай    ҿлеңін    алсақ    та,    халыққа    адал  
қызмет    ет,    еліңді,    жеріңді    жаудан    қасық    қаның    қалғанша    қорға,    ҽділет    ҥшін,    халық    ҥшін  
ҿкінбей    ҿлу    азамат    ердің    ісі  деген    аталы    сҿз    ҿрнектеледі.    Осындай    халықшылдық    идея,  
елжандылық  сезім  жастардың  жҥрегінен  терең  орын  алып,  оларды  белсенді  іс-ҽрекетке  баулиды.  
Махамбет,    Ақтанберді,    Шал,    т.б.    ақын-жыраулар    шығармасында    ерекше    сҿз    болатын    ерлік,  
Отанын,  елін  жерін  жаудан  қорғай  білушілік,  отбасы,  ауыл-аймақ,  ел  намысын  қорғау  жолында  
жан  аямаушылық  сияқты  ізгі  қасиеттерді  дҽріптей  отырып,  жастардың  бойына  елжандылық  пен  
жалпыхалықтық,  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіре  аламыз.   
Профессор    М.Ғабдуллин    ҿзінің    «Ата-аналарға    тҽрбие    туралы    кеңес»    еңбегінде    «Бҥгінгі 
жастарды  елжандылық  рухта  тҽрбиелеуде  ақын-жыраулардың  ҿнеге  сҿздерінің  белгілі  мҿлшерде 
пайдасы  бар  екені  хақ.  Мҧндағы  тҽрбиелік  мҽні  бар  ҽңгімелер  жастарға  жат  емес.  Халықты  сҥй, 
халық  ҥшін  ерлік  еңбек  ет,  ел-жҧртқа  қорған  бол  деушілік  қазіргі  кҥнде  ескірген  сҿздер  емес, 
қайта  мағыналы,  мҽнді  сҿздер.  Сондықтан  бҧлардың  ішінен  жастарымыздың  тҽрбиелеуде  ҽсер 
ететіндерінтаңдап    алып,    орнымен    пайдалана    білсек,    нҧр    ҥстіне    нҧр    болар    еді»    дейді.    Осы 
тҧрғыдан    алғанда    қазақтың    ҧлы    ойшылдарының    кемеңгерлік    ой-пікірлерін    оқу-тҽрбие    ісінде 
орынды  пайдалана  отырып,  оқушы-жастарды  ҧлтжандылыққа  тҽрбиелеу - ҽрбір  тҽрбиеші  ҧстаздың 
басты  парызы.   
Шоқан    Уҽлиханов    баға    жетпес    қҧнды    еңбектерінде    ауызекі    шығармашылық    арқылы  
халықтың    (ҿлең,    мақал-мҽтелдер,    эпостар    жҽне    т.б.)    патриоттық    тҽрбиеге    қойылған    талап  
тілектерін,  ой-пікірлерін  кҿрсете  білген.  Қазақ  табиғатының  адамгершілік-патриоттық  тҽрбиесіне  
деген  ықпалын  ҿзінің  кҥнделіктері  мен  сапарнама  естеліктерінде  тҧжырымдап  жазған. Шоқан  ҿз  
халқының  мҽдени  қҧндылықтарын  маржандай  тізіп  жинауы,  олардың  тҽрбиедегі  мҽнін  кҿрсете  
білуі,    оған    ҿзінің    кҿзқарасын    білдіруі  -  ҿзінің    Отанына,    халқына,    елі    мен    жеріне    деген  
сҥйіспеншілігінің    белгісі,    патриоттық    сезімі    мен    ҧлттық    намысының    жоғары    деңгейді  
қалыптасуының   кҿрсеткіші. Шоқанның  Отанға  деген  сҥйіспеншілігінің  қалыптасуына,  патриоттық  
сезімінің  жетілуіне,  адами  дҥниетанымының  дамуына  бірнеше  факторлар  ҽсер  етті.  Оның  рухани  
жетілуіне,  еліне,  Отанына  сҥйіспеншілігінің  қалыптасуына  туған  жері  Кҿкше  ҿңірінің  (Оқжетпес,  
Қосмҧрын,  Сырымбет)  тамаша  табиғаты,  ержҥрек  батырлары,  ғҧлама  азаматтары  тікелей  ҽсер  
етті    десек    артық    болмайды.    Ол    бала    жасынан    Айғанымнан    естіген    ертегі,    аңыз  -  ҽңгімелері  
батырлардың  ерліктері  туралы  естеліктері  оның  ҧлттық  патриотизмінің  қалыптасуына  ҽсер  етті,  

87 
 
туған    елінің,    Отанының    алдында    жауапкершілігін    арттырды,    халық    дҽстҥрін    бағалай    білуге  
ҥйретті.  Шоқан  шығармаларының  мазмҧны  оның  туған  еліне  деген  сҥйіспеншілігін,  ҿз  халқының  
рухани  жағдайын  жақсы  тҥсінгенін,  оның  болашағына  сенгенін  кҿрсетеді.  Оның  ҿз  халқының  
тарихын  жақсы  білуі,  батырлар  ерлігін  нақты  деректер  арқылы  ҽсерлі  ҽңгімелеуі  кімді  де  болса  
таңдандырмай    қоймайды.    Мысалы,    ХҤІІІ    ғасыр    батырлары    туралы    тарихи    аңыз-ҽңгімелер   
еңбегінде    Шоқан    сол    дҽуірдің    белгілі    батыр    қайраткерлері:    Абылай,    Бҿгенбай,    Жанатай,  
Сырымбет,   Жҽнібек,   Байғозы,   Оразымбет,   Елшібек,   Малайсары,   Баян   жайында    он   тҿрт   тҥрлі  
ҽңгіме    беріледі.    Қалмақ    ханы    Қалдан    Церенмен    арада    болған    жорықтар,    қарым-қатынастар  
туралы    мағлҧматтар    бар.    Бҧл    тарихи    деректеменің    мҽні    ҿте    жоғары.    Ҿйткені,    олар    ХҤІІ  
ғасырдағы  жаугершіліктің  мҽн-мағынасын  жан-жақты  танып  білуге  кҿмектеседі.  осы  оқыиғаларға  
қатысқан    батырлардың    адами    қасиеттерін,    бір-біріне    деген    сыйластық    кҿзқарасын,   
шыдамдылығын,  қайсарлығын  білуге  жҽрдемдеседі. Шоқанның  «Едіге»  жырын  жазып  алуы  да,  
оны    орыс    тіліне    мазмҧндап    аударуды    да,  эпостық    генезисі    мен    тарихи    оқиғаларға    қатысты  
айтқан    пікірлері    де    ҧлттық    патриотизмнің    бір    кҿрсеткіші    десе    болады.    Шоқан    ҿзінің    ҥлгі-
ҿнегесімен  халқының  сонау  кҿне  заманнан  бері  тҧнып  тҧрған  шежіре  тарихын  аялау,  ҽрбір  ой-
тҧжырым   қастерлеу,    мҽдени  мҧрасын  кҿздің    қарашығындай   сақтау,    оны   патриоттық   сезіммен  
адамгершіліек,    эстетикалық    тҧрғыда    қабылдау    арқылы    азаматтық    борышым    деп    тҥсінгенін   
байқатады  жҽне  осы  сезімді  жеткіншектердің  санасына  қҧюға  талпынады.   
Балалар    мен    жеткіншектерде    ҧлттық    патриотизмді    қалыптастыру    мҽселесі    ҧлы    Абай  
шығармаларында  жақсы  кҿрініс  тапқан.  Ҧлттық  патриотизмді  қалыптастыруда  ол  халық  ауызекі  
шығармаларының    рҿлін    ҿте    жоғары    бағалаған.    Оның    тҽрбиелік    мҥмкіндіктерін    бала    жастан  
меңгерген,  ҿзінің  ҿлеңдері  мен  қаар  сҿздерінде  ҿте  ҧтымды  пайдаланған.   
Абай    «қазақ    ертегілері    мен    аңыздарын,    ҿлеңдері    мен    жырларын,    мақал-мҽтелдері    мен  
жҧмбақтарын  бала  кезден  естіп,  бойына  сіңіріп  ҿсті  жҽне  ҧдайы  қалың  елдің  ішінде,  ҿмір  бойы  
фольклорлық  дҽстҥр  арасында  болды.  Небір  ҽдемі  айтыстардың,  шешендер  мен  билер  дауының  
куҽгері  болды.  Абай  ҿзінің  еңбегінде  халықтың  ауызекі  шығармаларын,  кҿркем  ҿнердің  шебері,  
эстетика  ҿкілі  ойшыл  ақын  ретінде  пайдаланады.  Ол  ҿзінің  қара  сҿздерінде  (отыз  тоғызыншы  
т.б.)  жҽне  «Біраз  сҿз  қазақтың  тҥбі  қайдан  шыққаны  туралы»  атты  еңбегінде  10  мақалға  талдау  
береді.    Мақалдарды    халықтың    ҿмірімен    жҽне    тарихымен    тығыз    байланыстыра    алып    қарайды  
жҽне  қоғамдық  мҽні  тҧрғысынан  бағалайды,  мақал – мҽтелдерді  талдау  барысында   адамгершілік,  
ҧлт  жандылық,  ынтымақтастық,  ел  тарихы  мҽселелеріне  аса  назар  аударады,  оларды  зҧлымдық,  
сҧрқиялық,    екіжҥзділік,    барымташылық    тҽрізді    жағымсыз    мінез  –  қҧлықтармен    салыстырмалы    
тҥрде  қарастырады.  Мысалы,  «Он  ҥшінші»,  «Отыз  алтыншы»  сҿздерінде  жастарды  имандылыққа  
шақырады.  Қазақтың  «Қҧдайтағаланың  кешпес  кҥнҽсі жоқ»,  «Ҧят  кімде  болса,  иман  сонда  деген  
мақалдарын    келтіре    отырып,    олардың    мазмҧнын    дҧрыс    тҥсіндіруге    талпынады.    Абай    «Отыз  
тоғызыншы  сҿздегі»  («Аз  араздықты  қуған  кҿп  пайдасын  кетірер»,  «Ағайынның  азары  болса  да,  
безері    болмайды»,    «Алтау    ала    болса,    ауыздағы    кетеді,    тҿртеу    тҥгел    болса,    тҿбедегі    келеді»  
мақалдары    арқылы    халықты    гуменистік    кҿзқарасқа    шақырады,    елдегі    тыныштық,    ынтымаққа,  
отансҥйгіштікке,  елжандылыққа,  татулыққа  байланысты  дегенді  айтады.  Абай  ҿзінің  «Бірақ  сҿз  
қазақтың    тҥбі    қайдан    шыққаны    туралы»    деген    зерттеу    еңбегінде    балаларды    қҧнды    тарихи  
деректермен  таныстырады.  Шыңғыс  хан  мен  Жошының  билеген  кезеңдерін  баян  ете  отырып,  
«Ондағы  «Тҥгел  сҿздің  тҥбі  бір,  тҥр  атасы – Майқы  би»,  «Жылан  жылы  жылыс  болды,  жылқы  
жылы  ҧрыс  болды»,  «Қой  жылы  зеңгер  тоғыс  болды»,  «Самарқанның  сар  жолы,  Бҧланайдың  тар  
жолы»    деген    мақалдарға        тҥсініктемені    Шыңғыс    ханмен    оның    жорық-сапарымен  
байланыстырады.    Абайдың    бҧл    арадағы    мақсаты  –  жастарға    қазақтың    арғы    тегін,    қайдан  
шыққанын  тҥсіндіру ,  «Жеті  атасын  білмеген  ҧл - жетесіз»  дегізбей,  оларды  ҿз  руын,  шыққан  
тегін    білуге    баулу.    Балалар    мен    жастардың    ҧлттық    патриотизмін    қалыптастыруда    Абай  
ҿдеңдерінің  рҿлі  ерекше.  Оның  «Жаз»,  «Кҥз»,  «Қыс»,  «Жазғытҧрым»,  «Желсіз  тҥнде  жарық  ой»  
т.б.  ҿлеңдеріндегі    туған    жер    табиғатының    ҽсем    кҿріністері,    адамдардың    кҥнделікті    тыныс-
тіршілігі,  іс-ҽрекеттер,  балалардың  Отанға,  елге,  туған  жерге  деген  сҥйіспеншілігін  арттырады,  
патриоттық  сана-сезімнің  оянуына  ҽсер  етеді.   
Сонымен,  ағартушылар  қазақ  халқының  тарихы  мен  тіршілігіндегі  ең  кҥрделі  мҽселелеріне 
кҿңіл    бҿлген,    елдің    ҿркендегі      ҿмірін    тарихи    тҧрғыдан    тҥсінуге    тырысқан,    сол    дҽуірдегі 
қҧбылыстар   мен    оқиғаларды    ҽлеуметтік    тҧрғыдан    қарастырған,   халықты,    елін,    жерін,   Отанын 
сақтауға,  мҽдениетін  аялай  білуге,  жоғары  адамгершілікке   шақырған.  Қазақ  халқының  рухани 
кҿсемі,    қазақ    тілі    білімінің    атасы,    мемлекет    жҽне    саяси    қайраткер,    халқымыздың    ҧлы  
реформаторы  Ахмет  Байтҧрсынов  «Атадан  балаға  мирас  болып  екі-ақ  нҽрсе  қалады:  біріншісі – 
бай    тіл,    екіншісі  –  байтақ    жер»,  -  деген    еді.    Біз,    бҥгінгі    ҧрпақ,    осы    екі    нҽрсені    кҿзіміздің  
қарашығындай    сақтап,    келер    ҧрпаққа    табыстауымыз    керек.    Ол    ҥшін    бізге    отансҥйгіштік, 
патриоттық,  ҧлттық  сана-сезім  қажет.  Бҧл  қасиеттер  ҧрпақ  бойына  оқумен,  біліммен,  ҥйренумен, 

88 
 
талаптанумен  бітеді.  Ҧлы  қасиеттерді  ҧрпақ  бойына  дарытатын ҧстаз, ата-ана,  тҽрбиеші,  қоршаған 
ортасы  екені  дау  туғызбайды.  Патриотизмнің  шынайы  ҥлгісі – ҧстаз. 
Патриотизм    дегеніміз  –  Отанға    деген    сҥйіспеншілік    жеке  адамның    аман-саулығының 
қоғамдық-мемлекеттік    қауыпсіздікке    тікелей    байланыстығын  сезіну,  ал  мемлекетті    нығайту 
дегеніміз  –  жеке  адамды    кҿркейту  екенін    мойындау,    қысқасын    айтқанда,    патриотизм    мемлекет 
туралы  ҧғымды  жекеадаммен, яғни  оның  ҿткенімен,  бҥгінгі  кҥнімен  жҽне  болашағымен  қарым-
қатынасты    білдіреді.  Бҧл    ретте,    ҽсіресе  жастардың    отансҥйгіштік    сана-сезімін    қалыптастыруда, 
Отан  мҥдделерін    қорғаудағы  азаматтық    борышы  мен    міндеттерін  орындауға    тҽрбиелеуде 
ҥлкендердің  (аға  буынның, ҧстаздардың, тҽрбиешілердің  жҽне  т.б.)  атқарар  рҿлі  де, жауапкершілігі 
де  орасан.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет