Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет27/53
Дата24.03.2017
өлшемі5,62 Mb.
#10256
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53

Әдебиеттер 
1.
 
Әл-Фараби «Философиялық трактаттар» А.: Ғылым.1973 
2.
 
Баласағҧн Ж. Қҧтты білік (аударған А.Егеубаев) А.1986, 87 бет 
 
 
ӘОЖ  72.787:330.59 (574)  
 
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС  
(Абай, Шәкәрім философияларының негізінде) 
 
Арынғазиева Б.Б., Досжан Р.Қ. 
Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент,  
Л.Н.Гумилев атынындағы  ЕНУ, Астана, Қазақстан.  
 
Резюме  
В статье расскрываются философские идеи Абая, Шакарима в контексте современности. 
 
Summary 
This article about philosophical ideas of Abay and Shakarim in modern contexts

 
Халқымыздың  рухани  оянуы  тәуелсіздігіміздің  ӛміршең  болу  шартының  бірі  болып  табылады. 
Елімізде жҥргізіліп жатқан экономикалық реформалармен қатар халықтың сана-сезімі де заман талабына сай 
ӛзгеріп келеді. Қазіргі ғҧмыр кешіп отырған қазақ халқы екі теңдесі жоқ әлемдік оқиғаларды басынан кешіп 
отыр.  Бірі  –  ғасырлар  тоғысында  ӛмір  сҥріп  жатқанымыз.  Тағдыр  бізге,  ХХ  ғасырдан  ХХІ  ғасырға  ӛту 
кезеңінде  ғҧмыр  кешуді  бҧйырған.  Бҧл  тарихи  кезең  (қоғам)  біздің  ғҧмырымыздың  ерекше  қҧндылығы 
болып  табылады.  Қай  кезде  де  қоғам  туралы,  жаңа  идеялар  туралы  сӛз  кӛп  болған,  алда  да  солай  бола 
бермек. Қоғам адамның ӛрісі, ӛмір сҥру кеңістігі, қасиеті мен қабілетінің кӛрініс табатын алаңы. Сондықтан, 
қоғам, ең алдымен, әрбір адамның азаматтық келісім кеңістігі. Кезінде, әділетті қоғамды армандаған Абай, 
«кісі айтпаған сӛз  барма»  деген екен.  Сол сияқты,  барлық адамның болашақ туралы  қиялы, ҥміті,  арманы 
болады.  Қиял  деген  сана  ӛрісі,  онсыз  ой  жоқ.  Ҥміт  дегеніміз,  жақсылық  туралы  қиял  ӛрісі,  арман  деген 
адамның асыл ҥмітінің ӛрісі. Әр адамның ӛз ғҧмыры әрі «алтын ғасыры» бар, сол «алтын ғасырдың» есімі – 
арман болып табылады.  

150 
 
Кӛп жылдар бойы стреотип пен догманың тҧтқынында болған біздің санамызды кҥрт ӛзгертіп, оның 
ӛткені  мен  бҥгініне  жаңаша  қарауға  Абай  мен  Шәкәрім  мҧраларының  әсері  мол.  Сондықтан,  олардың 
мҧраларын  зерттеу  ӛзекті  мәселе  болып  отыр.  Біздің  ойымызша,  осы  ҧлы  ойшылдарға  деген 
қызығушылықтың артуы,  Абай мен Шәкәрімнің адамзатты, әрбір  жаңа  ҧрпақты  толғандырмай  қоймайтын 
мәселелерге философиялық тҧрғыдан қарап, оны ӛздерінің ӛлеңдерінде шебер жеткізе білуінде деп білеміз. 
Бҥгінгі  кҥндері,  Абай  мен  Шәкәрімнің  ӛлеңдерін  оқып  отырып  қазіргі  заманды  терең  тҥсінуге  болады. 
Мәңлікке  бағытталған,  ӛмір  мәнін  тҥсінуге,  адамгершілік  қасиетті  жоғары  бағалауға  негізделген  олардың 
кӛзқарастарының бҥгінгі кҥйі ерекше қҧнды болып табылады. 
Қазіргі  мәдениетіміздегі  негізгі  тақырыптардың  бірі  –  ӛткенге  қайта  оралу.  Ӛткен  ғасырларда  ӛмір 
сҥрген  ақындарға,  философтарға,  саяси  қайраткерлерге  деген  кӛзқарас  бҧл  кҥндері  ӛзгерген.  Қазақтың 
қоғамдық  ой-пікірлерінің  орны  толтырылып,  Абайдың,  Шәкәрімнің  есімдері  мен  мҧралары  қайта  оралды. 
Сӛйтіп, адамтану мәселесіне негіз болған Абайдың, Шәкәрімнің философиясына жаңаша қарауға мҥмкіндік 
берілді.  Мысалы,  Абай  мен  Шәкәрімнің  философиясының  жаңашылдығы  егеменді  мемлекеттің 
қалыптасуына  негіз  болатын  қазақ  философиясының  қажеттілігі  бҧл  кҥндері  басты  мәселе  болуымен 
тҥсіндіруге болады. Белгілі ғалым, филос.ғ.д., академик Жабайхан Әбділдин, ӛзінің «К научному познанию 
реалий»  атты  кӛлемді  мақаласында:  «Ӛзінің философиясы  жоқ елдің тәуелсіз  рухани мҧрасы  мен дамуы 
болмайды, әр уақытта басқа факторларға тәуелді болады», – деген еді [1, 7 б.].  
Абай мен Шәкәрімнің творчестволық мҧралары терең философиялық жаңа идеяларға толы. Олардың 
философиясында  адам  мәселесі  жоғары  қойылған,  адамның  рухани  жетілуінің  гуманистік  прициптерін, 
эстетикалық мәселелері мен адамның ойын дамыту қарастырылған. Адамның адамды тҥсінуі оның этикалық 
кӛзқарастарымен  тығыз  байланыстылығы,  Абай  мен  Шәкәрімнің  шығармаларында  кӛп  кӛңіл  бӛлініп, 
олардың  творчествосында  «толық  адам»  –  жан-жақты  дамыған  адам  бейнесі  ретінде,  терең  оймен 
суреттелген. Абай мен Шәкәрім этикасының бҧлжымас заңы  – еңбектену мен халыққа қызмет ету, ӛзін-ӛзі 
бақылау  мен  ар-ҧят,  ар-ождан  мәселесі.  Олардың  адамға  гуманистік  тҧрғыдан  келуі,  жаңа  идея  болып 
табылатындығы  сӛзсіз.  Абай  мен  Шәкәрім  ӛмір  бойы  осы  гуманистік  идеяны  бетке  ҧстаған  ойшылдар. 
Олардың  шығармашылық  мҧралары  терең  философиялық  ой-аңсарға  толы.  Абай  мен  Шәкәрімнің 
қарастырған  басты  мәселелері  –  адамның  ӛнегелі  қасиеттері  туралы  ілімді  дамытуында.  Олар,  адам 
баласының  иман  тҧрғысынан  жетілуінің  адами  қағидаларын  қозғайды.  Яғни,  адамның  этикалық, 
эстетикалық  таным  қабілеттері  мәселелерін  қарастырып,  жаңа  идеяларды  алға  тартады.  Сӛйтіп,  Абай  мен 
Шәкәрім  қазақтың  қоғамдық  ой-санасында  шындықты  философиялық  тҧрғыдан  ҧғынуды  жаңа  идеялық 
жоғары  сапалық  деңгейге  кӛтерді.  Сондықтан,  оларды  бҧрынғы  қазақ  тҧрмысының  айнасы  болған  ой-
санамыздың ірі ӛкілдері деп атауымызға болады.  
Абай  Қҧнанбаевтың,  Шәкәрім  Қҧдайбердиевтің  есімдері  мен  мҧраларының  қайта  оралуы,  Абайдан 
кейінгі  қазақтың  қоғамдық  ой-санасы  картасындағы  «ақ  таңдақтарды»  толтырып,  шәкірттері  мен  ізін 
жалғастырушылары  болғандығы,  ойшылдардың  мҧраларының  дҥниетанымдық  аспектілеріне  жаңаша 
қарауға  мҥмкіндік  беріліп  жатқаны  баршамызға  аян.  Бҥгінгі  таңда,  Абайдың  дҥниетанымының  генезисі, 
оның  ӛзекті  мәселесі  толық  қарастырылған  болып  кӛрінгенімен,  алайда,  ӛзіне  бҥгінгі  заман  тҧрғысынан 
қарауды талап ететін кейбір аспектілері, идеялары бар. Бҧрын, олардың идеялары, әртҥрлі қасіретті тарихи 
жағдайларға байланысты жеткілікті дәрежеде ашылмаған еді.  
Мҧхтар Әуезов ӛз  зерттеулерінде  Абай мен Шәкәрім туралы  ойларын шығармашалықпен  дамытып, 
теориялық жағынан жетілдірді. Абайдың шығармашылығы мен дҥниетанымына нәр берген ҥш бҧлақ туралы 
концепция  ХХ  ғасырдың  30-шы  жылдарында  М.Әуезов,  –  халықтың  ӛзі  жасаған,  ӛткен  дәуірдің  ауызша 
және  жазба  ескерткіштерінде  сақталып  қалған,  ертедегі  қазақ  мәдениеті...  Келесі  бҧлақ  –  бҧл  шығыс 
мәдениетінің  таңдаулы  ҥлгілері:  тәжіктің,  әзірбайжанның,  ӛзбектің  классикалық  поэзиясы...  Ҥшінші  кӛз  – 
бҧл орыс мәдениеті, ал, сол арқылы әлемдік мәдениет [2, 85 б.]. Қазіргі кезеңде бҧл концепцияны кӛпшілік 
мойындап отыр. Бҧдан басқа кӛптеген зерттеушілер жоғарыда аталған бҧлақтарды жалпы қазақ Ағарту ісіне 
қосып  жҥр.  М.Әуезовтің  жарық  кӛрген  еңбектері  кӛрсеткендей,  зерттеуші  ӛз  атына  айтылған  әртҥрлі 
айыптауларға  байланысты  Абай  дҥниетанымының  ӛзекті  бҧлақтары  туралы  айтылуға  тиістінің  бәрін 
жарыққа шығара алмағанын байқаймыз. Қырық жасқа дейін Абай шығармашылығы мынадай екі бҧлақтан 
нәр  алды  деп  айта  аламыз:  қазақтың  халық  ауыз  әдебиеті  және  шығыс  ойшылдары  мен  ақындарының 
шығармалары.  Абай  ізашарлары  мен  замандастарының  қолы  жеткен  табыстарының  барлығын  ӛз  бойына 
қуатты кҥшпен сіңіре білді, игерді, қайта жаңғырта ӛңдеді және оларды жинақтап қорытты. Осы тҧрғыдан 
алғанда,  Гете  ӛзі  туралы  былай  деп  жазған  еді:  «Мен  туындыларым  ҥшін  жеке  басымның  ақылдылығына 
емес, маған солар ҥшін материал берген мыңдаған адамдар мен маған тыс жағдайларға қарыздармын» [3, 41 
б.].  Абай  да  ҧлы  неміс  ақынының  бҧл  пікірінің  ӛзіне  қатысты  екеніне  келісер  еді  деп  ойлаймыз...  Бҧлай 
дейтініміз, әртҥрлі дәуірлер мен халықтардың әртҥрлі философиялық ілімдерімен таныса отырып, Абай ең 
алдымен ӛзінің дҥниетанымына, ӛзінің рухани дҥниесіне жақынын таңдап алды, ӛзіне дейінгілердің бәрін ӛз 
бойына  сіңіріп,  ӛзінің  мәнеріне  салып,  қуатты  шығармашылық  рухының  жалынында  ҧстап  шынықтырды. 
Абайдың  айрықша  осы  қасиетін  М.О.Әуезов  мына  сӛздермен  атап  кӛрсеткен  болатын:  «Абайдың  ерекше 
ӛзіндік  талғамы,  зор  таланты  аталған  ҥш  қайнар  бҧлақ  кӛздерге  қарап-ақ  кӛрінеді.  Ол  ӛз  талантын  не 
жалғандықпен,  не  еліктеушілікпен  бҧрмалаған  жоқ.  Абай  кең  тынысты  суреткерге  тән  қасиетімен  жаңа 

151 
 
мәдениетті  табиғилықпен  ӛз  бойына  сіңірді.  Ол    бҧл  жерде  ӛзінің  суреткерлік  және  ойшылдық  жарқын 
даралығын толық сақтады» [4, 88 б.]. 
Халық  рухын,  халық  тарихын  поэзия  тҥрінде  философиялық  ойды  бере  білуді  Абай  мен  Шәкәрім 
ӛмір  мен  ӛлім  туралы  ойлардан,  қазақ  халқының  бірлігі  мен  топтасуы  жӛніндегі  ойлардан,  жеке  адамның 
еркіндігі,  адам  хҧқы,  махаббаты  ҥшін  кҥрес  идеяларымен  ӛткірленген  қазақ  эпосынан  алды.  Абай  мен 
Шәкәрімнің  дҥниетанымы  кӛптеген  тҧстарда  қазақ  эпосының  дҥниетанымымен  ҥндес.  Олар  ҥшін,  қайнар 
кӛз  болған  шығыс  мәдениетінің  де  орны  ерекше.  Абай  сияқты  Шәкәрім  де  барлық  араб,  парсы  эпосын, 
шығыс  классик  ақындарының  шығармаларын  тҥпнҧсқасынан  оқыған  жан.  Табари,  Рабғузи,  Рашид-аддин, 
Бабыр,  Абылғазы-Баhадҥр  хан  және  т.б.  тарихи  еңбектерін  жатқа  білді,  шығыстың  діншіл  ғалымдарының 
тҥсіндіруіндегі логика негізін және мҧсылман қҧқығының негізін білді. «Жаңа кезеңге, – деп жазды Әлихан 
Бӛкейханов,  –  исламның  табыстарымен  және  қазақ  даласында  нығаюымен  суреттеледі,  бҧл  Абайдың 
назарын  араб,  парсы  және  тҥрік  тілдерінде  жазылған  кітаптардағы  білімге  аударды.  Қабілеті  мен  бос 
уақытын жҧмсай отырып, ол ӛз бетінше араб және парсы тілдерін игерді, ол тілдерде еркін оқи алатын және 
қасиетті кітаптардың білгірі деген атқа ие болды» [5, 103 б.]. 
«Руханилық»,  «имандылық»,  «қоғамдық  ӛмір»,  «адамның  сыры»,  «адам  жаны» 
сияқты ҧғымдар Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығының негізін қҧрайды. Олардың ойлары 
мен идеялары, ҧстанымдары мен қҧндылықтары қазақ халқының ҧлттық санасын жаңа деңгейге 
кӛтерді.  «Тарихтың  ӛзі  де,  кӛзі  де  –  адам»  деген  қағиданы  бетке  ҧстаған  Абайдың  дҥниетанымының 
ӛзегі  –  адам.  Абай  ҥшін  адам  –  ең  сҥйікті,  ең  асыл  дҥние.  Сондықтан,  Абай  дҥниетанымын 
талдағандағы ең бірінші бетке ҧстарымыз – Абайдың адамға деген сҥйіспеншілігі, оның гуманизмі. 
Гуманизм  дегеніміз,  «адамшылдыққа  талпыну,  адамға  қҧштарлықпен  сҥйсіне  қарау».  Гуманизмді 
адам  ӛзін-ӛзі  танып,  ӛзін-ӛзі  тҥсіне  бастағаннан  іздеуіміз  керек.  Адам,  «мен  кіммін,  не  ҥшін 
дҥниеге  келдім,  не  ҥшін  ӛмір  сҥремін,  ӛмірімнің  мәні  неде?  –  деп  ӛзінен-ӛзі  сҧрай  бастаған 
кезден-ақ, гуманистік ізденіс басталды десек қателеспейміз. Ал, адамзаттың мҧндай сҧрақты ӛзіне-ӛзі 
қойғалы біраз қилы-қилы замандар ӛтті.  
Абай мен Шәкәрімнің гуманизмі ӛзіне дейінгілердің (ойшылдардың) тағдыры мен болашағы, 
бақыты  мен  ӛкініші  туралы  кӛптеген  идеяларының  жалғасы.  Бірақ,  Абай  мен  Шәкәрім  жәй  ғана 
«жалғасы»  емес,  олардың  ӛзіндік  ерекше  тҥсініктері  бар.  Олар  ешкімге  ҧқсамайтын,  ешкімді 
қайталамайтын  ойшылдар  болып  табылады.  Абай  мен  Шәкәрімнің  адамға  деген  сҥйіспеншілігі 
барлық еңбектерінде кездеседі. Мысалы, Абайдың «Қара  сӛзін»  алсақ,  одан  адамға деген қҧштарлығы 
сезіледі,  сҥйіспеншілігі  білінеді.  Бҧны  білдіретін  тек  қана  «Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жҧртым»  деп 
басталатын ӛлеңі ғана емес, бҧл сҥйіспеншілікке әрбір ӛлеңі, әрбір қара сӛзі куә. Байды жамандаса, панасыз 
кедейді  қолдайды,  қорғайды,  кҥз  бен  жазды  суреттесе,  адамның  сҧлу  сезімі  мен  кӛңіл-кҥйіне  мән 
береді.  Абай  мен  Шәкәрімнің  сҥйіспеншілігі,  махаббаты,  адамға  қҧштарлығы  тек  адаммен 
шектелмейді. Бҧл сҥйіспеншілік аспанға, Қҧдайға дейін тарайды және Қҧдайдан тарайды: Махаббатпен 
жаратқан адамзатты, сен де сҥй, ол Алланы жаннан тәтті, адамзаттың бәрін сҥй бауырым деп, хақ жолы 
осы деп әділетті алға қойды», [6, 72 б.] – деп атап кӛрсетеді. Олардың «Қҧдайдың ӛзі адамзатты махаббатпен 
жаратқан  соң  адамның  бҧл  дҥниені,  адамзатты  «бауырым»  деп  танымауына  шара  жоқ» 
дегеніндей-ақ,  адамның  адамды  бауырым  деп  тануы  –  әділет  жолы  болып  табылады.  Кӛпшілік 
қауымға  белгілі,  әділетті  таңдаған  адам  адамзатқа  сҥйіспеншілікпен  қарайды,  сҥйсіне  қарайды  және 
сезімді  ақылмен  ҧштастырады.  Ал,  саналы  ӛмір  Абайдың  тҥсінігіндегі  адамның  адамша  ӛмір  сҥру 
жолына тҥсуінің немесе жетілуінің екінші сатысына шығуының кӛрінісі. Бҧл сатыдағы адамның ӛмірінің 
ең басты кӛрінісі – тәртіпке ӛз ӛмірін бағындыру, ретпен ӛмір сҥру. Баршамызға белгілі, адамның 
ӛмірінде ойланып ӛмір сҥру басым болады. Оған апарар жол – адамды оқуға, білімге, ӛмірдің рәсімі 
мен тәртібіне бағынуға жетелейді. Білім  мен  ақыл  жолы  арқылы  немесе  Абайдың  сӛзімен  айтқанда, 
«ғылым  да  жоқ,  ми  да  жоқ»  деген  деңгейден  ӛту  арқылы  адам  «шынайы  адамдық»  ӛмір  сҥру 
жолына  тҥседі.  Бҧл  жолдың  ӛзі  де  оңай  жол  емес,  яғни,  бҧл  жолда  қуаныш  пен  ӛкініш  қатар 
кездеседі.  Бірақ,  оның  бәрінен  адам  жҥрегімен  тыңдайтын  жолға  немесе  ӛзінің  жан  екенін 
танитын  жолға  тҥседі.  Ал,  бҧл  жол  –  адамның  нағыз  жетілу  жолына  апарар  немесе  оның 
дамуының ҥшінші – «рухани сатысына» жетелер жол болып табылады. Рухани жетілу жолы – шексіз 
жол. Бҧл шектілі де, шексіздік адамды шексіз жетілу жолына тҥсіру немесе қарапайым адамды «толық 
адам» болуына жеткізу жолы. Бҧл жолға адам ӛзінің ӛмірлік тіршілігінің шектілігін, уақытша екендігін 
біле  тҧра,  одан  босанатын  мҥмкіндіктің  бар  екенін  сезініп,  саналы  тҥсініп,  сол  мҥмкіндікті 
шындыққа айналдыру әрекетімен шҧғылдану ҥшін тҥседі. Бҧл жолға тҥсу – «саналы таңдау ісі». Ол жолға, 
тҥсетін  адам  ӛзінің  жан  екенін  тҥсінгеннен  кейін  мҧсылмандыққа  әбден  беріліп,  кәміл,  нағыз 
шынайы  мҧсылман  немесе  діншіл  адамдық  жолға  тҥседі.  Енді,  біз  Абайдың  осы  тҥсінігін,  оның, 
ӛлеңдері  мен  «қара  сӛздері»  немесе  «нақыл  сӛздері»  арқылы  дәлелдейтін  болсақ,  яғни,  Абайдың 
философиялық кӛзқарастары қандай философиялық бағытқа жақын дейтін болсақ, оның нағыз 
қазақ  дҥниетанымына  жақын  болғандығын,  тіпті  оның  тҥп  тамыры  әл-Фарабидің 
дҥниетанымына жақындығын, әл-Ғазалидің және Қ.А.Ясауидің суфизмінен, тіпті, Жҥсіп Баласағҧнның 
философиялық  ойларынан  нәр  алғанын  байқаймыз.  Егер,  сопылар  ілімінің  о  бастан  негізгі  мәселесі 

152 
 
адам  болып  табылғанын  ескеретін  болсақ,  онда  Абайдың  адам  туралы  ілімі  философиясының  негізі 
болуы бекер емес. 
Дҥниетанымдық  тҧтастыққа  талпынған  Абай  мен  Шәкәрім  кӛптеген  шығармалары 
арқылы  адам  мен  дҥниенің,  адам  мен  әлемнің  тҧтастығын  жеткізуге  тырысады.  Абай  мен 
Шәкәрімнің  адам  туралы  ілімдеріне  тереңірек  ҥңілу  ҥшін  олардың  адамды  пенде,  ал,  дҥниені 
жалғаннан  айыра  білгеніне  тоқталуымыз  керек.  Бҧлар  бір-біріне  қарама-қарсы  ҧғымдар:  дҥние  – 
мәңгі  де  жалған  –  ӛткінші  қҧбылыс.  Адам  болса,  ол  да  дҥниенің,  мәңгіліктің  туындысы,  пенде  – 
жалғанның,  кҥнделікті  тіршіліктің  туындысы.  Себебі,  ол  мәңгілікке  емес,  уақытшаға,  ӛткіншіге  бет 
бҧрады,  соған  бас  иеді.  Сондықтан,  адам  жетілуге  бағытталады,  пенде  болса  ақырғы  ӛмірге,  кҥнделікті 
тіршілікке бет бҧрады. 
Адамның  ӛмірі  ақиқат,  адалдық,  әділеттілік,  адамгершілік,  сҧлулық  деген  ҧғымдармен  ҧштасса, 
пенденің  ӛмірі  кҥнделікті  тҧрмыстың,  қарапайым  тіршіліктің,  кҥн-кӛрістің  ғана  қамымен  әбігерленіп 
жатады.  Ол  кҥнделікті  тіршіліктен  басын  кӛтере  алмайды,  сондықтан,  оның  ӛмірі  де  қанатсыз, 
дәрменсіз  болады.  Бҧндай  ӛмірдің  бір  белгісі  –  қиялсыздық,  армансыздық  немесе  арман-
қиялының тӛмен болуы. Пенде ӛз қиялын ҧштай алмай, кішкентайлық танытса, ӛз арманында 
шарықтай  алмайды. Ол тауық сияқты қораның шарбағынан жоғары ҧша алмайды.  Қыран  қиялы 
биік  болғандықтан  биікке  де  ҧшады.  Қыранның  қиялы  биік  шыңда  болса,  қораздың  қиялы  –  қи 
тҥбінде. Пенде әрқашанда бағынғыш, қҧптағыш, кҥндегіш, затқҧмар және ӛзімшіл келеді. Ол ӛзінен 
жоғарылардың алдында қҧрдай  жорғалайды да, ӛзінен тӛмен деп тҥсінгендерін барынша басады»  – 
дейді Абайға сҥйеніп Б. Ғабдуллин [7, 61 б.]. 
Пенденің  бетке  ҧстайтын  басты  мақсаты  –  баю.  Біреуді  қорқытып,  біреуден  жалынып,  біреуді 
алдап алса да, іздегенін алып қалу. Ол біреуге беруді білмейді. Берсе, ӛзі кедейлікке ҧшырайтын сияқты 
кӛрінеді оған. Оның табатыны да, мақтанатыны да  – малы. «Барында баймын деп мақтанады, 
жоғында  «маған  да  баяғыдай  мал  бітіп  еді»  деп  мақтанады.  Кедей  болған  соң,  тағы 
қайыршылыққа тҥседі», – дейді Абай пенденің тіршілігі мен қҧндылығын суреттей келе. Әрине, бҧндай 
пендеде иман деген болмайды. Себебі, иманды болу ҥшін адамға «қорықпас жҥрек, айнымас кӛңіл, 
босанбас  буын  керек»  –  дейді  Абай  он  ҥшінші  сӛзінде.  Осы  ойларын  келесі  сӛзінде  ойшыл  ақын 
былай деп қорытады: «Қҧдайға терістікпен, не ар мен ҧятқа терістікпен сілкініп, бойын  жиып ала 
алмаған  кісі,  ҥнемі  жаманшылыққа,  мақтанға  салынып,  ӛз  бойын  ӛзі  бір  тексермей  кеткен  кісі,  тәуір 
тҥгіл,  әуелі  адам  ба  ӛзі?».  Бҧл  жерден  адам  мен  пенденің  айырмашылығын  айқын  кӛруге  болады. 
Пенде  мен  адамның  айырмашылығының  тағы  бір  кӛрінісін  Абай есті мен есер кісінің немесе 
ақылды  мен  ақылсыз  кісі  арасындағы  айырмашылығы  арқылы  кӛрсетеді.  Есті  кісі  есін  шығармай, 
ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жҥріп ізденеді де, есер  кісі қызықта және қызба, қҧмаршыл 
және ӛкінгіш келеді. «Егер, есті кісілердің қатарында болғың келсе, – дейді ойшыл, – кҥнінде бір мәртебе, 
болмаса  жҧмасында  бір,  ӛзіңнен  ӛзің  есеп  ал!»  [8,  7-23  бб.].  Философиялық  жҥйе  қҧрып,  арнайы 
философиялық  трактаттар  жазбағанымен,  имплицитті  философиялық  кӛзқарастарды  ақындығы  арқылы 
кӛрсеткен Абайдың ӛлеңдерінде болсын, «Қара сӛздерінде» болсын адамгершілік мәселесі маңызды орынды 
алады.  Абай  этика  тақырыбын  қозғағанда  иман  мәселесіне  кӛп  кӛңіл  аударды.  Барлығымызға  белгілі, 
«иман» термині қазақ санасына мҧсылманшылық арқылы енген. Ол арлылық, білімділіктің синонимі болып 
табылады. «Ҧят кімде болса, иман сонда» деген мақалды Абай ӛзінің 36-шы қара сӛзіне негіз етіп алып, ҧят 
тҥсінігін талдайды. Абай ҧятты екі тҥрге бӛледі:  
1. Надандықтан туындайтын ҧят;  
2. Иманға қатысты шын ҧят.  
Олардың айырмашылығы ҧяттың пайда болуының себептерінде. Біріншісi – не шариғатқа, не ақылға 
теріс  жазығы  жоқ  болса  да  ӛзінен-ӛзі  қысылатын,  жалқаулық,  жалтақтық,  қорқақтық,  жігерсіздік, 
жауапсыздықтан  туындайды;  екіншісi  –  не  шариғатқа,  не  ақылға,  не  адамшылыққа  кесел  тигізетін,  не 
нәпсінің жолында ар-абыройға нҧқсан келтіруден басталатын, ӛзіңе ішкі жаза  тарттыратын жоғарғы сезім. 
«Ҧят  деген  адамның  ӛз  бойындағы  адамшылығы,  иттігіңді  ішіңнен  ӛз  мойныңа  салып,  сӛгіп  қылған 
қысымның  аты»  –  деп  анықтайды  Абай.  Бастапқы  мағынасы  тҧрғысынан  болсын,  санаға  ену  жолынан 
болсын иман ҧғымында діни мазмҧн басым екендігіне қарамастан, ҧлы гуманист Абай иманды адамшылдық  
ӛлшемі  ретінде  қабылдайды.  Абайдың  тҥсінуінше,  білуге  қҧмарлықты  шектеу,  талаптанбау,  ӛз  әрекетіңе 
салғырт  қарау  –  имансыздықтық  [9,  57  б.].  Абай  ӛз  халқының  бойындағы  оң,  жақсы  қасиеттерімен  қатар 
оғаш  қылықтарды,  теріс  мінездерді  қатты  сынға  алған.  Оның  моральдық  iлiмдерiне  қатысты  тағы  бiр 
тҥйiнделген  ойы  –  «Адам  баласының  мiнезiн  тҥзетiп  болмайды  деген  адамның  тiлiн  кесер  едiм»  дегенi. 
Мҧнда, әрбiр ҧлттың гуманитарлық даму мҥмкiндiгiне деген шексiз сенiм жатыр. Ол ел басқару қызметiнде 
де  барынша  әдiл  болып,  халық  қамын  ойлаған,  «тура  биде  туған  жоқ»  принципiн  ҧстанған.  Ғҧмырының 
соңына  қарай  пенделiк  шаруалардан  бойын  аулақ  салып,  уақытының  кӛбiсiн  шығармашылыққа  арнаған. 
Абай  ӛз  ҧрпақтарына  «Аман  бол!»  деп  уағыз  айтып  кеткен  жан.  Одан  біз  ҧлы  ақынның  адамгершілікті 
бәрінен  жоғары  қойғандығын  аңғарамыз.  Абайда  әңгiме,  интуиция  ретiнде  кездесетiн  ниеттер  Шәкәрiм 
шығармаларында  дамыған  нҧсқасын  табады.  Мысалы,  ҥш  сҥюден  тҧратын  Абайдың  иманигҥл  iлiмiн 
Шәкәрiм  «Ҥш  анық» атты  кiтабында Ҧят туралы  iлiмге  айналдырады. Ол,  Абайдың ӛсиетiмен қажылыққа 
аттанып,  Стамбулда  және  т.б.  қалаларда  болып,  Шығыстану,  тҥрiк  тарихы,  дiнтану  iлiмiмен  айналысуға 

153 
 
мҥмкiндiк алған. Егер, Абай Қҧдай табарака уатағаланың барлығына ҥлкен дәлелi – неше мың жылдан берi 
әркiм әртҥрлi сӛйлесе  де, бәрi де бiр Қҧдай бар деп келгендiгi, – десе, Шәкәрiм осы тҧжырымды кӛптеген 
материалдар  арқылы  дәлелдеуге  тырысады.  Сӛйтіп,  ол  Абайдың  сыншыл  реформалық  бағытын 
жалғастырады.  
Шәкәрім «Ҥш анық» кiтабында сол кездегi кӛп еуропалық ағымдардан деректер келтiре отырып, ӛзi 
этикалық максимализмге негiзделген Ар-ҧятты дәрiптеу iлiмiн жасайды. Мiне, осы арада ол «Қҧдай бiр де 
дiн кӛп, бiрақ, осы жалған айырмашылыққа алданбай, тура қҧдайды iздеу керек» – деген тҧжырым жасайды. 
Тура дiндi iздеу ҧлттың әлемдiк ойға – ой қосуының кепiлi, тiптi, алға озудың бiрден бiр шарты. Моральды 
«Ар ілімі» деп танитын Шәкәрім адамгершілік мінез-қҧлық хақында кӛп ой қозғайды. Шәкәрім, адам жолы 
дегеніміз,  адам  баласына  пайдасын  тигізу,  жақсылық  ету  деп  тҥсіндіреді.  Ол  ҥшін  адам  ӛз  бойындағы 
кемшіліктерден  арыла  білуі  керек.  Сӛйтіп,  ӛз  ар-ожданына  кір  келтірмейтіндей  ӛмір  сҥруі  қажет.  Ар-
ожданының  мазмҧнын  нысап,  әділет,  мейірім  қҧрайды  деп  тҥсінетін  Шәкәрім,  оларды  адамшылық 
ҧғымымен байланыстырып, былай деген: Анық бақ деп айтарлық ҥш нәрсе бар, олар: Кірсіз ақыл, мінсіз сӛз, 
адал  еңбек.  Бҧл  ҥшеуі  біріксе,  сорды  жоймақ.  Шын  бақ  осы  деп  бҧған  ақыл  тоймақ  –  дей  келе,  Шәкәрім 
жоғары  қҧндылықтарды  атап  ӛтеді.  Ар-ождан  тіпті  о  дҥниеде  де  бар  нәрсе  деп  есептейді  ақын.  Оның  бар 
екендігіне дәлелсіз сену қажет. «Егер, бір адам жанның ӛлген соңғы ӛмірі мен ҧждан соның азығы екеніне 
әбден  нанса, оның жҥрегін  еш  нәрсе қарайта  алмайды.  Адам атаулыны  бір бауырдай қылып, екі ӛмірді де 
жақсылықпен ӛмір сҥргізетін жалғыз жол осы мҧсылман жолы сияқты!» [10, 12 б.] – дейді Шәкәрім.  «Сау 
ақыл  менiң  иманым»  деген  сӛздерiнен  Шәкәрiмнiң  ақыл  мен  болмысты  тануға  мҥмкiндiк  алдым  дегенiн 
байқауға  болады.  Иман  –  болмысты  танудың  мҥмкiндiгi.  Шәкәрiм  сау  ақыл  арқылы  сол  рухымен  тану 
мҥмкiндiгiне, яғни, иманға жетiп отыр. Шәкәрiмнiң айтуынша иман – этикалық категория [9, 16 б.].      
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Егер,  біз  мемлекет  болғымыз  келсе,  ӛзіміздің  мемлекетімізді  ҧзақ  уақытқа 
меңзеп  қҧрғымыз  келсе,  онда  халық  руханиятының  бастауларын  тҥсінгеніміз  жӛн...  Қазақтың  поэзиялық 
шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан, да, қазақтың дәстҥрлі поэзиясы 
ҧдайы философиямен шендесіп жатады»,  – деп, [11, 27 б.] орынды атап ӛткенін ескерсек, қазақ халқының 
арманы тәуелсіз елімізде жҥзеге асып жатқанын мойындауымыз керек.  
Абайдың  сыншыл  реформалық  бағытын  Шәкәрім  «Ҥш  анық»  атты  еңбегінде  жалғастырып,  сол 
кездегі  кӛп  еуропалық  ағымдардан  деректер  келтіре  отырып,  ӛзі  этикалық  максимализмге  негізделген  Ар-
Ҧятты дәріптеу ілімін жасайды. Міне, осы арада ол Қҧдай бір де дін кӛп, бірақ, осы жалған айырмашылыққа 
алданбай,  тура  Қҧдайды  іздеу  керек  деген  тҧжырым  жасайды.  Тура  дінді  іздеу  ҧлттың  әлемдік  ойға  –  ой 
қосуының кепілі. Тіпті, алға озудың бірден бір шарты [9, 18 б.]. 
Бҥгінгі  қоғамдық-гуманитарлық  білім  салаларындағы  еңбектерде  «адамшылық»  сӛзінің  орнына 
«адамгершілік» деген сӛз жиі қолданылады. «Адамгершілік» деген сӛзді Абай да, Шәкәрім де қолданбаған. 
Жалпы, «адамшылық» деген ҧғымның ӛзін екі тҥрлі мәнде тҥсінуге болады.  
Біріншісінде,  «адамшылық»  дегеніміз  тек  қана  адамзатқа,  оның  нақтылы  кӛрінісі  адамға  қатысты 
біршама қасиеттер, қылықтар және т.б. жиынтығы. Адамға қандай қасиет, қылықтар тән дегенде, оның бәрін 
бас-басына  атап  шығу  мҥмкін  емес.  Адамды  «адам  еместен»  айырып  тҧратын  жағдайлардың,  соларға 
қатысты мінез, харекет, сезім-саналардың бәрі-бәрі адамшылыққа жатады. Мҧндай тҥсінікте жақсы адамның 
қылығы  да  адамшылық,  залымның  да  қылық-пиғылы  адамшылық.  Сонда,  адамшылық  ізгілік  пен 
зҧлымдықтың  бірлігі.  Себебі,  дҥние,  ғҧмыр  не  жақсы  жандардан,  не  зҧлымдардан  тҧрмайды,  олар  аралас, 
бірінсіз-бірі  болмайтын,  бір-бірін  қажет  ететін  қҧбылыстар.  Сондықтан,  адамшылықты  не  жақсы,  не  теріс 
деуге келмейтін, бәрін қамтитын – феномен деуге болады.  
Екіншіден,  адамшылықты  тек  ізгілік  деп  тҥсіну.  Кӛпшілік  қауым  адамшылықты  осы  мәнде 
қабылдайды.  Ал,  Шәкәрімнің  адамшылықты  қай  мәнде  айтып  отырғанын  дӛп  басып  айту  қиын.  Ол  сірә, 
адамшылықтың  кӛпшілікке  тҥсінікті  мәнінде  айтқан  болуы  керек.  Білімнің  тҥпкі  мәні  –  адамтану.  Ғарыш 
болсын, табиғи қҧбылыстар болсын бәрі-бәрі адамтануға бастайтын жолдар. Себебі, дҥниені жаратушы да, 
оны қажетіне жаратушы да тек қана – адам. Адам қажеттілігінен тыс білім саласы жоқ. Шәкәрімнің заман 
озған  сайын,  адам  нәсілі  кері  кете  бастайды-ау  деген  хаупі  осы  білімге  тікелей  байланысты  болса  керек. 
Білім барлық тамаша қасиеттермен бірге, адам бойына қонғанда,  оған ең алдымен мазасыздық әкеледі, ол 
білген  ҥстіне  білсем  деген  мазасыздық.  Білген  ҥстіне  біле  бермек  шексіз  қҧмарлыққа  бастайды.  Шексіз 
қҧмарлық шексіз сананы қажет етпек. Бҧл адам болмысына кереғар іс. Адамның адам атануының ӛзі, оның 
іс,  харакетінің,  ойының  тууы,  ӛміріне  сай  шектеулі  болуында.  Адам  табиғаты  шектеулі...  Жалпы,  наным-
сенім  адамның  дҥниетанымының  рухани  тірегі.  Онсыз  адам  ӛзіндік  «Менді»  жоғалтады.  Шәкәрім  ӛзінің 
нанымы  туралы  «Мҧтылғанның  ӛмірі»  атты  дастанында  айтады.  Бҧл  дастанның  философиялық  талдауын 
(мәліметін)  филос.ғ.д.,  академик  Ғарифолла  Есімнің  «Мҧтылған  философиясы»  атты  мақаласынан  кеңінен 
танысуға болады.  
Абай мен Шәкәрімнің тҥсініктері бойынша адам әлемнің негізі, тҥбірі, олар ҥшін адам философиялық 
ой-толғаудың қазығы. Әрине, бҧл мақалада біз кӛтерген мәселелерді тҥбегейлі шештік деп айта алмаймыз. 
Мҧндай шешім қабылдау Абай мен Шәкәрімнің философиялық кӛзқарастарын зерттеуде әлі кӛп еңбектенуді 
қажет етеді. Біз, бҧл мақалада  тек ӛз ҥлестерімізді қосуға тырыстық.       
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет