Әдебиеттер
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана. 2011ж.
2.
Қҧдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, Жазушы. 1998.
3.
В.Тимошинов. Мәдениеттану. Қазақстан – Еуразия – Шығыс – Батыс. Оқу қҧралы. Алматы: Нус, 2008. –
368 б.
4.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы . 2006ж.
ҚАЗАҚ ҚОЛӚНЕРІНДЕГІ ОЮ-ӚРНЕК ШЕЖІРЕСІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТӘЖІРИБЕДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Жиентаева Б.Ж.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана, Қазақстан
Резюме
159
В статье рассмотрены пути применения в воспитательной работе казахских нацональных орнаментов,
изложены возможности культурного наследия, а также художественная методика.
Summary
The article describes the wayof using Kazakh nationalornamentsin the educational work,presents the opportunities
for cultural heritage and artistic technique.
Бҥгінгі таңда қоғамның негізгі мәселелерінің бірі прогресшіл дәстҥр болып саналса, әр халықтың
алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми кӛз-қарасы, демократиялық ой-пікірлері, әдет-ғҧрпы олардың мәдени
байлықтары болып табылады. Халықтың әдет-ғҧрпы, дәстҥрі қоғамдық ӛмірдегі материалдық жағдайының
ӛзгеруімен сипатталады. Осы орайда қазіргі жоғары оқу орындарында рухани байлықты дамытуда және
кӛркемдік білім берудің қҧнарлығын арттыруда сәндік-қолданбалы ӛнерін, соның ішінде қазақ қолӛнеріндегі
ою-ӛрнек шежіресін педагогикалық тәжірибеде пайдаланудың теориялық және практикалық қажеттілігі
туындаған. Осыдан, кҥн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі - сәндік-қолданбалы ӛнері материалдарын
жҥйеде, мәнділікте, қҧндылығын ескере отырып, оқушылардға ҧлттық тәрбие беру ҥрдісінде пайдалануға
студенттерді даярлау болып отыр.
Белгілі ғалым Н.Д.Хмель "Ғылым мен ӛнердің ӛз ара ықпалды байланысында, интегративтік тәсілде,
мектеп мҧғалімдерін дидактикалық тҧрғыдан даярлауға болады " деген тҧжырым жасаған.
Теория мен практикада сәндік-қолданбалы ӛнерінің кӛркем туындыларын метептерде оқу-тәрбие
ҥрдісінде пайдаланудағы қажеттілік ӛлшеусіз ӛсуде болса да, болашақ мҧғалімдерді даярлауда, оны ҧтымды
пайдаланудың теориясы мен әдістемесі ӛз деңгейінде жасалмай отыр. Осы қайшылықтарды ескере отырып,
сәндік-қолданбалы ӛнерін оқу-тәрбие ҥрдісінде пайдалануға студенттердің даярлығын қамтамасыз ететін
педагогикалық шарттарын, дидактикалық негізін белгілеу негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Болашақ мектеп мҧғалімдерінің даярлығын қалыптастыруда оқыту ic-әpeкeтi нәтижелі болу ҥшін
жҥйелі жҧмыс жҥргізу керек. Ғылыми әдебиеттерге бой ҧсынсақ, ҧлттық сәндік-қолданбалы ӛнер
туындылары рухани мәдениетпен тығыз байланысын тауып, олар уақыт пен кеңістіктегі экономикамен ғана
емес, сонымен қатар қолӛнер туындыларының әлемдік рухани байлығымен сабақтасып жатады.
Қай халық болмасын ӛзінің келешегін тәрбиелеуде, болашақ ҧрпағын ойлайды. Оған сенім артады.
Ӛсиетті ӛнегелі сӛзін, ғылымын, білімін, мәдениетін, әдебиетін, ӛнерін ойдан ӛткізіп, ic тәжірибеде тeкcepiп,
ҧрпаққа мҧра ретінде қалдырып отырады.
Қазақ халқының мәдениет тҥрлерінің бipі - қазақ қолӛнері, соның ішіндегі ою-ӛрнек шежіресі дер
едік. Ою-ӛрнекті ғылыми тҧрғыда зерттеген ғалымдардың бipi Т.Басенов. Ол ою-ӛрнектің даму жолын
Андронов мәдениетінен бастап, схема тҥрінде кӛpceтіп қазақтың ою-ӛрнегі пропорциясын келтірген. Халық
таланттары халық ою-ӛрнек элементтерінен сюжетке бай мыңдаған композиция жасағандығын айта келіп,
ою-ӛрнек стилизациясы, сонау Андронов мәдениетімен басталатын деген тҧжырымға келген.
Әрине, қазақ халқының ою-ӛpнeгінің ӛзіндік тарихы бар. Мысалы, қыз балалардың бешпетіне,
кӛйлегіне гҥл тәрізді немесе қарлығаш қанаты секілді ӛрнектер бейнеленген. Гҥлдей қҧлпырып,
қарлығаштың қанатындай қиылған қасы, мӛлдіреген кӛзі болсын деп сҧлулықты білдірсе керек. Ал ер
балалар найзаның ҧшы, бҥркіт, қошқар мҥйіз ӛрнектер секілді батыр алғыр болсын деген ырыммен
ӛрнектеген. «Итқҧйрық» ою-ӛpнегі ешқашанда бас киімде қолданылмаған. Мҧның астарында «дҧшпаның
кеудеңнен жоғары ӛрлемесін» деген ырым жатыр. Сонымен «Дҧшпаның тӛмен болсын» деген ниетпен,
кӛбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына ӛрнектеген.
«Қазақтың ӛз ҧлттық, ерекшелігін кӛрсететін ою-ӛрнек ол «қошқар мҥйіз» ӛpнeгi алыс жолға жҥруге
арналған жылы киімдерде кездеседі».
«Ирек - су ӛpнeгi тӛрт қҧбыламызда да су қоршап тҧр» деген мағынада қолданылған. Мәселен: сырмақ,
текемет сияқты тӛсеніштердің шетіне салынатын «ирек» кӛмкере әшекейлеуі «су» жҥгірту дейтіні
белгілі. Жер
бетіндегі тіршілік ортаңғы әлем. Ортаңғы әлемдегі барша тіршілік кӛк ӛскін оның ішінде нығмет жаратылған
саналы тіршілік иeci адам» - қазақтардың дҥние танымы бойынша. Мысалы, жоғарыда қарастырылған ҥшбҧрыш -
аспан, су, жерді білдіріп, ҥш әлемді бipiктіpy мағынасын меңзейді, сонымен қатар тіл-кӛзден сақтау мәнінде
қолданылады. Шеңбер - қозғалыс, ӛмір шарттылықты; қосу – тӛрт қҧбыла, басқа елдерде от жағу, шеңберге
қосуды орналастырсақ - шаңырақ, ирек - ӛмір жолы, су т.б. білдіреді. «Қазақ халқының танымдық мҧрасының
молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Заттағы ою-ӛрнек сюжетінің тҧтастық заңына бағына, бipiн-бipi
толтырып қатаң байланыста болуы, мысалы Нәубет әуеніндегі жапырақ, су бейнесі, гҥл қауыз, шиыршық
ӛсімдіктер дҥниесінен алынған, олардың қазақ ӛнеріндегі кӛрінісі -тҧтастық, ауызбіршілік, жердегі ӛмірдің
шарттылығы деген мағынаны білдіреді».
Жалпы қазақ халқындағы: «Балаңды ӛз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ӛз ҧлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»
– деген ҧлағатты сӛз де осыған саяды. Ҧлттық тәрбиеміз тарихтың сан ғасырлар тарихымен тығыз
байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстҥрлі тәрбие қҧндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Ата–
әже, ата–ана, бала деп аталатын ҥш буыннан қҧралатын қазақ отбасы ҧлағатты сӛздер, мақал–мәтелдер мен
ырым–тыйым сӛздер арқылы жас ҧрпақты ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған.
Салт–дәстҥрдің ӛміршеңдігі жӛнінде В.Г.Белинский: «Әдет–ғҧрып замандар бойы сыннан ӛтеді. Ӛз
дәуірінде ардақталып, ата–бабадан әулетке мҧра болып ауысып, рудан – руға, ҧрпақтан–ҧрпаққа жетеді.
Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болыпсыз тасмҥсін
160
тәрізді» деген болатын [5.4]. Осыған байланысты, әдет–ғҧрпын жан сандығында сақтаған халқымыз балаға
тән мен тазалық, еңбек, ӛнер, адамгершілік тәрізді тәрбие беруді бірінші орынға қойған. Баланың
жастайынан дені сау азамат болуын аңсап, сәбиді тҧзды суға шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол–
аяғын созып, «ӛс–ӛс» деп буындарын бекіткен. Дене сҧлулығына, әсіресе қонақ саналатын қыз баланың
тәрбиесі мен кӛрікті болуына ерекше кӛңіл бӛлген аналар, «Аттың кӛркі–жалы, қыздың кӛркі–шашы»,
«Адам кӛркі–шҥберек, ағаш кӛркі–жапырақ», «Қыз ӛссе, елдің кӛркі» деп мақалдап, қыз балаға қынама
қамзол, дҥрия бешпент, кәмшәт бӛрік, қос етек кӛйлек, биік ӛкше етік тіктіріп кигізген, сондай-ақ, сырға,
білезік, шолпы, шашбау, жҥзік сияқты әшекей заттарды тақтырған[1.8]. «Еңбек–адамның екінші анасы»,
«Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбек тҥбі–береке» деп Абай атамыздың еріншектіктен қашық
болуға ҥндеген ойын әрмен қарай жалғастырып, баланың еңбексҥйгіш, ӛнегелі, ӛнерлі болып ӛсуіне ерекше
мән берген. Қолӛнерге икемі болмай, анасына ҧқсап ӛспеген қыздарды: «ӛз ҥйінде ою оймаған, кісі ҥйінде
тон пішер» деп келеке етіп, ойын–кҥлкіге айналдырған.
Педагогикалық тәжірибе барысында студенттердің басшылыққа алатын ең басты мақсаты - жас
ҧрпаққа сәндік-қолданбалы қолӛнер туындыларының тәрбиелік мәнін дәріптеп, оқушылардың кӛркемдік
мәдениетін эстетикалық тҧрғыда қалыптастыруды және ой-ӛрісін дамытуда шығармашылық қабілетін одан
әpi дамытуға бейімдеу.
Қазақтың ҧлттық ою-ӛрнегінің шежіресін тәрбие іс-шараларында қолдануға даярлау барысында
студенттердің кӛңілін аударатын мәселелер: этнопедагогикалық және халықтық педагогика мҧраларын
пайдалана отырып болашақ мҧғалімдерге Қазақтың мәдени мҧрасындағы мол ҥлгілердің тҥрлерін анықтау;
ою-ӛрнектердің тҥрлерін кӛрсету. Мысалы, «тӛрт қҧбыла», eкінші - «шаңырақ», ҥшінші «сыңғырлақ»,
тӛртінші - «тҧмарша». Мҧның барлығы студенттердің алған білім деңгейін (педагогикалық,
шығармашылық, әдістемелік) іс жҥзінде дәлелдеумен тығыз байланысты. Себебі, халқымыздың мәдени
мҧрасындағы ӛрнек ӛнерінің орны мен маңызын терең зерделей білетін, білімді болашақ педагогтың тәрбие
жҧмысын жҥргізуді сапалы білім мен салиқалы шығармашылық тҧрғысынан қалыптастыру жҧмысын дҧрыс
бағыттау ҥшін қажет. Студенттердің алған білім нәтижелерін іс-тәжірибеде қолдануға ҥйрету машығы мен
шеберліктерін қалыптастыру мақсатында ӛткізілетін педагогикалық тәжірибе мҥмкіндіктерін пайдаланған
жӛн.
Қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін пайдаланып, ҧлттық ою-ӛрнек ӛнерінің тәрбиелік мәнін
студенттердің педагогикалық тәжірибеде қолдануына қажетті педагогикалық шарттар:
-
ою-ӛрнек ӛнерінің жас ҧрпақ ҥшін тәрбиелік мәні;
-
ою-ӛрнек ӛнері шежіресінің тәрбиелік мәнін ғылыми-педагогикалық, ғылыми-психологиялық
материалдарды енгізе отырып жҥргізу;
-
ҧлттық ою-ӛрнек ӛнерінің тәрбиелік мҥмкіндіктерін студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе
процесінде жҥзеге асыру.
Ғылыми әдебиеттерге, зерттеулерге сҥйенсек: болашақ педагог мамандардың ҧлттық ою-ӛрнек
ӛнеріндегі тәрбиелік, шығармашылық іс-әрекетке байланысты білім сапасы тӛмен, тҥсініктері шамалы,
білімі саяз, ынтасы қанағаттанғысыз. Ҧлттық ӛнерге деген талпыныс санасында оянбаған, қҧштарлық ӛте
баяу.
Студенттер ою-ӛрнек ӛнерінің тәрбиелік-танымдық қызметінде ең басты нәрсе – тәрбиелік
мҥмкіндіктерді шығармашылықпен ажырата алмайды. Шығармашылық ізденіс алға қойған негізгі мақсатқа
қатыссыз жҥргізіледі. Ою-ӛрнек ӛнерінің кӛркемдік ерекшелігін ескере отырып, тәрбиелік мақсатын
ескерместен, жалпы ізденістің біркелкі нысандарын ғана пайдаланады. Сол сияқты, студенттердің ою-ӛрнек
ӛнері шежіресінің қалыптасуы туралы тҥсінігі болғанымен, жҥйелі емес. Ҧлттық ою-ӛрнек ӛнерінің
дәстҥрлік ерекшелігін білгенімен, тәрбиелік мәнінің қажеттілігін айқындай алмайды, жалпы мазмҧнын
қабылдайды, сонымен бірге оны толықтырушы басты идеясын жаңғырта алады. Бірақ оны тәрбиелік
шараларда нақтылауға қабілеті жете қоймайды. Бҧл қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін педагогикалық
тәжірибеде толық меңгерілмегендігін кӛрсетеді.
Студенттермен педагогикалық тәжірибе мерзімінде жҥргізілген қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек
шежіресін тәрбиелік шаралар ӛткізуде пайдалану жҧмыстары педагогикалық тәжірибеде тәрбие беру
шараларындағы іс-әрекетті жетілдіріп, шыңдай тҥсуде, ой-ӛрісін, ойлау қабілетін дамытуда аса маңызды
роль атқаратынын кӛрсетті. Сонымен қатар, студенттердің қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін оқып
ҥйренуі, олардың танымдық ой-ӛрісін дамытып, қажетті тапқырлықты, зеректікті шыңдауға кӛмектеседі, әрі
шығармашылық тҧрғыдан ізденістер мен іс-әрекет жасау шеберлігін қалыптастырады.
Студенттердің қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін оқып ҥйренуі тәрбиелік шаралар ӛткізуде
шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мен ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді пайдалануларына
бағдар береді.
Бҧл ҥшін, біздің пайымдауымызша қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін талдауда оқушыларды
ӛзіне тартып, қызықтыра алатын анық тақырыптар қажет; мәдени мҧралардағы ҧлттық ою-ӛрнектердің
тәрбиеге ықпал етуші кӛркемдік образын пайдалану қолайлы; студенттердің қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек
шежіресі материалдарын терең сезіну, бағалау сезімін ояту маңызды.
161
Осы ҥлгідегі ҧлттық тәрбие беру жҥйесін қолдана отырып, жоғары оқу орындарында дәріс алып
жатқан студенттерді қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін пайдаланып, тәрбиелік-шығармашылық іс-
әрекетке оқытудың, сол арқылы ҧлттық мҧрат ҥдесінде тәрбиелеудің мҥмкіндіктері мол.
Студенттерді қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін пайдаланып тәрбиелік іс-әрекетке даярлауда
ҧлттық ӛрнек ӛнеріне қатысты қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстҥрін, тарихын ҧтымды пайдаланудың
ғылыми-педагогикалық негізінің мәні зор.
Студенттер қалыптасқан ҧлттық дәстҥр мен халықтық фольклор ҥлгілерінің даму тарихын, қазақ
қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін ӛздігінен ізденіп оқиды, оларды танып-білуге ынта-ықыласы
жоғарылайды.
Қорыта айтқанда, студенттерге қазақ қолӛнеріндегі ою-ӛрнек шежіресін тәрбиелік шараларда
пайдалануда ҧлттық мәдени мҧраның және кӛркемдік әдістемелердің мҥмкіншілігі мол деп тҧжырым
жасауға болады.
Әдебиеттер
1.
Маргулан А.Х. «Казахское народное прикладное искусство» 1 том Алма-Ата, «Ӛнер», 1986.
2.
Жҧмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан, 1993.
3.
Петровский А.В. Общая психология. Москва, Просвещение, 1986.
4.
Жолдасбекова С.А., Симова Б.А. Сәндік қолданбалы ӛнерге ҥйрету бойынша хрестоматия. Шымкент, 1993.
5.
Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолӛнері. Ғылыми зерттеу. А., Ӛнер, 1987.
6.
Оқушыларға технология сабақтарында халықтық қолданбалы ӛнер арқылы ҧлттық тәрбие беру. Жезқазған,
ЖезУ, 2005.
М. ӘУЕЗОВТІҢ ТАШКЕНТТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҦЛТ ФОЛЬКЛОРЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ
Иманбердиев Бахит Тагабекович
Қ.А.Ясауи атын. ХҚТУ, Тҥркістан, Қазақстан
М. Әуезовтің 1922-1923 жылдардағы ғылыми-зерттеушілік, мәдени-ағартушылық, педагогикалық,
әдеби-публицистикалық еңбектерін ташкенттік әдеби-ғылыми ортамен байланыста сараласақ, ең алдымен,
оның бес жылға таяу уақыттағы ел басқару ісінде қол ҥзіп қалған білім, ғылымға деген ыстық
ынтықтығынан басталған ғылыми-зерттеушілік еңбегі кӛзге тҥседі. Бір ғажабы сол жылдардағы қазақ
жеріндегі барлық рухани орталықтардағыдай, Ташкенттің зиялы қауымы да басшылық, қоғамдық, ғылыми,
педагогикалық істерді қатар атқарған. Ғалымның осы жылдардағы ғылыми-зерттеу жҧмыстарына қатысты
ғылыми дерек кӛздеріне сілтеме жасаған «Жизнь и деятельность казахской национальной интеллегенции в
Туркестане» атты еңбектің І бӛлімінде:«3). В апреле 1923 г. составлен список лиц, назначенных в
экспедицию, снареженную киргизкой научной комиссей при ГУС-е в разные области Туркреспублики для
собрания этнографического и исторического, лингвистического и др. материалов. В составе еѐ и 6 человек
зачислен и член редколлегии журнала «Шолпан» М.О.Ауезов. Вместе с ним в состав экспедиции вошли
М.Джумабаев - член КНК, С.Османов - научный сотрудник КНК, Д.Досмухамедов - юрист, студенты 3
курса Казинпроса Б.Данияров, С.Баймаханов.
4). В ТГА сохранился любопытный документ объемом в одну машинописную страницу, кратко
озаглавленный «Ответы». В нѐм характеризуется «Общество ревнителей киргизской культуры «Талап» при
ТуркГУС-е. Цели общества содействовать культурному развитию Киргиского народа путем: а)разработки
вопросов киргизского культурного языка, терминологии, орфографии и др; б) изучение национального
искусства; в) изучение истории и быта народа; г) разработка вопросов преподавания в киршколах; д)
оказание помощи киргизским научным работникам и деятелям киргизского искусства.
В ответах указывается, что в обществе 103 члена и перечислено правление из 7 человек, в составе
которого и М.О.Ауезов» [1,19-20],- деп бҧл жайлар сараланып кӛрсетілген.
Осы орайда бір ескеретін мәселе жазушының ғылыми экспедицияларға қатысуы 1923 жылмен
шектелмейді. Ол 1924 жылы да Жетісу губерниясының Алматы, Жаркент ӛңірлерін аралап, фольклорлық,
этнографиялық материалдар жинағаны белгілі. Кейін де бҧл істен шет қалған емес. Жалпы М.Әуезовтің
фольклортану саласындағы еңбектері қос арнада қатар жҥргізілген:
1.
Фольклорлық мҧраларды арнайы зерттеген ғылыми еңбектер.
2.
Халық мҧрасын ӛз шығармаларында суреттеген кӛркем туындылар.
Осылардың алғашқысына 1923 жылы Ленинградқа оқуға аттанғанға дейінгі кездегі жазылғандарына
«Ардақты оқушы: Сӛз басы», «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі», «Қазақтың қалам қайраткерлеріне ашық
хат» еңбектері жатса, соңғысына жазушының барлық кӛркем туындыларындағы қазақ халқының салт-
дәстҥріне қатысты суреттеулері жатады.
М.О.Әуезовтің мәдени-ағарту, педагогикалық еңбектерін 1920 жылы 21 тамызда Тҥркістан
Республикасы Халықағарту комиссариаты жанынан Тҥркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени және
ғылыми мҧқтаждарын ӛтеу ҥшін ҧйымдастырылған Білім комиссиясының (кейін 1921 жылы Тҥркістан
Республикасының Халықағарту комиссариатына қарасты Мемлекеттік ғылыми кеңестің қарауына ӛткен)
және осы Мемлекеттік Ғылыми кеңеске қарасты қазақ мәдениетіне қызығушылардың «Талап» қоғамы мен
осыларда еңбек еткен ҧлт зиялыларының қызметтерімен байланыста қарастыру қажет. Себебі 1920 жылдан
162
бастап осы ҧйымдармен байланыста жҧмыс істеген А.Байтҧрсынов, М.Дулатов, И.Тоқтыбаев,
Х.Досмҧхамедов, Ә.Басығарин, Ә.Диваев, Танашев, І.Омаров, Ф.Ғалымжанов, С.Қожанов, К.Жәленов,
М.Жҧмабаев, А.Шмидт, Н.Архангельский, М.Есболов, Қ.Тыныстановтармен М.Әуезовтің фольклор,
әдебиет, мәдениет, руханиятқа қатысты жарыққа шығарған еңбектері, халық ағарту саласына арнап жазған
оқу қҧралдары мен оқулықтары, ҧстаздық қызметтері ӛзара ықпалдас, ҥйлесімді, бірін-бірі толықтыратын,
бір сӛзбен айтқанда, әдеби-ғылыми орталықтардың қазанында қайнап піскен еңбек нәтижелері еді.
Сӛзіміздің дәлеліне 1923 жылы Мемлекеттік Ғылыми кеңестің тӛрағасы Х.Досмҧхамедҧлының Москвадағы
әдеби-кӛркем институттың жетекшісі Д.Я.Брюсовқа (қазіргі кезде Д.А.Брюсов атындағы институт) жазған
қатынас қағазындағы: «Государственный Ученый Совет Туркреспублики, работая по созданию орудий
культуры среди коренного населения Туркреспублики и по обеспечению условий культурного
существования их, концентрирует вокруг себя нарождающуюся туземную интеллигенцию» [2], - деген
деректің ӛзі де жеткілікті-ау деп ойлаймыз.
М.Әуезовтің 1923 жылдың кҥзінен басталған студенттік ӛмір белесі қазақ еліндегі саяси-қоғамдық
ӛзгерістер ҥстінде ӛтті. Сол себепті де оның осы кездердегі жазбаларында, қҧжаттарында партия, мемлекет
басшылығына қатысты сӛздер тек ресми қатынастарда ғана қолданылды. Ал шығармашылық ӛмірде
ташкенттік әдеби орта ӛкілдерімен тығыз байланыс ӛз жалғасын тапты.
В.Н.Әуезова ӛз естелігінде: «Занимались мы вместе лишь первый семестр, потом у него был
полуторогодичный перерыв, когда он жил и работал в Семипалатинске. Вернулся в Ленинградский
университет Мухтар осенью 1925 года»[3,373],- деп жазғанындай, М.Әуезов Ленингарадта басталған оқуын
Қазақ АССР-і Семей губерниялық оқу бӛлімінің Ленинград университетіне арнайы жолдаған қатынас
қағазы негізінде 1924 жылы желтоқсан айында ҥзіп, бір жарым жылға таяу уақыт Семейде қызмет етті.
Қаламгердің Семейде ӛткен ғҧмыр жолы С.Мҧқажанованың «М.Әуезов және Семей» [4] атты
монографиясында арнайы қарастырылғандықтан, біз оның Семейде атқарған фольклорлық,
ӛлкетанушылық қызметтерін санамалап қана ӛтуді жӛн кӛрдік.Олар:
1. 1924-1925 жылдары шыққан Семей губкомы мен губаткомының саяси, шаруашылық, мәдени және
әдеби органы «Таң» журналын ашып, оның редакторы болды. М.Әуезовтің бҧл журналда 11әдеби
нҧсқалары («Абайдың басылмаған сӛздері», «Абайдың кейбір ӛсиет сӛздері», «Бҧхар жыраудың Керейге
айтқан сӛзі. Кӛкбай ақсақалдан», «Бҧхар жырау сӛздері. Кӛкбай ақсақал айтуынша», «Сыбан Сабырбай
ақынның тӛреге айтқан сӛзі» 1925, №1, «Айтаңсықтың қоштасқаны. Ақын айтуындағы «Қозы Кӛрпеш-
Баяннан», «Жаман бақсының сарыны. Кӛкбай, Тҧраш ақсақалдардың айтуынша», «Жаман сарт сарыны»,
«Сыбан Ақтайлақ би. Кӛкбай ақсақал айтуынша», 1925, №2, «Абылай орыспен соғысамын дегенде Бҧхар
жыраудың айтқан бір толғауы», «Кҥдері қожаның Қарқаралы тауымен қоштасқаны» 1925, №4) жарық кӛрді.
2.1924 жылы Орыс географиялық қоғамынан дербес Қазақстандағы Семей географиялық қоғамы
болып қҧрылған қоғамның сол жылғы 15 қазандағы мәжілісінде толық мҥшелікке, 16 қарашадағы
мәжілісінде қоғам тӛрағасының орынбасарлығына сайланды. М.Әуезов қоғам жҧмысын ҧйымдастырып,
басқаруда кӛптеген істердің ҧйытқысы болды. М.Әуезовтің бастамасымен ертеректе жарияланып келген
«Запискиларды» орыс, қазақ тілдерінде қайта жаңғыртты, Семей губерниялық халық ағарту бӛлімімен
бірлесе отырып, барлық мектептерге арналған ортақ оқыту бағдарламасын жасады, қаланың мәдени
орындарында пьесалар қою, халық ақындарының айтыстарын ҧйымдастыру жҧмыстарын жҥргізді,
Шыңғыстау, Қарқаралы, Бҧқтырма ӛңірлеріне фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ҧйымдастыру
мақсатында оның жоспары мен сметасын жасап, оған қажет қаражатты Орынбордағы Академиялық
орталықтан бӛлгізді, ең бастысы, 1924 жылы 24 желтоқсандағы қоғам Кеңесінің мәжілісінде Абайдың
жиырма жылдығына орай мерекелік бағдарлама жасап, қабылдатып, Семейдегі Гоголь кітапханасында
Абайға арналған салтанатты мәжіліс ӛткізді. Онда М.Әуезов «Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орны»
тақырыбында баяндама жасап, Кӛкбай Жанатайҧлы «Абай ӛмірінен естеліктер» айтты. Ал Абайға арналған
әдеби сауық кеші Луначарский атындағы клубта ӛтіп, онда Жҧмат Шанин Абайдың әндерін орындап,
студенттер мен Абай ауылының ӛнерпаздары әншілік ӛнер кӛрсетті және Х.Ғаббасов пен М.Әуезов
баяндама жасады.
М.Әуезовтің 1924-1925 жылдардағы Семейде ӛткен ӛмірі мен атқарған қызметтері жайында Ғайса
Сармурзиннің, Ә.Аймановтың, И.Жағыппарқызының, Ә.Марғҧланның, Н.Нарымбайҧлының, Н.Ановтың
естеліктері мен Қ.Мҧхаметхановтың, М.Мырзахметҧлының, Т.Жҧртбайдың, т.б. зерттеулерінде мол
мағлҧматтар беріліп, жан-жақты қарастырылған.
М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы халық мҧрасын ел ішінен жинау саласында атқарған
жҧмыстарының да ташкенттік әдеби орта ӛкілдерімен байланыста ӛткеніне кӛз жеткіземіз. 1924 жылы
Ташкентте шығатын саясат, шаруашылық, мәдениет, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер жазылып,
жастарды ӛнер-білімге шақыратын «Жас қайрат» журналында «Халық әдебиеті туралы» [5], Семей
облыстық газеті «Қазақ тілінде» «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» [6] атты мақалалар жазып, онда: «Шаң
басып жатқан ескілікті жинап, басын қҧрап, кӛпшіліктің мҥлкі қылып беру жалғыз ғана әдебиетті
сҥюшіліктен тумайды. Жақын жердегі алдыңғы керегі әдебиетті сҥйетін қазақ оқушысына ой, сезім азығын
беру болса, одан кейінгі зор пайдасы қазақ тілінің қалыптасып, нығайып, ӛзіне біткен кӛрігі мен кҥшін
жинау ҥшін керек. Кӛрік пен кҥш жинау елдің ішкі байлығын сыртқа шығарып, бетін ашады. Ӛткен
заманның қадірлілері талайдан келе жатқан кәрі қазақтың бҧл кҥнге дейінгі кӛмескі болып келген ақыл,
163
сезім жолындағы бітімін айқын кӛрсетеді. Талайдан қалыптанған ой тҧлғасын кӛзге елестетеді. Қазақтың
ӛткен кҥндегі тҧлғасы айқындалмай, келешегінің беті ашылмайды. Ӛткен кҥннің ҧғымы мен нанымы, әдеті
мен салты анықталып, екшелмесе, алдыңғы бет тҥзелмейді» [6],- деп фольклорлық мҧралардың ел ӛмірі мен
келешек мәдени тағдырындағы маңызын кӛрсете келе, нақты әдебиет пен тарихқа қатысты қандай тҥрлерді
жинау керектігін атап-атап кӛрсетеді. Сол кӛрсеткендерін жинауға ӛзі де ат салысады. Ол жайында
қаламгердің халық ағарту қызметкерлерінің Одағына мҥшелікке тіркелу ҥшін 1929 жылы 28 қаңтарда
толтырған анкетасындағы: «В 1926 ездил в Семипалатинскую губернию, на родину казахского поэта Абая,
для сбора материалов, касающихся его жизни и деятельности.
В 1927 г. в Жетысускую губернию и летом 1928 г. в Киргизию с научным заданием в составе
экпедиции Московского института Востока» [7],- деген деректері куә. Сондай-ақ, М.Әуезовтің 1927 жылы
жаз айларында І.Жансҥгіровпен бірге Жетісу ӛлкесіне экспедицияға барғаны жайлы В.Н.Әуезованың
естелігінде де жазылған [3,376]. Қаламгердің «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» тарихи повесі осы
экспедициялар нәтижесінде дҥниеге келген болатын. Ал «Қараш-Қараш оқиғасы» повестінің бас кейіпкері
М.Әуезовтің ташкенттік әдеби ортада араласқан адамы Тҧрар Рысқҧловтың әкесі екені белгілі.
М.Әуезовтің драматургиясын ізерлеп зерттеген академик Р.Нҧрғалидің: «Халық әдебиетінде,
фольклорда форма жағынан драматургияға жақын нҧсқалар кӛп еді. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт
ӛлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау тҥрі, мазмҧны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас.
ХХ ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға ӛзек болатын мол қазына жианалды. Осы
байлықты игерген қаламгер - М.Әуезов. Ол халық әдебиетінен нәр алды. Қазақ тҧрмысындағы сауық
тҥрлері, қыз ҧзату салтанаты, алтыбақан ойындары тҧңғыш драмаға енгізілді» [8,191],- деуінен М.Әуезовтің
халық мҧрасына деген зор махаббатын, сол махаббат туғызған ел ескілігінің туған халқының кӛз алдына
жанды бейнеде кӛрінуіне оның қаншалықты еңбек сіңіргенін танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |