Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет20/51
Дата08.01.2017
өлшемі3,87 Mb.
#1422
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51

 
Литература 
1.
 
Педагогический  словарь.-М.:2010.- с.103 
2.
 
См.: Ремизов В.А. Социальная   экология  культуры  личности.-М.,2004.-с.56 
3.
 
Даже однояйцеклеточные  близнецы  не идентичны, как   утверждают  психогенетики: учебник. Под  
общей ред. Н.И.Равич-Щерба.-М.,2003 
4.
 
Садовская В.С. Формирование  мотивации  к   успешности у  студентов в процессе  обучения в вузе.-
Вестник МГУКИ,2012.-№5.-с.154 
 
 
ӘОЖ 304/512.122 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАЙ-КҤЙІ МЕН АҒЫМДАРЫ 
 
Сенгирбаева З.Ж 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В этом статье дано сравнение и сходства в обычаях  и обрядах казахов в прошлом и настоящем. 
 
Summary 
This article deals with the comparison and similarity in the tradition and custom of Kazakh of the past and 
present. 
 
«Тәуелсіздікке  қолымыз  жеткен  алғашқы  кҥннен  бастап  сіздер  мен  біздер  барлық  қажыр  – 
жігерімізді жҧмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. 
Дамудың ӛзі таңдаған даңғылына тҥскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың 
алдындағы абырой да жылдан жылға артып отыр [1,5б]. 
Халқымыздың әл-ахуалы кҥннен кҥнге жақсарып әлеуметтік тҧрмыс деңгейінде алға басушылық 
айқын байқалуда. 
ХХ ғасырды Ресейдің боданы болып қарсы алған қазақ елі, ӛткен ғасырдың соңына дейін ӛзгенің 
саясаты мен ықпалында ӛмір сҥрді. 
Бҧл  дербессіздік  елімізді  дәріптеуге,  ҧрпағымызды  ҧлттық  рухта  тәрбиелеуге,  ӛткенімізді 
зерделеп, болашағымызды бағамдауға айтарлықтай кері әсерін тигізеді. 
Тарихымыздың  екі  жарым  ғасырдан  астам  дәуірін  қамтыған,  алғашында  Ресей 
самодержавиесінің  шылауында,  соңында  социолизмнің  туы  астында  тіршілік  еткен  аға  ҧрпақтың 
табыстары да аз болмады. Әйткенмен дербессіздік жағдай еркін кӛсілуге мҥмкіндік бермеді.  
Міне тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап – ақ еліміз тарихында дҥбірлі оқиғаларға толы 
ерекше дәуір басталғандығына сіздер мен біздер куә болып отырмыз.  
Еліміздің  егемендігі  жариялап,  тәуелсіздік  алуы,  жер  бетіндегі  іргелі  елдер  сияқты  біріккен 
Ҧлттыр  Ҧйымына  мҥше  болып  дҥние  жҥзінің  саяси  картасында  елдігін  айқындауы,  бҥгінгі  ҧрпаққа 
ҥлкен жауапкершілік жҥктейді. 

117 
 
Жер  бетіндегі  ҥлкенді  –  кішілі  бес  мыңға  жуық  ҧлттыр  мен  ҧлыстардың  бар  жоғы  екі  жҥзден 
астамы  ғана  нәсіп  болған  тәуелсіздік  қазақ  халқы  ҥшін  теңдесі  жоқ  бақыт,  бағасы  жоқ  табыс  екенін 
ҧмытпауымыз керек. 
Ғылым  мен  техниканың  бҧрын  –  соңды  болып  кӛрмеген  жетістіктерін  пайдаланып  отырған 
бҥгінгі таңда тәуелсіздікті сақтау, тәуелсіздікке қол жеткізуден әлдеқайда қиын екендігі жасырын емес. 
ХХІ  ғасыр  қазақ  халқының  шаңырағын қайта  тіктеп,  тарих  сахнасына  шыққан  ғасыры  болмақ. 
Біз  қазір  «жеріміздің  кӛлемі  жағынан  жер  бетіндегі  екі  жҥзден  астам  мемлекеттердің  ішінде 
тоғызыншы  орында,  қазба  байлықтары  жӛнінен  ең  дәулетті  елдер  қатарында  тҧрмыз:  вольфрам, 
қорғасын, барий, кҥміс, мырыш, хромит, марганец, молибден, мыс, уран, алтын, темір, қалайы, кӛмір, 
газ  қоры  бойынша  жетекші  елдердің  алғашқы  одағында  болсақ,  мҧнай  қоры  бойынша  әлемде  он 
ҥшінші орынды» иеленеді екенбіз [2,125б].  
Ғалымдардың  айтуынша  «батыстан  шығысқа  дейін  3000  шақырым,  солтҥстіктен  оңтҥстікке 
дейін 1600 шақырым» жерді алып жатқан Қазақстан жері бір миллиардтан астам адамды асырай алады 
екен [3,253б]. 
Бҧл  дегеніміз  дҥниенің  тӛрт  бҧрышындағы  қҧдіреттімін  деген  кез  –  келген  елмен  терезесі  тең 
келетін 2300 жылдық мемелекеттік тарихы бар аңыз ертегілерде ғана айтылатын асыл қазынаға толы 
қасиетті  Еуразия  даласын  мекен  етіп,  мал  бағып  бейбіт  мамыражай  ӛмір  сҥрген  дҧшпанына  қатал, 
досына адал киелі қазақ халқының бҥгінгі ҧрпағы ата – бабаларымыздан мҧра осы байлықты Қазақстан 
халқына,  ел  игілігіне  пайдалануы  керек.  Ол  ҥшін  қазақ  мәдениетін,  салт  –  дәстҥр,  эстетикалық 
нормаларын, рухани қҧндылықтарын ҥлгі етіп, тәуелсіз еліміздің мызғымас байлығы ретінде пайдалану 
- ӛте ӛзекті мәселе. 
Қазқтың салт – дәстҥр, әдет – ғҧрыптарына қайта оралудың рӛлі туралы елбасы Н.Ә Назарбаев ӛз 
еңбегінде былай деп жазған:  «Әр халықтың ӛміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге назар 
аудару керек. Оның халық ӛміріндегі рӛлі еш даусыз. Мәдени дәстҥрлер ешқашан да әлеуметтік қайта 
тҥрленудің қайнар кӛзі болып келеді. Ӛзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу – бҧл әрине оң 
процесс» [4,56б].  
Қазақ  халқының  мәдениеті  –  ҧлттық  мәдениетіміздің  тарихының  ӛнімді  ӛзегі,  қҧрамдас  бӛлігі. 
Халқымыздың мәдениеті идентификациялаудың (Идентификация дегеніміз – жеке адамның белгілі бір 
әлеуметтік  (ҧлттық,  таптық,  саяси  және  т.б.)  топқа  жататындығын,  сонымен  тағдыры  бір  екенедігін 
сезініп,  тҥсінуі)  ең  маңызды  саласы.  Сондықтан  оны  игеру,  ӛз  алдына  ғылым  ретінде  танып,  оқып 
ҥйрену  қазақпын  дейтін  әрбір  адамның  азаматтық  парызы,  қасиетті  брышы,  тҧрмыс  –  тіршілігінің 
таусылмас талабы, қажеттілігі. 
Ҧрпақтан  –  ҧрпаққа  жалғасын  тауып  дәстҥрлеріміз  ғасырлар  қойнауынан  бастау  алады.  Бҧның 
ӛзі  бҥгінгі  кҥні  оның  жетілуін,  оның  ӛміршендігін,  мәдениеттегі  ӛзіндік  орнын  қажеттілігін 
айқындайды.  Қазақ  халқының  қҧндылығын  арттыру,  дәстҥр  сабақтастығын  жалғастыру  ҧлттық 
мәдениетке қамқорлық жасау - әрбір адамның борышы. Басты мақсат – ҧлттық қҧндылықтар деңгейін 
жоғары кӛтеріп, адамзаттық қҧндылықтар қатарына қосылу мен теңесу. Біздің басты тілегіміз де осы.  
«Қай  халық  болсы  да  ӛз  тарихын,  тӛл  дәстҥр  салтын,  ауыз  әдебиетін,  тілін  қастерлейтіндігі» 
туралы академик М.Қозыбаев та жазып кеткен [5, 42б]. 
Олай  болса,  қай  халық  босын  ӛзінің  рухани  –  мәдени  қҧндылықтарын  кӛздің  қарашығындай 
сақтай  алмаса,  сыртқы  кҥштердің  рухани  мәдени  жаулаушылығына  қарсы  тҧра  алмасы  анық.  Ондай 
халық  ӛз  мемлекеттілігін  де  сақтай  алмайды.  Бҥгінгі  кҥні  жас  қазақ  мемлекетінің  қайта  ту  кӛтеріп, 
тәуелсіз  ел  болуы  –  қазақ  халқы  мен  мәдениетінің  әлі  де  болса  қҧрып  кетпегендігінің  айғағы.  Оны 
баянды ету – бҥгінгі және болашақ ҧрпақтың қасиетті борышы. 
Бҥгінгі бҥкіл даму ҥрдістерінің жалпыға бердей жаһандануы және модернизацияның заманында 
кез – келген мемлекет, қоғам, халық ҥшін ҧлттық (этностық) ӛрлеудің жандануына бағытталған ӛзінің 
шынайы  ашық  мәдени  саясатын  тиімді  тҥрде  іске  асыру  әрі  қҧрастыру  –  бірінші  кезектегі  мәселе. 
Сонымен қатар ол жаһандану мен модернизацияның ең маңызды (гуманистік) элементтерін ӛз бойына 
сіңіре білу қажет. Ӛркениеттің гуманитарлық диалогының қазақстандық қоғамның бір бӛлшегі болып 
табылатын  басқа  да  этностардың  ҥзеңгілес  диалог  жҥргізіп,  мәдени  мҧралармен  алмаса  білетін  тең 
дәрежелі әріптес ретінде де ӛз орнын алуы қажет. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғалы  бері  жиырма  жылдан  асып  барады.  Бҧл  ҧлттық  қадір  қасиетіміздің 
олқы тҧстарын реттеуге толық жететін уақыт. Ал, ҧлттың негізгі қадір қасиеті ол – тіл. Тілсіз ҧлт жоқ. 
Тіл  ҧлттың  тірегі.  Ӛз  ҧлтының  ана  тілін  білмей  сол  ҧлттың  ӛкілімін  деу  кҥлкілі  емес  пе?  Тілін 
жоғалтқан адам ҧлттық қадір қасиетін де бірге жоғалтады. Ҧлттық қадір қасиет тек ҧлттық ана тілмен 
бірге ӛмір сҥреді. Тіл жоғалған жерде ҧлт та жоғалады. Ананаың ақ сҥтімен бҧғанасы қатқан, бойында 
әкенің  қаны  тулаған  адам  адам  ғана  тілін  қастерлей  алады.  Тек  сондай  адам  ғана  ӛз  ҧлтының  шын 
мәніндегі патриоты бола алады. 

118 
 
Қазақстан ӛз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы кҥннен бастап елімізді барынша демократиялық 
мазмҧнда дамытатын заңдар қабылдады. 
Еліміздің Ата заңының 7 – бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 
Мемлекеттік ҧйымдарда және жергілікті ӛзін - ӛзі басқару оргондарында орыс тілі ресми тҥрде қазақ 
тілімен  тең  қолданылады.  Мемлекет  Қазақстан  халқының  тілдерін  ҥйрену  мен  дамыту  ҥшін  жағдай 
туғызуға қамқорлық жасайды» - деп кӛрсетілген [6,7б].  
Тарихқа  кӛз  жҥгіртер  болсақ  «Қайта  ӛрлеу  дәуіріне  дейін  жер  бетінде  10  000  тіл  болған.  ХХІ 
ғасырға дейін соның 3500 ӛмір сҥруін тоқтатқан. Ғалымдардың болжамы бойынша алдағы жҥз жылда 
дҥние жҥзінде  бҥгінгі  таңда  ӛмір  сҥріп  жатқан  6500  тілдің  тағы  жартысы  ӛз  ӛмір  сҥруін  тоқтатады», 
яғни қолданыс аясынан тыс қалады [8,351б].  
Қазіргі  тәрбиенің  негізгі  қайнар  кӛздерінің  бірі  ол  –  теледидар.  Теледидар  ҧлттық  теледидар 
деңгейіне жетпейінше ҧлттық тіл, ҧлттық діл ӛркендей алмайды.  
Тарихта ӛліп қайта тірілген де тілдер бар. Мысалы ҥшін иврит тілін алайық. Бҧл тіл соңғы 2500 
жыл бойы қолданыс аясынан мҥлдем шығып қалған болатын. «ХХ ғасырдың ортасында еврей ойшылы 
идеалист Бен Иегуданың арқасында қайта тіріліп израйлдықтардың ана тіліне айналды».   
Адамзат  баласы  бҧрын  соңды  болып  кӛрмеген  бҥгіндей  жоғары  деңгейдегі  ғылым  мен 
техниканың  қарқынды  дамуын  басынан  кешіріп  отырған  мҥлдем  жаңа  дәуірде  ӛмір  сҥріп  отырған 
кезде жаһандану процесінің әсер – ықпалынан тыс қалушы ҧлт, ҧлттық тіл жоқ.  
Қазір  дҥние  жҥзінде  кең  таралған  тілдер  жағдайына  кӛз  жҥгіртер  болсақ:  «1,3  миллиард  адам 
қытай тілін, 950 миллион адам хинди тілін, 950 миллион адам испан тілін, 450 миллион адам ағылшын 
тілін, 200 миллион адам араб тілін, 165 миллион адам португал тілін, 150 миллион адам орыс тілін, 120 
миллион адам жапон тілін, 100 миллион адам неміс тілін, 70 миллион адам француз тілін ана тілім деп 
есептейді екен» [8,350б]. 
Ал  қазақ  тілін  ӛзін  қазақпын  деп  есептейтін  Қазақстанда  және  шет  елдерде  тҧратын  13 
миллионнан астам қандастарымыз ӛз ана тілім деп есептейді. Қазақ тілінің кӛп қысым кӛргенін, қазақ 
ҧлтының бір бӛлігінің  қолданыс  аясынан жартылай немесе  тіптен  толықтай  шығып  қалған жағдайын 
жасыруға болмайды. 
Еліміз  дербес,  тәуелсіз  ел  болғалы  кӛпҧлтты  саясат  ҧстанды.  Осының  негізінде  ҧлттар 
арасындағы достықты дәріптеудің ҥлгісі ретінде аралас некенің кӛбейіп кетуінің куәсі болып жҥрміз. 
Ал  осының  ақиқатына  жҥгінейікші:  осындай  аралас  некеден  қазақ  ҧлты  не  ҧтып  жҥр?  Ҧту  былай 
тҧрсын, ҧлттың тазалығын, ҧлттық мҥдде мен ҧлттық саясатты жҥргізуден оңбай ҧтылып жҥрміз. Ӛзге 
ҧлттың ӛкіліне ҥйленіп, ӛзінің тілі мен ділінен, тіпті дінінен де безгендер кездеседі.  
Кӛптен  бері  айтылып  келе  жатқан  «қазақстандақ  ҧлт»  идеясы  әлі  жҥзеге  толық  асып  ҥлгерген 
жоқ. Сонда ертеңгі кҥніміз қандай болатынын осы бастан –ақ екшей берсек болады. 
Дҥние  жҥзіндегі  әр  халықтың  ҧлттық  сипатын  танытатын  мәдени  белгілердің  ішінде  салт–
дәстҥрлер  орны ерекше.  Алайда  халқымыздың ежелден  бер  қалыптасып, ғасырлар  бойы  сақталудағы 
әдет–ғҧрып,  салт–дәстҥрлері  заманның  ағымына  қарай  ӛзгеріске  ҧшырап,  ерекшеліктеріне  ие 
болғанымен,  желісін  ҥзбей  жалғасын  тауып  келеді.  Қазақ  халқының  әдет  –  ғҧрыптары,  салт  – 
дәстҥрлері,  ырым–нанамдары  қоғам  сатыларынан  ӛткен  кӛне  дәуірдің  куәсі  ретінде  адам  санасында 
ежелден қалыптасып, халық санасында  тҧрақтанған. Кеңес дәуірі билік қҧрған ондаған жылдар ішінде 
орын алған әлеуметтік–экономикалық дамудағы тҥбегейлі ӛзгкрістер ғылыми–атеистік кӛзқарастарды 
қалыптастырғанымен,  діни  сенімдер,  ырымдар  мен  әдет  –  ғҧрыптар  халық  арасында  қолданылып 
келеді.  Адам  дҥниеге  келерге  дейінгі  сәттен,  дҥниеден  қайтқаннан  кейінгі  аралықтағы  әдет–ғҧрып, 
ырым, жоралғылары халық арасында ӛзіндік ерекшеліктермен қолданылады. Адам ӛміріндегі әрбір сәт 
діни сенімге байланысты рәсімдер мен белгілі бір әдет– ғҧрып, салт–дәстҥрлермен байытылған. 
Қазақ  атаулыға  тән  тҥсінікті  қҧбылыс  әруақ  қону,  әулие  аралау,  әулиелерге,  пірлеге  сыйыну, 
келін  тҥскенде  отқа  май  қҧю,  отпен  аластау,  су  пайғамбары  Сҥлейменге  сену  және  т.б.  ҧғымдар 
синкреттік  діни  сенімге  байланысты  қалыптасқан  Мысалы,  қазақта  жуып  болғаннан  соң  қолды 
сілкімейді.  «Жуған  қолды  сілкігенде,  сумен  бірге  су  пайғамбары  Сҥлейменнің  кӛмегі  арқасында 
қолмен кіретін кірістің кӛзі бітеліп қалуы мҥмкін» деген жорамал бар. 
Отбасына байланысты әдет–ғҧрып, салт– дәстҥрлердің ҧқсастықтары мен ӛзіндік ерекшеліктері 
бар. Отбасын қҧру кезінде екі тағдыр мен екі әлем бірігеді деп есептелініп, ҥйленуге байланысты әдет – 
ғҧрыптарға ерекше мән берілген. Ҥйлену тойына дайындық «қҧдалықтан» басталады. Қазіргі кезде бел 
қҧда,  бесік  қҧда,  қарсы қҧда,  балалары  ер  жеткеннен  кейінгі  келісімге  негізделген  қҧдалық  және  т.б. 
тҥрлері сақталған. Бірін – бірі жақсы білетін араласып жҥрген кісілері бел қҧда, бесіктегі ҧл мен қызды 
болашақта  ҥйлендіруге  байланысты  бесік  қҧда  болысуға  сӛз  байласуы  мен  қҧдалықтың  жҥзеге  асуы 
сирек те болса кездеседі. Ал қарсы қҧдалық дегеніміз қалың мал орнына ӛз жағынан қыз беру тҥрі ХХ 
ғасырдың 40-50 жылдарынан кейін ӛте сирек ҧшырасады. Ал қазіргі таңда тіптім қолданылмайды деуге 

119 
 
де  болады.  Соңғы  20  жыл  кӛлемінде  «алып  қашу»  арқылы  ҥйлену  орын  алған.  Қҧда  тҥсуге  жағдайы 
келмегендіктен қыз бен жігіт келіседі де, қызды алып қашады.  
Қазіргі  таңда  жастардың  отбасы  қҧруы  кӛбінесе  негізінен  ӛздерінің  шешімі  бойынша  жҥзеге 
асырылуда.  Отбасы  қҧрудың  негізгі  факторы  ретінде  –  жеке  таныстық  бірінші  орында  болса,  екінші 
орында–достары  мен  жолдастарының  таныстығының  арқасында  уақыт  ӛте  келе  ӛзара  сҥйіспеншілік 
пен махаббатқа ҧласып, соңы отбасы қҧруымен аяқталуда. Тек азғана бӛлігі ғана ӛзінің ӛмірлік серігін 
табуға  ата–анасының  қалауымен  келісетіндігін  кӛрсетеді.  Шаңырақ  кӛтергенге  дейінгі  таныстықтың 
ҧзақтығы туралы  Кестеден кӛруге болады.[Қосымшадағы  кесте] 
Тойдағы  дәстҥрлі  салтарының  бірі  болып  табылатын  екі  жақтың  бір  –  біріне  жасайтын 
сыйлықтары тойдан алдын немесе соң орындалады. Олар алдын ала қонақтарының санын біліп соларға 
арнайы  сыйлықтар  тағайындайды,  яғни  киіт  кигізеді.  Оларға  :  қымбат  әшекей  бҧйымдар  (сақина, 
сырға,  бойтҧмар  және  т.б.),  сыртқы  киімдер,  ерлерге  арналған  кастьюмдер,    кӛйлек  ҥшін  қымбат 
маталар және шапандар жатады. 
Қазіргі  тойлар  елдегі  қиын  экономикалық  жағдайларға  қарамастан,  қымбат  мейрамханаларда, 
тойханаларда,  ӛте  қызықты  және  сәнді  ӛтеді.  Тойға  100  ден  500  дейін  қонақтар  шақырылып,  той 
егесінің  мәртебесі  ҥшін  танымал  тҧлғаларды,  атақты  әншілерді,  ӛнер  адамдарын  шақырып  ӛткізеді. 
Мҧндай тойлардың ӛтуі әрине әрбір отбасының материалдық жағдайына байланысты.  
«Денсаулық зор байлық» дейді халық. Бҧл мәтелде ҥлкен мән бар. Адам баласы пайда болғаннан 
бастап  –  ақ  ауру  –  сырқаудан  аман  болуды  кӛздеді.  Әлемдегі  басқа  халықтардан  қазақтың  ӛмірі, 
тҧрмыс тіршілігі  ӛзгеше  жағдайларда  ӛткен.  Қалалардан,  мәдени  орталықтардан  алыс, ҥнемі  кӛшіп  – 
қонып  жҥргендіктен  ауру  –  сырқау  қауіп  қатерге  кездесе  қалған  жағдайларда  тәуіптердің  кӛмегіне 
жҥгінуге  мәжбҥр  болады.  Бҧл  сенім  кҥні  бҥгінге  дейінгі  ӛз  жалғасын  тауып  келуде.  Жҥзден  жҥйрік, 
мыңнан тҧлпар демекші, сауатсыз болса да ӛмірден алған тәжірибесі бар, білікті емшілер ел арасында 
сирек  те  болса  кездеседі.  Ауырып  азап  шеккен  адамдарды  емдегенде  олар  шипалы  затты  қоршаған 
ортадан  іздеп  тауып,  пайдаға  асырады.  Сол  қасиет  ҧрпақтан  –  ҧрпаққа  беріліп,  ӛз  жалғасын  тауып 
келеді. Яғни емшілерге деген сенім де халық арасында сақталған. 
Діни наным – сенімдердің исламға дейінгі бір кӛрінісі – бақсылық рухқа сенімнің сақталған тҥрі. 
Жергілікті  халық  арасында  бақсының  кҥшіне  сеніп,  оларды  шақырып,  зікір  салғызу  немесе  ислам 
дініне ден қойып, қҧран сҥрелерінің ҥзіндісі жазылған қағазды суға езіп ішкізу де кездеседі. Бақсылық 
тҧқым қуалайтын қасиет. Бақсылық ҧстаған адамдардың ҧрпақтарының айтуы бойынша, рух белгілі бір 
бақсының  немересі  немесе  шӛбересіне  келіп,  бақсылық  ӛмірді  жалғастырып,  болмаса  ӛз  басында  не 
жанҧяда қиын жағдай болуы мҥмкін деп ескертуі мҥмкін. 
Ҧмыт  болған  ӛткенімізді  білу-міндет,  ҧрпақ  алдындағы  парыз.  Еліміздің  тәуелсіздігінің  бір 
тірегі–ішкі,  екіншісі–сыртқы  мәдениетпен  жақындасуда,  онымен  етене,  рухани  деңгейде  араласу 
екендігін  естен  шығармауымыз  қажет.  Осыдан  келе,  ҧлттық  салт–дәстҥр  дегенде  біз  халқымыздың 
ӛткеніне  назар  аударып  қана  қоймай  ҧлттың  бҥгінгі  болмысына  қалай  ықпал  етуге  болады?  –  деген 
тҥйінді  мәселені  елеусіз  қалдырмауымыз  қажет.  Салт–дәстҥр  халқымыздың  бҥгінгі  тіршілік  әдеті, 
қарым–қатынас  әдебі,  ӛмір  сҥру  тәсілі.  Бҥгінгі  ҧрпақтың  мҥддесін  ӛтей  алмаған,  оның  мақсатына 
қызмет  етпеген салт–дәстҥр  қазіргі  мәдениттіліктің берік  тірегіне  айналуы  екіталай.  Содан кейін жас 
ҧрпаққа тигізер тағылымдық ықпалы да әлсірейді. 
Қазақстан  халқы  қазіргі  кезеңде  ӛзінің  ӛткенін  саралап,  болашағын  бағдарлау  ҥстінде. 
Мемлекеттің алға қойған мақсат–мҥдделерінің қатарына жататын белестері: ӛркенеитті елдер қатарына 
қосылу. Осы бағытта негізінен ҧлттық мәдениетке кӛптеп ден қойылып, маңызды мәселе ретінде алға 
қойылған.    
 
Әдебиеттер  
1.
 
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Президенттің Қазақстан халқына     жолдауы. – Астана, 2007, 28 
ақпан.  
2.
 
Қазақстан пайдалы қазбалары. – Алматы. 2003. 
3.
 
Қазақстан Ҧлттық энциклопедиясы. -  Алматы, 2003, 5 том. 
4.
 
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық     бірлігінде» Алматы, 1993. 
5.
 
Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты». Алматы, 1992.  
6.
 
Қазақстан Республикасының  Конституциясы. Астана, 2007.  
7.
 
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң актілері. Алматы, 2005.  
8.
 
Неразгаданные тайны человечества. Антология загадочных явлений. Москва, 2004.  
9.
 
Неразгаданные тайны человечества. Антология загадочных явлений. Москва, 2004.  
10.
 
Балкенов Ж. Халық мҧрасындағы ҧлттық ӛрнек және рең. – Қарағанды: 1996. 
 
 
 

120 
 
ӘОЖ 378. 02:37 
 
БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ МАМАНДАРЫН ҦЛТТЫҚ ӚРНЕК ӚНЕРІНДЕ КӚРКЕМ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ДАЙЫНДАУДЫҢ МҤМКІНДІКТЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ 
 
Танирбергенов М.Ж., Жумабаева А.Т., Амиргазин К.Ж. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан, Омбы МПУ, Рессей  
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  возможности  подготовки  будущих  дизайнеров  в  процессе 
художественного творчества. 
 
Summary 
The  possibilities  of  preharation  piutre  designers  in  the  process  of  artistic  crieatision  is  considered  in  this 
paper. 
 
Болашақ  маманның  мәдени  мҧрадағы  ҧлттық  ӛрнек  ӛнерінің  шығармашылық  қасиетін 
қалыптастыратын  кӛркемдік  қҧрал  –  ҧлттық  ойлау  қабілеті.  Ал,  ҧлттық  ойлау  қабілеті  дегеніміз  – 
халықтық,  қоғамдық,  әлеуметтік,  кӛркем  шығармашылық  қызметтің  демеушісі.  Сондықтан,  ҧлттық 
ӛнер  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылықты  дамытудың  бірден-бір  жолы  –  болашақ  маман 
даярлау.  Ҧлттық  ӛнердегі  кәсіптік  шеберлікті  белгілі  бір  жҥйе  бойынша  алуы  керек,  сонда  ғана 
болашақ  ӛнер  иесі  ҧлттық  ӛнер  мен  кӛркем  шығармашылықты  ҧлттық  психобейнемен  қабылдайды. 
Бҧл ҧлттық ӛнердегі мәдени қорды байытады. Бірақ, ең ӛкініштісі – бҥгінге дейін Қазақстанда жоғары 
оқу  орындарында  ҧлттық  білім  беру  жҥйесі,  ғылыми-әдістемелік  тҧжырымдама  толығымен 
жасалмаған.  Ҧлттық  мамандар  дайындауда  білім  беру  жҥйесі  ҧлттық  тәрбие  дағдысына,  кӛркем 
шығармашылық дәстҥрге бейімделмеген. 
Мәдениетті  сақтаушы  әрі  ҧлттық  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылықты  келер  ҧрпаққа 
жеткізуші  басты  қҧрал  -  білім  екені  мәлім.  Бҧл  қоғамның  парасаттылық  негізін  ғана  емес,  сонымен 
қатар, кӛркемдіктің негізін қалайтын шығармашылықтың аса маңызды саласы. Ҧлттық ӛнерді ҥйрену 
әрі дамыту арқылы адам ӛзінің іштей кӛркем шығармашылыққа деген қажеттілігін ӛтейді. 
Мамандарды  даярлаудың  сапасы  ҧлттық  ӛнерді  терең  меңгеру  ісі  мен  ғылымды  тығыз 
ҧштастыру негізінде арттырылуға тиіс. Бҧл мақсатқа жастарға жеке-дара қабілетінің сҧранысына жауап 
бере  алатындай  білім  беру  мен  ӛнерді  ҥйрету  бағдарламасының  әр  алуандығы,  ӛнерді  ҥйрету  ісі  мен 
ғылымды кіріктіру, кӛркем шығармашылықтың қажетіне сәйкес болашақ мамандардың біліктілігі мен 
шеберлігін  кӛтеру  ісін  қамтамасыз  ететіндей  кәсібіи  білім  беруге  жағдай  туғызу  арқылы  қол 
жеткізіледі. 
 Болашақ  дизайнер  мамандарының  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылыққа  даярлаудың 
кәсіптік  сапалары:  біріншіден,  болашақ  дизайнер  мамандарының  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркемдік  таным 
мен  шығармашылық  ізденімпаздығы  бойынша  теориялық  және  әдістемелік  бағыттары;  а)  тарихи-
философиялық;  ә)  психологиялық-педагогикалық  және  практикалық.  Екінші,  болашақ  дизайнер 
мамандарының  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылық  ізденімпаздығының  тҥрлері:  а)  ӛрнек 
ӛнеріндегі шығармашылық мақсаткерлік. 
Болашақ  дизайнер  мамандарының  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылық  қызметінің 
қҧрылымын мынадай функциялық тӛрт топқа бӛлуге болады: 
Бірінші,  мақсаткерлік  функциялар  (ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылықтың  қалыптасу 
тарихын  терең білу,  ӛрнек  ӛнерінде  шығармашылық  кемелдену  және  шеберлікті  жетілдіру);  болашақ 
маманның  ӛрнек  ӛнерінде  шығармашылық  мақсаттың  қойылуына  кӛркемдік  ізденімпаздық  ҥлгісінің 
болуы  ӛрнек  ӛнерінде  кӛркем  шығармашылықтың  жоғары  деңгейде  болуын  айқындайды;  болашақ 
дизайнер  мамандарына  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылық  мақсаттарды  игерудің  бірнеше 
тәсілдері  (кӛркем  шығармашылық  мақсатты  меңгеруде  ӛрнек  ӛнерінің  мазмҧнын  анықтау; 
шығармашылықты  шеберлік  іс-әрекет  арқылы  анықтау,  кӛркемдік  мақсатты  болашақ  маманның 
зерделілік, сезімталдық, даралық, т.б. ішкі процестерді дамыту арқылы қою); 
Екінші,  оперативті-қҧрылымдық  функциялар  (ӛрнек  ӛнеріндегі  шығармашылық,  ӛрнектерді 
шеберлік  т.б.),  ол  болашақ  дизайнер  мамандарының  ӛрнек  ӛнерлерін  кӛркемдікпен  нақыштағанда 
іскерлікпен  ҧйымдастырылған  ізденімпаздық,  кӛркем  шығармашылықты  игеру  барысында  шеберлік 
пен әрекет тәсілдерінің жҥйесін дамытады; 
Үшінші,  уәждік  функциялар  ӛрнек  ӛнерінде  шығармашылықты  ӛз  еркімен  дамыта  білу, 
іскерлікті,  шеберлікті,  образды  кӛркемдік  ойды  жетілдіре  білу),  ол  болашақ  маманның  арнаулы 
қҧралдардың, әдіс-тәсілдердің кӛмегімен ӛрнек ӛнеріндегі кӛркемдік танымды қажетсінуді қамтамасыз 
етеді; 

121 
 
Тӛртінші,  бақылау-тҥзету  функциялары  (ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылықты 
зерттеушілік  және  ӛнерді  бағалаушылық),  болашақ  дизайнер  мамандары  ӛрнек  ӛнерінің  кӛркем 
шығармашылық  танымға деген сезімталдық  ынтаны  туғызады, ерік-жігерін  шоғырландырады,  мҧның 
ӛзі  кӛркем  шығармашылықта  білім  мен  әрекет  тәсілдерін  игеруге,  танымдық  қажетсінуді 
қанағаттандыруға,  кӛркемдік  шеберліктің  басқа  да  әдіс-тәсілдерін,  нысандары  мен  қҧралдарын 
пайдалану арқылы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу. 
Сонымен, ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем шығармашылық мақсат  дегеніміз кӛркемдік  жҥйе  қҧрайтын 
фактор  –  мақсат,  болашақ  дизайнер  мамандарын  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылық  жҥйесінің 
міндеттері  ретінде  кӛрініс  табады.  Ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылық  мақсаттың  бірнеше 
тәсілдерін қарастырайық, олар: 
Біріншіден,  ӛрнек  ӛнерінің  кӛркем  шығармашылық  мақсаты  ӛрнектің  образдық  мазмҧнын 
анықтау. 
Мҧнда ӛрнек ӛнерлерінің кӛркемдіқ образы нақты фактілерден тҧтас образға дейінгі мазмҧнның 
алуан тҥрлері жайында кӛркем шығармашылықты тҥсіну ретінде ӛрнек элементтерін бір тҥрден екінші 
тҥрге тҥрлендіру. 
Екіншіден,  ӛрнек  ӛнеріндегі  кӛркем  шығармашылық  мақсатты  болашақ  бейнелеу  ӛнері 
мҧғалімдерінің іс-әрекеті арқылы анықтау. 
Бҧған  ӛрнек  ӛнерінде  кӛркем  шығармашылыққа  қажетті  әдіс-тәсілдерді,  кӛркемдік  ҧғымдарды, 
композициялық заңдылықтарды, кӛркемдік принциптерді шебер меңгеру жатады. 
Үшінші, кӛркем шығармашылық мақсатты болашақ маманның зерделілік, сезімталдық, даярлық, 
шеберлік және т.б. ішкі процестерін дамыту. 
Бҧған  ӛрнек  элементтерінің  арасындағы  кӛркемдік  байланысты  айқындау,  композициялық 
тҧтастықтың  қалыптасқан  принципін  сезіну  жатады.  Кӛркем  шығармашылықтың  мҧндай  тәсілі 
негізінен  ӛрнек  ӛнеріндегі  шығармашылықты  тҥсіну  мен  қолдануға  қарағанда  әлдеқайда  жоғары 
зерделілік деңгейімен сипатталады. 
Ӛрнек  ӛнерінде  кӛркем  шығармашылықты  талдау  процесі  ӛрнек  ӛнерінің  мазмҧнын  ғана  емес, 
сонымен  бірге  ӛрнектердің  шығармашылық  ішкі  қҧрылымын  да  жете  ҥғынуды  талап  етеді.  Ондай 
кӛркем  шығармашылың  нәтижелерге  тҥрлі  әрекеттер  немесе  жалпылама  пайымдаулық 
байланыстардың жиынтығы жатады. 
Осындай  әдістер,  ӛрнектерді  кӛркем  әдептеудің  басты  міндеттері  ретіндегі  кӛркем 
шығармашылықты  қалыптастырады,  ең  алдымен  –  проблемалар  мен  міндеттерді  ӛз  бетінше  шешуге 
деген қабілетін қалыптастыруда, болашақ бейнелеу ӛнері мҧғалімдерінің ӛрнектерді әдептеуде кӛркем 
шығармашылыққа баулудың аса маңызды қҧралы болады. Осы әдісті ӛрнектерді әлептеуге пайдалану 
болашақ  мамандарын  жаңа  шығармашылықты  ӛрнектердің  жеке  элементтерін  ӛз  бетінше  ҥйреніп 
білуіне әкеп соғады. Ал мҧның ӛзі, кӛркем шығармашылыққа баулу кезінде, болашақ бейнелеу ӛнері 
мҧғалімдерінің  алдына  ҥнемі  жаңа  проблемаларды  қою  және  оларды  әрқашан  да  кҥрделендіріп 
отыруын қарастырып, шығармашылық процесті ҧйымдастыруды кӛздейді. Ҧлттық бейнелеу ӛнеріндегі 
ӛрнектерді  кӛркем  шығармашылықпен  әдептеу  әдістерінің  бірі  болып  табылатын  осындай 
шығармашылық  әдіс-тәсілді,  болашақ  бейнелеу  ӛнері  мҧғалімдерінің  ӛрнектерді  кӛркем  әдептеу 
шығармашылығына даярлау мәселесін шешудегі елеулілерінің бірі деп қарастыруымыз керек. 
Ӛрнек  ӛнерінің  кӛркемдік  жҥйесі  барынша  қарапайым,  тҧжырымды,  тҥсінікті  болса,  оны 
кӛрермен  шапшаң  қабылдап,  жҥрекке  ҧялатады.  Ӛрнектің  мазмҧны  мен  мәнділігі,  эмоциялық-
экспрессивтік орындаушылық ерекшеліктері шебер пайымдалуымен тҥрленіп отырады. 
Шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  тҥрлі  ӛрнектерді  кӛркем  әдептеудің  әдіс-тәсілдері  ҥшін 
мейлінше  маңызды  болып  табылады:  болашақ  мҧғалімдер  ҥшін  де,  тәрбиеленетін  шәкірттер  ҥшін  де 
шығармашылық  процестің  бірдей  қалыптасуы;  болашақ  мамандардың  шығармашылық  қабілетін 
танымдық іс-тәжірибе ретінде мақсатты тҥрде бағыттауды қалыптастыруға болады.  
Қазақтың ҧлттық ӛрнек ӛнерінің негізінде болашақ дизайнер мамандарының шығармашылық іс-
әрекеті  ҧлттық  ӛрнек  ӛнеріндегі  шығармашылық  танымды  меңгеру  ісімен  іштей  байланысып  жатқан 
тҧтас  қҧрылымдардың  жанды  бӛлшегі.  Мәдениеттілік  кӛркемдік  мҧраны  меңгеру,  оны  жас  ҧрпаққа 
ҥйрету  ісі  аса  кҥрделі  де,  ішкі  иірімдері  мол,  бір  жағынан  ыждағаттылықты  қажет  ететін  нәзік 
қҧбылыс.  Бҧл  орайда  мектеп,  арнаулы  және  жоғары  оқу  орындары  болып  жалғасып  келетін  ӛнерді 
ҥйретудің дәстҥрлі жҥйесін жетілдірумен бірге, ӛрнек ӛнерін меңгеру мәселесінің кҥнделікті ӛмірмен 
байланысты  басқа  да  жаңа  тҥрлерін  табу,  оларды  кӛркем  әдептеу  мен  ҥйлестірудің  тың 
шығармашылық жолдарын тынымсыз іздестірген жӛн. 
Қорыта  айтқанда,  ӛрнек  ӛңеріндегі  кӛркем  шығармашылықты  дамыту  тҧрғысындағы  тҥсінік, 
ҧғым,  ой  айту,  пікір  тҧжырымдау  қабілетіне  жаңаша  шығармашылық  ӛзгерістер  енгізіп,  тҧтас 
кӛркемдікті қалыптастыру. Біздің мақсатымыз – осы сатылы дамудың, кӛркемдік ӛзгерістердің мәнді, 

122 
 
мазмҧнды  сабақтастығын  табу,  болашақ  мамандар  ҥшін  соны  шығармашылық  жҥйе  тауып, пайымды 
пікір айту. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет