Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет8/51
Дата08.01.2017
өлшемі3,87 Mb.
#1422
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51

Әдебиеттер 
1.
 
ARITAN, A. S. Türk Ebru Sanatı. Türkler. S.12. Konya. 2002. 
2.
 
BARUTCUGİL, H. Renklerin Sonsuzluğu. İstanbul. 1999. 
3.
 
BİROL, İ. A. Ebru Sanatkarları. Yeşilay. S.425. İstanbul. 1969. 
4.
 
BİNARK, İ. Eski Kitapçılık Sanatlarımız. Ankara: Ayyıldız Matbaası. 1975. 
5.
 
ÇOKTAN, A. Türk Ebru Sanatı. İstanbul. 1992. 
6.
 
DERMAN, U. Türk Sanatında Ebru. İstanbul: Ak Yayınları. 1977. 
7.
 
ERSOY, AEbru Sanatı. İlgi. S.58. İstanbul. . 1989. 
8.
 
ELHAN, S. Türk Ebru Sanatı. Ankara: Murat Kitap ve Basım Yayınevi. 1998. 
9.
 
ERALİN, K.Evru  Sanatı Dersi Öğretme Metotları, Ahmet Yesevi Üniversitesi .Turkistan 2011 
10.
 
GÖKTAŞ, U. Ebru Sanatımız. Sanat Dünyamız. S.30. İstanbul.1984. 
11.
 
SUNGUR, NSanat ve Kimya Bir Arada: Ebru. Bilim ve Teknik. S.316. Ankara.1994. 
 
 
ӘОЖ 325 
 
ХАЛЫҚТЫҢ КӚШІ-ҚОНУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ 
ҤДЕРІСТЕРІ 
 
Ертаев М.А., Хасенова М. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматриваются некоторые  проблемы миграционных процессов Центральной 
Азии  и Казахстана, даны спецефические опредение термина миграциологий. 
 
Summary 
In article are considered some problems in  Central Asia and Kazakhstan spetifition 
determination term migration are given  
 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  оның  аумағында  экономикалық  және  әлеуметтік  – 
демографиялық  жағдайдың  тҥбегейлі  ӛзгеруіне  байланысты  жаңа  мәселелер  туындады.  Қазақстан 
Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастытың мойындауының нәтижесінде 
пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар бҥкіл елдегі және оның аймақтарындағы кӛші-
қондық (миграциологиялық) ҥдерістердің тҥрі мен бағытына едәуір маңызды ӛзгертулер енгізді [1.21-
31.].  Ҧзақ мерзім  бойы  Қазақстан  халықаралық  миграциясы  эпизодтық  сипаттағы  туристік  және  жеке 
сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, 
социалистік және дамушы елдердегі ӛндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің қҧрылысына 
жоғары  білікті  жҧмысшылардың  іссапарлары  тҥрінде  жҥзеге  асты.  Жҥргізіліп  отырған  елдің  «ашық 
болуы»  саясаты,  эмиграцияға  байланысты  кӛзқарастардың  либералдануы  халықтың  Қазақстаннан 
басқа  елдерге  қоныс  аударуларын  кҥшейтіп  жіберді,  мҧның  ӛзі  еңбек  әлеуетін  азайтты  [2.589.]. 
Қазақстан  ҥшін  жоғары  білікті  кадрлардың  ғылым  саласыан  іс-әрекеттің  басқа  салаларына  ауысып 
кетуі кӛкейкестігі мәселеге айналып отыр. 
Қазақстанға шетелдерден халықтың кӛп кӛлемде кӛшіп келуі тән болып отыр. Бҧл мемлекеттік 
шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, қатынастардың тҧрақтылығына, 
сондай-ақ  кӛші-қону  жӛніндегі  заңдардың  жетіліспегендігіне,  әрі  кӛші-қону  ҥдерістерін  мемлекеттік 

44 
 
реттеу  тәжірибесінің  жеткіліксіздігіне  байланысты  туындап  отыр.  Мемлекеттің  саяси  тҧрақтылығы, 
оның нарықтық қатынастарға мақсатты тҥрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жҧмысшы 
кҥші ҥшін тартымды етіп отыр. Мҧның ӛзі Қазақстандағы халық санының ӛзгерулеріне әсер етуде.  
Экономикалық  реформалардың  тереңдей  тҥскен  кезінде  елдің  демографиялық  жағдайында 
едәуір  ӛзгерістер  болуда,  бҥкіл  елдегі  және  Қазақстан  Республикасының  аймақтарындағы  кӛші-қон 
ҥдерістерінің  сипатына,  тҥрі  мен  бағытына  маңызды  тҥзетулер  енгізілуде  республиканың  еңбек 
ресурстарының  едәуір  бӛлігі  босап  шығуда.  Халықтың  миграциялық  жылжымалылығының 
қарқындылығы да сӛзсіз ӛсіп келеді. 
Жан-жақты  әлеуметтік-экономикалық  аймақтық  даму,  ӛмір  сҥрудің,  халықты  жҧмыспен 
қамтудың, оның табысының және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу мәселелері 
маңызды  болып  табылады.  Дамудың  обьективті  факторларынан  туындаған  Қазақстанның 
аймақтарының дамуының әркелкілігі мәселесі жҧмыспен қамтудың қҧрылымын жетілдіруді талап етіп 
отыр. 
Жаңа  жҧмыс  орындарының  экстенсивті  жолмен  пайда  болуы  және  қол  еңбегі  мен 
механикаландырылмаған  жҧмыстың  ҥлес  салмағының  сақталуы  кәсіпорындарға  білікті  емес  еңбек 
ресурстарының  жаңа  ағынын  ҥнемі  әкеліп  отыруды  қажет  етуде.  Сонымен  бір  мезетте  әлеуметтік 
инфрақҧрылыммен  нашар  қамтамасыз  етілуі  жоғары  білікті  кадрлардың  тҧрақтамауының  жоғары 
деңгейіне әкеліп соғуда және негізінен беделі тӛмен жҧмыс орындары ғана толығып отырады. 
Тҧтастай алғанда, нарықтық қатынастар жағдайында кӛші-қонның экономикаға функционалдық 
әсері  мақсаттық  емес  сипатта  болады,  яғни  стихиялы  болды  да,  ол  нарықтық  қҧрылымдардың 
конъюнктурасының кеңістігіне ырықты және ырықсыз жағдайларда кірігеді. 
Кӛші-қону  ҥдерісі  тҥсінігі  адам  ресурстары  ӛндірісі,  ҥлестірілуі,  алмасулары  және  тҧтынулары 
тҧрғысынан  алғандағы  қоғамдық  қатынас  салаларының  негізгі  белгілерінің  кең  ауқымын  қамтиды. 
Халықтың кӛші-қонының жаңа сипаттағы экоиомикаға ӛту ҥдерісіне ықпалы ҧлғая тҥскен сайын, осы 
ҥдерісті реттеудің біртҧтас жҥйесін жасауға қажетті оның табиғаты мен мәнін, әрқилы тҥрлерін және 
деңгейлерін, әдістемелік ҧстанымдарын зерттеудің кӛкейкестілігі арта тҥседі. 
Қазақстан Республикасы ҥшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: 
кӛші-қонның теріс ықпалы ҥнемі ӛсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жҥйесінен бастап, кӛші-қон 
ҥдерістері жалпы дамуға  жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі 
кең  спектрі  бар.  Оның  ҥстіне  мҧндай  таңдау  –  республика  халқының  саны  ҧлттық  экономикалық 
қауіпсіздікке қауіп тӛндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін тӛмендеуі мҥмкін [3.161.]. 
Халықтың қандайда бір бағыттағы механикалық қозғалысын қолдау немесе қарсы әрекет жасау 
әрқилы  факторларға  байланысты  болады,  соның  ішінде  ӛзгерулердің  қандайда  бір  стратегиясына 
байланысты  болған  нарықтық  орта  мен  нарықтық  институттарды  жетілдіру  ҥшін  таңдап  алынған 
механизмдер едәуір рӛл ойнайды. 
Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен ӛзгерулері жағдайында болып 
жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің тҥпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу 
қаупінің  шындыққа  айналып  келе  жатқанын  байқауға  болады.  Соған  орай  кӛші-қон  ҥдерістеріне 
байланысты мәселелерді жҥйелі тҧғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады. 
Ӛкінішке орай, қазіргі таңда кӛші-қон ҥдерістерін кеңестік социалистік дәуірден кейінгі дамумен 
байланыстыратын  теориялық  тҧжырымдама  қалыптасқан  жоқ,  ал  оны  реттеу  жӛніндегі  ҧсыныстар 
мәселенің тек кейбір жақтарына ғана қатысты болып отыр, ол тҧтастай сипатқа ие емес. 
Әрине,  кӛші-қон  ҥдерістерін  зерттеулер  жҥргізілуде,  алайда  олардың  ауқымы  жеткіліксіз  және 
ӛзара  байланыстырылмаған.  Олар  негізінен  кӛші-қонның  ең  кең  тараған  кӛріністерін  зерттеуге 
бағытталған.  Кӛші-қонның  осындай  аспектілерінің  бірі  еңбек  миграциясы  болып  табылады,  оның 
ҥстіне кӛп жағдайда мҧндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер ҥшін 
дҧрыс  болып  табылатын  тҧжырымдамаларды  қайталайды.  Бҧл  жағдайда  әңгіме  осы  қҧбылыстың 
себептері жӛнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының тӛмен болуы кӛрсетілуде. Мҧндай 
кӛзқарас  мәселені  тым  қарабайырландырып  жібереді,  себебі,  бҧл  жағдайда  ӛндірістің  типтері  мен 
қозғаушы кҥштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен қҧралдарына дейінгі 
экономиканың  барлық  қҧрам  бӛліктерінің  іс  жҥзіндегі  ӛзгерулеріне  байланысты  туындайтын  ӛтпелі 
экономикалық  заңдылықтары  есепке  алынбайды.  Бҧл  жағдайларда  ӛздігінен  алғанда  жалақы 
деңгейіненің кӛші-қонның кӛлеміне әсері аз болады. 
Кӛші-қонтану  (миграциологиялық)    –  қазіргі  жаһандану  ҥдерісі  мен  әлемдік  саясаттың  ӛзекті 
мәселелерінің бірі. Кӛші-қонтанулық ҥдеріс кеңестік кеңістіктен кейінгі кезеңде бҧрынғы социалистік 
жҥйедегі  елдерде  аса  қарқын  алғаны  белгілі  [4.7.].  Сонау  тарихи  кезеңдергі  Жібек  жолы  салған  сара 
жолмен тараптанған қазақ жерінің геосаяси орналасуы да, жалпы миграциялық ҥрдістен бҧл аумақтың 
ешқашан тыс қалмайтынына тағы бір дәлел. Ҥкімет жанынан жҧмыс істейтін кӛші-қон комитеті және 
миграциялық  полиция  қызметі  де  бҥгінгі  ішкі  және  сыртқы  миграция  ҥрдісін  реттеуге  міндеттелген, 

45 
 
соған  сәйкес  олардың  жҧмыстары  да  солай  ҥйлестірілуге  тиісті.  Алайда,  соңғы  уақыттардағы 
миграциялық  ауытқулар  кӛрініс  алуда.  Әсіресе,  оралмандардың  тарихи  отанға  келгеннен  кейінгі  елді 
мекендерге орналасуына, Орталық Азия елдерінен келетін заңсыз еңбек мигранттарының елде жҥріп-
тҧруына  қатысты  келеңсіздіктер  олардың  тікелей  міндеттеріне  айтылар  сын  болып  табылады. 
Оралмандардың  елге  орналасуы  мен  олардың  жақындық-жершілдік  мҥддесіне  сай  тҧрақтануы  және 
мамандығына  сай  жҧмысқа  орналасуына  қатысты  кедергілер  ішкі  миграцияның  кейбір  мәселелерін 
тудырады.     
Гастарбайтерлер  деп  аталатын  (немісшеден  аударғанда  қонақтаушы  жҧмысшы),  Орталық  Азия 
елдерінен  жҧмысшыларсыз  біздің  қазақстандық  экономиканы  да,  қоғамды  да  елестету  қиын  болып 
жатыр.  Еңбек  мигренттары  сапындағы  гастарбайтерлер  елдегі  ірі  қҧрылыстармен  қатар,  тҧрғын 
ҥйлерді жӛндеу және базарларда сауда жасау секілді салаларда еңбек етіп жатыр. Қазақстандағы еңбек 
миграциясы аса кҥрделі. Мҧндай еңбек мигранттары елдегі заңды және заңсыз миграцияның тҥзілуіне 
де  жол  ашты.  Заңсыз  миграцияның  салдары  ӛте  кӛп.  Олардың  еңбегінің  белгілі  елдегі  салық 
заңдарымен реттеуге бейімсіздігі де, ел бюджетіне тҥсуі тиісті қаржының сыртқа кетуіне жол ашады. 
Орталық  Азия  елдеріндегі  саяси-экономикалық  даму  ҥрдісі  демографиялық,  экологиялық,  әлеуметтік 
дағдарыстар  жағдайына  мәжбҥрлеуде.  Батыс  сарапшыларының  пікірінше,  оның  ішінде  канадалық 
Хоумер-Диксон,  болашақтағы  соғыстар мен  азаматтық  қақтығыстар  судың  жетіспеушілігінен,  егіндік 
жерлердің  тозуынан,  орман,  балық  қорларының  азаюынан  болатынын  айтады.  Ӛкінішке  қарай,  бҧл 
шынайы қауіп бҥгінгі уақытта кӛлемді резонанс ала алмай отыр. Бҧл жағдайда Орталық Азия аймағы 
да  бӛлініп  қалмайды.  Қазіргі  уақытта  орын  алып  отырған  этно-территориялық  дау-дамайы  бар, 
тҧрғындардың ӛте тығыз орналасуы мен туу жоғары болашақта салмақты мәселелер тудыруы мҥмкін 
Ферғана  жазығы  жағдайын  айтқанның  ӛзі  жеткілікті.  Ӛзбекстан,  Тәжікстан  және  Қырғызстанды 
қамтитын Ферғана жазығының тҧрғындары ҥшін, қоршаған орта жағдайы бҥгіндері бос сӛз емес. Осы 
жоспарда  Орталықазиаттық  аймақтың  бҧл  бӛлігінде  мҥмкін  болуы  ғажайып  емес  қақтығыстардың 
алдын алу амалдарын кҥшейтіп, нақты шараларды жҥзеге асыру қажеттілігі туып отыр. Осы тҧрғыда 
қазақстандықтар ҥшін де аса мазасыздық тудыратын сырттан келетіндер еңбегі мен олардың қоғамда 
жҥріп-тҧруының  ӛзі  ҥлкен  мәселе.  Ол  мәселе,  ҧлтшылдық  отын  тҧтандыруы  да  мҥмкін.  Жалпы, 
Қазақстандағы  миграциялық  ҥрдістің  кезек  кҥттірмейтін  мәселе  екендігі,  оның  ҥкімет  саясатын 
ҥйлестіруде ҥнемі назарда болуын ескеру қажет. 
Біздің  пікірімізше,  Қазақстан  халқының  эмиграциялық  әлеуеті  тҥгесілді.  Сол  себепті  де 
келешекте  бірте-бірте  сыртқы  кӛші-қонның  оң  сальдосының  кӛбеюін  кҥтуге  болады,  ол  тӛмендегі 
себептерге байланысты болады: 
-республиканың оралмандарды елге қайтару бойынша мемлекеттік саясатының жалғасуы; 
-ӛтпелі  кезеңде  шетелге  кеткендердің  бір  бӛлігінің  кері  қайту  ҥдерісінің  басталуымен  (ҚР 
Статистика  агенттігінің  мәліметтері  бойынша  1990-2003  жылдар  аралағындағы  сыртқы  кӛші-қонның 
жиынтық теріс сальдосы 3 млн. адамнан асып кеткен); 
-табиғи  ресурстарға  бай  жер  аумағында  халықтың  тым  сирек  қоныстануы  кезіңдегі 
республикадағы  әлеуметтік  –  экономикалық  және  саяси  жағдайдың  тҧрақты  тҥрде  жақсаруымен, 
мҧның  ӛзі  кӛрші  елдердің  халқының  елімізге  еңбек  миграциясы  бойынша,  ал  соңынан  тҧрақты  ӛмір 
сҥруге рҧксат алу мақсатымен келуін ынталандырады. 
Статистикалық  мәліметтерге  сҥйенсек,  азаматтардың  ішкі  республикалық  кӛші-қон  ҥрдісі 
жылдан-жылға артып келеді. Егер, оның саны 1999 жылы 232,4 мың адам болса, 2006 жылы ол - 295,1 
мың. ал 2007 жылы - 31 1,7 мың адамга жеткен. Олардың ішінде қазақтардың ҥлесі: 1999 жылы 69,4%, 
2006 жылы 79,1 %. 2007 жылы 81,3%, 2008 жылы 94% болған. 
Астана қаласының халқының саны 2008 жылдың маусым айына 606 мың 280 адам болса, биыл 
осы  мезгілде  660  мың  876  болып,  ол  44  мың              596  адамға  ӛскен  екен.  Қалаға  5  айда  23 355  адам  
келсе,  6 956  адам  кӛшкен.  Кӛші-қон  айырмасы  –  16399  адам.  Яғни,  кӛшіп  келгендер  былтырмен  
салыстырғанда 38,9 пайызға кӛбейіп, кеткендер 15 пайызға азайған. 
Еліміз  егемендік  алғалы  алыс-жуық  шетелдердегі  қандастарымыз  ӛзінің  тарихи  отаны  – 
Қазақстанға  орала  бастады.  Қазірге  дейін  сырттан  келген  қандастарымыздың  саны  бір  миллионға 
жетті. 
Соған  байланысты  ішкі  кӛші-қонды  мемлекеттік  реттеудің  негізгі  әдістемелік  базасы 
этномәдени, экологиялық және басқа да факторлармен бірге Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға 
дейінгі  кезеңдегі  ӛндірістік  кҥштерді  орналастыру  болып  табылады.  Ол  тӛмендегідей  міндеттерді 
шешуге мҥмкіндік береді: 
еңбек  нарығындағы,  әсіресе  жастардың,  мектепті  және  жоғары  оқу  орындарын  бітірушілердің 
арасындағы жҧмыссыздықты азайту бойынша шараларды қабылдауға;  
артта қалған қҧлдыраған аймақтардан инфрақҧрылымы дамыған аймақтарға қоныс аударуларды 
есепке алып отыр, халықты орналастырудың тиімді сҧлбасын анықтауға; 

46 
 
жағдайы  тӛмен  аймақтарды,  шағын  қалаларды,  ауылдық  елді  мекендерді  дағдарыстан  шығару, 
олардың ӛндірісті қалпына келтіру. 
Ортамерзімдік  перспективада  (2001-2005  жж.)  ішкі  кӛші-қонды  реттеудің  негізгі  бағыгғары 
тӛмендегідей салалар бойынша іс-шараларды жасап шығуды қажет етті: 
қалыптасып  келе  жатқан  нарықтық  жағдайда  елді  мекендердің  тиімді  этнодемографиялық 
дамуын қамтамасыз ету; 
-  ауылдық  жердегі  халықтың  жҧмыспен  қамтылуын  қолдау  бойынша  арнайы  шараларды 
дайындау  және  жҥзеге  асыру,  еңбекақы  тӛлеудегі  теңсіздікті  жою  және  ауылдың  әлеуметтік 
инфрақҧрылымын нығайту жолымен республика ішіндегі ауылдан қалаға қоныс аударуларды азайту; 
-  елдегі  және  оның  жеке  аймақтарындағы  экологиялық  жағдайды  жақсарту,  экологиялық 
факторлардың  зиянды  әсерін  азайту  бойынша  кешенді  шараларды  жҥзеге  асыру  және  осы 
аймақтардағы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету; 
-  республика  ішіндегі  халықтың  кӛші-қонын  тиімділеу  мақсатымен  еңбекақының  салалық 
жіктелуінің тиімді жҥйесін жетілдіру; 
2006-2010  жылдардағы  ҧзақ  мерзімдік  перспективадағы  ішкі  кӛші-қонды  реттеу  тӛмендегідей 
бағыттар бойынша іс-шараларды дайындап шығуды қажет етеді: 
ӛндірістік  кҥштердің  орналасу  сҧлбасын  негізге  ала  отырып,  ел  халқының  және  еңбек 
ресурстарының қозғалысын және қайтадан бӛлініп орналасуын қамтамасыз ету; 
          - халықтың республика ішіндегі тиімді орналасуына қол жеткізу мақсатында аймақтардың 
экономикасының  ӛркендеуі  ҥшін  қолайлы  алғышарттар  жасау  және  олардағы халықтың  ӛмір  сҥруіне 
тиімді жағдайлар жасау; 
.-    кӛші-қон  ағындарын  экономикалық  ӛркендеу  нҥктелеріне  бағыттау,  сондай-ақ  реттеу  және 
ынталандыру, материалдық-техникалық базаны нығайтудың жҥйесін жасап шығу; 
-  аймақтардағы  демогрфиялық  жағдайды  есепке  ала  отырып,  ӛндірісі  дамыған,  ӛмір  сҥру 
жағдайлары  жасалған  экономикалық  ӛркендеу  нҥктелеріне,  шағын  қалаларға  және  ауылдық  елді 
мекендерге халықтың ерікті тҥрде келуін ынталандыру жҥйесін жасау; 
-  қиын  мәселелері  бар  аймақтар  мен  қалаларға  жоғары  білікті  кадрларды,  жоғары  оку 
орундарының, училищелердің жәнет.б. бітірушілерің тарту ҥшін жағдайлар жасау. 
Біздің  пікірімізше,  республика  ішіндегі  кӛші-қон  ағындарын  басқаруды  әрқилы  бағыттар 
бойынша  жеке-жеке  жҥзеге  асыру  қажет,  себебі,  олардың  әрқайсысының  ӛз  ерекшеліктері  бар.  Ӛз 
аймағындағы қалалар арасындағы халықтардың орын ауыстыруларын реттеу ӛзінше жеке бір істе, ал 
облысаралық  қоныс  аударуларды  реттеу,  сондай-ақ  ауылдан  қалаға  кетуді  басқару  басқаша  бір  іс 
болмақ.  Шындығында  әрқилы  бағыттағы  ағындардың  арасында  жалпы  ҧқсас  сипаттары  кӛп,  бірақ 
кӛші-қон  ағындарының  карқыны  мен  қҧрылымына  едәуір  әсерін  тигізетін  ерекшеліктері  де  бар. 
Айталық,  ауылдан  қалаға  кӛші-қон  ағындардың  едәуір  бӛлігі  ауыл  жастарының  білім  алуын 
жалғастыруға, мамандық алуға ҧмтылуына байланысты туындайды. 
Кӛші-қон  ҥдерістері  тҧтастай  алғанда  Қазақстан  Республикасының  экономикасының  дамуына 
жақсы  да,  жаман  да  әсерін  тигізуі  мҥмкін.  Дегенмен,  жаман  әсерлері  басымырақ  болады.  Айталық, 
кӛші-қонның  нәтижесінде  Қазақстан  экономикасына  келген  жалпы  шығын  ондаған  миллиард  АҚШ 
долларын  қҧрап  отыр.  Кӛші-қонның  нәтижесінде  едәуір  қаржылық  шығындар,  білікті  жҧмысшы 
кҥшінің азаюы және соның салдарынан еңбек ресурстары сапасының тӛмендеуі, зияткерлік әлеуеттің 
шетелге  кетуі,  жаңа  мамандарды  дайындауға  орасан  зор  шығынның  кететіндігі  Қазақстанның 
экономикалық қауіпсіздігіне шынайы қатер тӛндіріп тҧр. 
Қазакстан Республикасында сыртқы кӛші-қонды реттеу бойынша белгілі бір мемлекеттік саясат 
қалыптасты,  бҧл  саясатты  жҥзеге  асыру  кӛші-қон  саясатын  кҧқықтық  қамтамасыз  ету  біріншіден, 
жалпы  алғанда,  елдің  және  оның  азаматтарының  қауіпсіздігі,  сондай-ақ  салық  тӛлеушілердің 
жағдайының  жақсаруының,  экономиканың  ӛркендеуінің      маңызды  факторларының  бірі;  екіншіден, 
сапалы иммиграцияның қолайлы шарттарын жасау екендігін дәлелдеп отыр. 
Біздің пікірімізше, қазіргі қолданыстағы саясаттың сыртқы кӛші-қонды реттеу саласындағы теріс 
тҧстардың  бірі  жеке  мәселелерді,  соның  ішінде  еңбек  мигранттарының,  әсіресе  заңсыз 
иммигранттардың қҧқықтарын сақтау мәселелерінің жеткіліксіз дайындалып шығуы болып отыр. Осы 
мәселенің  оң  шешімін  табуы  республикадағы  демократияның  жан-жақты  дамуына  ықпалын  тигізері 
сӛзсіз. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Рыбаковскийдің  Л.Л    Халықтық    миграциясын  ҥш  тҥрге  бӛлді:  болжаулар  ,  факторлар  ,  саясат. 
Наука 1987 ж 21-31-бет. 
2.
 
Қысқаша георгафиялық энциклопедия. 1961 Т.2, 589-бет 
3.
 
Демографиялық бағыт. Қаржы және статистикасы. 1985, 161-бет. 
4.
 
Денисенко М . Б ., Ионцев В.А. , Хроев Б.С. Миграцология.  МГУ. 1999,  7-бет 

47 
 
ӘОЖ  17.018.22 
 
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА АРМЯН ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
ВОЗНИКНОВЕНИЯ АРМЯНСКОЙ ДИАСПОРЫ В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ И 
КАЗАХСТАНЕ 
                                           
Ертаев М.Ә., Тӛлен А. 
 М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкен, Қазақстан  
 
Резюме 
В статье рассматриваются первые переселенцы армянской диаспоры на территорию  Центральной 
Азии и Казахстана и даны некоторые определение их размещения 
 
Summary 
The  article  with  the  first  seftlers  of  the  armian  diaspora  in  Central  Asia  and  Kazakhstan  and  dive  some 
deginition of the ir placement 
 
Тарих  ғылымындағы  миграциология  әрсалалы  және  себеп-салдары  тҥрлі  тарихи  ҥдерістермен 
байланысты мәні мен мазмҧны интерпретациялық тҥсініктемелерді талап ететін кҥрделі ҥдеріс.  
Солардың  бірі  әлемдегі  армяндардың  қоныстануы  кҥрделі  ҥдерістерге  толы  болып  келеді. 
Армяндар тарихи, экономикалық және саяси жағдайларға байланысты туған жерінен әлемнің кӛптеген 
елдеріне, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанда кӛшуге мәжбҥр болған. Армяндардың алғашқы 
кӛші-қоны  ежелгі  дҥниеден  басталған.  Армяндардың  кӛпшілігі  Тҥркістанға  тҧтқын  ретінде  келсе, 
екінші тобы сауда жолымен, ҥшінші  тобы – патшаның уәкілдері болып келген. Бҧны тарихи деректер 
растайды.  ІІІ-ҤІ  ғғ.  Таяу  Шығыста  Риммен  Сасанидтік  Иран  арасындағы  саяси  билікке  кҥрестің 
ортасында  Армения  болады.  Бҧл  кҥресті  Сасанидтер  жеңеді.  Сасанидтер  Арменияны  жаулап  алып 
кӛптеген  армяндарды  Парсы  еліне  кӛшіреді.  Бірақ  парсылардан  қашып  армяндардың  бір  бӛлігі 
Тҥркістан жеріне қашып барады. Ҥ-ҤІ ғғ. армяндарды тек Тҥркістан жерінде ғана емес, сонамен бірге 
Индия жерінде де кездестіруге болатын.  
Армяндардың  тарихшысы  Себеостың  (ҤІІ  ғ.)  жазбаларында  Иран  шахы  армяндардың 
әскербасшысы  Смбат  Багратуниді  599  ж.  армян-парсы  әскерінің  басына  қойып,  кушан  елін  жаулап 
алуға  жібереді.  Бірнеше  шайқастарда  жеңіске  жеткен  Смбат  Багратуни  Тҥркістанның  ҥлкен  ауданын 
бағындырады  да,  сол  жерде  Орталық  Азияның  марзпаны  болып  тағайындалады.  Себеостың 
жазбаларына  қарағанда,  Смбаттың  әскерінде  әскери  сарбаздарынан  басқа  жәй  азаматтарда  болған. 
Солардың ішінде армяндарда болған. Олар Тҥркістанда қалып ӛздерінің епархиясын ашады. Тҥркістан 
жерінде 8 жыл ӛмір сҥргеннен кейін Смбат Багратуни шахтың бҧйрығымен Арменияға қайтарылады. 
Осы  жорықтар  кезінде  деректерге  қарағанда  алғашқы  армяндар  топтасқан  қалалар  мен  арнайы 
тҧрақтар қҧрылған  
Смбат Багратунидің кушан еліне жасаған жорығы туралы «Ӛзбек ССР тарихында» да жазылады. 
Осы  еңбекте  «тарих  ғылымында  сирек  қолданатын  ақпараттар  кездеседі:  кушан  еліне  жасаған 
жорықтары барысында армяндардың қаласының ірге тасы қаланады» деп жазылады [1. 104-105б.] . 
Басқа  деректерде  ҥш  жҥз  жыл  ӛмір  сҥрген  Армяндардың  Киликия  патшалығы  ӛзінің  Шығыс 
саясатын мейрімді жҥргізген деген мәлімет береді. Кликияның патшасы Хетум (1226-1270 жж.) қарым-
қатынасын  нығайту  және  достығын  кҥшейту  мақсатында  ХІІІ  ғ.  Ҧлы  хандардың  астанасына 
Самарқандқа дипломатиялық миссияны аттандырады. Осы дипмиссияны оның бауыры, тарихшы және 
әскербасшы Смбат Гундстабл басқарады. Ол Самарқандқа 30 кҥнде жетеді. 
Осы  уақытта  Арменияны  жаулап  алуға  соқтырған  монғолдардың  жорықтары  басталады. 
Монғолдардың  билігі  Армения  жерінде  ХІҤ  ғ.  ортасына  дейін  жалғасады.  1386  ж.  ақсақ  Темірдің 
әскері Тавриз арқылы Арменияға басып кіреді. Нахичевань, Сюник, Айрарат ауданын, Васпураканды 
жаулап алып Ван қаласын тосады. Темір әскері тҧтқындарды Самарқанд қаласына айдап әкетеді. Осы 
тҧтқындардың арасында армян абызы Карапет Джугаеци болды. Ол тҧтқындардың рухани басшысына 
айналып кейінен Самарқандта армяндардың шіркеунің епископы болып тағайындалады. 
Тарихшы-географ  Гевон  Алишанның  мәлімдеуінше  армян  саудагері  Мхитар  Багишеци 
(Битилистан)  Орталық  Азияда  саяхаттап  саудасын  жҥргізген.  Аршак  Алпояджян  тарихшы  Товма 
Мацопециға  сҥйеніп  Темірлан  Самарқандқа  кӛптеген  армяндарды  айдап  әкетті  деп  жазады.  Ол 
Самарқанда  архимандрит  Карапет  Джугаеци  болғанын  да  айтады.  Осы  еңбекте  Темірдің  баласы 
Ҧлықбек  Орта  Азиядағы  армяндардың  бір  бӛлігін  мҧмылмандыққа  айналдырғанын  жазады.  Бірақ 
армяндардың  негізгі  бӛлігі  қарсылық  кӛрсетіп  христиан  дінінің  армян-григориан  тҥрінде  қалады.  А. 
Алпояджян  кітабында  Орта  Азияның  шеттерінде  ХІҤ  ғ.  армяндардың  қоныстары  кӛп  және  мықты 

48 
 
болғаны  туралы  жазады.  Қытай  шекарасында  армяндардың  әулие  Матеостың  шіркеуі  де  қызмет 
атқарған.  
Мыңдаған  армян жанҧяларын парсылар мен тҥріктер зорлықпен жер аудартады. Мазандаранға 
отыз мың армян жанҧялары кӛшіріледі. Бірақ климаттық жағдайына шыдай алмай Ауғанстан арқылы 
Орта Азияға кӛптеген армяндар жер аударылады.  
ХІХ  ғасырдың  ортасында  армяндар  Тҥркістанда  Орта  Азияның  Ресейге  қосылу  нәтижесінде 
пайда болады. Олар Зангизордан, Карабахтан және Батыс Армениядан кӛшіп келеді. Олардың кӛшуіне 
кӛптеген себептер болды. Шығыс және Батыс  Армениядағы қалыптасқан  экономикалық, әлеуметтік 
саяси  жағдай  армяндардың  Орта  Азияға  кӛшуінің  негізгі  себебіне  айналды.  ХІХ  ғасырдың  70-
жылдарынан  бастап  Каспий  теңізі  арқылы  армяндар    Шығысқа  кӛше  бастады.  Алғашқыда  олар 
әскердің  артынан  жҥрді.  Мҧнда  негізгі  себеп  жердің  жетіспеушілігі  және  ҧлтаралық  қатынастардың 
шиеленісуі  басты  себеп  болды.  Патша  ҥкіметі  армяндарың  кӛшуі  әскери  әрекеттерге  оң  жағдай 
жасайтынын  байқады.  Жаңа  жерлерді  қоныстанғаны  арқылы  әскерге  Шығысқа  қарай  жорығын 
жалғастыруға мҥмкіндік жасап берді.  
  Шығыс  Армениядан  армяндардың  кӛшуіне  себеп  болған  тҥріктердің  саясаты.  Тҥріктер 
армяндарды  қыспаққа  алды.  Әлеуметтік  және  ҧлттық  қанаушылық  армяндардың  ӛмір  сҥруіне  қиын 
жағдай жасады. ІІ-ші Абдул Гамид ХІХ ғасырдың соңында армяндарды жою саясатын жҥргізді. 1890 
жылдары 300 мың армян ӛлтірілді. 1909 жылы Адан  қаласында жән Киликяда 40 мың адам ӛлтірілді. 
1909  жылғы  қанды  оқиға  «Киликия  тҥні»  атымен  белгілі  геноцидтің  бастауы  болды.  Осы  уақиғалар 
1914-1918 жылдардағы Тҥркиядағы геноцид оқиғаларының бастауы болып табылады [2. 423-431б.].   
  Орта  Азияда  кӛптеген  халықтар  орналасқан:  ӛзбектер,  тажіктер,  тҥрікмендер,  қызғыздар, 
қазақстар  және  т.б.  Кейбір  халықтар  мемлекеттік  қҧрамдарға  кірмеген  еді.  Ӛзбектер  мен  тәжіктердің 
ӛздерінің  мемлекеттік  қҧрылыстары  болған  –  Қоқан  және  Хиуа  хандықтары,  Бҧқар  әмірлігі.  Осы 
халықтар  отырықшы  ӛмір  сҥріп,  салыстырмалы  тҥрде  мәдениеті  де  жоғары  болған.  Егіншілікке 
жарамды  жерлері  аз  болғандықтан  қырғыздар,  тҥрікмендер  және  ӛзбектердің  кейбір  рулары  кӛшпелі 
тіршілік жасайтын. Ресей қҧрамына кірмей тҧрып Орта Азияның халқының жалпы кӛлемі 5 190 мың. 
адам  болған.    Ал  1913  жылы  7,3  млн.-ға  дейін  жетеді,  намесе  бҥкіл  Ресей  халқының  4,6  пайызын 
қҧрайды. 
  Алғашқы  жылдары  кӛшіп  келгендердің  қоныстары  орыс  әскерінің  орналасқан  жерлерінің 
жынанда болатын. Егерде әскер орнын ӛзгертетін болса, онымен бірге бҥкіл кӛшкіндер де кӛшетін. Бос 
жатқан жерлерде әскери жатақтардың орнында алғашқы коныстар мен қалалар пайда бола бастайды.  
Жаңа  әкімшілік  қҧрылыстың  қалыптасқанынан  кейін  Кавказ  әскери  округінен  Закаспий 
әкімшілік  облысы  бӛлінеді.  Сондықтан  жаңа  облыс  халқының  кӛлемін  нақты  анықтау  іс-әрекеттері 
жҥргізіледі.  1890  жылғы  санақ  бойынша  облыста  254 823  адам  тҧратын.  Оның  ішінде  235 596 
тҥрікмендер мен қырғыздар, 19 227 тҧрғын кӛшіп келгендер. Кӛшкіндердің ішінде 4815 (25,1%) орыс. 
Кӛшкіндердің  қҧрамын  орыстар,  парсылар,  армяндар,  поляктар,  татарлар,  азербайжандар  және  т.б 
жасақтаған.  Олардың  негізгі  бӛлігі  қалаларда  тҧратын.  1890  жылғы  мәліметтер  бойынша  кӛшіп 
келгендердің ең кӛбі парсылар – 5666 адам, олардан кейін орыстар – 4815 адам және армяндар – 3839 
адам.  ( №1 кестені  қараңыз) [3. 27-28б]. 
Армяндарның  негізгі  бӛлігі  Ашхабад,  Мерв,  Узун-Ада,  Красноводск,  Қызыл-Арватта  тҧратын. 
Оның  себебі  осы  қалаларда  сауда-маттық  жақсы  дамыған,  сонымен  бірге  тҧрғын  ҥйлер,  вокзалдар, 
паровоз  деполары,  кӛпірлердің  қҧрылыстары  жҥргізілген  болатын.  Армяндар  жақсы  қҧрылысшылар, 
ағаш ҧсталар болып есептелетін. 
  Кӛшіп  келген  адамдардың  уездер  бойынша  орналасқанын  қарасақ  Маңғыстау  уезінде  793 
адамнан  755-сі  орыс,  35-сі  армян;  Красноводск  уезінде  1561  адамнан 642  орыс,  250  армян;  Ашхабад 
уезінде  10 433  адамнан  2807  орыс,  2800  армян;  Мерв  уезінде  1600  адамнан  499  орыс,  732  армян 
ӛкілдері  болған.  Парсылардың  негізгі  бӛлігі  Красноводск  және  Ашхабад  уезінде  тіршілгін  жасаған. 
Орыстар мен армындар темір жол станциялардың және разъездернід қоныстанған болатын. 
  1897  жылы  патша  ҥкіметі  Орта  Азияда  алғашқы  рет  халық  санағын  ӛткізген  болатын.  Бірақ 
дайындық  жҧмыстары  қажетті  деңгейде  ӛткізілмегесін  ақиқат  демографиялық  нәтиже  шығаратын 
ақпараттар толық болған жоқ. Оның негізгі кемшілігі – туу, ӛлім, некелесу мен ажырасулардың жалпы 
есебі алынбаған еді. Сонымен қатар кӛші-кондық ағымдарының, яғни кӛшіп келген адамдардың нақты 
есебі  болған  жоқ.  Осы  кемшіліктерге  қарамастан  1897  жылғы  халық  санағының  нәтижелері  ресми 
ақпарат болып есептеледі. 
  1897  жылғы  санағының  есебі  бойынша  Орталық  Азия  халқы  (Бҧқара  эмираты  мен  Хиуа 
хандығын есептемегенде): Жетісу облысында -987,9 мың адам, Сырдария облысында – 1478 мың адам, 
Ферғана  облысында  –  1572,2  мың  адам,  Самарқанд  облыснда  –  860  мың  адам  және  Закаспий 
облысында    -  382,5  мың  адам  ӛмір  сҥретін.  Жалпы  алғанда  5281  мың  адам.  1897  жылғы  халық 
санағында  197 420  немесе  3,7  %  орыс  тіркелді.  Армяндаран  4803  тіркелді.  Осылардың  ішінде  4206 

49 
 
армян халқының ӛкілі Закаспий облысында, қалған 597-сі басқа облысында тіршілік жасаған. Мысалы 
366 армян Самарқанд облысында тіркелген болатын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет