Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет11/51
Дата08.01.2017
өлшемі3,87 Mb.
#1422
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51

Литература 
1.
 
Бабанский Ю.К. Интенсификация процесса обучения. –М.: Знание,1987. –78с. 
2.
 
Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. /Сост. М.Ю. Бабанский. – М.: Педагогика, 
1989. – 556 с. 
3.
 
Гервер В.А. Творческие задачи. - М.: Просвещение, 1991. –146 с. 
4.
 
Головенко  А.Г.  Обучение  решению  творческих    задач  в  профессиональной  подготовке  
инженера: Дис….канд. пед. наук. – М.,1993. –191 с. 
5.
 
Григорьева  И.В.  Развитие  творческого  потенциала  студентов  педвуза  в  процессе  обучения 
двухмерной компьютерной графике: Автореф. дис….канд. пед. наук. – М.,2002. – 26 с. 
6.
 
Катханов  М.Н.,  Свиридова  Н.Г.,  Коровин  В.М.  Интенсивная  технология  обучения  и 
преподаватель технического вуза. Часть1. ЧГТУ, Челябинск,1993. – 203 с. 
7.
 
Катханова  Ю.Ф.  Развитие  творческих  способностей  школьников  и  студентов  ХГФ  в 
графической деятельности: Дис. …докт. пед. наук. –М.,1994. – 503 с. 
8.
 
Кларин  М.В.  Инновации  в  мировой  педагогике:  обучение  на  основе  исследования,  игры  и 
дискуссии. /Анализ зарубежного опыта/ - Рига, НПЦ «Эксперимент», 1995. –176 с. 
9.
 
Корзинова  Е.И.  Интегрированные    задания  по  технической  графике  как  средство  развития 
творческих способностей студентов ХГФ: Автореф. дис. канд. пед. наук. –М.,1992. – 16 с. 
10.
 
Михайлов  Н.Г.  Обучение  школьников  элементам  художественного  конструирования  на 
уроках черчения (на примере специализированных классов). Дис. канд. пед. наук. – М., 1998. –196 с.  
11.
 
Моляко В.А. Психология творческой деятельности. – Киев, 1978. –46 с. 
12.
 
Павлова  Л.В.  Нетрадиционные  подходы  к  обучению  черчению:  Учеб.  пособие, 
Нижегород.гос.техн.ун-т. – Н.Новгород,2002. –70с. 
 
 
ӘОЖ 37.091.3:347.782 
 
ӚНЕР – ЭСТЕТИКА  НЕГІЗІ 
 
Ибраймова П.Т., Жорабеков С.Қ., Жҧмабаева А.Т. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
                                                           
Резюме 
В  статье рассматриваются  вопросы  эстетического  воспитания  и развития  художественно 
творческих  способностей  учащихся  на уроках  изобразительного искусства. 
 
Summary 
In  article questions of  aesthetic education  and development  are  considered  is  art creative  of  pupils  at  
lessons  of  the  arts to an average. 
 
Егеменді  Қазақстанының  қазіргі  даму  бағыты  жалпы  білім  беретін  мектепте  жас  ҧрпақты 
нарықтық  заман  талаптары  мен  мәдениеттің  даму  деңгейіне  сай  дайындауды  қажет  етеді.  Ҧлы  Абай 
атамыздың 33-қара сӛзінде ӛнер туралы былай дейді: Егер мал керек болса, қолӛнер ҥйренбек керек. 
Мал  жҧтайды,  ӛнер  жҧттамайды.  Алдау  қоспай,  адал  ӛнерін  сатқан  қолӛнерін  сатқан  қолӛнерлі  - 
қазақтың  әулиесі  сол.  Әулие  деген  қазақтың  тҥсінігінде  ең  қҧдіретті,  қасиетті,  киелі  адам  деген 
қастерлі  адамы  деп  әулиге  теңеп  отырған.  Мысалы  ,  ӛнерлі  адамдардың  қолымен  жасалған  әдемі 
заттарын  киелі  деп  қастерлеп  ,  тӛрге  қойып  ,  оны  ӛзінің  ӛсіп  келе  жатқан  жас  ҧрпағына  мҧра  етіп 
қалдырып  отыратыны  белгілі.  Бҧл  дәстҥр  біздің  елімізде  ғасырдан  ғасырға  жалғасын  табуда.  Соңғы 
уақытта елімізде.  
Ел  басымыздың қолдауымен  халқымыздың «Мәдени  мҧрасына»  ерекше  кӛңіл бӛлініп  қомақты 
жҧмыстар жҥргізіліп  жатқаны  да  осы  ӛнерге  деген кӛзқарасымыздың  бір айғағы  деп  санауға  болады. 
Қазіргі егемен ел болып керегеміз бекіп жатырғанда ӛнерге жанашырлық жасау парыз. Ӛнердің негізгі 
салаларының бірі  -бейнелеу  ӛнері  болып табылады.  Бейнелеу  ӛнері  адамның ӛз  ортасының  әсемдігін 
тҥсінуіне, эстетикалық талғамын дҧрыс қалыптасуына жол кӛрсететін ең алғашқы білім. Сурет салуды 
сҥю деген - ол ӛмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сҥю. 
Ол  адамның  ақыл-ойын  ,  парасатын  ӛсіреді,  танымын  кеңейтеді  ,  ізгілікке,  әсемдікке  ҥйретеді. 
Ӛмірде кездесетін келеңсіз қҧбылыстар мен кҥресуге тәрбиелеп , халқына , еліне , жеріне деген сӛзбен 
сҥйіспеншілікке баулиды. Ӛнер қашанда қамқорлықты , оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен 
қарауды қажет ететіні белгілі . 
Осы бейнелеу ӛнерін жҥйелі оқыту, оған баланы жастайынан баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың 
алдымызға байыпты міндеттер қойып отыр. Қазіргі дамыған заманда білімді бәсекеге тӛтеп беретін ӛз 
ісінің маманын тәрбиелеп шығу басты мақсатымыз .  

62 
 
Бейнелеу  ӛнері  сабағы  мектеп  қабырғасында  жҥзеге  асырылатындығынан  және  оны  жҥйелі, 
қызықты ӛткізу, балалардың ӛнерге деген сҥйіспеншілігін арттыру тікелей пән мҧғаліміне байланысты. 
Бейнелеу  ӛнері  сабағы  орта  мектепте  оқитын  басқа  сабақтарға  қарағанда  алатын  орны  ӛз  алдына 
ерекше. Балаларды  бейнелеу  ӛнері  арқылы  ӛзін  қоршаған  ортадағы заттардың  әдемілігін,  табиғаттын 
әсемдігін және осы әдемілікті кӛріп сезіну арқылы ӛзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Әрине 
бҧл  қабілеттілікпен  тәрбие  оқушыға  тез  арада  дамып  кете  алмайды,  бҧл  ӛз  ретімен  жҥретін  процесс. 
Бейнелеу ӛнерін оқу барысында оқушылар ӛздерінің кӛру тҥсініктері арқылы алдында тҧрған заттарды 
немесе  табиғат  қҧбылысының  қасиеттерін  анықтайды,  екінші  жағынан  эстетикалық  талғамын 
қалыптастыруына мҥмкіндік алады. 
«Эстетика»  (грек.  Aisthetes  –  сезінуші,  сезім  қызметіне  қатысты)  –  кӛркемдік  таным  теориясы; 
әсемдік  туралы,  кӛркем  шығармашылықтың жалпы  заңдары  туралы,  адамның  болмысқа  эстетикалық 
қатынасы  туралы  ғылым. Эстетика  ӛнердің  ӛзін зерттеумен  ғана шектелмейді,  адамның  материалдық 
және  эстетикалық  кӛзқарасын  зерттейді.  Эстетика  кӛркем  шығармашылық  эстетикалық  бағасын 
әлеуметтік, саяси бағасымен біріктіре алып қарайтын кӛркем сынмен тығыз байланысты. 
«Ӛнер  –  ӛмір  бҧлағы  ,  ізгілік  пен  әсемдік  бҧлағы»  деп  халқымыз  айтып  кеткендей, 
жастармызыдың  ӛнерге  деген  шығармашылық  қабілетін  дамыту,  мектеп  қабырғасынан  оқушыларға 
сурет салуға қабілеті жоғары, дарынды балаларға бағыт беру негізгі мақсаты болып табылады.     
Эстетикалық  талғам балалардың ӛнерде,  ӛмірде,  тҧрмыста шынайы  әсемдіктен  қанағат, рухани 
азық алуынан кӛрінеді. 
Эстетикалық  талғам  —  кең  ҧғым:  ол  ӛнердің  терең      мағынасын  ,    тамаша        шығармаларды 
тҥсінуді,  одан  ләззат  алуы  ғана  емес,  табиғаттың,  еңбектің,  тҧрмыстың,  киімнің  сҧлулығын  тҥсінуді 
қамтиды.  Эстетикалық  тәрбие-ӛмірдегі,  табиғаттағы,  ӛнердегі,  ғылымдағы  және  қоғамдағы  әсемдікті 
оқушылардың  қабылдауын  тәрбиелеу.  Эстетикалық  тәрбие  –  бҧл  адамды  тек қана  ӛнерге  тарту  емес, 
ӛмірдегі әсемдіктің барлық тҥрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің 
мәні,  әрбір  адамның  қызықты  әдемі  ӛмір  сҥруі,  әсемдік  қандай  тҥрде  кездесетіндігін  тҥсініп,  кӛре 
білуге ҥйренуі. 
Эстетикалық  тәрбие  адамның  шығармашылық  қызметіндегі  рӛлі  ӛте  ауқымды.  Ӛмірге  деген 
эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін 
қуаныш кӛзіне айналуына ықпал етеді. 
Эстетикалық  тәрбие  ҥдерісінде  адамның  эстетикалық  кӛзқарасы,  сезімі,  талғамы  және  идеалы 
қалыптасады.  Эстетикалық  тәрбие  адамды  игілікті  істерге,  әсемдікке,  адамгершілік  істерге  бастайды. 
Бастауыш  мектептегі  бейнелеу  ӛнерін  оқытудың  міндеті-эстетикалық  тәрбиенің  әртҥрлі  әдістерімен 
эстетикалық  эмоциясын  тудыра  отырып  әсемдікке  тарта  отырып,  шығармашылық  мҥмкіндік  тудыра 
отырып,  оқушылардың әсемдік  талғамын  тәрбиелеу  болып  табылады.  Әсемдіктің  барлық  қыр  сырын 
тҥсіну мен сҥйе білу әр бір адамға рухани байлығы ҥшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістекке жету 
ҥшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын, ол әсемдіктің нәзіктігін тҥсіне де, кӛре де білуі тиіс. 
Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту ҥшін бейнелеу ӛнері пәнінің мҧғалімі балалардың 
назарын  ӛмірдегі  сҥлулыққа  аударып,    оларды  байқауға,  сезуге,  қабылдауға,    сҥйене  білуге,  қуана 
білуге ҥйретуі тиіс. Әсемдік талғам   адамның   туғанан   пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды. Оны 
мектепте дамытатын бейнелеу ӛнерінің мҧғалімі. Мҧғалім балаларға табиғаттағы тҥстердің реңдерінің 
формалардың  сан  алуандығын  кӛрсетеді.  Нҧсқасына  қарап  отырып  табиғатты,  ағаш  жапырақтарын, 
гҥлдерді салу барысында, зат формасын оқып ҥйрену кезінде балалар табиғатқа, олардағы  бояулар мен 
формалардың алуан тҥрлігіне онан сайын қызыға тҥседі. Бастауыш мектептегі сурет салу адамға ӛмірді 
жан -жақты кӛре білуге ҥйретеді. Сондықтан ӛмір шындығын кӛре білу де ӛз алдына бір ӛнер. 
Қоғамдағы  жеке  адамды  қалыптастыруды  эстетикалык  тәрбиенің  мәні  айрықша  ӛмір 
шындығының  кӛркем  кӛрінісі  -  эстетикалық  ӛнер  десек,  сол  ӛнер  туындыларын  жасайтындар, 
шығармашылық топ ӛкілдерінің бірі - суретшілер. 
Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  мен  жан  сҧлулықтарының  қайнар  бҧлағы  -  ӛнер  екендігі 
даусыз.  Ӛнер  адамының  сана  сезімі  мен  ішкі  жан  дҥниесіне  жағымды  әсер  етіп  қана  қоймай  кейде 
кӛңіл кҥйіңе кері әсер етуі де мҥмкін. 
Нағыз  ӛнер  адамда,  онын  образы  мен  ой-санасында  терең  із  қалдыратындығы  соншалык, 
нәтижесі қасиеті жағынан да ғылыми әдебиеттің әсерінен адамның қарқынды әрекетінің деңгейімен де 
салыстыруға келмейді. 
Ӛнердің  мазмҧнына  бҥкіл  адамилық  қасиеттер  нақты  нығайған,  ол  адам  жанының  тынысымен 
толыққан,  онда  бар  сезімталдық,  эмоционалдық  және  адамның  интелектуалдық  тәжірибесі, 
психологиясы, рухани кӛзқарасы және жеке талғамының арылмас ізі жатыр. Және осылардың барлығы, 
ӛзгерген, жақсартылған тҥрде болса да, ӛнер образдары арқылы, ӛнердің санасына оның картиналары 
енеді. 

63 
 
Ғылыми немесе қандай да бір басқа идеялардан ӛнердің образдарын қабылдау ӛзгешілігі сондай-
ақ эстетикалық тәрбиедегі ӛнердің ерекше ролін анықтайды. Ӛнердің ӛз болмысы эстетикалық тәрбие 
ҥшін  жаралған,  демек,  мҧнда  эстетикалық  дамуға  эстетикалық  қҧралдар  арқылы  қол  жетеді, 
эстетикалық  сезім  адамда  басқа  адамдардың  эстетикалық  тәрбиесімен  берілу  арқылы  қалыптасып, 
толығады. 
Осылайша,  ӛнердің  эстетикалық  әсері  –  бҧл  ең  алдымен  оның  мазмҧнының  ӛмір  сҥруі,  оның 
кӛркемдік  идеялары  мен  образдарына  қол  жеткізу,  адамның  қиялынан  туған  оның  кӛркемдік 
формасына тамсану. 
Ӛнерді қабылдау актісінде қабылданған эстетикалық идеялар, талғамдар мен қабылдаушының ӛз 
кӛзқарасын  салыстыру  әрқашан  орын  алады.  Осыдан  рухани  -  эстетикалық  пен  адамның  мінез-
қҧлықтық жетілгендіктегі ӛнердің әрекетшіл, активті ролі шығады. 
Адам  сезімін  дамыту  мен  байыту,  тіпті  адам  жанының  эмоционалды  жағын  әмбебап  тҥрде 
жетілдіру  кезінде  эстетикалық  тәрбиенің  рӛлі  жоғалмайды.  Оның  ішіне  адамзаттық  интеллекті 
дамытуда, оны біліммен байыту да кіреді. 
Бҧл  әрине  эстетикалық  тәрбиенің  басты  мақсаты  емес,  бірақ  та  ӛнердің  алуан  тҥрімен  жҥйелі 
қатынасуға  деген  адамның  мақсатты  ҧмтылысы,  кӛркемдік  еңбек  пен  дҥниенің  әсем  жақтарына 
қызығушылығын тудыру адамды жаңа біліммен байытып, оның дҥниетанымын кеңейтетін әлемді тану 
болып табылады. 
Ӛнермен  қатынасу  бір  зор  нәрсе  -  кезеңнің,  уақыттың  мінездемесі  туралы,  адамдар,  нақты 
сезімді береді. 
Эстетикалық  тәрбиенің  мәнін  бағалап ӛту  қиын. Бҧл  тек  адамның  мінезін жақсарту,  әсемдіктің 
нәзік  сезімін  тәрбиелеу  ғана  емес,  сонымен  қатар  онда  суретші,  жаратушыны  дамыту.  Яғни 
эстетикалық  тәрбие шығармашылық қайраткерлер, ӛнер жарашылармен қатар,  барлық мамандықтағы 
адамдарға да қажет. 
Эстетикалық  тәрбие  адамда  әлемге  бағалаушылық  қарым-қатынасын  дамытады  (білім  алу  мен 
ғылыми  дҥниетанымын  жақсарту  сияқты),  бірақ  бҧл  бағалаулар  спецификалык  қасиетке  ие. 
Нәтижесінде адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы дҧрысырақ және жан-жақты бола бастайды. 
Эстетика  ӛмірді  сезім  арқылы  танып  білудің  негізгі  жолы.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  балалар 
эстетикалық тәрбие арқылы әсемдікті кӛре білуге, оны айыра білуге ҥйренеді. 
Мектепте  эстетикалық  тәрбие  барлық  оқу-тәрбие  процесінде  жҥзеге  асады.  Жоғары  оқу 
орындарында  эстетикалық  тәрбие  оқу-тәрбие  процесінде  ӛткенімен  мектепке  қарағанда  әлдеқайда 
кҥрделі тҥрде жҥргізіледі. 
Эстетикалық  тәрбие  мектепке  дейінгі  балдырғандарды,  оқушыларды,  студенттерді  сҧлулықты 
айқын  қабылдап  тҥсінуге,  кӛркемдікті,  болмыстағы  және  кӛркем  шығармалардағы  әсемдікті  сҥюге, 
оларды бағалай білуге сондай-ақ ӛнермен ӛмірдегі жағымсыздыққа қарсы кҥресуге ҥйретеді. 
Эстетикалык  тәрбие  адамның  рухани  бейнесін  қалыптастырудың  соншама  ауқымды  саласын 
қамтиды.  Кейде  эстетикалық  тәрбие  деген  ҧғымды  «Кӛркемдік  тәрбиелеу»  деген  ҧғымның  баламасы 
ретінде қабылдап жҥрміз. 
Кӛркемдік  тәрбиелеу  дегеніміздің  ӛзі  -  ӛнер  қҧралдарымен  тәрбиелеу  деген  сӛз.  Жалпы 
адамзаттық  мәдениет  ӛзінің  сан  ғасырлық  тарихында  адамды  еңбекке  қҧлшындырудың  негізгі 
шарттарының бірі - эстетикалық тәрбие деп білу, мҧның ӛзі қоғам дамуындағы маңызды кезең болып 
есептеледі. 
Халыққа білім берудің бҥкіл жҥйесін қайта қҧру жайында бҧл  маңызды міндетті іске асыру ҥшін 
эстетикалық  тәрбиенің  маңызды  бағыттарының  бірі  -ӛнерге  қызығушылықты  дамытуға  басты  кӛңіл 
бӛлінуде. 
Жан-жақты,  жаңа  адамды  эстетикалық  тәрбиелеудің  куатты  қҧралдарының  бірі  -  кӛркем 
безендіру  және  сәндік қолданбалы  ӛнер. Халықтық сәндік  -қолданбалы  ӛнерінің  дамуы,  оның  тәрбие 
беру  мҥмкіндіктері  туралы  кӛптеген  ӛнер  зерттеуші  -  педагогтардың  еңбектерінде  кӛрсетілген.  Яғни 
белгілі  ғалым  педагогтардың  зерттеулерінде  эстетикаылқ  және  кӛркемӛнер  тәрбиесінің  теориялық 
негіздері  ӛз  кӛрінісін  тапқан.  Балалардың  білімге  қызығушылығын  тудырудың  білімді  жолдары  да 
қарастырылған. 
Бҧларды  Ы.  Алтынсарин,  К.Д.  Ушинский  және  психологтар  Б.Г.Ананьев,  М.Ф.  Беляев 
еңбектерінен кӛруімізге болады. 
Халықтың  сәндік  қолданбалы  ӛнері  -  бейнелеу  ӛнерінің  алуан  әдістерімен  және  сан  алуан 
материалдардан  жасалған  бҥйымдардың  кӛп-кӛбіне  балалардың  тҥйсініп  қабылдау  процесін 
қиындатады  ӛйткені  олар  қолдану  әдісі  (жиһаз,  киім-кешек,  ыдыс-аяқ,  кілем,  алаша,  зергерлік 
бҧйымдар  және  т.б.)  жағынан,    әзірлену  әдісі  жағы  халықтық  бҧйымдардың  жіктелуімен  және  басқа 
ҧғымдарымен таныс емес. 

64 
 
Бҧл бҧйымдардың алуан тҥрлерін білу балаларға заттардың барлық тобы ҥшін ортақ белгілерді, 
сондай-ақ әрбірінің ӛзіне тән ерекшеліктерін бӛліп алып қарауға мҥмкіндік береді. 
Психо-педагогикалық  әдебиетке  жасалған  талдау  тӛменгі  сыныптағы  балаларды  оқыту  ісіндегі 
эстетикалық  қызығушылықты  қалыптастыру  проблемасы  қазіргі  педагогикалык  ӛзекті  мәселелерді 
шешуге айтарлықтай кӛкейкесті мәселе болып табылатынына кӛз жеткізеді. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  сәндік-қолданбалы  ӛнерге  эстетикалық  қызығушылығын 
қалыптастыра отырып, біз мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру міндеттерін іске асырамыз, 
олардың  бойында  ҧлттық  дәстҥрлер  мен  мәдениетке,  халықтық  ӛнер  шеберлеріне  қҧрмет  пен 
сҥйіспеншілік сезімінде қарауға, сҧлулықтың қыр-сырын тҥсінуге жетелейміз. 
Кӛптеген  ғалымдар  ӛз  еңбектерінде  ӛнер  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беру  жолдарын 
қарастырған. 
Ш.  Уәлихановтың эстетикалық кӛзқарасы қоғамдық  саяси  және философиялық  кӛзқарастармен 
тығыз байланысты болды. Ӛзінің зерттеу жҧмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының 
тҧрмыс-тіршілігіне,  ҧлттық  әдет-ғҧрпына,  салт-дәтҥріне  айрықша  кӛңіл  бӛлді.  Сӛйтіп,  ӛз  халқының 
ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, кӛзқарасы арқылы эстетикалық талғамын ашуға ҧмтылды. 
Сол  секілді  қазақтың  біртуар  ағартушысы  Ы.  Алтынсарин  халықтың  кӛркем  шығарма 
туындыларын  ӛте  жоғары  бағалап,  ӛнердегі  және  ӛмірдегі  барлық  әдемі,  кӛркем  нәрселердің 
қҧндылығын  тҥсінуге  тек  қана  білім  берудің  арқасында  ғана  жетуімізге  болады  деп  есептейді. 
Ы.Алтынсарин  ӛзінің  педагогикалық  еңбектерінде,  тек  білімділікке  ғана  емес,  мәдениеттілікке  де 
ҥндейді.  Қазақ  қыздарына  арналған  тҧңғыш  әйелдер  қолӛнері  мектебінің  ҧйымдастырушысы  да 
Ы.Алтынсаринның  еңбегі  болып  табылады.  Оның  педагогикалық  еңбектері  эстетикалық  кӛзқараспен 
тығыз байланысты. Ол «Мектеп қазақ хылқының арасында жаңаша мәдениетте ӛмір сҥрудің, жаңаша 
кӛзқарастың  -  жаңа әдет-ғҧрып,  тәртіп,  тазалық,  қолӛнер мен ӛнердің  ҥлгісі  болуы  қажет»  -  деп  атап 
кӛрсетті. 
Абай  Қҧнанбайҧлының  эстетикалық  кӛзқарастарын  кӛптеген  қазақ  ақын-жазушылары  мен 
ғылым, ӛнер зерттеушілері (М. Әуезов, С.Мҧқанов, М. Сильченко, А.Жҧбанов, М.Қаратаев, З.Ахметов, 
П.Ерзакович және т.б.) ӛздерінің еңбектерінде жан-жақты қарастырған. 
Абай ӛзінің педагогикалық идеяларымен кӛркемдікке тәрбиелеу ой-тҧжырымдарын ӛрбіте келіп, 
27-ші қара сӛзінде былай дейді: «Сократ пен Аристотельдің пікірлері: «Әуелі кӛзді кӛрсін деп беріпті, 
егер кӛз жоқ болса, дҥниедегі кӛрікті нәрселердің кӛркінен қайтып ләззат алар едік».  
Осы  ойды  Абай  қырық  ҥшінші  қара  сӛзінде  ары  карай  толықтырады:  «Осы  хабарлардың 
ҧнамдысы - ҧнамды қалыппен, ҧнамсызы - ҧнамсыз қалыппен, әрқайсысы ӛз суретімен кӛзге тҥседі... 
Жан қуатымен адам хасия қылған ӛнерлері де кҥнде тексерсең кҥнде асады. Кӛп заманнан тексерсең, 
тауып алған ӛнеріңнің жоғалғандығын және ӛзіңнің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді 
білмей  қаласың  -  деп  Абай  мҧнда  адамның  кӛркемдік  шығармашылығының  негізінде  эстетикалық 
сезімді жатқызады. 
Абай  ӛзінің  шығармашылығында  эстетикалық  тҥсініктерге,  әсемдік,  сҧлулық,  талғам  және  т.б. 
эстетикалық  категорияларға  арнайы  талдау  жасамағанымен  оның  ӛлеңдеріне  осы  тҥсініктерді 
қамтитын мазмҧнды шумақтар аз кездеспейді. Ӛнер эстетикалық тәрбие берудің негізгі қҧралы. Алайда 
эстетикалық  сезім,  әсерлер,  толғаныс-толқыныстар  кҥнделікті  ӛмірде  туындап  жататыны  да  белгілі. 
Мысалы  айналадағы  табиғат,  ӛзімізді  қоршаған  орта  да  эстетикалық  әсердің  тууына  тҥрткі  болып 
жатады.  Сӛйтіп  табиғаттағы,  айналадағы  әсемдікті  дҧрыс  тҥсіну  арқылы,  балалардың  бойында 
табиғатты  аямау,  қҧндылықты  бағалау,  сҧлулықты  сҥйе  білу  сезімін  қалыптастырып,  табиғат 
байлықтарын қорғай білуге бағыттаймыз. 
Эстетикалық қызығушылықты қалыптастыруды ҧлттық сәнді-қолданбалы ӛнермен таныстырып, 
оны  шығармашылық  сабақ  барысында  балаларға  жасатудың,  сӛйтіп  қолданбалы  ӛнердің  ӛзіндік 
эстетикалық  аспектілері,  яғни  бҧйымның  тҥсі,  тҥрі,  сызықтары,  симметрия,  пропорция,  ырғақтылык, 
формасы, материалы және тағы басқалары арқылы эстетикалық тәрбие берудің мазмҧны айқындалады. 
Биік таулардың басынан ҥлкен тасты домалатсақ ол жерге жеткенше, оның артық-ауыс қырлары, 
бӛлшектері  сынып  етеке  жеткенше  жҧмырланғаны  сияқты,  халық  дәстҥрі,  халық  ӛнері  оның  мақал-
мәтелдері де ӛміршең, олар неше ғасырлардан ӛтіп бізге жетті  және халық мҧқтаждығына қызмет етіп 
ӛмірлік  тәрбие  қҧралы  болып  қала  береді.  Ӛнер  жастарды  ӛз  отанының  мәдениетін  тҥсінуге  жағдай 
туғызып, олардың мақтаныш сезімін кӛтереді.  
Әдебиеттер 
1.
 
Назарбаев Н.Ә.  «Мәдени мҧра»-мемлекеттің соны  стратегиялық ҧстамы. (Егемен Қазақстан. № 38. 
14 ақпан. 2007 жыл).  
2.
 
Ыбырай  Алтынсарин  тағылымы.  Әдеби-сын  мақалалар  мен  зерттеулер.  Қҧрастырған 
М.Жалмҧхабетов. Алматы, Жазушы, 1991, 384б. 
3.
 
Ералин Қ.Е., Тҥрікпенова С.Ж. Бейнелеу ӛнерін оқыту әдістемесі.- Арқалық, 2008. 
4.
 
Ҧзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстҥрі. А., Білім. 1990. 

65 
 
ӘОЖ  314.156:314.7 (574) 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӚШІ-ҚОН САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ  
ТАРИХИ-ҒЫЛЫМИ  АСПЕКТІСІ  
 
Какенова Э.Т. 
Астана гуманитарлық колледжі, Астана, Қазақстан 
   
Резюме 
В  статье  рассматривается  миграционная  политика    Казахстана  в  научно-историческом  аспекте. 
Автор  глубоко  анализирует  причины  и  движущие  силы  миграционных  процессов  современности. 
Аналитические материалы в статье дают возможность понять миграционную ситуацию в стране 
 
Summary 
The  article  discusses  the  migration  policy  of  Kazakhstan  in  the  scientific  and  historical  perspective.  It 
analyzes  deeply  the  causes  and  drivers  of  migration  today.  Analyzes  given  in  this  article  make  it  possible  to 
understand the migration situation in the country 
 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  2010  жылы  халыққа  арнаған  Жолдауында  2020  жылға  қарай 
республика  халқының  саны  10  пайызға  ӛсуі  ҥшін  мемлекет  барлық  мҥмкіндіктерді  жасайды  [1]  деп, 
қазіргі кезеңдегі еліміздің дамуының басымдылық бағытына ерекше кӛңіл бӛлді. Табиғи ӛсіммен бірге 
кӛші-қон  мәселесінің  сабырлы  саясаттың,  тҧрақты  экономиканың,  қҧқықтық  қатынастардың, 
ҧлтаралық  достық  пен  келісімнің  негізгі  тіректерінің  бірі  ретіндегі  маңыздылығы  біздің  қоғамда 
басымдыққа  ие  болуда.  Еліміздегі  демографиялық  ахуал  оң  ӛзгерістерге  қол  жеткізу  ҥшін  кӛші-қон 
мәселесіне  мән  беріліп,  табиғи  ӛсімді  ынталандыру  -  мемлекетіміздің  демографиялық  саясатындағы 
басты бағыттарының біріне айналды. 
Кӛші-қон мәселесі қай кезеңде болмасын ӛзекті. Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихында 
қазақ елі талай кӛші-қонды басынан ӛткізген. Егеменді еліміздің тарихи дамуындағы жаңа – тәуелсіздік 
жылдарындағы  сатысы  ғаламдану  ҥдерісімен  бір  мезгілде  қатар  жҥруде.  Халықтың  әлеуметтік-
демографиялық  даму  деңгейі  оның  мекендеген  ортасы,  географиялық  орналасқан  жері,  ӛмір  сҥретін 
елінің  мәртебесі  мен  саяси-экономикалық  даму  деңгейі,  әлеуметтік-мәдени  ахуалы,  әлеуметтік-
қҧқықтық  қамсыздандырылуы  және  т.б.  тыныс-тіршілігінің  барлық  салаларымен  ӛзара  тығыз 
байланысты.  Осындай  кешенді  фактор  кӛші-қонның  себептеріне,  кӛлеміне,  бағыттары  мен 
салдарларына әсер етсе, кӛші-қон, керісінше сол факторлардың туындауы мен кез-келген мемлекеттің 
ішкі  және  халықаралық  кӛлемдегі  даму  деңгейінің  ӛзгерістеріне  ықпал  етеді.  Жаһандану  кең  қанат 
жайған  кезеңде  Қазақстанда  кӛші-қон  ҥдерісінің  жаңа  тҥрлері  пайда  болып,  кӛлемі,  мәні,  барысы, 
маңызы және салдарлары кҥрделенген сайын кӛші-қон мәселесін зерттеудің қажеттілігі мен ӛзектілігі 
кҥшейе  тҥсуде.  Бҧл  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  ЕҚЫҦ  (ОБСЕ)  секілді  ҧйымға 
тӛрағалық етуінде анық кӛрініс табуда.  
Әлемдік қҧндылықтарға бай ҧлттар мен халықтар ӛкілдерінің біртҧтас жҥйесі болып табылатын 
республика  халқының  кӛпҧлтты  қҧрамы  елде  демократияның  одан  ары  дамуына  мҥмкіндік  беретін 
артықшылық. Себебі, бір мемлекетте әр тҥрлі халықтар мен ҧлт ӛкілдерінің бейбіт ӛмір сҥруі қоғамды 
демократияландырудың  негізгі  белгілерінің  бірі.  Мемлекет  қҧраушы  қазақ  ҧлты  қоғамымыздағы 
барлық ӛзге ҧлт ӛкілдерімен иық тіресе, азаматтық мемлекет қҧруда.  
Қазіргі таңдағы Қазақстандық ғалымдардың зерттеу обьектісіне айналып отырған мәселенің бірі 
–  оралмандар  жағдайы.  Ӛйткені,  тәуелсіздік  жылдары  –  кӛші-қон  қозғалысында  ғасырлар  бойы 
Қазақстанға келген ҧлт ӛкілдерінің тарихи отанына қайту ҥрдісі кҥшейіп, керісінше, ғасырлар бойы әр 
тҥрлі  объективті  және  субъективті  факторлар  ықпалынан  елімізден  сырт  жҥрген  қазақтардың  тарихи 
отанына  кері  оралу  ҥрдісі  белсендірілді.  Оралмандардың  Қазақстанға  бет  бҧруы  мемлекеттің  саяси-
экономикалық,  мәдени  тҧрақтылығы  мен  қауіпсіздігінің  тірегі  болып  табылатын  халықтың 
демографиялық  мінез-қҧлқындағы  негізгі  шешуші  ҧлт  –  қазақтардың  сандық  және  сапалық  мәнін 
кӛтерді. Қазақтардың сыртқа кӛші-қоны тек еңбек кӛші-қонымен байланысты болды.  
Демек,  Қазақстан  Республикасына  оралмандардың  келу  ҥрдісі  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы 
саясатына тікелей әсер етуші фактор болып табылады. Олар ең алдымен ӛздерінің тарихи отандарына 
қайта келіп жатқан этностық қазақтар.   
2003  жылдан  бері  Қазақстанға  жарты  миллионнан  астам  адам  (505  мың)  келіпті.  Ҧлан-байтақ 
аумақта  барлығы  15  миллион  200  мың  адам  ғана  тҧратын  Қазақстан  Республикасы  ҥшін  бҧл  едәуір 
толықтыру  болып  табылады.  Сондықтан  да  ол  елдің  қоғамдық-саяси  тыныс-тіршілігіне  ӛзінің  тиісті 
ықпалын тигізбей қалмады.  

66 
 
Деректерге қарағанда, оралмандардың тең жартысынан астамы (52,6%) - әйелдер екен, олардың 
бірқатары  бҧған  дейін  ӛздері  тҧрып  келген  елдерде  әскери  қақтығыстар  кезінде  азаматтарынан 
айырылған.  Олар  атажҧрты  -  Қазақстан  топырағына  тек  ӛз  балаларымен  аяқ  басқан.  Бҧл 
оралмандардың 42% балалар екенін айтсақ та жеткілікті.  
Халықаралық  саяси  жағдайдағы  ӛзгерістер  әрқашанда  әр  елдің  ішкі  саясатын  реттеуге 
мәжбҥрлейді. Сондықтан болар Елбасы Нҧрсҧлтан Әбішҧлы Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына 
арнаған  жолдауында  кӛптеген  жаңа  игілікті  бастамалар  туралы  атап  ӛтті.  Соның  бірі  2015  жылы 
Қазақстанның халық санын 20 миллионға жеткізу жоспары [2].  
Бҧл жай сандық кӛрсеткіш емес, оның астарында ҥлкен саяси және әлеуметтік мән бар. Ӛйткені, 
тәуелсіз  Қазақстанның  ҧлттық  қауіпсіздігін  қорғайтын,  әлеуметтік  дамуын  ілгерілейтін  кҥш  – 
Қазақстандықтар,  әсіресе  негізгі  ҧлт  болып  отырған  қазақ  халқы  екендігін  жете  тҥсінуіміз  қажет. 
Сондықтан, Елбасы 2005 жылғы жолдауында елдің демографиялық дамуын жоғарыдай елеулі сандық 
кӛрсеткішпен  нақтылап  айтты.  Саннан  сапа  пайда  болуы  –  заңдылық.  Қазақстан  халқының  санының 
артуы  міндетті  тҥрде  адамдардың  сапасының  жоғарылауына  негіз  болады.  Міне,  осы  мақсатты  іске 
асыруға  тоқталғанда  Президент  қазақ  оралмандарына  берілетін  квотаның  жыл  сайын  еселеп 
кӛбейетіндігін және ӛз кҥштерімен отанға оралған қандастарды қҧшақ жая қарсы алу қажеттігін тағы 
да  атап  ӛткен  болатын.  Демограф  ғалымдардың  айтуынша,  2015  жылы  қазақтардың  санын  20 
миллионға жеткізу ҥшін кемінде 3,5 миллион қандастарымызды отанға оралту керек. Ӛйткені, бір елдің 
екіге  бӛлінуі,  бір  халықтың  бірнеше  елде  ӛмір  сҥруі  ғана  емес,  олардың  қайта  бірігуі  де  -  қазіргі 
әлемдік тәжірибедегі бар қҧбылыс. Қазақстан да одан тыс қалмас. 
Ӛткізілген халық санағы бойынша Қазақстанда 15 миллионға жуық халық тҧрады. Оның ішінде 
қазақтардың саны 7 миллион 984 мың, яғни жалпы халық санының 53,4% қҧрайды. Сондай-ақ, 1991-
1999 жылдар аралығында Қазақстаннан 2 миллион 300 мың адам қоныс аударған. Сырқы кӛшудің ең 
шарықтаған шегі 1994 жылы болыпты. 2004 жылы елімізден 480 мың адам шет мемлекеттерге қоныс 
аударған. Ал, соңғы жылдары республиканың ішкі кӛші-қонының ӛсуі де байқала бастаған. 1998 жылы 
және  ӛткен  жылдың  бірінші  жартысында  оған  850  мың  адам  қатысты.  Басқаша  айтқанда,  аталған 
мерзім  ішінде  белгілі  себептерге  байланысты  халықтың  жалпы  санының  8  пайызы  ӛзінің  тҧрақты 
орнын  ауыстырған.  Қазақ  халқының  ҥштен  бір  бӛлігі  туған  отанынан  шет  елдерде  жҥр.  Тәуелсіздік 
алғаннан  кейінгі  тҧста  олардың  алдыңғы  легі  де  атамекенге  орала  бастады.  Соңғы  сегіз  жыл  ішінде 
Қазақстанға 41мың отбасы кӛшіп келді. Олардың жалпы саны 181 мың адамды қҧрады. Әсіресе туған 
жеріне  қоныс  аударған  оралмандардың  арасында  алыс  шетелдердегі  қазақтардың  саны  басым. 
Сонымен  қатар,  кейбір  елдердегі  соғыстарға  байланысты  сол  елдерде  тҧратын  қазақтардың 
Қазақстанға  қоныс  аударуы  кҥрт  ӛсе  тҥсті.  Мәселен,  Тәжікстандағы  соғыстың  салдарынан  осы  елде 
тҧратын  12  мың  қазақтың    бҥгінгі  кҥнге  дейін  8  мыңы  республикамызға  кӛшіп  келді.  600  отбасы 
Иранды, 400-ден  астам  отбасы  Тҥркияны  паналады.  Уақытша  Иран  Ислам  республикасын  паналаған 
босқын қазақтардың ҥндеуіне орай 750 отбасы осы мемлекеттен Қазақстанға кӛшіріліп әкелінді [3].  
Еліміздің  халқының  саны  азаюының  негізгі  себебі  кӛші-қонның  теріс  сальдосы  болды.  Еліміз 
жыл сайын халықтың кӛші-қон шығынына ҧшырауда, 1991-2003 жылдар аралығында олар 2 миллион 
адамнан  асып  тҥсті.  Соңғы  жылдары  Қазақстан  Республикасының  аумағынан  кетушілер  саны  кҥрт 
азайды және жыл сайын 200 мыңнан 160 мың адымға дейін ауытқып отырды. 
Кӛші-қон  шығынының  нәтижесінде  қоғамның  демографиялық  тҧрақсыздығы  кҥшейе  тҥсті. 
Халықтың оның ішінде белсенді бӛлігінің сан жағынан азаюы орын алуда. 1993-1995 жылдары кӛші-
қон шығыны халықтың табиғи ӛсімін басып қана қоймай, керісінше одан 1,4 және 2,8 есе асып кетті. 
Кетіп қалушылар легінде негізгі ҥлесті еңбекке жарамды жастағы адамдар қҧрады (1994 жылы 63,2%, 
1995 жылы 67%, 2000 жылы 68%), сонымен қатар азаматтардың шамамен 18-20%-ы еңбекке жарамды 
жасқа толмаған халықты қҧрады. Осыған байланысты халықтың қҧрамында еңбекке жарамды жастан 
кәрі адамдардың саны кӛбейіп барады және «халықтың қартаю» ҥрдісінің кҥшеюіне әкеліп соқты [4].  
Кӛші-қон  шығыны  еңбек  әлеуетінің  сапалық  қҧрамының  теріс  ӛзгерісін  туғызды.  Кӛшіп 
кетушілердің  арасында  жоғары,  аяқталмаған  жоғары  және  арнаулы  орта  білімі  бар  адамдардың  ҥлесі 
1993 жылы – 39%, 1994 жылы – 46,5%, 1995 жылы – 33%, 1999 жылы – 38%, 2000 жылы – 38,8%- ды 
қҧрады. Осылайша, елімізде «ақыл-ойдың кетіп қалуы», білікті жҧмысшылардың, мамандардың кетуі 
дейтін ҥрдіс тҧрақты қалыптасуда.  
Кӛші-қон  шығынына  біздің  еліміздің  әсіресе  солтҥстік,  батыс  және  шығыс  аймақтары  ҧшырап 
отыр.  2003  жылы  кӛшіп  кету  шығынының  неғҧрлым  жоғары  пайызы  Қостанай,  Павлодар  және 
Қарағанды облыстарында республиканың славян және неміс халқы неғҧрлым кӛп шоғырланған. Кӛшіп 
кетіп жатқан халықтың ҧлттық қҧрамы сан алуан. 2003 жылы кетушілер қатарында орыстар – 58%-ды, 
немістер  –  19%-ды,  украиндар  –  9%-ды,  қазақтар  –  5%-ды  қҧрады.  Келушілердің  арасында  ҥлес 
салмақтың  41%-ын  орыстар,  33%-ын  қазақтар,  6%-ын  украиндар,  4%-ын  немістер,  16%-ын  басқа 
ҧлттың  адамдары  қҧрады.  Келушілерден  кетушілердің  асып  кетуі  нәтижесінде  қазақтардан  басқа 

67 
 
барлық  кӛрсетілген  ҧлттардың  кӛші-қон  шығыны  болды.  Алайда  кӛші-қон  шығынының  ең  жоғарғы 
интенсивтілігі  неміс  халқының  арасында  болды.  1993-2000  жылдары  83  мың қазақтың  кӛшіп  кетуіне 
қарамастан қазақ арасында кӛші-қон ӛсімі қалыптасты. Негізгі кӛші-қон легі Қазақстан мен жақын шет 
елдері арасында (Ресей мен Орта Азия республикалары арасында басымырақ) қалыптасты [5].  
Елімізде кӛші-қон мақсатында жыл сайын кӛшіп келу квотасы бекітіледі. Квотаның белгіленуіне 
талдау жасау жыл сайын олардың біртіндеп азайып келе жатқандығын кӛрсетеді. 1993 жылы кӛші-қон 
квотасы 10 мың отбасын қҧрады, 1994 жылы 7 мың отбасы, 1995 жылы 5 мың отбасы,  1996 жылы 4 
мың отбасы, 1997 жылы 2,18 мың, 1998 жылы 3 мың отбасы,  1999-2005 жылдары әр жылға 500 мың 
отбасы,  сонымен  қатар, биыл  2007  жылдан  бастап кӛші-қон квотасы бойынша  5000 мың  отбасыға ӛз 
отанына Қазақстанға оралуына рҧқсат берілді. 
Оралмандардың  кӛшіп  келу  квотасын  белгілеуде  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Қазақстан  Республикасы  Ҥкіметінің  ҧсынуы  бойынша  оралмандардың  алдағы  жылға  және 
перспективаға арналған кӛшіп келу квотасын белгілейді.  
Қазақстандағы  иммиграциялық  ҥрдістерін  жҥзеге  асырып,  және  реттеу  ҥшін  «оралмандар», 
«босқындар», «еңбек кӛші-қоны», «шекаралық қҧжаттарды бақылау» жҥйелері арқылы жҥргізіледі.  
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты оралмандардың кӛші-қон ағынының саны мен 
сапасының ӛзара сәйкестелуіне мҥмкіндік туғызады. Оралмандарға «оралман» мәртебесін беру немесе 
оралмандардың  кӛшіп  келу  квотасын  енгізу  және  олардың  отбасыларының  мҥшелерінің  қҧқықтары 
мен  міндеттері,  оралмандарды  бейімдеу  және  оларды  лауазымды  адамдардың  заңсыз  кӛшіп 
келушілерді  жҧмысқа  қабылдағаны  ҥшін  жауапкершілігі,  келген  оралмандарға  жәрдемақы, 
отбасыларына жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының «Халықтың кӛші-қоны туралы» Заңында 
айқындалып кӛрсетілген.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет