Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі


БҰҰ-функциясы мен мекемелері



бет11/23
Дата05.04.2023
өлшемі290,5 Kb.
#79747
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі

1.3. БҰҰ-функциясы мен мекемелері
БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері:

  1. Дүниежүзілік метеорология ұйымы.

  2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

  3. Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы

  4. Дүниежүзілік почта одағы

  5. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.

  6. Халықаралық даму ассоциациясы.

  7. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

  8. Халықаралық валюта ұйымы.

  9. Халықаралық теңіз ұйымы

  10. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы

  11. Халықаралық еңбек ұйымы

  12. Электр байланысы одағы

  13. Халықаралық қаржы корпорациясы

  14. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры.

  15. БҰҰ-ның білім беру,ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы.

  16. БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы.

  17. БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы

  18. БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бардарламасы.

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО: организация Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры)
ЮНЕСКО Лондон конференциясында 6 қараша 1945 жылы құрылды. Ал ұйымның жарғысы 4 қараша 1946 жылы өз күшіне енді. 1946 жылы желтоқсан айында ЮНЕСКО БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекеме статусына иеленді. ЮНЕСКО-ға БҰҰ-на мүше елдердің барлығы енеді [11; 280-300].
Басты мақсаты:
-дүниежүзіндегі өркениеттер мен мәдениеттер арасында ашық диалогы қамтамасыз ету;
-дүниежүзінде интелликтуалды және моральдық қасиетті күшейтуге өз үлесін қосу;
-дүниежүзіндегі мемлекеттер арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет саласы бойынша ынтымақтастыққа қолдау болып табылады.
Штаб пәтері Парижде (Франция) орналасқан.
Басты органдары:

  1. Бас конференция: екі жылда бір жиналады. Бұл жиынға мүше елдерден басқа, көптеген халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ассоциацияланған елдер де қатысады. Конференцияда ұйымның негізгі бағыттары мен саясаты айқындалып, ұйымның бюджеті және жоспарлары бекітіледі. Бұған қоса Бас конференцияда «Бас директор» мен «Атқарушы кеңесінің» мүшелері сайланады.

  2. Атқарушы кеңесі: Бас конференцияда қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайды. Атқарушы кеңестің жиындары жылына екі рет болады. Кеңестің 58 мүшесі географиялық және мәдени ерекшелігіне сай «Бас конференция» тарапынан сайланады.

  3. Хатшылық: Бас конференцияда қабылданған бағдарламалардың және шешімдердің орындалуын қадағалайды. Хатшылықты алты жылға сайланатын Бас директор басқарады. 1999 жылдан бастап Бас директорлық қызметін Контиро Мацура (Жапония) атқаруда. ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов[12;52-60].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет