Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі


Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі



бет10/23
Дата05.04.2023
өлшемі290,5 Kb.
#79747
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және ғылыми іс-әрекет нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық түйісуі аймағында әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды бөлігі-теңіз шаруашылығы пайда болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші өнеркәсіп, балық аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығымен кем дегенде 100 млн адам айналысады [8; 170-200].
Бірақ мұнай іс-әрекет сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың ауқымды мәселесін туғызып отыр. Оның мәні Мұхит ресурстарының біркелкі игерілмеуінде, теңіз айналасы ластануының көлемі ұлғаюында, оны әскери белсенділік аренасы ретінде паййдалануда жатыр. Міне, сондықтан да теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған «Теңіздер Хартиясы» деп аталатын БҰҰ Конвенциясының өте зор маңызы бар. Конвенция бойынша жағалаудан бастап 200 теңіз мильдік экономикалық аймақ белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдық ресурстарын пайдалануда егеменді құқықтарын жүзеге асыра алады.
Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын шешудің негзгі жолы-барлық әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге негізделген мұхит табиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарын кешенді пайдалану болмақ.
Кедейшілікке қарсы күрестегі БҰҰ-ның ролі. Көптеген дамушы елдердің кедейшілік жағдайы аса ірі жалпы адамзатық, жалпы дүниежүзі-лік мәселеге айналды. Сонау 1974 жылдан бастап БҰҰ дүние жүзінде бірде бір адам аш қалпында ұйқыға жатпауын ескерген бағдарлама қабылдады (күн сайын жер бетінде 1 млрд адам аштықта өмір сүруде) [7. 356-415].
Міне, сол себепті дамушы елдердің артта қалушылығын жеңіп шығу әлі де өте- мөте өзекті міндет болып отыр.Оны шешудің басты жолдары тұрмыс пен қызметтің барлық саласында түбегейлі әлеуметтік- экономикалық қайта жаңғыртулар жүргізуде,ғылыми- техникалық прогрессті халықаралық ынтымақты дамытуда, қарусыздандыру болмақ [9. 38].
Тұрақты даму термині БҰҰ құжаттарында 80 жылдардың ортасында пайда болды. БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және дамыту жөніндегі конференциясынан (1992 жылы) кейін мемлекеттік және ғылыми ортаның пайдалануына кеңінен енді. Ресейді қоса алғанда, көптеген елдер қоғамды тұрақты дамуға бағдарлайтын Заңдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше бола бастады (Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүшелікке қабылданды). Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы біз өз еліміздің тәуелсіз мемлекет екендігімізді саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздейміз. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр [10; 9-10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет