Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі



бет19/23
Дата05.04.2023
өлшемі290,5 Kb.
#79747
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі

НАТО-ның құрылымы:
1.Солтүстік атлант кеңесі: бұл кеңес НАТО-ның ең жоғары саяси және әскери органы болып есептелінеді. Солтүстік атлант кеңесі жылына екі рет мемлекет, үкімет немесе сыртқы істер министрлері деңгейінде жиындар өткізеді. Бқл жиындарда НАТО-мен байланысты халықаралық деңгейдегі актуальды саяси мәселелер қарастырылып, ұйымның құрамындағы сан алуан саламен айналысатын комитеттердің берген ұсыныстары талқыланды. Кеңесте қабылданған шешімдердің бір нұсқасы мүше елдердің сыртқы істер министрліктеріне жіберіледі.
2.Қорғаныстық жобалар комитеті: Исландия, испания және Франциядан тыс НАТО-ға мүше елдердің барлығы комитеттің жиындарына қатысады. Жылына екі рет мүше елдердің қорғаныс министрлері деңгейінде жиналып, НАТО шеңберінде жүргізілетін әскери операцияларға қатысты шешімдер қабылданады.исландия, Испания НАТО-ның әскери құрамына мүше емес, ал Франция мемлекеті 1966 жылы НАТО-ның әскери құрылымынан шығуды жөн көрді.
3. Ядролық жобалармен айналысатын топ: мүше елдердің қорғаныс министрлері деңгейінде жиындар өткізеді. Бұл жиындарда НАТО-ның қорғаныс және ядролық қару жараққа байланысты саяси ұстанымы қарастырылады.
4.НАТО-ның құрамындағы сан-алуан саламен айна-лысатын комиеттері:

    • Саяси комиеті;

    • Қорғаныс мәселелерімен айналысатын комитеті;

    • Азаматтық және әскери бюджеттік комитеті;

    • Қауіпсіздік комитеті;

    • Әуе навигациясының қауіпсіздігіне бағытталған комитеті;

    • Инфрақұрылым комитеті;

    • Қарулы күштер комитеті;

    • Азаматтық қорғаныс жобаларына қатысты комитеті;

    • Білім, ғылым және мәдениет салаларымен айналысатын комитеті.

5.Бас хатшы: НАТО-ның құрамындағы комитеттерді үйлестіріп, жиындарда қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайды. Бас хатшы «Солтүстік атлант кеңесі» мен «Қорғаныстық жобалар комитетінің» т.б. төрағасы болып табылады. Бұған қоса Бас хатшы жиындарда мүше мемлекеттердің талқылайтын саяси, әскери т.б. мәселелерін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет