Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі


Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы



бет16/23
Дата05.04.2023
өлшемі290,5 Kb.
#79747
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі

Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы
(ЮНИДО: ООН по промышленному развитию)
ЮНИДО Бас Ассамблея тарапынан 1967 жылы құрылды. 1985 жылдан бері БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі сатусына ие.
166 мемлекет мүше болған.
Басты мақсаты:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде өнеркәсіптік даму бағытындағы саясатты үйлестіру;

  • Ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде өнеркәсіптік даму мен ынтымақтастық салаларында мүше мемлекеттер арасында қатынастарды нығайту [20; 192-205].

Штаб пәтері Австрияның Вена қаласында орналасқан.
Басты органдары:

  1. Жоғары басшылар конференциясы.

  2. Өнеркәсіптік даму кеңесі.

  3. Хатшылық және Бас директоры.

  4. Жергілікті жерлердегі ЮНИДО бөлімшелері.

  5. Бюджеттік және жоспарлау комитеті.

  6. Техникалық комитеті.



Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы
(ФАО: Продовольственная и сельскохозяйственная Организация Объединенных Наций)
ФАО 16 қазан 1945 жылы құрылып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі статусына ие.
Мүше елдер: Еуропалық Одаққа ЮНИДО-ға мүше елдердің барлығы, бұған қоса Біріккен Араб Әмірліктері, Соломон аралдары және Оңтүстік Африка Республикасы да ұйымға мүше болып табылады. Ал Пуэрто-Рико ассоциацияланған ел ретінде ұйымда тіркелген [21; 97].
ФАО-ның басты мақсаты:

  • Дүниежүзіндегі ашаршылықты жою;

  • Халықтың тұрмысы мен азық-түліктің сапасын жақсарту;

  • Ауыл тұрғындарының өмір деңгейін көтермелеу;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын күшейту.

Штаб пәтері Италияның Рим қаласында орналасқан [22; 97].
Басты органдары:

  1. Бас конференция.

  2. ФАО кеңесі және оның комитеттері

  3. Бас директор мен хатшылық

  4. Аймақтық бөлімшелері мен байланыс бюросы.

ФАО-ның жарнасы мүше мемлекеттердің қайырымдылық қаржысын, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының (ПРООН) бөлген қаражатын және «Дүниежүзілік банктің» қаржылық көмегімен қамтамасыз етілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет