Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс-тіршілігін танып-білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби



бет3/15
Дата06.01.2022
өлшемі305,5 Kb.
#13462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дип.-Құлыншақ-ақынның-әдеби-мұрасы1

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Белгілі сөз шебері Құлыншақ Кемелұлы шығармашылығының басты ерекшеліктеріне, оның шығармашылық өмірбаянына, шығармаларының идеялық, танымдық, тәрбиелік мәніне, өзіндік сыр-сипатына талдау жасау, сондай-ақ көркем туындыларының бізге жету жолын, жариялануын, танылуын, әр кезеңдердегі зерттелу ерекшеліктерін айқындау мақсат етілді. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер іске асырылды:



  • Құлыншақ ақынның өмірі, шығармашылығы туралы айтылған
    ой-пікірлерді жинақтап, талдау жасау;

  • Ақынның әр кездерде жарық көрген шығармаларын түгелге
    жуық қарастырып, әр түрлі жанрларда көрініс тапқан шығармаларын
    жинақтап, жүйелей отырып талдаулар жүргізу;




  • Ақын шығармаларының бізге жету жолы, жариялануының
    ерекшеліктерін көрсету;

- Зерттелуінің әр кезеңдердегі ерекшелектерін нақты деректерге,
ғылыми зерттеу еңбектерге сүйене отырып көрсету;

Дипломдық жұмысты жазу барысында. жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық мәселелерін тұжырымдауда З.Қабдоловтың «Сөз өнері», З.Ахметовтің «Өлең сөздің теориясы», Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы», Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ фольклорының тарихы», М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы», М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы», М.Мағауиннің «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет», Р.Бердібаевтың «Гүлстан бұлбұлдары», Ә.Оспанұлының «Қаратау шайырлары», Р.Сыздықованың «Қазақ әдеби тілінің тарихы», Б.Уахатовтың «Қазақтың халық өлеңдері» еңбектері, сондай-ақ Ә.Әбдікәрімұлының «Қазақстан тарихы», «Қазақстан тарихы. Очерктер», т.б. еңбектер пайдаланылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет