Хасанов indd



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
6-кесте – Дерексіз семантеманың мағыналық құрылысы 
д1 ( д1 ...д1)
 д2 (д2 ...д2)
К1 ( К1 ...К1)
К1 (К1 ...К1)
 
 
 
Кезінде  Қ.Жұбанов  бұл  ерекшелік  туралы  былай  деген  еді: 
«Құбылыс – көп, сөз – аз. орыста қой сөзінің баламасы жоқ. олардың 
овца дегені саулық, баран дегені қошқар. орысша корова – сауын сиыр; 
рогатый скот мүйізді мал; толстый дегені бірде – жуан, бірде – қалың; 
лошадь – жылқы; бірақ ат, байтал, айғыр емес. Ал біздің ісек, тұсақ, 
құнан,  құнажын,  дөнен,  дөнежін  деген  сөздеріміз  басқаларда  жоқ. 
Қазақ синий, голубой, зеленый деген түстердің бәрін көк дейді» [5, 92-
93].  Семантемалар  парадигмалық  және  синтагмалық  қатынастардың 
негізінен жасалған деп санап, бірқатар зерттеушілер семантемалардың 
бөлінуінен  семалардың  тікелей  және  жанама  байланысы  шығады 
деп  ойлайды.  Ж.П.Соколовская:  «Парадигматикалық  сема  (элемент) 
бөлінбейді, өйткені ол – тілдің мәндік жағының мүшеленуінің шегі; 
ол  –  сол  тілді  тасушыларға  интуитивті  түрде  түсінікті  болады.  Се-
мантема (бірлік) – парадигматикалық түрде семаларға бөлінеді, сема-
лар  оның  мазмұнын  құрайды.  Синтагматикалық  (көлбеу  қатардағы) 
сема  бір  ұғымды  білдіре  алмайды,  ол  бірлескен  элемент  ретінде 
ғана белгілі бір күрделі ұғымды білдіре алады», – деп көрсетеді [64, 
79].  Семантемалардағы  семалардың  түрлері  шындық  болмыстағы 
заттық-логикалық  байланыстардың  үйлесімінен  өз  бастауын  алады, 
яғни  экстралингвистикалық  үйлесу  нормасы  интралингвистикалық 
үйлесудің  дамуына  ұласады  да  лексикалық  синтагматиканың  ішкі 
тұрақталуын көрсетеді. Сонда семантемалардың құрылымындағы се-
малар процестердің дамуына, шарықтауына, аяқталып бітуіне сәйкес 
үйлесімділікті негіздеп, байланыстың екі жағында тепе-теңдікті ұстап 
тұрады. Мәселен, ойлар оралады, келеді, кетеді, құйылады, алып ба-
рады, сап ете түседі, шығып кетеді, мүлде жоғалады, пышырап кетеді 
т.т. Бұл ерекшелік семантемалардың құрылымындағы басты ерекшелік 
ретінде семемалардың араларындағы итеративті байланыстың үдемелі 
сипатта  болатынын  көрсетіп  тұрады.  в.Н.Телия  адамның  ойлау 
қызметінің өзі дамып, үдеп, басылатын қасиетке ие болатынын айта 


228
229
келе, «субъект пен шындық болмыстың активті қатынасы бір берілген 
мәнге қарай жүретінін және оның сөздердің мағыналық байланысы-
нан  көрінетінін»  айтады  [132,  145].  Лексикалық  синтагматиканың 
үдемелі байланысқа тән болатындығы семантемалардың құрамындағы 
семалардың  типологиясына  қатысты  болады.  Семемалардың 
арасындағы  лексикалық  синтагматиканың  басталып,  дамып,  жүзеге 
асуы  тек  семалардың  үйлесуіне  ғана  емес,  әлдебір  семантикалық 
ақпаратқа негізделетінін Ю.д.Апресян байқаған еді. оны ол: «сөздің 
әлдебір семантикалық ерекшелігі оның лексикалық синтагматикасына 
ғана тән ерекшелігі деп сипатталуы мүмкін», – деп, мынадай мысал-
дармен көрсетті: «сындыру = бөліктерге бөліну; яғни қимыл өздігінен 
істелуі мүмкін, мәселен, мұз еденге түсіп сынды. Шабу = бөліктерге 
бөліну;  яғни  қимыл  құрал  арқылы  жүзеге  асады,  мәселен,  шабу  = 
ағашты,  етті,  арқанды,  қырыққабатты  т.т.»  [81,  63].  Бұл  лексикалық 
синтагматикадағы  әлдебір  семантикалық  ақпарат  құралдың  қимылға 
араласып,  ситуациялық  жағдайдың  бір  элементі  ретінде  қимылды 
дамытып,  үдетуін  хабарлайды.  Сонда  семантемалардың  арасындағы 
итеративті  байланыстың  негізінде  лексикалық  мағынаның  заттық, 
ұғымдық,  сезімдік  бөліктерінің  бөлшектерімен  қатар,  семантикалық 
ақпараттың көрінуі де болады. Семантикалық ақпарат лексикалық син-
тагматика заңдылықтары дұрыс сақталынған жағдайда ғана сөздердің 
мағыналық  құрылымының  арақатынасынан  көрінеді.  Лексикалық 
синтагматиканың бұл сипаты лексикалық мағынаның ірі бөліктерінің 
тікелей  байланысынан  үнемі  көрініп  отырады.  Мәселен,  «Бұның  үй 
ішімен ботадай боздап, бейіт басында да қатты күңіреніп жылағанын 
көргенде,  тірі  жанның  бәрінің  сай-сүйегі  сырқыраған»  [М.Ә.,27]. 
осындағы тірі жанның сөз-синтагмасында «тіршілік иесі» айырушы 
семасы итеративті байланысты құрап тұр, яғни тірі және жан семема-
ларында ол екі рет қайталанып тұр. в.Г.Гак айтқандай, «құс ұясына 
жақындады» дегенде «ұшу» айырушы семасы екі рет келеді, себебі құс 
тек ұшып келе алады [79, 380]. Бұнда, сонымен қатар, тірі жан сөз-
синтагмасының синтагматикалық оппозициясы әлдебір семантикалық 
ақпаратты хабарлайды, яғни жазушы ашып айтпаса да, тіпті, әңгімені 
жазу барысында оны ойламаса да, қазақ тілінің қалыпты лексикалық 
синтагматикалық  байланысына  орай,  «бейіт  басындағы  өлі  жандар 
мен  тірі  жандардан  тек  тірі  жандардың  сүйектері  сырқырағанын» 
білеміз. Мұнда әлдебір деген атау келмейді, өйткені «өлі жандар» сөз-
синтагмасының мағынасы айқын сипатта тұр, тек ойдан тыс тілімізде 
қалыптасқан тілдік норма бойынша қабылдаушының санасына, яғни 
біздің ойымызда бейнеленіп тұр. Мұндай астарлы ойдың байқалмай 
келуін зерттеушілер, мәселен, Л.А.Исаева мәтіндегі жасырын мән деп 
атап жүр [215, 67]. Бұл бейнеленудің астарында тілдік ситуация мен  
мазмұндық  жағдайдан  туған  лексемалармен  берілетін  ситуацияның 
көріну  жағдайы  жатса  керек.  Ал  «ботадай  боздап»,  «сай-сүйектері 
сырқыраған» дегенде екі ірі семантемалардың ішіндегі сигнификаттық 
окказионал  семалардың  бір-бірімен  байланыс  құруы  көрінеді,  яғни 
«боздау» сөзінің семантемасының мүшелері тек «түйе малы» сөзімен 
ғана тілдік нормаға сүйену арқылы мағыналық байланысқа түсе ала-
ды.  «Сырқырау»  етістігінің  лексикалық  синтагматикаға  негіз  болып 
семантемаларды байланыстыратын денотаттық уземасы «қатты зат», 
ал  ұғымдық  макросемасы  «қатты  заттың  ауыруы».  Егер  «жұмсақ 
зат» уземемасын контекстік позицияға орай ауыстырып көрсек, онда 
«буын, қол не аяқ, жүрек т.т. сыздаған» болады да, басқа семантемамен 
лексикалық  синтагматикаға  түседі.  Семантемалардың  байланысында 
деректі, дерексіз, жанды, жансыз белгілер басымдық дәрежеде болады, 
мәселен, қыс келді дегенде жансыз қимыл иесі көрінеді және тұрақты 
сипатқа  ие  қимыл  жүзеге  асады,  ал  жұмыстан  келді  дегенде  жанды 
қимыл иесі байқалады және тұрақсыз сипат жүзеге асады. Сонымен 
бірге,  бұнда  қимыл  ерікті  түрде  өткені,  яғни  аяқталғаны  байқалады 
да, семантемалардың араларындағы динамикалы қимылдың болғанын 
хабарлайды. в.Г.Гак: «сөздердің семантикалық тіркесуінің басты заңы 
бойынша, екі сөз дұрыс тіркесім құрау үшін өздерінің мағыналарындағы 
айырушы  семалардан  басқа  екеуіне  де  ортақ  бір  жалпы  семасы  бо-
луы керек», – деп есептеп, «оны Б.Потье, А.Греймас сияқты француз 
тілшілері классема деп атайтынын» жазады [79, 375]. А. Греймастың 
айырушы  және  классема  араларындағы  байланысты  бейнелейтін 
формуласында айырушы семалар (N1 және N2) белгілерімен берілсе, 
классема (Cs1) таңбасымен бейнеленеді, ал семантема (Sq) белгісімен 
беріледі:
Sq = N2cs1 + N1Cs1 = (N2 + N1) Cs1 [79, 375]. Классеманың басты 
қызметі  дұрыс  лексикалық  синтагматиканы  құру  және  алыстағы  се-
мантемаларды бір-бірімен байланыстыру деп білеміз. в.Г.Гак мынадай 
мысалдар келтіру арқылы классеманы нақтылайды; яғни «салқын ти-
ген әйел» дегенде семантеманың араларында дұрыс лексикалық син-
тагматика жүзеге асады, оның формуласы мынадай: (N1 + N2) Cs1. Ал 
«салқын  тиген  орындық»  дегенде  семантемалардың  араларындағы 
байланыс дұрыс болмайды, тек формалды сипатта дұрыс деуге бола-
ды»  [79,  375].  Бұнда  лексикалық  синтагматиканың  болмауы 
орындықтың «жансыз» ұғымдық уземалық макросемасына байланы-
сты, сондықтан екінші семантемада «жанды зат» классемасы болмай-
ды.  в.Г.Гак:  «Сөз  жоқ,  «классемалар»  айтылымның  семантикалық 
жағының  синтагматикалық  ұйымдасуында  үлкен  мәнге  ие  болады. 


230
231
олар екі функцияны атқарады: байланыстырушы және топтастырушы 
қызмет»,  –  деп  саралайды  [79,  375].  Әр  тілдің  семантемасы  қатаң 
иерархияға  негізделген  құрылым  болғандықтан  шындық  болмыстың 
барлық ұғымдарын қамтиды. Кез келген семантема шындық болмыстың 
ұйымдасқан  жүйелі  түсініктерінен  тұратыны  себепті  онда  кішігірім 
ғаламның тілдік бейнесі не тілдік бейненің бір үзігі не соның әлдебір 
мәні  болады.  Семантемалар  белгілі  бір  иерархияда  ғаламның  тілдік 
бейнесін  құрағанда  сөздер  аралығындағы  заттық-логикалық 
қатынастардан  құралады,  сондықтан  семантемалардың  өздерінің 
құрылымы  парадигматикалық  қатынастардың  жиынтығы  болса, 
ондағы  семалардың  басқа  семантемалардағы  семалармен  қатынасы 
лексикалық  синтагматикаға  құралады.  Семантемалар  барлық 
семалардың  қосындысынан  тұрғандықтан  ішкі  жасырын  мәндер 
варианттарының бірлескен формасы болады және жартылай дерексіз 
сипатта  болады.  Ішкі  тілдік  бірліктердің  қатынасу  жүйесі  мынадай 
үлгіде  келеді:  ғаламның  тілдік  бейнесі  –  лексема  –  семема  –  сөздің 
лексикалық  мағынасы  –  семантема  –  семалар  түрлері.  Мұндағы 
семемалардың  ауыса  қолданылуында  туатын  қатынас  парадигмалық 
қатынас болса, семема мен семантемалардың өзара қатынасын реттеуші 
тетік  ретінде  лексикалық  синтагматика  болады,  ал  лексемалардың 
қатынасы синтаксистік синтагматика бойынша жүзеге асады. Тек ол 
үшін  Н.Г.Архипова  жазғандай,  «семантикалық  және  синтаксистік 
тіркесімділікті кез келген сөздердің тіркестерінен айқындауға болады, 
ол үшін тіркескен сөздердің формасы мен семантикасын анықтап си-
паттау керек» [103, 77]. Тілдің лексикалық жүйесінде семема белгілі 
бір  семантемаға  бекіген  қалыпта  лексикалық  синтагматикаға 
ұшырайды,  сондықтан  Ж.П.Соколовская:  «екі  арада  кейбір  семалар 
сәйкестеніп бір-бірімен мәндері үйлеспейді, ондай семалар дәрежелі 
және жекелік семалар болады», – деп есептейді [64, 95]. Лексикалық 
синтагматиканың  толық  жүзеге  асуын  өз  дәрежесінде  көрсетпейтін 
сәйкестенбейтін  семалар,  яғни  сигнификаттық  және  коннотаттық 
макрокомпоненттердің эмотемалары, окказионалды және ықтималды 
семалары.  Семемалардың  «сыйымдылығы»  да  осы  дәрежелі  және 
жекелік семалардың үйлесуі немесе үйлеспеуінің бір шартты түрдегі 
сатылары бойынша жүреді. в.Г.Гактың көрсетуінше, екі семантемаға 
ортақ болатын кез келген архисема байланыстырушы қызметті атқара 
алады. «Бұндай итеративті функцияда кез келген сема болуы мүмкін, 
біз оны «классема» деп атамай, «байланыстырушы семантикалық ком-
понент» («синтагмема») деп атаймыз» [79, 376]. Тілдегі семантемалар 
өзара  қатынасқа  түскенде  классемалар  лексикалық  синтагматикалық 
байланысты жалпылап сипаттап немесе кішкене болса да, нақтылайтын 
дәрежеде келсе, синтагмема оларды тікелей не жанама түрде байланы-
стырып  отырады.  Синтагмемалар  қолданыста  шектеулі  ерекшелікте 
болып, бір ғана лексикалық тіркесімде болуы мүмкін. Мәселен, қызыл 
түс – «қан» семемасында классема болса, көк түс – «аспан» семема-
сында  классема  болады  немесе  ақ  –  «қар»;  сары  –  «дала»;  қоңыр  – 
«күз»; қара – «қарға»; сұр – «өмір» т.т. классема болады. Сонда «клас-
сема»  парадигмалық  мағына  бөлшегі  сияқты  көрінеді,  алайда 
синтагмалық мағынаға да ортақ болады. Екі лексемалық бірлесу туған 
кезде  синтагмема  оларды  байланыстырып,  ортақ  ірі  семалық  мән 
береді, яғни, мәселен, алқызыл – «қан» («артерия» ғылыми термин); 
қаракөк – «жылқы»; қара мақпал – «түн»; қанқызыл – «арай»; қызыл-
жасыл – «өмір» т.т. Бұндағы классеманың жойылуына әсер етуші күш 
–  екі  семантемадағы  семалық  конфигурацияның  өзара  ықпалдасып, 
жаңа  ықтималдық  таралу  сипатындағы  сөз-синтагмаларды  жасаған, 
жүйелі сипатта байқалатын және жүзеге асатын синтагматикалық бай-
ланыс  деп  ойлаймыз.  Э.Косериу  көрсеткен  лексикалық  бірлесулер 
айқын  иеративтілікке  ие  болатын  екі  семантеманың  байланысы 
болғандықтан  бұларда  классемалар  біріктіруші  қызметте  көрінеді. 
в.Н.Телия: «Лексикалық бірлесулер – жалпылаған референттердің тек, 
түр  кластарында  шегіне  жетуі  және  заттық  деңгейдегі  лексикалық 
мағыналардың  бағыныштылығы  болады,  себебі  олар  референттің 
қасиеттерін  көрсететін  дескриптивті  семалары  бар  байланыстарды 
бейнелейді,  яғни  бір  сөздегі  бұл  семалар  олардың  итеративтілігінде 
көрінеді», – дейді [132, 40]. Сонда сөз-синтагмалардың семантемалық 
байланыс құрауында семалардың бірлесуі олардың тілдегі байланыстың 
жоғары деңгейіне жету шегі болады. М.М.Копыленко референттердің 
қасиеттерін  білдіретін  бұндай  байланысты  фраземаға  дейінгі  деңгей 
және оларда семантикалық мүшелену, байлаулы мағынаның болмауы, 
омонимді  еркін  тіркестердің  болмауы  сияқты  белгілердің  бар  екенін 
айтады  [216,  7].  Лексикалық  синтагматикаға  негізделген  сөздердің 
бірлесуінде жоғары деңгейлі байланыс мынадай түрлерде келеді, бұған 
орай, в.Н.Телия: «қарт – адам туралы, оқырану – жануарлар туралы, 
жорғалау  –  бауырымен  жорғалаушылар  туралы;  енді  нақтыласақ, 
оқырану – жылқы туралы, жорғалау – жылан туралы және т.т.», – деп 
жазады [132, 40]. Семантемалардың синтагматикалық байланысындағы 
ауытқу немесе ауытқымаушылық объекті және субъектінің көлемдері 
мен мәндеріне қатысты болады. Бұндай жағдайда классема және син-
тагмема  бірлескен  кейіпте  көрініп,  заттық-логикалық  байланысты 
жалпылайды.  Жалпы  алғанда,  в.Н.Телияның  ойынша,  объекті  мен 
субъектінің  арасындағы  лексикалық  синтагматикадағы  семалардың 
ауытқушылығы  немесе  айнымалылығы  жалпы  синтагматикада 


232
233
синтагматикалық  пресуппозициялар  арқылы  реттеліп  отырады  [132, 
40]. Синтагматикалық пресуппозиция дегеніміз заттық-логикалық бай-
ланыста өзінің қызметін айқын басымдықпен көрсететін семантикалық 
предикат. Бұл  У.вейнрейх көрсететін семантикалық іліктесуді тудыра-
тын мағыналық реттегіш орнында жүретін етістіктердегі мол семалық 
құрылымның байланысқа деген әсері. Семантемалардың байланысын-
дағы мағыналық өзгерістің тікелей не жанама сипаттары классемалар-
мен қатар осы формалды субъектімен объектінің өзара қатынасында 
жатыр деп тұжырымдаймыз. в.Н.Телия семантемалардың бір кластарға 
бірігуінде  формалды  субъекті  мен  формалды  объектінің  арасындағы 
дискретті-итеративті  оқиға  немесе  оқиғаның  жалпы  жиынтығының 
көріну қабілеті жатады деп есептейді. ол мысалға құйылу (посыпать-
ся)  етістігінің  синтагматикалық  пресуппозиция  арқылы  құбылуын 
келтіреді:  құм,  жаңғақтар,  тастар,  тиындар,  кітаптар  құйылды.  Егер 
бұл етістік оқиғаның итеративтілігін көрсетсе, онда формалды субъект 
дикретті  түрде  сипатталған  кейбір  жиылған  оқиғалардың  атауларын 
біріктіреді,  яғни  хабарлар,  жаңалықтар,  телеграммалар,  хаттар, 
кішігірім қуаныштар, мадақтар, мұң құйылды [132, 41]. (Бұндай аудар-
ма жағдайында қазақ тілінде құйылу лексемасынан гөрі ағылу форма-
сы дұрыс аударма варианты болады деп ескертеміз). Итеративтілік зат-
тар  мен  құбылыстардың  қасиеттеріне  қарай  жүзеге  асқандықтан, 
семалардың  қайталануы  орын  алады.  Лексикалық  синтагматика 
лексика-семантикалық  топтың  ішінде  басты  архисемалар  арқылы 
көрінгендіктен,  синтагмема  қайталанғанда  архисемалар  бір-бірімен 
байланысады. Бұл байланыс шындық болмыстың заттық байланысы-
на,  оның  ішінде,  тек  –  түр  иерархиялы  байланысынан  басталады. 
Шындық болмыстың құбылыстарының арасындағы байланыс қашанда 
заттар  не  құбылыстардың  бір  тұрақты  қасиеттеріне  негізделеді. 
Қоршаған ортадағы жүзеге асатын іс-әрекет үнемі динамикалы сипат-
та болады, сол себепті заттар не құбылыстар белгілі бір жағдайларда 
белгілі бір түрде бір-біріне жақын не бағынышты түрде қатысты бо-
лып келеді. Е.К. войшвилло көрсеткендей, «заттар мен құбылыстардың 
тұрақты  сипатта  келуі  және  әртүрлі  жағдай  мен  іс-әрекеттің  бұндай 
жақын болып орналасуын логикадағы диспозиционалды предикат деп 
аталатын» ұғымымен түсіндіреміз [174, 133]. в.Г.Гак: «сонда «қозғалу» 
ситуациясында  балық  жүзеді,  жылан  жорғалайды,  құс  ұшады;  ал 
«қалып  жағдайы»  ситуациясында  үй  тұрады  (вертикалды  позиция), 
кітап  –  үстелдің  үстінде  –  жатады,  картина  –  қабырғада  –  ілінеді. 
Ағаштың өмір сүру көрінісі өсу етістігімен анықталатын болса, жану-
арлар тіршілік етеді етістігімен анықталады, сол сияқты от жанады, ұя 
салынады, хат жазылады, бәліш пісіріледі т.т.», – дейді [79, 378]. дис-
позиционалды  предикат  екі  таңбалық  ситуациядан  құралғандықтан 
семалар сәйкестенуі арқылы сөз-синтагмаларды тудырудың қарапайым 
түрі болады. Итеративтіліктің жасалу негізі ситуацияның құрамындағы 
заттар  мен  құбылыстардың  екі  түрде  келуінен  жасалады.  Сөз-
синтагмалардың  құрамындағы  синтагмема  екі  рет  қайталанған  соң 
итеративтілікті құрайды да, лексикалық синтагматиканың бөлшегі бо-
лады.   в.Г.Гак итеративтілік құраушы синтагмемалар мен лексикалық 
синтагматикаға  қарай  сөздердің  үш  түрлі  үлгісін  көрсетеді,  яғни 
семантикалық үйлесу, семантикалық үйлеспеу, семантикалық келіспеу 
[79, 380]. Бұнда тұрақты заттық-логикалық байланыс, тұрақсыз заттық-
логикалық байланыс және бейтарап заттық-логикалық байланыстар да 
байқалады.
а) М1 (а) + М2 (а) үлгісі. Сөз-синтагманың екі мүшесінде де бір 
синтагмеманың болып, семантикалық үйлесу құрауы, яғни синтагмема 
семантикалық үйлесуді іске асырушы құрал болады. Мысалы: ит үреді, 
тіршілік етеді, мектепте оқиды т.т.  Семантикалық үйлесуде семалардың 
байланысы толық сәйкестікте келіп, қайталанып, итерацияны құрайды. 
Мәселен,  «осы  қытымыр,  қатал  шал  дегенде  Еламанның  шығарда 
жаны  басқа.  Еламанға  Сүйеу  қарттың  да  ықыласы  басқа»  [Ә.Н.,  9]. 
осындағы  қытымыр  шал  дегенде  қытымыр  семемасы  тілімізде  шал 
және қыс сөздерімен семантикалық үйлесу құрайды, себебі қытымыр 
сөзінде коннотаттық жағымсыз бағаға ие узуалды сема басым күйде бо-
лады. Тіпті, қытымыр кемпір, қытымыр үлкен кісі десек, сөз-синтагма 
жасалмайды.  Сосын  шал  дегенде  Еламанның  шығарда  жаны  басқа 
дегенде,  Еламан  сөзімен  «жас»  денотаттық  семасы  берілгендіктен, 
шалға  шығарда  жаны  басқа  болып,  семантикалық  үйлесу  жасалып 
тұр.  Қарттың  ықыласы  басқа  дегенде  орынды  үйлесу  жүзеге  асқан, 
яғни  қартта  ықылас,  жаста  жаны  басқа  сөз-синтагмалары  жасалған. 
Егер  жаста  қартқа  деген  ықылас  басқа  деп  өзгертсек,  лексикалық 
синтагматика  болмас  еді,  себебі  ықылас,  емірену  семемалары  жасы 
кіші  адамдарға  қатысты  қолданылатыны  белгілі.  Семантикалық 
үйлесу бұрынғы қаймағы бұзылмаған тілімізде толық итеративтілікте 
көрінеді, себебі сөздің мағыналық құрылымындағы синтагмема айқын 
дәрежеде  біріктіреді.  Мысалға,  Махамбеттің  «Шашылу»  толғауынан 
үзінді алайық: 
Қатын қалса бай табар,
Қарындас қалса жай табар,
Артымда қалған ақсақал
Алқалай кеңес құрған күн,
Ақылменен ой табар.
Кейін қалған жас бала,


234
235
Күдер үзіп біздерден,
Көңілі қашан жай табар?! [М., 26]. Семантикалық үйлесу «қатын 
қалса  бай  табар,  қарындас  қалса  жай  табар,  ақсақал  ой  табар,  бала 
қашан  жай  табар»  дегенде  бір  синтагмемамен  беріліп,  жасалып 
тұр.  Бұнда  үйлесу  лексикалық  синтагматиканың  заңдылығы  бой-
ынша  үдемелі  сипаттағы  ұласуға  жалғасып  тұр.  Қатын  бай  табар, 
қарындас  жай  табар,  ақсақал  ой  табар  дегенде  қалыпты  лексикалық 
синтагматика  көрінеді  де,  ал  бала  жай  табар  дегенде  үйлесу  жоқ, 
себебі  сөз-синтагма  болу  үшін  қашан  сөзі  синтагмалық  қатардың 
мүшесі болу керек, яғни бала қашан жай табар қалпы жасалуы тиіс. 
Сонда  бұнда  төрт  мүшелі  валенттілік  қатынас  лексикалық  синтаг-
матиканы  тудырып  тұрғаны  аңғарылады.  Семантикалық  үйлесудің 
дәстүрлі түрі Ж.П.Соколовскаяның зерттеуінше, сын есімдер мен зат 
есімдердің байланысы болады. ол өз еңбегінде бұндай синтагмалық 
байланыстың жиырма мағыналық түрін көрсетеді, яғни «адам» макро-
семасын көрсететін жиырма семантема бір сын есіммен синтагмалық 
қатынасқа түсе алады, мәселен, «ізгі» сын есімі – «сезім, құрмет, ой, 
белгі,  тілек,  дәстүр,  ат,  іс,  тіл,  сөз,  бастама,  кеңес,  уақыт,  шырай» 
т.т.  тақырыбындағы  лексика-семантикалық  топтармен  байланысқа 
түсе  алады  [64,  146-147].  А.А.Уфимцева  сын  есімдер  семантика-
сын  қарастырып,  «заттық  атаулары  бар  сын  есімдердің  лексикалық 
тіркесімін  жартылай  автоматтандырылған  синтагмалар  деп  атауға 
болады,  себебі  синтагманың  екі  мүшесі  өзара  бір-бірін  сипаттап 
және семантикалық түрде бөліп, осы кезде бір-бірін шектеумен және 
бірдейлестіруден  көрінеді»,  –  деп  жазады  [80,  204].  Ал  Н.в.Юдина 
«сын есім – зат есім» конструкциясының әртүрлі типтерін композици-
ялы семантиканың шкалалары бойынша когнитивті тұрғыдан бөледі, 
яғни  «тұрақты,  бекіген,  байлаулы,  кіріккен,  қатаң,  босаң,  бөлінбес, 
еркін  емес,  еркін,  айнымалы,  дискретті,  рестриктивті,  клишеленген, 
идиомалы» және осы типтерді мол мысалдармен талдайды  [110, 254]. 
И.в.Бондаренко: «тілдерде сын есім – зат есім байланысы, негізінен, 
түстерге  байланысты  байланыс  құрайды»,  –  дей  келе,  ағылшын 
тіліндегі «blue air» (көк ауа) тіркесі дәстүрлі, тұрақты эпитет ретінде 
барлық  осы  тәріздес  сөз-синтагмалардың  бастапқы  нүктесі  екенін 
жазады [70, 57]. С.Г.Тер-Минасова сенім сөзінің лексикалық синтаг-
матика құраған қатарлары орыс тілінде мол екенін көрсетеді: «Сенім 
– терең, үлкен, зор, берік, ыссы, шынайы, шын, айнымас, бұзылмас, 
шексіз, әулие, соқыр, түпсіз, оқыс, бала, кең, тірі, дана, таусылмас, ба-
тыл, жалынды, мөлдір, бақытты, мықты» [4, 110].
б)  М1  (а)  +  М2  үлгісі.  Сөз-синтагмалардың  семантикалық 
үйлеспеуінде бір семантеманың түсіріліп, ортақ синтагмеманың солғын 
тартып, жоғалуы лексикалық синтагматиканың айқын болмауына алып 
келеді. Бұндай жағдайда үнемдеу заңы синтагмалық байланысқа арала-
сып, әлдебір семантикалық ақпарат екі рет қайталанып, итеративтілік 
жүзеге асады. Мысалы: басы айналды (негізі адам басы айналмайды), 
етпеттеп жүгірді (етпеттеп жүгіре алмайды), жылан ініне жақындады 
(жылан жорғалайды) қыран жетіп келді (ұшып келеді) т.т. в.Г.Гактың 
көрсетуі бойынша, семантикалық үйлеспеу жағдайында сипаттау әдісі 
жалпыланып,  семантема  өзінің  нақтылаушы  компоненттерінен  айы-
рылады  да  дерексізденіп,  мағынасы  кеңейіп,  асемантизмге  ұшырап, 
әртүрлі  мәнмәтіндерде  қолданылатын  жағдайға  түседі.  Мәселен, 
«–  Бәсе,  өзім  де  дұрыс  жорыған  екем  ғой,–  деді  қара  қасқа  атты.  – 
Шешіңдер қолын.
Әрқайсысы күңкіл шығарайын деп еді:
– Тәйт, оттамай тұрыңдар! Шешелерің осындай ұл тапса, қой деген 
жоқпын мен, – деп қара қасқа атты ақырып тастады...» [С.Мұқ., 141]. 
осындағы дұрыс жорыған, оттамай тұрыңдар, шешелерің осындай ұл 
тапса,  қой  деген  жоқпын  дегенде  семантикалық  үйлеспеу  негізінде 
мағыналық байланыс жасалғаны байқалады. Алайда семантемалардың 
семалары  жанама,  оның  ішінде,  коннотаттық  окказионал  семалары 
арқылы  семантикалық  үйлесуді  тудырып  үнемдеу  заңына  құрылып 
тұр,  егер  уземалар  арқылы  байланысса,  онда  «түс  жорыған,  мал  от-
тайды,  шешелерің  осындай  ұл  тапсын»  сөз-синтагмалары  жасалып, 
синтагмема айқын болар еді. Семантикалық үйлеспеуде оксюморонды 
сипат  көрінетіндей  кейіп  туады,  бірақ  үйлесу  әлдебір  семантикалық 
ақпаратты бәрібір жүзеге асырып тұрады. Мәселен, «Қалған жалғыз 
күшікті  тістелеп  алып,  екі  қасқыр  жоқ  болды»  [М.Ә.,  9].  осын-
да  тістелеп  алып,  жоқ  болды  дегенде  синтагмема  қайталанбайды, 
себебі  семантемалар  арасында  синтагмалық  қатынас  бұлыңғыр  си-
патта тұр. Тістелеп алып дегенде тістеу емес, тісті батырмау берілсе, 
жоқ болу дегенде қашу айырушы семалары лексикалық синтагмати-
каны  тілдік  нормаға  сай  жасап  тұр.  Сонымен  қатар,  семантикалық 
үйлеспеу  үлгісінде  мәтіндік  әртүрлі  ерекшелікке  байланысты  стиле-
малар  жасалуының  да  және  диалектизмдердің  әсері  бар  деп  ойлай-
мыз. Мәселен, осымен тағы біраз жүргенде біргүні Көксерек қара ала 
төбетке майдан берді. осындағы майдан берді дегенде диалектизмді 
сипаттағы  семантикалық  үйлеспеуді  сигнификаттық  сема  жасап 
тұр  да  семаның  қайталануы  байқалмайды.  Кейбір  сын  есімдер  мен 
етістіктердің семантикалық үйлеспеу негізінде синтагмалық байланыс 
құрауында  да  осы  сигнификаттық  уземалар  басты  қызмет  атқарады. 
Мысалы: Кәлен желісіне мал әкеліп байлаған қара білек мықты ұры. 
Тышқаншылап ауыл арасының тайлы-тұяғын ұрламай, сонау Қоңырат 


236
237
асып,  иір  мойын  үлек  әкелетін  [Ә.Н.,  65].  осындағы  лексикалық 
синтагматика  қара  білек,  тышқаншылап  ұрламай  семемаларының 
денотаттық семалары бойынша емес, коннотаттық жасырын сипаттағы 
семалар арқылы жасалған соң, синтагмема біріктіруші бола алмай тұр, 
яғни ақ білек дегенде «сұлулық, нәзіктік» узуалды денотаттық сема-
лары синтагматика негізі болса, қара білек дегенде «дөкірлік, ұрлық» 
денотаттық семалары қарама-қарсылықты тудырады, жалпы қара білек 
дегенде семантикалық үйлеспеу орын алғандықтан бұл сөз-синтагма 
сирек  қолданылады.  Бұнда  түстердің  дәстүрлі  символдық  дәрежесі 
лексикалық  синтагматиканы  тұрақтылы  сипатқа  апарып  тұр.  Ал 
тышқаншылап ұрламай етістігінде «жақын маңнан ұзай алмау, майда 
заттарды алу» денотаттық узуалды семасы мен «мүсіркеу» коннотаттық 
окказионал  семасы  қатар  мәндік  байланыс  құрайды.  Тышқаншылау 
етістігі бүркітке қатысты айтылғаны туралы Е.Қосбасаров: «Бүркіттің 
қартайып, қайратынан айрылған кезін құсбегілер «мола» деп атайды. 
ол ірі аңдарға, жырқыштарға түсе алмай, түссе де айрылып қалатын 
болғандықтан, майда жәндіктермен қоректенеді. Бүркіттей қыранның 
осы бір аянышты халге душар болған кезеңін дөп басып көрсете алатын 
қазақтың «Бүркіт қартайса, тышқаншы болады, тышқан аулайды» деген 
сөздері қалған», – деп жазады [217, 153-154]. Сонымен, семантикалық 
үйлеспеуге  құралған  сөз-синтагмаларда  құраушы  семантемаларда 
коннотаттық окказионал семалар, эксплицитті сигнификаттық семалар 
болатыны байқалды.
в)  М1  (а)  +  М2  (б)  үлгісі.  Сөз-синтагмалардың  семантикалық 
келіспеу  сипатындағы  байланыс  құрауының  негізінде,  в.Г.Гактың 
есебінше, реалды заттардың арасындағы өз қатынастарының үйлеспеуі 
жатыр [79, 381]. Мұндай келіспеу жағдайында бір семемада семалар 
жойылып, бір семантемада бос орындар пайда болады да семалардың 
мағыналық  байланыс  жасауы  үшін  көшуі  басталады.  Мысалы,  адам 
келе  жатыр  дегенде  архисема    «қозғалыс»  айырушы  сема  «аяқпен» 
болады  да  синтагмема  қайталанып,  итеративтілік  сақталады.  Ал 
уақыт келе жатыр дегенде дерексізденген ұғым туады да, лексикалық 
синтагматиканың  келіспеуі  тұрғандай  сипат  пайда  болады,  себебі 
«аяқпен» семасы бұнда жойылады да, денотаттық сема семантемаларға 
негіз  болады.  Сонда  семантемалардың  арасындағы  байланыс  басқа 
сатыға өткендей болады да, синтагмемалардың қайталануы не ортақ 
болуы мүлде жойылады. Семантикалық келіспеу типінде лексикалық 
синтагматиканы ұстап тұрған бірқатар басты мағыналық бөлшектердің 
жасырын  күйде  сақталып  қалуы,  яғни  уақыт  келе  жатыр  дегенде 
«қозғалыс»  семасы  және  оның  түрленгіш  түрлері  сақталып  отыр. 
Семантикалық  келіспеу  сипатындағы  байланыста  сөз-синтагманың 
біреуінде семалар жойылады немесе басқа семантемадан жетпей тұрған 
семалар  көшеді  де,  сөз-синтагмалар  жасалады.  Мысалы,  қыз  жырқ-
жырқ күлді, тұман аяздатып кетті, өгіз тайраңдап жүр, түнде түскі аста-
рын ішті дегенде семантикалық келіспеу болса да, семантемалар ара-
сында семалардың өзара байланысы бар. Бұндай шындық болмыстың 
заттары мен құбылыстарының үйлеспейтін жағдайын тілдік жағдайда 
үйлестіру,  тілді  тасушының  сөздер  мағыналарындағы  факультативті 
және  эмпирикалық  компоненттерді  ұғынбай  қолдануында  жатыр. 
Бұндай  қасиетке  сөйлеуде,  сөздердің  мағыналық  байланысында 
факультативті және эмпирикалық компоненттердің мол ерекшелікке ие 
болатынын И.А.Стернин айтып өткен еді [97, 42]. Индивид тіліндегі 
мағыналардың  өзгерістері  адамның  өмір  сүру  тәжірибесіне  қатысты 
болатынынын  және  жалпыланған  сезімді-көрнекі    түсінік  тудыраты-
нын  талдаған  едік  [190,  49].  Сонымен  бірге,  семантикалық  келіспеу 
жағдайында  синтагмалық  қатынастың  айқын  болмаса  да  болуы 
мағына бөлшектерінің көшіп, ауыса қолданылуында жатыр. Мысалға, 
дауыл келе жатыр, Жаңа жыл келе жатыр, қысқартулар келе жатыр, ко-
миссия келе жатыр сияқты сыртқы синтагмалық қатынасқа құрылған 
тіркесімдерде семантикалық келіспеу жасырын семаларға негізделген. 
Егер жасырын сема айқындалса, комиссия тексеру үшін, қысқартулар 
жұмысшылар санын азайту үшін, дауыл құлату, бүлдіру үшін, Жаңа жыл 
тойлау үшін деген сияқты өзгеріс туып, семантемалар семантикалық 
келіспеуді үйлесуге апарар еді. Ал кел, алып қоялық, емтиханнан ұшып 
кетіпті,  қораға  кірген  көрінеді,  үрмей  отыр,  ырылдасып  жүр,  ақша 
сындыру, шотыр төлеу сияқты лексикалық тіркесімдер семантикалық 
келіспеуге  құрылғанымен  екі  түрлі  семантемалардағы  коннотаттық 
семалардың  тікелей  байланысқа  түсуінен  жүзеге  асып,  тіліміздің 
нормасына сай келмегенімен лексикалық құрамына өтіп тұр. Бұндай 
сөз-синтагмалар  лингвоэкологияның  жағдайын  одан  сайын  нашар-
латып, лексикалық нормаларды бұзып отыратыны белгілі. Сөздердің 
семантикалық келіспеуіне асемантикалық және оксюморонды байланы-
старды, сондай-ақ, бұған диалектикалық сипаттағы сөздердің келісуін 
жатқызамыз. Алайда  бұндай жағдайда ондай байланыстарға құрылған 
семантемалардың  құрамындағы  семалар  конфигурациясы  норма 
қайшылығын  туғызбайды.  Мәселен,  Қазірде  соның  түбінде  қысқы 
жүні  әбден  түлеп  болмаған  ақ  қасқыр  жатыр.  Бауырында  кішкентай 
көк күшіктері қыбырлайды [М.Ә., 7]. Тіліміздің лексикалық нормасы-
на сай қасқырдың баласы бөлтірік, иттің баласы күшік болады, алайда 
тілімізде жануарлар төлдерін нақтылауда бірізділік күні бүгінге дейін 
жоқ  десе  де  болады.  оның  үстіне,  ұланғайыр  даламыздағы  әртүрлі 
диалектикалық  қолданыстар  семантикалық  байланыстарға  өз  әсерін 


238
239
үнемі тигізіп отыратыны анық. Тілімізде әр құстың балапанының өз 
атауы бар екені белгілі болса да, барлық құстардың балапандарының 
аты «балапан» лексемасымен берілуі – семантикалық келіспеуді және 
бұл қолданыстардың біртіндеп тілдік нормаға орнығуына жол ашады, 
тіпті, бүгінде бұндай қолданыстар тілімізде орнығып та алды. деген-
мен, ол атауларды батыс диалектілері болуы мүмкін болса да келтіріп 
өтелік:  үйрек  –  үрпек;  қаз  –  мамыр;  аққу  –  көгілдір;  тауық  –  шөже; 
қарлығаш – балапан; бүркіт – тірнек т.т. Мәселен, «тірнектен» бастап, 
С.Мұқанов,  А.Сейдімбеков,  Ж.Бабалықұлы,  Е.Қосбасаров  қыран 
құстарға ортақ олардың он екі жасының атауын көрсетеді [217, 150-
152]. Мысалы: көгілдірін ерткен, көлдегі қулар шулайды [218, 110]. 
в.Я. Пастухова семантикалық тіркесімділікті бұзушы денотаттық, 
коннотаттық компоненттердің әлеуетті семаларының «сыйымсыздығы» 
деп  көрсете  келе,  оксюморонды  тіркестер  семантикалық  келіспеуге 
негізделгенін  айтып,  мына  мысалдарды  келтіреді:  «таныс  бейтаныс 
(С.Маршак қолданысы, яғни күнде көріп жүресің, не істейтінін білесің, 
бірақ аты-жөнін білмейсің), қайғылы қуаныш (Рылеев), мұңды қуаныш 
(Есенин), ащы қуаныш (Маляков), алтын кедейлік (Новицкая), өтірік 
шындығы  (Цветаева)  т.т.»  [126,  11].  Б.И.  Татаринцев  тува  тіліндегі 
сын есім зат есімді кейбір тіркестердің синтагматикалық байланысы 
ұлттық семантемаға негізделгендіктен асемантикалық сипатта болады 
деп ирик бай тіркесін алады, (ирик – гнилой) дегенді білдіретінін жаза-
ды. Мысалы: «дустуг-Хемниң эринде Буура-Баштыг деп эди эктинен 
ашкан, малы бажынан ашкан ирик бай чурттап чоруп-тур! Живет на 
берегу дустуг-Хема большой богач по имени Буура-Баштыг, у кото-
рого имущества – выше плеч, а скота – выше головы» [135, 97]. Шірік 
бай сөз-синтагмасы біздің тілімізде болмағанымен тіліміздегі шіріген 
бай  лексикалық  тіркесімі  семантикалық  келіспеу  негізінде  жасалып, 
коннотаттық бағалау семаларының байланысы бойынша тұрақталып 
қалғаны анық. Сонымен қатар, ол тува тіліндегі куу час (ранняя вес-
на)  тіркесіндегі  куу  сөзі  «ақшыл,  ешқандай  көк  шықпаған»  дегенді 
білдіретінін айта келе, көктеммен қарсы мәндес, яғни асемантикалық 
тіркес болатынын жазады. Бұндағы куу сөзі тіліміздегі қу, қуару, құба 
сөздерімен төркіндес екені байқалып тұр.  Сондай-ақ, осы сипаттағы 
тіркестерге сынык дыл «ломаный язык», аңчы карактар «зоркие глаза» 
(аңчы «охотник, охотничий) кара кижи «простой человек», кара бай 
«богач, не имевший титулов», кара эт «постное мясо», ак жем «молоч-
ная еда» тіркестерін жатқызады [135, 97]. Бұл туралы Б. Хасанов: «Тау-
лы Алтай автономиялы облысының Қошағаш қазақтарында ақ тамақ 
– айран, сүт не солардан жасалған өнім (құрт, ірімшік, қаймақ, қымыз). 
Мысалы: ол кез көктемнің туып, ақ тамақтың шығып қалған кезі еді 
(Қазақ  тілі  тарихы  мен  диалектологиясының  мәселелері,  4-шығуы, 
1962, 78 ), – деп жазады [145, 35]. Жалпы «ақ тамақ» толық лексикалық 
синтагматикаға құрылған тілдік нормаға сай сөз-синтагма болғанымен 
бүгінгі қолданыста жоқ, мұның себебі бұл сөз-синтагманың архаизмге 
айналуында шығар деп ойлаймыз. Семантикалық келіспеуге құрылған 
байланыстың кейде өзектеніп тілдік нормаға қайшы келетіні контекстің 
мәнін бұзып, шындық болмыстағы заттық-логикалық қатынасты жаңсақ 
бейнелеуге  алып  келеді.  Бұндай  қателіктерді  Х.Нұрмұқанов  көркем 
әдебиеттерден көріп, жаңсақ қолданыстың мәнін ашады: «Қалжаға деп 
бордақылап отырған ту ісекті алып ұрып жайғап тастаған  (С. Смата-
ев. Елім-ай. 222). «Ту – төлдейтін жастағы ұрғашы малға байланысты 
қолданылатын сөз. «Ісек – екі жасар еркек қой» (ТС, 527). Сондықтан 
да «ту бие, ту сиыр, ту ешкі, ту қой» дейміз де, «ту айғыр, ту ат, ту өгіз, 
ту  теке,  ту  ісек»  демейміз»  [219,  193].  Мақсатымызға  кірмегенімен, 
тек  жыныстық  бөлінуге  қатысты  синтагмалық  байланыстағы  «ту» 
сөзінің  түсіндірмесін  қаралық:  «Ту  бие  –  қысыр  қалған  жылқы.  Бұл 
фразадағы  «ту»  сөзінің  мағынасы  «тыг,  тығда,  тығра  –  становиться 
сильным,  крепким  (дТС,  566).  Тығ  =  ту  болып  өзгеру  нәтижесінде 
(ығ = у) күшті болу, мықты болу мағынасын беріп, «тумаған, күшті, 
мықты, семіз бие» деген тура мағынасында жұмсала жүріп, келе-келе 
жаңа туынды сигнификаттық мағынаға алмасқан. Сондай-ақ, «ту қой», 
«ту  жер»,  «тусыраған  ен  дала»  тіркестері  құрамындағы  ту  сөзінің 
мағынасы «өнім бермей дем алған, күші бойында, мықты, берік» т.б. 
мәнде  қолданылады»  [77,  254].  Бұдан  түйетін  ой,  семантемалардың 
арасындағы  байланыстың  өзгеріп  жүзеге  асуында  ұлттық  рухани, 
материалды мәдени сипаттың өз ықпалы болатыны. Сонымен қатар, 
семантемалардың  құрылымындағы  макрокомпоненттердің  үйлесуін 
бұзып қолдану семантикалық келіспеуді туғызып, лексикалық синтаг-
матиканы әлсірететіні аңғарылады. Мысал үшін: «Бұл тоқсан келем бе 
деген жасым ба еді, Быламық жейін деген асым ба еді?! (Қ.Ж.) Сан-
сызбай соған бір аяғын тығып алды. (Ж.Н. 73). Әрине, быламықтың 
ішілетіні, адамның төрт аяқты еместігі – баршаға аян жайлар» [219, 
194]. Сонымен, семантикалық келіспеу үлгісіндегі байланыстың тілдің 
экологиялық  ахуалын  нашарлатып,  тілдік  нормаларға  сәйкес  келе 
бермейтіні айқындалды. 
в.Г.Гактың  көрсетуінше,  семантемалардың  лексикалық  син-
тагматикасы  мен  итеративтілігі  семантемалардағы  семалардың 
семантикалық процестерде өзгеруінде жүзеге асады. «Семантикалық 
процестер: нақтылау (үйлесу), нейтралдану (үйлеспеу), ауысу (келіспеу) 
күйінде  болады,  ал  ұғымдық  негіз  үйлесуде  нақты,  үйлеспеуде 
дерексіз, келіспеуде ауыспалы сипатта болады» [79, 385]. Лексикалық 


240
241
синтагматиканың жасалуының тағы бір шеті екі лексикалық мағына 
макрокомпоненттерінің, яғни денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық, 
эмпирикалық, факультативті, бір-бірімен тікелей не өзгермелі жағдайда 
байланысуы. Бұл өте күрделі мәселе, себебі әр компоненттің семалық 
түрленуі жағдайындағы лексикалық синтагматиканың жүзеге асуы мен 
дәрежелерінің пайда болуы күрделі жағдайда жүреді. Сонымен қатар, 
тілдік жүйеде лексикалық синтагматиканың шектеліп қолданылуы не 
шектелуі болатындығын айта кету керек.
Н.в.Юдина  лексемалардың  тіркесімділігі  шектелуінің  екі,  яғни 
экстралингвистикалық және интралингвистикалық түрлерін көрсетеді. 
Экстралингвистикалық  шектелудің  логикалық,  әлеуметтік,  ұлттық-
лингвистикалық,  лингвомәдени,  коммуникативті,  лингвокогниция 
түрлерін көрсетсе, интралингвистикалыққа фонематикалық, лексикалық, 
семантикалық, морфологиялық, синтаксистік, стилистикалық түрлерін 
енгізеді [110, 48]. Лексикалық бірліктердің лексикалық синтагматикаға 
түсуінде туындайтын бұл сұрақтар терең үңілуді талап ететін лексикалық 
синтагматиканың өз зерттеуін күтіп тұрған мәселелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет