Хасанов indd


 Полисемия мен лексикалық омонимияның



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата06.01.2022
өлшемі2,5 Mb.
#12631
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Хасанов Ғ.Қ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы

3.4 Полисемия мен лексикалық омонимияның 
синтагматикасы
Полисемия  –  үздіксіз,  тоқтаусыз  тілдегі  үрдіс  ретінде  бірқатар 
ғалымдармен  зерттелген  болса,  омонимия  күні  бүгінге  дейін  ара 
жігі  шектелмеген  күрделі  мәселе  күйінде  қалып  отыр.  Мәселен, 
А.османованың көрсетуі бойынша түсіндірме сөздікте омонимдердің 
6000-нан астам түрі бар. Екі категорияның ара жігін айқындап көрсету 
өлшемдері  туралы  көптеген  лексикологтар  жазғанымен  бірқатар  тіл 
мамандарына  бұл  мәселе  қиындық  тудырады.  оған  басты  себеп  бо-
латын  омонимия  мен  омоним  мәселесін  түсініп  алу  деп  ұғынған 
жөн.  Б.И.Татаринцев  атап  өткендей,  орыс  тілшілерінің  өздері  омо-
нимия мен омоним мәселесін біржақты шешпейді, пікірлері әртүрлі, 
бірізділік жоқ екенін мойындайды [135, 70]. Мұндағы басты қиындық 
мағынаның  құбылмалығы  мен  өзгермелігінде  жатыр,  сондықтан 
оның тіркесімділік сипатын айқындау, тіпті күрделі сұрақтардың бірі. 
Бұл  мәселені  қарастырған  зерттеушілердің  бәрі  бұл  категорияның 
өлшемдерін анық көрсетпейді, ал өлшемдерсіз тілдегі нақты мысалдар 
арқылы талдау, сөзді жеке дара тұрған күйінде ғана қарастыруға мәжбүр 
етеді. Н.Н.Амосова: «көп мағыналы сөздің шекарасын анықтауда мына 
факторларды есепке алу керек: 
а) Ұғымдардың арақатынасынан белгілі болатын  жеке мағынаның 
логикалық мазмұны;
б)  Жеке  мағынаның  тілдің  барлық  лексика-семантикалық 
жүйесімен  қатынасқа  түсуі,  яғни  көп  мағыналы  сөз  мағынасының 
тілдің басқа лексемаларымен парадигматикалық қатынасқа түсуі;
в) Жеке мағынаның контекстік қоршау жағдайлары, яғни сөздің 
сол мағынасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қажетті көрсеткіш 
минимумның  болуы»,  –  деп  жазады  [247,  27].  осы  пікірді  есепке 


260
261
алғанда,  лексикалық  синтагматика  лексика-мағыналық  варианттың 
ішкі  мәндік  өзгерісін  дәл  аңғаруға  мүмкіндік  береді.  Қазір,  омони-
мияны әртүрлі сөз таптары арқылы, ал полисемияны басқа сөздермен 
тіркестіріп қарап, анықтайды. Бұл оның қай категорияда тұрғандығын 
айғақтауға себепкер болады, алайда өлшемдері сол әр түрлі сөз тапта-
рына  сүйенген  күйі  ажыратылады.  Бұл  мәселе  Л.И.Иванованың  сын 
есімдердің полисемиясын зерттеген еңбегінде зерделенген [248, 7-12]. 
Ф.А.Литвин  орыс  тіліндегі  сөйлеудегі  сөздің  көп  мағыналылығын 
лексикалық  синтагматика  әдісі  арқылы  мол  мысалдармен  нақтылап, 
талдаған еді [249]. М.А.Кронгауз лексемаларда ортақ бір бөліктің бо-
луын радиалды полисемия, мәселен, «а) матаның шеті; б) ағаштың не-
месе метал жаймасының шеті; в) кез келгеннің шеті; ал бірінен кейін 
бірі келіп басқа мағыналар тууын тізбекті полисемия» деген атаулармен 
атайды: мәселен, «а) шай – жапырақтарынан сусын дайындауға бола-
тын көпжылдық жасыл ағаш не бұта; б) жапырақтардан дайындалған 
хош иісті сусын; в) адамдардың, қонақтардың жиналып шай ішуі» [8, 
126-127]. Ғ.Резуанова полисемиялы сөзді Э.в.Кузнецова талдауының 
төрт түрлі сипаты бойынша ауыр сөзінің бірнеше мағынасын тіркесу 
аясында талдайды: 
«а) Салмақты, зілдей – негізгі, еркін, тура, бейтарап; 
б) Қиыншылығы, азабы мол, ауырпалығы, мехнаты көп – негізгі 
емес, контекстік, келтірінді, бейтарап; 
в) қайғылы, мұңды, жанға бататын – негізгі емес, контекстке бай-
ланысты, ауыспалы, стилистикалық бояма; 
г) ақырын, байсалды, жай – негізгі емес, контекстке байланысты, ау-
ыспалы, стилистикалық бояма» [250, 11]. Лексикалық синтагматикалық 
байланыс бұл категорияларды кең спектрде қарауға, сол арқылы оның 
таралу өрісін байқауға болатындығын көрсетеді. Мысалы: күннің көзі, 
адамның  көзі  полисемиялы  тіркес  синтагматикалық  байланыстың 
бастауы,  тек  оның  өзгере  келе  тіркесетіндігін  аңғару  үшін  арнайы 
өрістер тууы керек. Бұнда, әрине, контекст (мәнмәтін) үлкен өлшемдік 
қызметке ие, сондықтан орыс ғалымы  Н.Н.Амосова осы мәселені ар-
найы зерттеп, сөздердің ішкі мәндік ауысуын контексті талдау арқылы 
жіктеуге  болатындығын  дәлелдеді  [117,  28-31].  Бұл  әдіс  бүгінде 
контекстологиялық  әдіс  атына  ие  болып,  орыс  лексикологтарының 
мәтінді  талдауға,  ондағы  полисемия,  омонимия  мәселелерін  ше-
шуге көп көмегін тигізуде. Алайда, қазақ тіл білімінде бұл әдіс кен-
желеу  қалып,  енді  ғана  күрделі  сұрақтарды  шешуге  пайдаланыла 
бастағанын айту қажет, мәселен, М.оразов, Р.Сыздық, Б.Сағындықұлы, 
Ж.Жакупов т.б. еңбектері. Полисемия мен омонимияның парадигмати-
касын меңгеру аса қиындық тудырмайды, мұндағы қиындық метафора 
мен метонимиялық түрде мағынаның көшуінде жатыр. Бұл қиындық 
әлі  зерттелмегенін  А.А.Уфимцева,  И.М.Кобозева,  М.А.Кронгауз, 
о.Н.Алешина,  Б.Хасанов,  Ә.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы,  Р.Барлыбаев, 
М.Серғалиев,  Б.Қасым  т.б.  зерттеушілер  айтып  өтеді.  Бұл  полисе-
мия – деривациялық байланысқа ие болмайтын көпмағыналық, яғни 
туындылық сипат болмайтын жүйе. Бірақ, бұл полисемияның қызметі 
кең  жүйеде  келеді.  Мысалы:  балаң  жігіт,  балаң  мінез,  балаң  көңіл 
тіркесіміндегі туынды түбір балаң жеке алғанда тек сын есім ғана, он-
дайда бұл сөздің мағынасында ауысу құбылысына көлбеу түрде жүріп 
отыр. Жеке тұрғанда «балаң» сөзі тікелей қабыса байланысқан тәртіпке 
ие  болады  да,  парадигматикалық  және  терең  синтагматикалық  жүйе 
құрайды. дегенмен, «балаң» сөзі жеке қолданыста өмір сүре алмай-
ды, өйткені сын есімдік қасиетке, сонымен қатар, сөйлеу негізіндегі 
үрдіске  қатысу  үшін  бұл  сөз  заттануы  керек.  Ал  мынадай  тіркесті 
алсақ, «алдыңа келді өз балаң», бұндағы «балаң» сөзі жеке қолданыста 
тұр, өйткені сын есім тудыратын «ң» жұрнағы және тәуелдік жалғауы 
омонимия  құбылысын  туғызады.  Бұл  мысалда  «өз»  есімдігі  тәуелді 
емес, себебі «бала» зат есім. Абай аудармада қолданған балаң сөзі диа-
лектизм  екендігін  Р.Сыздық  Абай  өлеңдерін  талдағанда  дәлелдейді: 
«Қазіргі әдеби тілімізде соңғы кездерде балаң сөзі «жас, толыспаған, 
шикі» деген мағынада қолданылып жүр. Ал бұл тұлға Таулы Алтай, 
Қосағаш қазақтары тілінде «бос, болбыр, нашар адам» мағынасында 
қолданылады екен» [238, 54]. Бұл мысалдар тілдегі кез келген мәнді 
сөздің омоним бола алатынына айқын дәлел бола алады. Сондай-ақ, 
тілде жеке өмір сүре алатын зат есімдер сынданып барып қолданылады 
да,  синтагматикалық  байланыс  арқылы  көрінеді.  Мәселен,  «балапан 
шаш»,  «балапан  қаз»  тіркестерінде,  лексика-семантикалық  вариант 
қатары түзіліп, атрибуттық қызмет көрінеді, ал синтагматикалы тіркес 
тек  мағынаның  деңгейлік  дәрежесіне  байланысты  туады.  Мәселен, 
балапан  қыз,  балапан  жігіт  тіркестері  тіліміздің  нормасына  мүлде 
жат, себебі оны лексикалық синтагматика заңының байланыс жүйесі 
қабылдамайды.  Жалпы  полисемия  ірі  ұғымдық,  заттық  бөліктердің 
жылжуынан  туатын  процесс  болғандықтан,  синтагматикалық 
қатынастан тұратын лексика-семантикалық вариант құрылымын шек-
теу арқылы полисемия мен омонимиясыз күрделі сұрақтарды шешуге 
болады. 
Қазақ тілінде көпмағыналықтың екі түрі бар:
а)  лексика-семантикалық  варианттың  арасында  байланысқа 
түспейтін жеке полисемия;
б)  лексика-семантикалық  варианттар  арасында  байланысқа 
түсетін  туынды  қатынас  түзейтін  полисемия.  Біріншіге  өрісті 


262
263
парадигмалық  қатар  түзетін  түп  сөзін  алайық:  түп  көмекші  есім 
жеке тұрғанда лексика-семантикалық вариант құрылымына енбейтін 
сөз,  алайда  синтагмалық  байланысқа  түскен  кезде  полисемиялық 
мүмкіндіктерін  байқатады.  Мысалы:  ойдың  түбі,  өзеннің  түбі, 
шелектің түбі, ақшаның түбі, судың түбі, жүректің түбі т.т. тура, ау-
ыспалы мағынада қосарлы тіркестер құрай отырып, басқа мағыналы 
сөздермен тіркесіп барып, өзін айқындайды. Ал сенің түбіңе, көшеттің 
түбі  дегенде  омонимиялық  сипат  беріліп,  көмекшілік  мән  әлсірейді. 
Мұнда  екі  қатынас  аралас  келіп,  иерархиялы  қатынастар  түзілуіне 
мүмкіндік бар, дегенмен парадигматикалық байланыстар полисемия, 
синоним,  антоним,  омонимдерге  тән  болып  келеді.  Ал  лексикалық 
синтагмалық  қатынастарды  анықтау  үшін  мәнмәтін,  сонымен  қатар, 
семантемалардың семаларының өзара мағыналық үйлесімділігі қажет. 
Туынды полисемантизмде екі қатынастың шегі айқын байқалатындай 
дәрежеге түседі. Тілімізде бұл ерекшелік, әсіресе, сын есім, зат есім, 
етістіктерге тән. Мысалға: құлау етістігін алайық:
а) «сүрініп  құлады» туынды полисемия бастапқы мағынада тұр; 
б) «құшағына құлады» – «ынтық болу» полисемиясы синтагмалық 
қатынас арқылы аңғарылып тұр;
в) «жылқы құдық басына құлады» – мәнмәтін (контекст) арқылы 
бұнда тұтасқан синтагмалық байланыс байқалады;
г) «емтиханнан құлады» – бұнда мүлде бөлек семалық құрылым 
пайда  болады  да  полисемия  радиалды  тәртіп  бойынша  лексикадағы 
жаңа  синтагматикалық  байланысты  куәландырады.  Бұл  тіркесім 
соңғы кезде қалыптасқан тілдік нормаға айналып тұр. Э.в.Кузнецова: 
«көпмағыналықты тілдегі бір лексемамен қатынасқан бірнеше мағыналық 
варианттың жиынтығы», – деп түсіндіреді [49, 101]. Полисемантизмді 
айыратын  басты  тілдік  өлшем  –  мәнмәтін  (контекст).  в.Н.Стукалова 
көпмағыналы  сөздердің  парадигматикалық  және  синтагматикалық 
қасиеттері  контекске  қатысты  болатынын  ескертеді  [138,  13-18].  Бір 
полисемиялы сөз, тіпті омоним немесе моносемия болса да, мәнмәтін 
ішінде  түрленіп,  өзгеріп,  дамиды.  Екі  жағдайда,  бірінші  сөйлеуде, 
екінші мәтін құрамында сөз, оның тұтасымы тіршілік етеді. Сөздердің 
омоним, полисемия болып құбыла бастауы тік бағытта ауыса алатын 
парадигмалық қатар түзеді. Парадигмалық байланыс сөз мағынасының 
ішкі логикалық аспектісіне сүйенеді. Бұл құрылым көпмағыналы сөздің 
ішкі  мәндік  парадигмасы  деп  аталады.  Көпмағыналықты  айырудағы 
ең басты ерекшелік оның семантикалық құрылымындағы ірі семаның 
басты парадигмаға айналып, басқа мағынаға байланыс арқылы көшуі. 
Үлкен парадигма ірі және кіші семалық құрамға өте отырып, лексика-
семантикалық  вариант  немесе  полисемиялық  бөлшек  тудырады.  Бұл 
семемалар осы парадигмада немесе синтагмада кейде бір-біріне қарсы 
да келеді. Лексема (сөз пішіні) және оның мағынасы (семема) контекст 
арқылы дамып отыруы тілде жүріп жатқан тоқтаусыз процестердің бірі, 
сондықтан сөздің басты мағынасы контекст арқылы айқындалмайтын 
мағына, тек бұл мағына лексикалық синтагматикалық байланыс арқылы 
сөз мағынасын дамыта алады. Мәселен, тіліміздегі қалып етістіктерінің 
парадигматикасы мен лексикалық синтагматикасы иерархиялық жүйеде 
дамығандықтан оның байланысу жолдарымен, жүйелерін ажырату қиын 
істердің бірі. М.оразов, К.К.дүйсекова қалып етістіктердің семантика-
сын жан-жақты зерттегенде олардың басқа сөздерді меңгеру қабілетіне 
де  назар  аударып,  қалып  етістіктерінің  контекст  жағдайында,  сөйлеу 
кезінде немесе үлкен синтаксистік тұтасым кезіндегі синтагматикасы 
семалық  құрылымның  тіркесіп,  ауысуына  орай  жүретінін  байқайды 
[142, 12]. Мысалы: тыныш отыр пунктуациялық белгі болмаса хабар-
лы немесе лепті сөйлем екенін аңғару қиын, дегенмен, бұл мысалды 
екі жағдайда қарасақ, жағымды, жағымсыз бағалау аңғарылады. Енді 
осы қалып етістігі бар тіркесті  сөздердің жүйесіне енгізейік, бірінші 
мысал; қыр басында тыныш отыр бұнда өзімен өзі шаруасын жүргізіп 
жатқан  жайбырақат  тіршілік  кейпі  бар.  Алайда,  ой  аяқталмағандай 
әсер  қалдырады,  басында  қарама-қарсылық  білдіретін  сыңары  бар 
сияқты. Екі сөйлемді синтагмалық қатынасқа көшірсек, мысалы: етек-
те көршілерімен жанжалдасып жүреді, енді қыр басында тыныш отыр. 
Бұнда «көпшілік үй» дегенді мегзеу бар, тыныш отырған осы үй емес 
пе? Антонимдік сипат көршілермен жанжалдасу тіркесінде байқалады, 
ал  жалғыз өзі сөз тіркесіне келетіндей болса керек. Енді толық алсақ: 
Қыр басында жалғыз өзі (үй іші) тыныш отыр болып шығады. отыр 
сөзінде  ұзақ  мерзімді  білдіретін  сема  нейтралды  қызмет  атқарады. 
Ал    жатыр  қалып  етістігінде  «ұзақ  уақытты  білдіру»  семасы  отыр 
етістігіндей  парадигма  құрамайтындай  дәрежеде  болатын  сықылды. 
Екінші мысал; күлкіні келтірмей тыныш отыр. Мұнда полисемиялық 
тізбек құраушы сөзбен қалып етістігі байланысқа түсіп тұр. отыр етістігі 
көмекшілік сипатта әртүрлі ЛСв-та топтар құрау мүмкіндігіне ие бо-
лады. Бұл тілдегі тоқтаусыз жүріп жатқан процесті көрсететін мысал, 
өйткені отыр етістігінің қатысуымен көптеген мағыналық бірлестіктер 
(Э.Косериу термині) жасалады. Мысалы:
а)  бағыт  –  бағдарды  білдіретін  полисемия:  барып  отыр  (Сол 
ауылға келін болып барып отыр), келіп отыр (осы ауылға құда болып 
келіп отыр).
б)  мекенді  білдіретін  полисемияның  синтагмасы  күйеуде  отыр, 
(яғни  күйеуге  шыққан),  жоғарыда  отыр  (үлкен  лауазымды  қызметте 
дегенді білдіреді), яғни полисемиялық қызмет туады.


264
265
в)  мезгілді  білдіреді:  мысалы:  күйеуге  кетіп  отыр  (биыл):  сол 
биылды  алсақ,  (биыл  орнынан  кетіп  отыр),  яғни  үлкен  қызметінен 
кеткендігін білдіріп тұр.
г)  полисемия,  омонимия  мағыналық  байланысынан  туған 
макроқұрылымдар,  сондықтан  мағыналық  үйлесімділікке  сүйенген 
байланыс  беріктік  және  үнемі  қозғалмалы  қасиетімен  ерекшеленеді. 
Антонимия, синонимия құбылыстарында парадигматикалық байланыс 
анық  дәрежеде  байқалса,  омонимия  мен  полисемияда  парадигмалық 
қатынас  синтагмалық  байланыспен  араласа  келеді.  Бұндай    күрделі 
құрылымның  антонимиясы орыс тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны 
болды. в.А.Иванова антонимдерді зерттеп, өз монографиясында поли-
семиялы сөздердің антонимдік қасиетін, оларды тудырудың парадиг-
матикасын,  синоним  мен  полисемияның  деривациясын  қарастырады 
[251].  Әр  тілдегі  семантикалық  қатынастың  жүзеге  асуы  әртүрлі 
деңгейде  жүреді,  себебі  ішкі  және  сыртқы  лингвистикалық  фактор-
лар  полисемантизм  мен  омонимия  құбылысының  әркелкі  дамуына 
ықпал етеді. Әркелкі дамудың басында әр ұлттың түрліше дыбыстау 
ерекшелігі де тұрады. «Англ. quack «кряканье» (уток); (разг.) кряква, 
утка;  quackle  «крякать»;  cackle  «кудахтенье»;  клохтанье;  gaggle  «го-
готанье; стадо гусей; гоготать. Ср.каз. қақылда (қақылдаған тауықтар 
«кудахчущие  курицы»).  Совпадение  английского  и  казахского  звуко-
подражательных  корней  полное  не  только  по  форме,  но  и  по  содер-
жанию» [252, 84]. Тілімізде аққудың сұңқылдайтынын не сыбырлай-
тынын, үйректің ғақылдайтынын, қаздың қаңқылдайтынын еске алсақ, 
құстар мен жануарлардың дыбыстауын білдіретін етістіктер тек сол құс 
не жануарға ғана тән дыбыстауды беріп, айқын лексикалық синтагма-
тиканы құрайды. одағайлардың, еліктеу сөздердің әр түрлі дыбыстау 
жиілігінде келетіні сияқты лексикадағы даму заңдылықтары түрліше 
болады.  Сол  себепті  контексті  аударуда  семантикалық  байланыс  дәл 
орнына келмегендіктен сол сипатта аудару мүмкін болмайды. Бұл ту-
ралы  М.оразовтың  пікірін  келтіре  кеткен  жөн  болар:  «Синтагмалық 
байланыстың  белгілі  бір  халықтың  тілдік  дәстүрімен  байланысты 
екендігін мойындау тілдерді салыстыра үйренуде тигізер пайдасы мол. 
Бір тілден екінші бір тілге текстерді тікелей аударғанда кей тіркестер 
сөзбе  сөз  аударуға  келмейді  (тек  тұрақты  тіркестер  ғана  емес,  еркін 
тіркестер де)» [7, 198]. Мысалы, қату етістігінің лексикалық синтаг-
матикасы өте күрделі құрылым құрайды және бұл құрылым бүгінде 
белгілі  схемалардан  Б.А.Плотников  пен  в.Ф.Трайковская  сызбасына 
келеді. Мұнда қату етістігі антонимдік парадигма құрайды: бірде қату, 
бірде  тату.  Полисемантизм  қатарын  дамытып,  фразеологизмдердің 
сыртқы синтагмалық байланысын жасайды; қабағы қату, сеспей қату, 
қаншырдай қату, мейіздей қату, тіл қату, үн қату т.т., ал моносемиялық 
қалыптар тілдік айналымға енбестен бұрынғы жағдай: мұз қату, сүт қату, 
су қату түрінде болады. Лексикалық синтагматикаға ұлттың менталитеті, 
мәдениеті, салт-дәстүрі, сөйлеу мәдениеті, сөз іріктеу ерекшелігі күшті 
әсер етеді. Ұлттық тіл эпикалық сарыннан, риторикалық сұраулардан 
байқалған  сәтте  синтагмалық  байланыс  өз  ерекшелігінде  көрінеді. 
Мәселен: Арғымақ, сені сақтадым, құлағың сенің серек деп, Азамат, 
сені сақтадым, бір күніме керек деп [М., 79]. осында сақтау етістігінің 
узуалды мағынасы емес, ірі сигнификаттық сема арқылы өзектенген 
мағынасы лексикалық байланысты коннотациялық кейіпте жүзеге асы-
рып тұр. Бұндағы моносемия байланыстан қол үзіп, жаңа мағыналық 
макроқұрылымға ауысқан.
Ұлттық  ерекшелік  барлық  тілдерге  тән,  сондықтан  тілдердегі 
синтагматикалық  байланыс  өзіндік  микроқұрылым  түзеді.  Ұлттық 
ерекшелік барлық лексикалық құрамдағы сөздерден байқалып отыра-
ды.  Ұлттық  мәдениет  лингвокультурология  ғылымының  аспектісі, 
сондықтан ұлттық мәдениетке тән нышандар синтагмалық қатынастан 
да  аңғарылады. Бұл аспект  әсер еткен синтагмалық байланыста ар-
хисема  мен  айырушы  семалар  айқын  көрініп,  сол  ұлттың  адамы 
ғана  түсінетіндей  қатынас  түзіледі.  Г.Н.Смағұлова,  Ж.А.Манкеева, 
А.Ислам,  Н.Уәли,  А.Салқынбай,  Қ.Рысберген,  К.Күркебаев  т.т.  сын-
ды  ғалымдардың  еңбектерінде  ұлттық  мәдениет  бірліктері,  руха-
ни,  материалдық  мәдениет  лексикасы  зерттелген.  Егер  синтагмалық 
қатынас  құраудағы  ерекшелігін  қарастырғанда  полисемия  мен  омо-
нимия  пассив  түрде  келеді.  Этнографизмдер  мен  культуремалардан 
гөрі,  ұлттық  концептке  ие  ұғымдардан  синтагмалық  қатынас  анық 
байқалады.  Б.  Татаринцев  тува  тіліндегі  материалдық  лексика  «тыр-
тыг» сөзінің полисемиялық байланысын көрсетеді:
а) тыртыг - босанатын әйел жеңіл босануы үшін ұстап, асылатын 
жіп;
б) ағашты арқаға салып тасу үшін байлайтын жіп; [135, 19]. Бұнда 
зерттеушінің ойынша, полисемиялық негіз болып отырған архисеманың 
жылжуы. Бұл жерде, әрине, біреуі жуан, берік жіп болса, біреуі жеңіл-
жіңішке,  берік  жіп.  Екеуі  жұп  құрап,  омонимиялық  құбылыстың 
қатарына  еніп  тұр.  Қазақ  тіліндегі  бұйда  жіп,  шуда  жіп  сөзі  басқа 
ұғымды  білдіреді,  тек  қазақ  тілінде  бұйда,  шуда  анықтауышы  қатар 
келіп тіркеседі. Бұл синтагмалық байланыстың күшейген түрі. Ал жел 
бұйда, бұйда пышақ сөздеріндегі бұйда омоним болып тұр. Жел бұйда; 
түйенің мұрындығына байланатын жіңішке берік жіп, бұйда пышақ; 
архаистік  пышақтың  ұзын  түрі  (қазір  қолданылмайды).  Тіліміздегі 
сөз  бұйдаға  салу  тіркесінде  бұйда  сөзінің  мағынасы  көмескіленген, 


266
267
сондықтан мұндағы бұйда сөзінің синтагматикалық байланыс құрауы 
сөзді бұйдаға салу болғанда сақталып, бүгінде жымдасып кеткендіктен 
дұрыс аңғарылмайды. Солғын синтагматикалық байланыс сақталады 
да, лексикалық мағынаның құрылымындағы микробөлшектердің өзара 
қатынасын  сақтайды.  Бұл  Р.Барлыбаев  көрсеткен  сөз  мағынасының 
дамуына метафоралық, метонимиялық ауысуға жол ашады [253, 12]. 
Мәселен, «талқыға салу» тіркесі «қалың теріні екі жағы да ара тісті 
сияқты кертілген ағаш құралмен жұмсарту» (дәркембай Шоқпарұлы 
түсініктемесі)  дегенді  білдіреді  немесе  С.Мұқановтың  түсіндірмесін 
алайық:  «Жүні  жидіген  теріні  жайып  кептіреді  де,  оның  құрыс-
тырысын жазу үшін «талқы» аталатын тістері кедір-бұдыр сайманмен 
созғылайды.  Міне,  осы  иленген,  талқыланған  терінің  аты  –  қайыс» 
[С.М., 121]. Бүгінде  бұл мағынада қолданбай «мәселені қарау, маңызды 
сұрақты көп адамдар отырып шешу» мағынасында қолданылады. Бұл 
көпмағыналылықтың көшуіне қолайлы мағыналық үйлесім әсер еткен. 
Мағыналық үйлесім синтагматикалық қатынастың алғашқы көрінісі, 
сол себепті әр тілдегі «ғаламның тілдік бейнесі» қалай көрінеді, қандай 
жағдайда индивидтермен қабылданады, сол жағдайда полисемантизм, 
омонимия,  антонимия,  синонимия  категориялары  дами  бастайды. 
Сөздің  дыбыстық  қабығының  үйлесуі  омонимияның  басты  шарты. 
Бұл қағидаға сүйене анықтау омонимияны тануға жеңілдік туғызады, 
алайда  көпмағыналылық    тәрізді  болып  келетін  сөздердегі  омоним 
құбылысын ажырату оңай іс емес, сондықтан кейбір Ә.Болғанбайұлы, 
Ғ.Қалиұлы  тіліміздегі  омонимдердің  бірқатары  көпмағыналылық 
категориясының дамуынан пайда болған деп жорамалдайды [30, 196]. 
Мұнда «жал» сөзінің омонимиясын түсіндіреді:
а) жал – ұзыннан ұзын созылып жатқан қырқа, белес;
б)  аттың  жалы.  Сонымен  қатар,  атавизмнің  қалдығы  омыртқа 
үстіне мойыннан белге дейін бойлап өскен қылды халқымыз «жал» деп 
атайды. Сондай-ақ, ер адамның төс жүнін  тек бір аумақтарда «жал» 
деп  атаған.  Ұлы  күйші  Құрманғазы  Сағырбайұлын  еліміздің  батыс 
өңірінде «жалды ата» деп атайды, өйткені ол кісінің арқасында жалы 
болған және тарихта Көкжал Барақ деген сұлтан болғаны белгілі т.т. 
Бұл  омонимия  ма,  әлде  полисемия  десек,  ол  сөздердің  синтагмалық 
байланысқа түскен семалық құрылымына назар аудару қажет. Аттың 
жалы, ер адам жалы дегенде бір мағынадан шыққан полисемия, яғни 
«мойын омыртқа үстіне шыққан ұзын қыл тізбесі» ядерлы сема бола-
ды, қысқаша айтқанда «ұзын қыл тізбесі». Бұл сема ландшафт суреті 
«жал»  сөзіне  берілгенде  «ұзыннан  созылған»  семасы  айқындалады 
да қыл тізбесі мүлде байқалмайды. Мысалы: «Сағындық жалы» ата-
латын  жотадағы  ағаштан  біз  шығып  кетеміз.  Бұл  жотаның  оң  жақ 
қабырғасын ала, жарыса біткен «Сәдір шоғы» дейтін бір жал бар, сол 
жағында жарыса біткен «Елтін» дейтін жал бар» [С.М., 21]. Сондықтан 
синтагматикалық байланыс әлсірейді де, жал сөзі омоним құбылысына 
айнала  бастайды.  Ғ.Мұсабаев:  «Сөздің  контекстік  мағынасы  бо-
луы – өткен өмір қажетінің еткен әсері. Сондықтан жал деген сөзде 
бірімен бірі алыстан байланысқан алты түрлі мағына бар екен. Жал: 
1) адамның омырау түгі; 2) жылқының желке қылы; 3) желке майы; 
4) таудың ұзынша қыры; 5) ақы алып, кісіге жүруі; 6) жер айдағанда 
жыртылмай қалған жер. Бұлардың бәрі де өз алдына дербес мағына», – 
дейді [11, 40]. Тілімізде көпмағыналылық осындай семантикалық бай-
ланыстан пайда болған омонимдер бастауы ретінде қызмет атқарады. 
Бұған  тілдегі  сөз  мағынасының  кеңеюі,  тарылуы,  үнемдеу  заңдары 
күшті  әсер  етеді.  Алайда,  белгілі  бір  семаның  бір  сөз  мағынасынан 
екінші сөз мағынасына көшіп отыруы полисемантизмнің басты шар-
ты.  Бұл  даму  барысында  семалық  ортақтықтың  әлсіреуі  лексикалық 
синтагматикалық  байланыстың  солғындауына  алып  келеді.  Қорыта 
келгенде,  полисемия  мен  омонимияның  синтагмалық  байланысын 
аңғару  қиын  істердің  бірі,  себебі  синтаксистік  байланыстан  бөлек 
лексика  элементтері  арасындағы  лексикалық  синтагматика  сөздерді 
дамытатын  жол  болып  есептеледі.  Полисемия  мен  омонимияның 
лексикалық  синтагматикалық  байланысын  зерделей  келе,  мынадай 
тұжырымдар жасауға болады;
а)  Парадигматикасы  басым  категорияларға  антонимия,  синони-
мия жатса, омонимия мен полисемияда парадигмалық байланыс пен 
синтагмалық байланыс тең дәрежеде көрінеді.
б) Полисемияның семантикалық байланысы омонимияға қарағанда 
күрделі, өйткені терең иерархиялы жүйеде алмасқан түрде дамиды.
в)  Полисемияны  омонимиядан  ажыратудың  басты  шарты  бір 
микроқұрылымның барлық сөздердің мағынасына ортақ болуы; мыса-
лы: адамның басы, таудың басы «жоғарғы жағы» семасының ортақтығы 
полисемантизм белгісі.
г) Полисемия синтагматикасында мынадай факторлардың әсерінің 
молдығы:
1) ұлттық діл (менталитет);
2) ұлттық мәдениет, салт-дәстүр әрекеттері;
3) басқа тілдік қоғамның қалыптасуы;
4) сөйлеу актісінің дамуы ерекшелігі. Міне, осы себептерге орай, 
лексика элементтері арасындағы синтагмалық қатынас мағыналардың 
даму  жүйелілігін  тәртіпке  салатын  қатынас  түрі.  Синтагматикалық 
байланыстың  мәнмәтінге  тәуелді  болуы  сөз  мағыналарының  ішкі 
мәндік қатынасына байланысты болады. Сөздердің бір-бірін қабылдап, 


268
269
қабылдамауы, синтагматикалық байланыстан туатын мәселе, ал бұл өз 
алдына «контекстік тізбек тұтасымдарды, семантикалық стилемаларды» 
қалыптастырады [254, 102]. Сондықтан лексикалық синтагматикалық 
қатынас  мәнмәтін  ішінде  ғана  айқындалып,  нақтыланып,  құбылып 
өмір сүреді десек қателеспейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет