Хаттама № С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 8 «Б» сыныбында сынып жиналысы жүргізілді Барлығы 18 оқушы



бет2/7
Дата13.04.2023
өлшемі37,29 Kb.
#82359
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Мәдениет секторыАбуова Іңкар
•Сынып жетекшісіне сыныптағы іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі;
•Мектептің тәрбие жоспарымен танысады, соларды өз жұмыс жоспарына енгізеді;
•Сыныптың мектепішілік іс-шараларға қаысуына атсалысады;
•Сыныптастарды, мұғалімдерді құттықтау мерекелерін ұйымдастырады;
•Қызықты кештер, диспуттар, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастырады.
•Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сынып сағаттарында хабарлайды.


Спорт секторы- Абдилда Дильман
•Мектепішілік жарыстарға қатысатын команда құрайды;
•Дене-шынықтыру пәні мұғалімімен байланыста болады;
•Жарыстарға қатысу үшін іс-қағаздарды толтырады;
•Сынып жетекшісімен бірігіп, сынып ішінде кіші спартакиада өткізеді;
•Өткізген жұмыстары жөнінде сынып жиналысында баяндайды.

Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:


1. Жол тәртібін сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.
2.Сынып белсенділері қызметін атқару сынып белсенділеріне міндеттелсін.
3. Оқушыларға оқу формасын кию міндеттелсін.
4.Оқулықты ұқыпты ұстау,жеке бас гигиенасын сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.

Жиналыс төрайымы _____________ Асанова Әсел




Сынып жиналысының


Хаттамасы №

10.10.2022ж.

Күн тәртібінде

  1. 25 қазан – Республика күніне арналған мектепішілік мерекелік іс-шараға дайындық. Жауапты: Сынып жетекші: Байжұман Г.

  2. Оқушылардың тәртібі

  3. Оқушылардың сабаққа қатысулары туралы

Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Асанова Әсел апай сөз алып, биылға алда еле жатқан 25 қазан - Республика күні туралы түсінік берді. Сонымен қатар осы мерекелік күнге орай мерекелік салтанатты кештің өткізілуі 8 «Б» сынып оқушыларына жүктелгенін айтып, ары қарай оқушылармен бірлесе отырып сценарий жасады.


Екінші мәселе бойынша сыныптағы белсенді оқушы Досполова Каусар сөз алды. Ол өз сөзінде оқушылардың тәртібі жақсы екенін дегенмен кейбір оқушылардың тәртібі нашарлап, сабаққа дайындалмай келетінін айтты. Осы мәселе бойынша тазалық секторы Шүкірбек Ажар да сөзге шығып, сынып оқушыларының тазалығы жақсы екенін айтты.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекші оқушыларға мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырды. Сыныптағы оқушылардың мектепте өз-өзін ұстауы, мұғалімдерді сыйлауы керектігі айтылды. Басқа сынып оқушыларыменде тату болуы, олармен етене араласып, дос болуға шақырды. Сонымен қоса себепсіз сабақтан қалмаулары жайлы ескертілді. Жиналыс соңында төмендегідей қаулы қабылданды.
Қаулы:

  1. 25 қазан – Республика күніне арналған іс-шараның өз деңгейінде өтуі сынып жетекшісімен сынып оқушыларына жүктелсін.

  2. Сынып оқушыларының тәртібі мен тазалығы жақсы деп есептелсін.

  3. Оқушылар себепсіз сабақтан қалмай, сабаққа белсенді қатыссын.

Сынып жетекші: Асанова Әсел.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет