Хаттаманы толтыру



бет1/3
Дата18.05.2023
өлшемі415,45 Kb.
#94561
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Õàòòàìàíû òîëòûðó


Сабыр Ақмарал
П20-004-02
ТӘЖІРИБИЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ІС-ӘРЕКЕТІ БОЙЫНША (ЖЖІӘ)
ТАҚЫРЫБЫ: Шартты және шартсыз рефлекстер. Қыртыстық тежелу, түрлері. Әртүрлі жастағы балалардың ЖЖІӘ ерекшеліктер (ПФ үшін).


ХАТТАМАНЫ ТОЛТЫРУ:
1 тапсырма. Шартты және шартсыз рефлекстердің негізгі айырмашылықтарын кестеге толтырыңыз

Шартты рефлекс

Шартсыз рефлекс

Жүре пайда болған ;

Туа біткен ;





Жекешілдігі;



Түрлік;



Кез-келген индиферентті тітіркендіргіште байқалады.



Рефлекс арнайы рецептивтік өріске арналған тітіркендіргіште байқалады



Рефлекстік доға тұрақсыз( уақытша байланыс);



Рефлекстік доға тұрақты;





Тұрақсыз;



Рефлекс тұрақты ,әрі нықты;

Рефлекстік доға ми қыртысында тұйықталады;

Рефлекстік доға қыртыс асты құрылымында тұйықталады ;



2 тапсырма.Шартты рефлекстің қалыптастыру шарттарын (ережелерін) көрсетіңіз.

қ/с







Шартты рефлекстің қалыптастыру ережелері



1

Шартты және шартсыз тітіркендірулердің әсері біз мезгілде ұштасуы керек

2



Шартты тітіркендіргіштертің әсері бұрын берілуі қажет

3



Шартты тітіркеніу тек бағдарлау рефлексін шығаратын күйде әлсіз және талғаусыз болуға тиіс

4



Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімінің қалыпты жағдайда болуы керек

5



Тәжірибе кезінде бөтен тітіркендіргіштер әсер етпеуі керек

3 тапсырма. Қыртыс-қыртысасты деңгейде шартты рефлекстердің қалыптасуын қамтамасыз ететін механизмдер. Мысал келтіріңіз және өз жауабыңызды түсіндіріңіз.


Қыртысы-қыртысасты бірлестіргіш жүйе - бұл мидың көптеген болімдерінің уакытша байланыс жасау үшін бірігетін ерекше дәрежелі күрылым үйымы. Оларды меңгеретін түрлі заңдылықтары бар әрекеттік және кеңістіктік одақтары болады. Олардың ішінде таламус-париеталды және таламус-фронталды уласқан бірлестіруші жүйелері маңызды орын алады. Мидың төбе аймактары шектеуші бiрлестiрiлiс қүрамына кіреді. Олар зақымданғанда шартты рефлекстік тірліктің іріктеуші зейін, ағымдагы әрекеттерді бағыттау, танылган сигналдарға бағдарлы қимылдарды қалыптастыру үрдістері бүзылады. Ал ұластырушы мандай аймақтары мидың басқа екі әрекеттік жүйелерімен тығыз бай-
ланысты болады: а) тобе-самай жүйесі - коптеген әртүрлі райлы ақпаратты оңдеуге жане бiрлестiруге, ә) теленцефалиялық лимбиялық жүйе ортаңғы, аралық ми курылымдары арқылы оның сезімдік және кимыл тетіктеріне қатысады.
Бүл жүйелер шамасы жинақы мінез әрекетінің ең жоғары күрылымына епеді. Алайда онда өзінің едәуір дербестігін сақтайды, әрі жеке қызметін атқарады. Шартты рефлекстер жасағанда ми қыртысы мен қыртысасты күрылымдардың электр корсеткіштерін тексеріп, уақытша байланыстың алғашқы тұйықталу белгілері ең алдымен торлы курылымда пайда болатындығы анықталды.
4 тапсырма. Қыртыстағы тежелу түрлерін сызбада толықтырыңіз

5 тапсырма. Мәселелік тапсырманы шешіңіз
Науқастың шүйде және төбе бөлімдеріне бірнеше қайталау арқылы ЭЭГ (қисық сызығы) жазылды. Электроэнцефалограмма алғашқы бірнеше қайталауларда классикалық түрде қалыпты болды. Алайда, келесі сеанстарда электроэнцефалограмма науқастың қалыпты жағдайда емес екенін көрсетті. Дәрігер зерттелушінің неге алаңдап отырғанын сұрады. Науқас жазбаша бақылау жұмысын жасап жібергенін, ішінде бір тапсырманы шешу кезінде үлкен қателік жібергенініне алаңдаулы екенін айтты.Науқастың қалыпты ЭЭГ қандай (қалыпты жағдайдағы ЭЭГ қисық сызығын салыңыз)? Науқастың алаңдаулы күйін дәрігер қалай анықтады?
Жауабы: Науқастың қалыпты жағдайда ЭЭГ альфа ритм байқалады,ол 8-13гц аралығында корсетеді. Науқастың алаңдап отырғанын дәрігер ЭЭг ритмнің өзгеруі арқылы байқады.

6 тапсырма. Мәселелік тапсырманы шешіңіз


Әдетте шартты рефлекс пайда болуы үшін шартсызға қарағанда күші аз шартты тітіркендіргіштер қолданылады, ал қарама-қарсы жағдайда рефлекс пайда болмайды. Сонымен, мысал келтірсек, өте күшті шартты тітіркендіргіштін әсерінен тағамдық шартты рефлекс тудыру мүмкін емес. Бірақ, зертханалық жағдайда мұндай шартты рефлекстің пайда болуы байқалды. Итке күшті электр тогымен әсер еткенде, алдымен күшті қорғаныс реакция пайда болды (қатты үру, күшею, қашуға тырысу). Бірақ содан соң, бір-неше ұштастырудан кейін барып, жалаңдап, сілекей бөліп, құйрығын бұлғақтатты. Мұндай нәтижеге қалай қол жеткізді?Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Жауабы: Шартты рефлекс қалыптастырарда пайдаланылатын адам немесе жануар іс жүзінде керексіз бөгде әсерден және тәжрибешіден арнайы бөлмеген оқшаулануы керек. Тәжрибеші камераның сыртында отырып, қашықтықтан тітіркендіргіштерді қосып жануардың мінез озгерістерін байқайды, яғни бұл кезде қорғаныш рефлексі пайда болып электр тогына қарсы әрекеттердер көрсетеді. Уакыт өте келе оған бейәмделіп шартты рефлекс қалыптасып ол іс әрекеттерін доғарады.

7 тапсырма. Мәселелік тапсырманы шешіңіз


И.П.Павлов зертханасында алғашқы рет дыбысты қолдану арқылы тағам шартты рефлексі қалыптастырылды. Осы тәжірибиені ұлы физиолог студенттерге дәріс кезінде көрсетуді шешті. Алайда көрсете алмады. Шартты тітіркендіргіштің әсеріне сілекей бөлінбеді. «Сәтсіздіктің» себебін түсіндіріңіз. Осы байқалған ЖЖІӘ заңдылықтарын Павлов кейін қалай деп атады?Осы байқалған құбылыстың адам өмірінде пайда болу белгілері мен оның механизмдерін жазып түсіндіріңіз.
Жауабы: Шартты тітіркендіргіш көп уакыт қайта-қайта тез қайталамағандықтан және әлі шартты рефлекс қалыптасып үлгермегендіктен сілекей бөлінбеді.

8 тапсырма. Электроэнцефалограммадағы толқын түрлерін анықтаңіз. Осы толқындар организмнің қандай функционалдық жағдайларында тіркеледі? Толқындарға сипаттама беріңіз.



1)Delta(δ)0.1-3 Гц --Түс көрмеген терең ұйқыға шомғанда


2) Theta(θ)4-7 Гц-- Ересектер көңіл күйі қысымға ұшырағанда, әсіресе сәтсіздік, үмітсіздік туылғанда
3)Alpha(α)8-15 Гц --Бос, тыныш, көзі жұмулы бірақ ояу болғанда
4)Beta(β)-төмен диапазон (Low Range)12.5 - 16 Гц-- өзін кең ұстап, бірақ зейіні шоғырланғанда. Орта диапазон (Middle Range)16.5 - 20 Гц -- ойлау, мәселе шешім ету күйінде. Жоғары диапазон (High Range)20.5 - 28 Гц --Тебіреніс, абыржу
5)Gamma(γ)25 -100 Гц(әдетте 40 Hz)--Жоғары сана күйі, бақыт сезімі, қысымнан құтылу, толғану
6)Lambda(λ)Қозғатылған әлеует --Көз жарық шағылысқанда 100 мс кейін қозғатылғанда
9 тапсырма. Тест тапсырмаларын шешіңіз. (Назар аударыңыз!Бірнеше жауап нұсқалары дұрыс болуы мүмкін)

1.Шартты рефлекстің сипаттамалары:



  1. түрлік

  2. уақытша

  3. тұрақты

  4. туа біткен

  5. жасанды

  6. жүре пайда болған

  7. жеке




  1. Жарық жарқ еткенде кірпік қағу қандай рефлекс болып табылады?

  1. шартты

  2. қорғаныс

  3. шартсыз

  4. вегетативті

  5. жасанды

  6. кешіктірілген




  1. Шартсыз рефлекс қатарына жатады:

  1. түшкіру және жөтелу

  2. жарыққа көз қарашығының тарылуы

  3. көз-жүрек рефлексі

  4. тағамды көргенде сілекейдің бөлінуі

  5. иттің мойын бауды көргенде есікке қарай жүгіруі

  6. старталдында жүгірушінің тыныс алуының жиілеуі




  1. Шартты сигналды шартсыз тітіркендіргішпен нығайту уақытын сипаттау жағынан қарастырғанда болатын шартты рефлекстер түрі:

  1. іздік

  2. нақтылы

  3. сомалық

  4. жылжытылған

  5. ілеспелі

  6. вегетативті

  7. қозғалтқыш

  8. кешіктірілген

5. Шартты рефлекс болып табылады:



  1. шаршаған кезде ұйқысы келу

  2. шектен тыс дыбысқа иттің реакциясы

  3. кездейсоқ шаншу кезінде қолды тартып қалу

  4. старт алдында жүгірушінің тыныс алуының жиілеуі

  5. бағдаршамның жасыл түсіне адамның реакциясы

  6. лимонды көргенде адамнан сілекей бөлінуі


6. Қыртыстық тежелу ықпал етеді:

  1. организмнің бейімделу үрдісін баяулатуға

  2. тыйым түріне әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына

  3. қозғалыс дағдыларының қалыптасуының әлсіреуіне

  4. қыртыста қажетсіз уақытша байланыстардың жоғалуына

  5. үйлестіруші рефлекстердің қалыптасуының төмендеуіне

  6. сипатына қарай жақын тітіркендіргіштердің жетілдірілуіне

7. Қыртыстағы тежелудің түрлері болып табылады:



  1. қайтымды

  2. шектен тыс

  3. пессимальды

  4. өшуден тежелу

  5. кешіктірілген

  6. шартты тежелу

  7. пресинапстық

  8. ажыратылған

10 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:





    1. Инстинкт (ырықсыз сезім) дегеніміз тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда сәйкес жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез-құлығының жиынтығы. Оның сапалы ерекшеліктерін жануарлар түр-сипатының

морфологиялық өзгешеліктерімен қатар жүйе топтастық белгісі ретінде пайдаланады.
Инстинкт әрбір жануарда айтарлықтай тұрақты болады. Алайда ол нактылы жағдайларда барынша озгеріп отырады. Дегенмен мінез-қүлықтың табиғи құрамында түр сақтайтын және тұқым жалғастыратын эволюциялық дамудың барлық тәжірибесі сақталады. Әрине,
мүндай әрекет бағдарламасының қатаң шарттары өзгермейді және сыртқы кездейсоқ әсерлер ықпалынан да өзгере бермейді.



    1. Шартты рефлекс қалыптастыру кезінде шартты тітіркендіргіштің шартсызбен салыстырғандағы биологиялық мәні....... көп, аз, маңыздылығы жоқ (дұрыс жауаптың астын сызыңыз).

БАӨЖ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет