Хх ғасыр бас кезіндегі қазақ әдеби байланыстары



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата13.09.2022
өлшемі315,27 Kb.
#38975
1   2   3
 ХХ ҒАСЫР
БАС КЕЗІНДЕГІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ
БАЙЛАНЫСТАРЫ 


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5 (163). 2016
6
ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдеби байланыстары 
билеп-төстеудің қуатын арттыру, рухани тонау, 
шоқындыру шараларын жандандыра жүргізумен 
сабақтастырыла іске асы-рылды. Міне, осындай 
белгілі бағыттағы іс-әрекеттер күшейе түскенде, 
Россиядағы өзге мұсылман жұртындағыдай 
қазақ даласында да «мұсылмандық қозғалысы» 
өріс алды. Бұл, әсіресе, діни-ағартушы бағыттағы 
ақын-жазушылар шығармашылығына ерекше 
әсер етті. Олардың осы тұстағы өлеңдерінде ой 
еркіндігі өзгеше тыныс ашқандай. «Халықты 
ояту» идеясын діни бағыттағы ақын-жазушылар 
адамгершілікпен, имандылықпен, діни іліммен 
астастыра отырып, Абай салған сыншыл реализм 
жолына түсіп, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетте 
өзіндік деңгейде із қалдырды. Олар тек діни 
уағыз аясында қалып қоймай, қоғамдық өмірдегі, 
тұрмыс-тіршіліктегі келеңсіз жайларды сы-
най да білді. Діни имандылық, ізгілік идеялары 
тұрғысынан өз тұсындағы әлеуметтік теңсіздік 
көріністерін шама-шарқынша көрсетіп отырды. 
Діни ағартушылық ағымын сөз еткенде, оның 
шығыс және исламдық әдебиетпен байланысы 
нақты көзге түседі. ХХ ғасыр басындағы әдеби 
байланыста бұл бағыт өкілдері шығыс және 
ислам дүниесімен жоғарыда айтқан үндестік 
пен ықпалдастықты артыра түсті. Жәнеде діни-
ағартушы ақындар шығарашылығының шығыс 
әдебиетімен байланысы түрікшілдік идеядан 
өріс алып жатқандығын жоққа шығаруға бол-
майды.
Әрине, бұл әдеби байланыс тек ХХ ғасырда 
ғана пайда бола қалған жоқ. Оның тарихи негізі 
тереңде жатқаны анық. Әйтсе де ХХ ғасыр ба-
сында шығыстық әдебиетпен байланыс белгілі 
бір жүйелілікке түсіп, шығармашылық бағыт 
ретінде нақтылана алды. Бұл кезеңге дейінгі әдеби 
байланыстағы шығыс дүниелері қазақ жұртының 
өз дүниесіндей болып кетсе, ХХ ғасыр басындағы 
әдебиетімізге енген, жазылған дүниелердің 
қайдан келгені, кімнен алынғаны жайлы нақты 
деректер бар. Онда еліктеу де бар, үйрену де бар, 
сонымен қатар, өз шығармашылық мақсатына 
орай, өңдеу, жетілдіру де көзге айқын шалы-
нады. Бұның өзі қазақ ақын-жазушыларының 
басқа ел әдебиетіндегі өскелең жетістіктерді 
игеру, өзге әдебиеттен енген шығармаларға 
ұлттық сипат дарыту, көркемдік үлгілерді 
ортақтандыру ниетінен туған ұмтылысты та-
нытады. Әсіресе, түркілік дүниенің тұтастығы, 
қырымдық татар зиялыларының өкілі И. Га-
спринский көтерген тілде, істе, пікірде бірлігін 
уағыздау белең алған тұста діни-ағартушылық 
ағым қарқынды дамыды. ХХ ғасыр басындағы 
діни-ағартушылардың үлкен бір шоғыры Шәді, 
Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп, Мақыш, Нұржан, 
Ғұмар діни құндылықтарды насихаттап, мұ-
сыл ман жұртшылығының бірлігін нығайту 
жолындағы іс-шараларда үндесіп отырды.
Діни-ағартушылық бағыттағы ақындар 
орыстың езгісінде езіліп, діні мен имандылығынан 
айрылып, «ұйқышыл» халде күн кешкен қазақты 
оятуға үн қосты. Бұлар негізгі идея ретінде 
діни ағартуды ұсынды. Қазақ өміріндегі кесір-
кесапатты дінге көзқарас салқындығынан, дінді 
уағыздаушы шала молдалардың надандығынан 
деп білді. Бүкіл Россия мұсылмандарының 
бірлігінен ғана қазақ ұлтына жарық күн туа-
ды деп сенді. Міне, осындай белгілі бағыттағы 
іс-әрекеттер күшейе түскенде, Россиядағы 
өзге мұсылман жұртындағыдай қазақ даласын-
да да «мұсылмандық қозғалысы» өріс алды. 
Бұл, әсіресе, діни-ағартушы бағыттағы ақын-
жазушылар шығармашылығына ерекше әсер етті. 
Олардың осы тұстағы өлеңдерінде ой еркіндігі 
өзгеше тыныс ашқандай. «Халықты ояту» иде-
ясын діни бағыттағы ақындар адамгершілікпен, 
имандылықпен, діни іліммен астастыра отырып, 
Абай салған сыншыл реализм жолына түсіп, ХХ 
ғасыр бас кезіндегі әдебиетте өзіндік деңгейде 
із қалдырды. Олар тек діни уағыз аясында 
қалып қоймай, қоғамдық өмірдегі, тұрмыс-
тіршіліктегі келеңсіз жайларды сынай да білді. 
Діни имандылық, ізгілік идеялары тұрғысынан 
өз тұсындағы әлеуметтік теңсіздік көріністерін 
шама-шарқынша көрсетіп отырды.
Қазақ әдебиетінің жалпы шығыстық әдебиет-
пен байланыс арналарына әдебиет зерттеушілері 
түрліше көзқарас білдіреді. Мәселен ғалым 
Б. Әзібаева «Ислам дінін уағыздайтын дастан-
дар: «Сал-сал», «Сейіт баттал», «Зарқұм»; Ер-
тегілік-аңыздық және ғашықтық дастандар: 
«Сейфілмәлік», «Бозжігіт», «Абдулхарис», т.б.; 
Шығыс сюжетіне жырланғанмен, қазақтың 
төл туындысындай болып кеткен дастандар: 
«Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат» деп үш 
топқа бөліп қарастырады [1, 55]. 
Шығыстанушы ғалым Ө. Күмісбаев төрт 
топқа бөледі: 1.Дидактикалық-лирикалық қисса-
дастандар: «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиқа», 
«Мұңлық-Зарлық», т.б. 2. Діни бағыттағы да-
стандар «Салсал», «Сейітбаттал», «Жұмжұма», 
«Зарқұм», т.б. 3. Қиял-ғажайып фантастикалық 
шығармалар: «Шахмаран», «Абулхарис», «Абу-
шахма», «Шәкір-Шәкірат», т.б. 4. Батырлықты, 
ерлікті жыолайтвн дастандар: «Рүстем-Дастан», 
«Ескендір», «Қисса Баһрам», т.б. [2, 290].
Ежелгі әдебиетті және қазақ әдебиетіндегі 
шығыстық арналарды зерттеуші ғалым Алма 


ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. №5 (163). 2016
7
Әбдиманұлы Ө.
Қыраубаева да үшке бөліп қарайды. Бірақ ол 
«Мың бір түн», «Тотынама желілері», «Шахна-
ма желілері» және Орта Азиялық желілер деп 
бөледі [3, 6]. 
Жалпы алғанда, бұл бөліністердің бір-бірінен 
аса алшақ жатпағандығын аңғару қиын емес. Бірі 
шығыстан ауысқан дүниелерді жанр табиғатына 
қарай біріктірсе, екіншісі тақырыптық сипаты-
на қарай топтастырады, ал үшіншісі олардың 
түпнұсқалық негізіне орай біріктіреді. Алай-
да назар аударатын бір жағдай-жалпы шығыс 
дүниесінен ауысқан шығармалардың екі үлкен 
арнасы бар екендігі. Оның бірі діни уағызды 
негізге алған құран хикаяттарынан алынған 
туындылар да, екіншісі шығыстық әдебиеттің 
озық үлгідегі көркем туындыларынан алынған 
сюжеттер.
Шығыс әдебиетінің озық үлгілерін ха-
лыққа кең жайылған шығармаларды аудару 
арқылы үйрену, тәжірибе алмасу, шеберлік 
қалыптастыруда діни ағартушы ақындар, 
әсіресе, олардың кітаби ақындар деп аталатын 
тобы ерекше еңбек етті. Олар шығыс әдебиетінің 
жауһарларын өз оқырмандарына жеткізіп, озық 
дүниелерінен өнеге шашты. Шәді Жәңгірұлы, 
Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, 
Мәуленкей Жұмашұлы, т.б. ақындар шығыс 
әдебиетінің жоғарыдағы екі арнасынан да көп-
теген шығармаларды қазақ оқырмандарына 
жеткізіп, әдебиеттің өрісін кеңейтті. Оларды 
түгелдей назирашылдықты дамытқан ақын дар 
деуге болады. «Нәзира» (арабша – «Назират» 
– «жауап», «ұқсату» мағынасында) – мұсыл-
мандық шығыс поэзиясында орта ғасырларда 
қалыптасқан әдеби үрдіс белгілі бір ақынның 
өзіне дейінгі классикалық шығармаға «жауап» 
қатуы түрінде өнер сынасып, өлең жарыстыру 
мақсатында пайда болған» [4, 148]. Шығыстық 
классикалық поэзиясын назира дәстүрі арқылы 
бізге сіңісті еткен осы ақындар. Олар нәзира 
арқылы қазақ әдебиетін тақырып жағынан байы-
тып, мазмұндық тұрғыдан тереңдетіп, көркемдік 
сапасын жетілдіріп, тілдік қолданысын құнар-
ландыра түсті.
Жалпы шығыстық әдебиттің үлгілері 
Түркістан қаласы аймағы, қаратау өңірі, Сыр бойы 
ақындарында айрықша көрініс тапқан. Қаратау 
өңірінің ақындары Мәделі Жүсіпқожаұлы 
(1835-1898), Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911), 
Мұсабек Байзақұлы (1849-1932), т.б. шы ғар-
машылығында ислам тақырыбы, шығыс әде-
биеті үлгілері насихаттық, өсиеттік, өнегелік 
тұрғыдан көрініс тауып, олардаң өлеңдеріндегі 
негізгі ой идеяға айналады. Ал енді Сыр 
сүлейлері аталып, қазақ әдебиетінде өзіндік 
ақындық мектеп қалыптастырған өнерпаздық 
шо ғыр шығармашылығында исламдық маз-
мұн мен толыққан шығыс әдебиетінің эпика-
лық жанрдағы үлгілері жасалды. Базар 
Оң дас ұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Омар Шо-
раяқ ұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Жүсіп Еш-
ниязұлы, Жүсіп Қәдірбергенұлы, Даңмұрын 
Кенжебекұлы, Нұртуған Кенжеғұлұлы, т.б. 
осындай шығармашылық тұлғалар. Сыр бойы 
ақын-жырауларының Құран сюжеттерінен алы-
нып жазылған қисса-дастандары жоғарыда 
сөз болған нәзирагөйлік дәстүрдің жемісі. 
Тұмағамбет Ізтілеуұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, 
Омар Шораяқұлы, т.б. Сыр бойы ақындарының 
шығармашылығында Құран сюжеттер араб, пар-
сы, үнді, түркі халықтарының аңыз-ертегілерінің 
негізінде «Мың бір түн», «Тотынама», «Шах-
нама» желілері бойынша классикалық шығыс 
әдебиеті ақындары жырлаған дастандармен 
тақырыптас қисса-дастандарды қайталап жыр-
лау кеңінен қанат жайған үрдіс.
ХХ ғасыр басында қазақ ақын-жазушылары 
тек шығыстық әдебиетпен ғана байланысқа 
түсіп қоймай, жазба әдебиеті биікке көтерілген 
өзге де алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне 
көз салып, жан-жақты әдеби байланысқа түсе 
бастады. Осы тұста Ә. Бөкейханов, А. Бай-
турсынов бастаған батысшыл бағыттағы зия-
лылар тобындағы ақын-жазушылар батыстық 
әдебиетке көп еліктегені байқалады. Мәселен, 
бұл жайт «Қазақ» газетінде жарияланған (1916, 
№164) «Әдебиетімізге көз салу» атты «Н» 
бүркеншік есімді автордың бағдарламалық 
мақаласынан көрінеді. Мұнда әдебиеттер байла-
нысы, бір-біріне әсері, үйрену, тәжірибе мектебі, 
дәстүр мен жаңашылдық жан-жақты сөз болып, 
қазақ әдебиетінің бет-бағдары қандай болуы ке-
рек деген өткір сұрақ төңірегінде ой қозғалады.
Қазақтың жазба әдебиеті жаңа қалыптасып 
келе жатқан жас әдебиет. Ендеше ол кімнен 
үйренуі керек, кімге қарап түзелуі керек деген 
мәселеде автор пікірі айқын. Ол алдыңғы қатарлы 
Еуропа әдебиетінен үйрену керек деген кесімді 
пікірін айтады. Бірақ автор көзсіз еліктеуге 
қарсы. «Еліктеу сондай нәрсе, оның мүмкін 
қадар есімізге кем түсірелік, бірақ басқаларға бас 
бүтін ермеу біз секілділер үшін қиын іс... Еліктеу 
дәуірін басымыздан кешірмей кете алмаймыз» 
[5]. Көзсіз еліктеу неге апарып соғарына ол 
бірнеше әдебиетті барлай отырып көз жеткізеді. 
Шағатай әдебиетінің араб, парсы әдебиетінің 
әсерімен дәуірлегенін, бұл әдебиеттің Науаи 
сынды ірі өкілдерінің, Ширази, Сағди, Хайам 


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5 (163). 2016
8
ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдеби байланыстары 
сияқты парсы әдебиетінің классиктерінен көп 
үйренгеніне зер салады. Бірақ бұндай еліктеудің 
үнемі жемісті бола бермесіне, Осман-түрік 
әдебиетін мысалға келтіреді. «Басқалардан 
үлгі алып еліктеу ғатманыларда (осман-түрік. 
– Ө.Ә.) күшейгені сонша, бір сыншының айту-
ынша, ескі Визанис (Византия. – Ө.Ә.) бағында 
серуендеп жүрген иран қызына ұқсап қалды», 
– дейді ол. Неліктен Еуропа әдебиетіне еліктеу 
керек екендігіне мақала авторы мынандай дәлел 
ұсынады: «Өйткені Еуропа мәдениетінің бар асы-
лы – рух сыны – дух критицизма; Бұл бізді жүре 
алмайтын тұйыққа, шыға алмайтын шыңырауға 
алып кетпес. Еліктеуіміз өлшеуден шығып бара 
жатса, рух сыны бізді жана көзімізді ашып, 
қатамызды көрсетер. Абай адабиятымыздың ата-
сы бұл жолдың қорқынышсыз, біздің үшін пай-
далы екенін сезіп, сол жаққа бұрылды. Әйтпесе 
Абай үшін ғарап, ғажам (парсы. – Ө.Ә.) жолы 
ашық еді».
Көріп отырғанымыздай, ХХ ғасыр ба-
сында шығыс пен қатар Еуропа әдебиетіне 
еліктеу белең алғаны айқын байқалады. Бұл 
тұста,әсіресе, орыс әдебиетінен үйрену кең етек 
жайғанын жоққа шығара алмаймыз. Оның ең бір 
жанды көрінісі аударма шығармалардың көптеп 
пайда бола бастауы болатын. Әдеби байланыс 
жайлы сөз бастаған кезде әдеби байланыстың 
ең бір өнімді саласы өзге жұрттың озық үлгідегі 
шығармасын өз жұртына насихаттау деген 
болатынбыз. Оның ең тиімді жолы аудар-
ма. Сол арқылы үйрену, тәжірибе мектебінен 
өту, шеберлік қалыптастыру мәселелерінің 
шешілуі Ендеше, белгілі бір кезең әдебиетін 
қарастырғанда, көркем аударманың өрісіне көз 
жібермей өту мүмкін емес. Өйткені, аударма 
– жазба әдебиеттің өскелеңдігінің белгісі. Ол 
әдебиеттің биік деңгейде дамуына әсер етіп, 
оған өзінің игі ықпалын-тигізіп отырады. Ау-
дарма төл әдебиетпен қатар өседі, әрқашан да 
бірінің жетістігі мен кемшілігіне екіншісі ортақ, 
екеуінің тағдыры үнемі тығыз байланыста бо-
лып келеді.
ХХ ғасыр басында Ыбырай, Абай, Шәң-
герей тәрізді алдыңғы толқынның осы бір 
тәржімашылық қыры дамытылып, төл әдебие-
тіміздің туын жоғары ұстаған аудармашылар 
дүние жүзілік әдебиеттің мәңгі тот шалмас 
асыл қазыналарын, тамаша туындыларын туған 
халқына жеткізуге ұмтылды. Олар әлемдік 
әдебиет пен мәдениеттің озық үлгілерін қазақ 
сахарасына асқан шеберлікпен таратты. А. Пуш-
кин «Әдебиеттің ең бір ауыры, ең бір жақсы атақ 
әпермейтін түрі» деп бағалаған аударма саласын-
да Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, 
Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Спанди-
яр Көбеев, Бекет Өтетілеуов сынды шеберлер 
еселі еңбек етті. Бұл ретте осы сөз зергерлері 
тәржімалап шығарған «Қырық мысал» (1909), 
«Үлгілі тәржіме» (1910), «Үлгі бала» (1912), 
«Жиған-терген» (1914), «Дубровский әңгімесі», 
«Боран», сияқты кітаптар мен шығармалар 
әдебиетіміздің асыл қорына қосылған асыл 
інжу-маржандар екенін айтуға тиістіміз.
Әдебиетшілер аудармаға неге көп қалам 
тартты дегенде, М.О. Әуезовтің Абайдың 
аудармашылығы жайлы айта келіп: «Барлығын 
да өз жүрегіне түсінікті, өз халқына жа-
насатын, өзінің әлеуметтік мұң-арманына 
тап келетін, қиялына үйле-сетін ерекше бір 
жақындығы болғандықтан аударды. Аудар-
малар ақынның өз жүрегінен толқып шыққан 
қайғылы шер-дің айнасы, толас-тынысы сияқты 
болады», – деген сөздері жауап болып табыла-
ды. Шәкәрім, Ахмет, Бекет, Спандияр тәрізді 
озық ойлы әдебиетшілерді толғандырған 
заманының залалды мәселелері әлемдік әдебиет 
қайраткерлерінің де арман-мұңмен астасып жат-
ты. Сондықтанда олар әлемдік әдебиеттегі озық 
үлгілі шығармаларға назар салып, өз көкейіндегі 
көп сұраққа жауапты сол шығармалардан тап-
ты. Сол биік көркемдікпен, терең оймен, асқан 
шеберлікпен жазылған шығармалардағы азат-
шыл ойды, күрескерлік қабілетті, рухани жан 
тазалығын өз оқырманына жеткізу үшін қолына 
қалам алды. Сөйтіп әлемдік әдебиет пен қазақ 
әдебиетінің арасына алтын көпір салды.
ХХ ғасырдың басында «Оян, қазақ!» деп жар 
сала келген жазба әдебиетімізге өз мақсатын 
жүзеге асыру үшін жаңа түрлер, жанрлар қажет 
еді. Оларды бірден игеріп кету, әрине, қиын бола-
тын. Сондықтан бұрыннан дәстүрі қалыптасқан 
биік межедегі өзге әдебиетке еліктеу қажеттілігі 
өзінен-өзі келіп туды. Бірақ бұл құрғақ еліктеу 
емес, үйрене отырып, өзіндік жол табуға 
ұмтылған ізденісті еліктеу еді. Өзге шығар-
маларды аудара отырып, әлемдік әдебиетте 
қалыптасқан көркемдік әдіс-тәсілдерді игерді, 
төл әдебиетімізді жаңа жанр, соны түрлермен 
молықтырды. 
ХХ ғасыр басындағы әдеби байланыс 
әдебиетті кең өріске шығарып, өз бетімен ізде-
нуге жол ашты. Прозадағы сан-салалық терең-
дік, суреткерлікке баса мән беріліп, өлеңдегі 
әуезділік, ырғақ, ұйқас, айшықтау, құбыл ту, бей-
нелеу тәрізді поэзияның көркемдік құралдары 
жетілдіріліп, поэзия құдіретін айқын дайтын 
әдіс-тәсілдердің әлем әдебиеті жеткен өресіне 
бағыт ұстау қазақ әдебиетін жаңа бір белеске 
шығарғандай еді.


ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. №5 (163). 2016
9
Әбдиманұлы Ө.
Әдебиеттер
1 Азибаева Б. Казахские народные романтические дастаны.. – Алматы, 1990.
2 ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994.
3 Қыраубайқызы А. Шығыстық қисса-дастандар. – Алматы, 1997. 
4 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі (Құрастырғандар: З. Ахметов, Т. Шаңбаев). – Алматы, 1996.
Referenсes
1 Azïbaeva B. Kazaxskïe narodnıe romantïçeskïe dastanı.. – Almatı, 1990.
2 XX ğasırdıñ basındağı qazaq ädebïeti. – Almatı, 1994.
3 Qırawbayqızı A. Şığıstıq qïssa-dastandar. – Almatı, 1997.
4 Ädebïettanw termïnderiniñ sözdigi (Qurastırğandar: Z. Axmetov, T. Şañbaev). – Almatı, 1996.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет