Хх ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы Жоспары: 20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері


Қазақ прозасындағы ауыл өмірін бейнелеу дәстүрі



бет13/13
Дата08.12.2023
өлшемі117,5 Kb.
#135075
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
stud.kz-23133

15.Қазақ прозасындағы ауыл өмірін бейнелеу дәстүрі.


Негізінен алғанда Қазақ прозасында ауыл өмірін шебер суреттеген жазушы, қалам қызметіне ерте араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы шығармалары — біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына. Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы 20-30 жылдардьң көркем шежіресін жасауда атқарған айрықша қызметі ерекше. Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды. Ақынның жиырмасыншы жылдардағы шығармалары оның қаламының жылма – жыл төселіп, талантының ұдайы өсіп отырғанын көрсетеді. Тақырыбының ұлғайып, сарынының молайып, ақындық үнінің барған сайын күшейе түскенін аңғартады. Ауыл өміріне кедей мүддесі мен мұратының тұрғысынан қараған Бейімбет шығармаларының идеялық мазмұнында, сөз жоқ, қазақ қоғамындағы қилы- қилы қайшылықтар, адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктер желі тартып жатты. 1915 жылы жазған «Жазғы қалып» деген өлеңінде ақын қыс өтіп, жаз жетіп, табиғат түлеп өзгергенмен ауыл өміріндегі атам заманнан келе жатқан ескілік, кертартпа салт-сана, «жер дауы, жесір дауы — кесір дауы» әлі өзгермей, «қыс болса, әмеңгерге жесір сатып, аянбай көз жасына белден батып» жүрген «ақсақал, қарасақалдардың» әдептен тыс нысапсыз әдет-ғұрпын аяусыз әшкерелейді. Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі,байкөт болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған. Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден салық түседі. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады. Міне,ауыл өмірін суреттеуде Бейімбеттен асқан жазушы жоқ екенін көруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Википедия беттері.

  2. Ғаламтор материалдары.

  3. БАҚ беттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет