Хх ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы Жоспары: 20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері


ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары



бет5/13
Дата08.12.2023
өлшемі117,5 Kb.
#135075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-23133

6. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.


Әдебиеттану ғылымы мен сын бұл дәуірде қанатын кең жая бастады. Теориялық тұрғыдан да, методологиялық жағынан да пайымдау тереңдеді. Әдебиеттің кешегісі мен бүгініне жіті қарап, шығармаларын байыппен талдау, тиісті бағасын беру, болашағын барлау сияқты жалпы әдебиет сынына лайық ой өріс алды, дамыды. Әдебиет өмірінің өткені мен қазіргісі жайында монографиялар, іргелі зерттеулер жазыла бастады. Әдебиеттану ғылымы білімді, сындарлы, пікірлі зерттеулермен толықты. Партияның әр түрлі қаулы шешімдері оларды саясаттың насихатшысы етуге ұмтылса да, бұл жаңа толқын әдебиет туралы шын сөйлей бастады. «Әдебиет және искусство», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында әдеби сындар көбейді. Жыл сайын кеңейтілген әдеби жиындар өткізіліп, проза, поэзия, драматургия, сын салаларының барысында қорытындылар жасалды. Әдебиет тануға белсене араласа бастаған орта буын сыншыларға әдебиеттің аға буыны өнеге көрсетті. М.Әуезовтың «Әр жылдар ойлары», «Уақыт және әдебиет»,атты ғылыми-сын еңбектері, С.Мұқановтың «Өсу жолдары», «Жарқын жұлдыздар» атты еңбектері, Ә.Тәжібаевтың «Өмір және поэзия» зерттеуі жарық көрді. Аға және орта буын сыншылар бұл жылдары іргелі әдебиет сынының қанатын қатайтты. Е.Смайыловтың «Сын мен шығарма», «Жаңа белеске», Б.Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік», Қ.Жұмалиевтің «Стиль-өнер ерекшелігі», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», Т.Әлімқұловтың «Жемісті жолда», С.Қирабаевтың «Өрлеу жолында» , Р.Бердібаевтың «Әдебиет және өмір» және де Т.Кәкішевтің, Б.Сахаривтің, Т.Сыдықовтың жинақтары жарыққа шығып, қазақ әдебиеттануы мен сынының білік пен сапа деңгейін көтерді. Аталған сыншылар көркемөнердің теориясы мен методологиясын меңгергені , әдебиеттің ұлттық ерекшелігін айыра алатындығы еңбектерінен көрінді. 50-жылдардың соңы мен 60 –жылдарда әдебиет пен мәдениетке игі ықпал еткен, көркемөнер сынының шыңдалуына себепші түрлі ғылыми, танымдық, мәдени шаралар тұрақты жүргізіліп отырды. Ширек ғасырдан астам уақыт тұмшаланып келген әдебиет туралы азат ой бұл жылдары әсіресе «Қазақ әдебиеті» апталығанда жиі жарияланды. Қорғаншақтап, бүгежектеп келген сыншылар бір сәт өздерін саясат тұсауынан босағандай сезінді.60- жылдардағы сынның өріс алуына қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген әдебиетшілер ат салысты. Қоғамның ХХ съезден соң ептеп түзеле бастауы сыншылар алдындағы идеологиялық бөгесіндерді едәуір азайтты. С.Қирабаев өз тұсындағы әдеби процеске сын жазуды өрістетті. Сыншы өз тұсындағы әдеби процеске жіті қарап, Ғ.Мұстафин мен М.Иманжановтың шығармашылығына зер салды, нәтижесінде «Ғ.Мұстафин» атты сыни-өмірбаяндық кітапшасы жарық көрді. Аталған кезеңде Т.Кәкішев идеялық қарама-қарсылыққа толы 20-жылдардың әдеби процесін зерттеумен қатар сын тарихы және сын проплемаларын да зерттеді. Р.Бердібаев «Әдеби сын өркендей түссін», Оқушыға ой салу шарт» сияқты мақалаларында шынайылықтан ауытқыған әдебиетшілерді шешімділікке, әділеттілікке шақырды. Әдебиеттің түрлі салалары туралы сынды тек әдебиетші немесе сыншы емес, жазушылар, ақындар да айтып жазып жүрді. 60-жылдары әдебиеттану мен сында біраз даму қарқыны байқалды. Алайда бұл сала кемшіліктен ада емес еді. ХХ съезден кейін сыншылар жеке басқа табынушылықты, саясаттың әдебиетке тигізген кері әсерін ара-кідік сынай тұрып, өздері сол саясаттан тысқары тұра алмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет