Хх ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы Жоспары: 20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері


XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар



бет2/13
Дата08.12.2023
өлшемі117,5 Kb.
#135075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-23133

2.XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар.

Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, аталмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті басылымдар мәдениет рухын септі. Қазақ тілінде кітап басып шығару XIX ғасырдың басында қайта өрістеді. Бірақ онда да қазақ кітаптары Қазақстанның өз ішінде басылған жоқ. Петербургта, Қазанда, Уфада, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды. Көбінше Қазанда, Қазан университетінің баспаханасында. Кәрімовтер, Хусайыновтар баспаларынан шықты. Қазақ тілінде кітап бастыру XIX ғасырдың басынан қайта өрістесе де алғашқы кезде де, XIX ғасырдың бірінші жартысында ол аса мандымады. Тек бірді-екілі ғана кітап шықты. Қазақ тілінде кітап бастырып шығару XIX ғасырдың ақырынан бастап қарқынды дамыды. Оған, алдымен, өлкенің осы кезде шаруашылық, мәдениет жағынан ілгері дамуының әсері тиді. Ал XX ғасырдың басында --недәуір дами түсті. Егер XIX ғасырда 70-80 жыл бойы 70 шамалы ғана кітап басылса, XX ғасыр басында, 1900-1917 жылдар арасында қазақ тілінде 200 кітап басылды. Қазақ тілінде XX ғасыр басында шыққан кітаптар арасында діни кітаптармен қатар қазақтың ақын- жазушылары- Абайдың, Ыбырайдың, Ақмолланың, Нұржан Наушабаевтың, М.Ж.Көпеевтің, М.Қалтаевтың, М.Сералиннің,С.Дөнентаевтің,С.Көбеевтің т.б. шығармалары, А.С.Пушкиннің «Капитан қызы», И.А.Крыловтың мысалдары сияқты орыс тілінен аударылған кітаптар бар. Отаршыл әкімшіліктің «Түркістан уәлаяты», «дала уалаяты» секілді қазақ тілінде шығарылған ресми газеттерімен бірге жаңа сипаттағы еркін басылымдар дүниеге келді. «Серке» (1907), «Қазақстан» (1911-13), «Ешім даласы» (1913) газеттері, «Айқап» (1911-15) журналы және жалпы ұлттық қоғамдық –саяси һәм көп тиражбен тараған «Қазақ» (1913-18) газеті қазақ ұлтының саяси әлеуметтік ой -санасына түрткі салып, замананың көкейтесті мәселелерін қозғады. Отарлық саясаттың езгісінде отырған қазақ халқының бостандығы мен азаттығын аңсап, ел-жұртын ғылымы мен білімі өркендеген халықтар санатында көруді қалады.




3.XX ғасырдың басындағы жанрлық даму.

XIX ғасырдағы Абай қара сөздерінің Ыбырай әңгімелерінің ізімен XX ғасырдың басындағы қазақ ұлтының болмысын қара сөзді шығармалар арқылы суреттеуді мақсат тұтқан.Міржақыптың, Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары өз нәтижесін бермей қойған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді. Қазақ қаламгерлері ұлтымыздың басындағы қасіретті жағдайларды шығармаларына басты тақырып ете алып, оларды мейлінше терең ашып көрсетуге тырысты. М.Дулатов жазған қазақ әдебиетіндегі алғашықы роман – «Бақытсыз Жамал» 1910 жылы дүниеге келді. Оған қанаттаса өздері роман деп атаған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» (1912), М.Кәшімовтың «Мұңлы Мәриям» атты ұзақ әңгімелері, С.Көбеевтің «Қалың мал» (1913), Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914) романдары жарыққа шықты. Жаңа ғасыр басындағы өзекті мәселелерді көркем өнерде бейнелеуге әдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі дрматургия қосылды. Қазақ драматургиясының тырнақ алды туындылары жазылған сәттен-ақ қолданысқа түсіп, далалық сипаттағы шағын сахналарда қойыла бастады. Мұнда ең алдымен Б.Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. Оның қолжазба күйіндегі пьесалары – «Жер дауы» (1912), «Қызыл бұзау» (1913), «Бақсы»(1914), «Әйел теңдігі» (1915), «Ғазиза» (1915) белгілі болған. Абай дәстүрін дамыту үшін, Абайтанудың алғашқы қадамдарының жасалды ("Қазақтың бас ақыны", "Абай", "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" т.б.).


Қазақ ауыз әдебиеті, қазақтың жазба әдебиеті жайлы түрлі әдеби-сын мақалалардың жазылды. Сынның түрлі жанрларының пайда болды. Замана шындығын нақты ашуда көлемді жанрлардың (поэма, ұзақ әңгіме, роман) пайда болуы. Кейбірі жанр табиғатына, көркемдік талапқа сай жазылмаса да, жазба әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосқаны ("Мұңлы Мариям", "Қыз көрелік"). Поэзиядағы эпикалық жанрдың белең алды. Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, М. Жұмабаев, С. Торайғыров сияқты айтулы шеберлері қалыптасты. Поэма жанрын С. Сейфуллин. І Жасүгіров сынды жаңа ақындық дарындардың жаңа үлгідегі керемет туындылары толықтырды. Жалпы алғанда XXғасырдың басындағы әдебиеттің кейінгі әдебиеттің дамуына жаңа арналар ашқаны белгілі. Қазақ әдебиетінің нағыз кәсіптік әдебиет деңгейіне көтерілуіне сол тұстағы ақын-жазушылардың өлшеусіз үлес қосты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет