Қазақ прозасы ХХ ғасырдың алғашы жылдарыныан-ақ дамудың жаңа арнасына шықты. Халықтың тұрмыс-тіршілігін көөрсетіп, қандай қиындықтарды басынан өткеріп жатқандығынан хабар беріп жатқан қазақ пролзасы тарих сахнасынан орын алған оқиғалардың ақиқатын ашып та айтып жатты. Осы тұста қазақ прозасының тағы бір тармағы ғұмырбаяндық шығармалар дүниеге келді. Ғұмырбаяндық жанр - жазушы өз түсындағы қоғам жайын өз көрген-білгенімен ұштастыра, тарихи тұрғыдан баяндайтын, деректі көркем шығарма. Сондықтан, мұндай шығарма жазатын автордың өмірлік тәжірибесі сөз етуге тұрарлық, басқаға да үлгі- өнеге боларлық дәрежеге сай келуі керек. Көптеген ақын-жазушылар кезінде Ғұмырбаяндық жанрға қалам тартқан. Осындай романның бірі – «Тар жол, тайғақ кешу» романы. «Тар жол, тайғақ кешу» романында бас қаһарман ретінде өзін алған жазушы сол кезеңдегі тарих шындығын шынайы қалпымен өз басынан өткен оқиғалармен ұштастыра көрсетіп отырады. өзі бастан кешкен даусыз шындық деп білетін пікірлерді, оқиғаларды, сезіәм сырларын жазу арқылы революциялар заманы шындығын айтуға ұмтылады, саяси әлеуметтік топтар мен оның басшыларының, күрескерлерінің бейнесін жасауды мақсат қылады. Бұл мақсат өзге кейіпкерлер бейнесіне енуге, жан-жақты тереңдей жазуға мүмкіндік бермеді. Автор бастан кешкен оқиғаларды талдау жасай баяндайды. Ресми идеология бағытының әсері аңғарылады. 1926 ж. «Қызыл Қазақстанда» жарияланған үлгідегі таптық көзқарас, Алашорда мен Патша үкіметі, Керенский маңында болған топтарға авторлық идея эмоциялық бағамен аралас көрініп отырады. Қаламгердің нақтылық пен шындыққа өз сезімдік қаблдауын, ойларын қоса жазуы тақырыпты жан-жақты көлемді, көркем бейнелеуге жағдай жасаған. Ғұмырбаяндық шығармалардың енді бірі – С.Мұқановтың «Өмір мектебі» романы. Халық басынан кешкен азапты сапарды Сәбит «Өмір мектебі» атты үш томдық тарихи мемуарлық романына арқау етті. «Өмір мектебі» кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр – нәрімен туындап жатады. Романның бірінші кітабында Сәбит Мұқанов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы феодалдық-потриархалдық қарым-қатынастардың сонау тереңде жатқан түп-тамырларына дейін өте дәл және үлкен шыншылдықпен айқын ашық көрсетті, жан түршігерлік жоқшылық, теңсіздік, зорлық-зомбылықты, отаршылдар мен байлардың екі жақты қанауымен тепкісін нанымды суреттермен бейнелеп берді. «Өмір мектебі» - аса дарынды, өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар әңгімешіл ретінде автордың өзін-өзі дәл тапқан төл қасиет туындысы. Ол барлық оқиғаны өз атынан баяндау формасын да дұрыс таңдап алған, сондықтан да шығарма жемісі соншама нанымды, дәлелді болып өздігінен құйылып-төгіліп тұрады. «Өмір мектебі» - Қазақстандағы ең ауыр кезеңнің, ауыл шаруашылығында өрескел қателер жіберілген 1929-1932 жылдардың қайшылықтарын батыл да терең ашып көрсеткен қазақ әдебиетіндегі ең татымды, ең тұңғыш шығармалардың бірі. Ғұмырбаяндық шығармаларда автордың тек өмірбаяны ғана қамтылып кана қоймай, ішкі жан дүниесі, ой-сезімі, арман-мүддесі, айнала ортадағы адамдармен қарым-қатынасы, тіпті, өз басы нені идеал тұтқаны арқау болады. Сондай-ақ, жеке тұрмыстық жайлар ғана емес, автордың өзі өмір сүрген қоғамға қатынасы туралы айтылып, түрлі әлеум. жайлар мен оған деген көзқарас білініп отырады.