Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет131/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ғылымы өзінің туа бастағанын көр-
сетеді.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы 
әдеби-теориялық, әдеби-тарихи, ғы-
лыми-зерттеушілік бағыттағы ой-пі-
кірлер осы жолдан өтті. Жоғарыдағы 
проблемалық сұрақтарға өз қадір-
халінше жауап беруге талпынған, 
қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми 
тұрғыда зерттеуді алғаш бастаған, 
белгілі бір кезең ақындарын сөз ете 
отырып сол дәуір әдебиетінің кескін-
келбетін анықтауды ниет еткен ал-
ғашқы ғылыми еңбек Ж. Аймауытов 
пен М. Әуезов «Екеу» деген псев-
дониммен бірігіп жазған «Абайдан 
соңғы ақындар» атты мақала еді.
Мақаланың басты мақсаты – қазақ 
әдебиеті бар ма? (біздің ойымызша, 
жазба әдебиет.
– Ж. С.
) бар болса 
кімнен басталды, көрнекті ақындары 
кімдер деген секілді сұраққа жауап 
беру. Авторлар қазақ поэзиясының 
көш басшысы деп Абайды атап, одан 
басталған ағартушы-демократтық ба -
ғытты жалғастырушылар деп С. То -
райғыров, М. Сералин, С. Көбеев, 
Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, 
М. Жұмабаевтарды алып, қысқаша 
таныстырып өтеді. Шығармаларына 
талдау жасалмағанымен, осы ақын-
дар шығармашылығындағы халық 
мұңы мен заман келбетінің жырла-
нуына тоқталып, ағартушылық, ха-
лықшылдық идеяның басым бол-
ғанын тап басып айтады. Абайдан 
соңғы дәуірдегі қазақ поэзиясындағы 
өзіндік орны бар бұл ақындардың 
бұлайша топтастырылып қаралуы – 
сол кезеңдегі қазақтың ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірі үшін үлкен жаңа-
лық, қазақ әдебиетінің тарихын зерт-
теуге бастаған алғашқы қадамдар-
дың бірі деп бағалаған жөн. Себебі, 
осы топтастыра қарап, пікір айтудың 
негізінде әдебиет тарихын дәуірге 
бөліп зерттеудің ғылыми бастамасы 
жатыр.
«Екеудің» мақаласында ұлт әде-
биетінің ақын-жазушыларымен та- 
ныс тыру мақсаты басым жатса
С. Садуақасовтың әдебиет тари-
хын ғылыми тұрғыда тану мен дә-
уір ге бөлу нақты көрініс тапқан, 
оған жүйелі түрде талдау жасауға 
ұмтылған «Киргизская литерату-
ра» (историко-критический очерк) 
деп аталатын мақаласының маңызы 
зор. Әдеби-тарихи бағыттағы ой-
пікірінің салиқалығы мен байып ты 
тұжырымдар жасауынан автор дың 
қазақ әдебиетінің тарихын зерт-
теу ді арнайы мақсат етіп қой ға-
нын байқаймыз. С. Садуақасов бұл 
та рихи-сын очеркінде қазақ әде-
биетінің кескін-келбетін таныту үшін 
оны белгілі бір кезеңдерге бөле оты-
рып тексереді. «Қазақ әдебиеті» әліп-
темесінің мазмұнын шартты түрде 
іштей былайша жіктеуге болады: 
1. Әдебиеттің қазақ өміріндегі 
орны. 
2. Суырып-салма өнерінің (ауыз 
әдебиеті) болмыс-бітімі. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет