Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет144/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
туралы көзқарасының да ықпалынан 
таза болды. Д. Қамзабекұлының айту-
ына қарағанда, сол кезде әдебиет сын-
шысы ретінде танылған Ә. Байділ дин 
ҰХҚ архивінде сақталған «Алаш-
ордашылар мен оңшыл коммунис-
термен күресімнің нақты айғақта-
ры» аталған жазбасында бұл жинақ 
пен энциклопедия «ұлтшыл, алаш-
шыл» атанған ақын-жазушыларға 
мызғымастан ескерткіш соқты» деп 
айыпталған. Бұлар ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің ғасыр басынан 
бері келе жатқан таза ғылыми кес-
кін-келбетін сақтап, қате теория-
лар мен жаңа заман идеология сына 
беріле қоймай жазылған еңбектер 
еді. Өйткені «ұлтшыл-алаш орда-
шы ларды» әшкерелеу басталған 
1930 жылдың басынан бастап бұл 
сипаттағы мақалалар сиреп кетті, 
енді туа бастаған қазақ әдебиеттану 
ғылымында маркстік-лениндік әдіс-
нама толық үстемдік алып кетті.
Осы мақалалар көтерген жаңа 
бастаманы «тұрпайы социологизм-
ге» қарсы бағытта жазып, қазақ әде-
биеттану ғылымындағы ғылыми-
зерттеу принциптерін меңгеріп қал-
ғанын дәлелдейтін, классикалық 
мұ раға лениндік қағидаларға сай 
баға беруді насихаттаған бірталай 
мақалалар жалғастыра түсті. Тари-
хи шындық тұрғысынан келсек, 
маркстік-лениндік әдіснама негізін-
де жазылған алғашқы зерттеулердің 
қазақ әдебиеттану ғылымының туу 
процесінде өзіндік мәні де бол-
ды. Олар ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірді қате теориялар мен концеп-
циялар жетегінде кетіп, ұзақ уақытқа 
қателесуден сақтап қалды. Сондықтан 
1920 жылдардың орта шенінен бас-
тап жазылған зерттеулерді сөз еткен 
уақытта оларды «бірыңғай ағым тео-
риясы» ықпалындағы, «тұрпайы со-
циологизм» көзқарасындағы, маркс-
тік-лениндік әдіснама негізіндегі 
жә не таза ғылыми-зерттеулер деп 
төртке бөлеміз. Бұлардың алғашқы 
үшеуін анықтау қиын болмағанмен, 
соңғысын тап басып тану, әрине 
күрделі болмақ. Өйткені алғашқыда 
маркстік-лениндік ілімнің догмалық 
қағидалары мен жаңа заман идея-
ларына ашық қарсы шығып мо-
йындамағандар бар да, кейінірек 
зор лықшыл идеологияға жасар еш 
шарасы болмай, ұлттық әдебиеттану 
ғылымы мен сынын дамыту жолын-
да оны бет перде ретінде ұстай оты-
рып ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
жүргізгендер бар.
С. Мұқановтың және басқа да 
«тұрпайы социологизмді» жақтау-
шылардың пікірлеріне қарсы дәлелді 
де дәйекті ой айтқан Қ. Кемеңгер-
ұлы «Көркем әдебиет туралы» атты 
мақаласында өнердегі дәстүр мен 
тарихи сабақтастық туралы Луна-
чарский пікірін негізге ала отырып, 
қазақ әдебиетінің үлгі алар арнасы 
өткен дәуірдің классикалық мұрасы 
мен орыс әдебиеті деген қорытынды 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет