Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет146/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кем әдебиеті, оның классиктері ту-
ралы талғамды да толымды пікір 
айтқан С. Садуақасовтың «Әдебиет 
әңгімелері» атты мақаласы болды. 
Автор қазақтың көркем әдебиеті та-
рихын «табанды зерттеуді әлі ешкім 
жазбағанына» көңіл аудара отырып, 
бұл саладағы жұмыстың жандануына 
солақай сыншылдықтың әсері тиіп 
отырғанына Ғ. Тоғжанов, С. Мұқа нов, 
Ә. Байділдиндердің мақалаларын 
мы салға алады. Классикалық мұра 
жайына келгенде: «Анда-санда әйте-
уір Абайды көрінен бір аударып 
қоямыз, онда да жүре салды. Ал Сұл-
танмахмұт, Берниязды кім біледі? 
Қай сыншы бұлардың табысын зерт-
теп қорытынды шығарды. Шындыққа 
келсек, бұл екі ақынның екеуі де ірі 
кісі», – деп әдебиет тарихын зерттеуді 
қолға алу мәселесін сөз етіп, бұған 
кедергі келтіріп отырған «тұрпа йы 
социологизмді» маркстік-лениндік 
әдіснама тұрғысынан қатты сынға 
алады [45]. «Қазақстанның еңбекші 
табының тілегі мен қазақ елінің 
ұлттық тілегі бір жерден шығады» 
деген тұжырымын дәлелдеуде ол 
анық байқалады.
«Ескіден қалған мұраға біз ие бо-
ламыз ба, жоқ болмаймыз ба?» де-
ген көкейкесті сұрақты Абай твор-
че ствосына 
байланысты 
өрбіте 
ке ліп: «Абай да – ескі мұра, бірақ 
Абай дан қалған мұра ескірген жоқ. 
Әлі де қазақ ақындары Абайдан 
шеберлікке үйренуі керек» де ген 
тұжырым жасайды. Автор қазақ 
совет әдебиетінің кейбір өкілде-
рінің шығармаларындағы әсіре тап-
шыл, солақайшылық, ұраншыл дық, 
футуристік сипатты сынап, үй рену, 
үлгі алу, шеберлікті, көркем дікті же-
тілдіру мәселесінде С. Мұ қанов тың: 
«біз орыс әдебиетінен ғана үлгі ала-
мыз» деген нигилистік көзқарасы-
на қарсы шығып: «Орыс әдебиеті-
нен үлгі алу керек, бірақ өзіміздің 
қазақтың (әдебиетінің. – 
Ж. С.
) тари-
хынан да жиренуге болмайды. Қазақ 
тарихы бізге үлкен үлгі» деп өзінің 
қорытынды ойын айтқан.
Жоғарыда қарастырған мақалалар 
секілді бұл еңбек те қазақ әдебиет та-
ну ғылымының туу дәуіріндегі әде-
би-тарихи және сыншылдық ой-пікі-
рі нің кемелдене, нақтылана, зерттеу-
шілік сипатының тереңдей түске нін 
көрсетеді. Оған Мағжан, Мұхтар, 
Жүсіпбек, Сәкен шығармаларына 
және Бейімбеттің Мырқымбай об-
разына жасаған талдаулары мен ғы-
лыми бағасы айқын дәлел. Автор 
әдебиетті ғылыми тұрғыдан тану 
проблемасымен қоса, өз кезеңіндегі 
әдебиеттің даму жолындағы бағыт-
бағдары туралы да толымды пікірлер 
білдіреді. «Тұрпайы социологизмді» 
жақтаушылар «бізде үлгі аларлық 
әдебиет жоқ» деп даурығып жат-
қанында, «қазақ әдебиеті балалық 
күйінен асып, есеюге бет алды» де-
ген кесімді тұжырым жасауы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің сол 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


163


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет