ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
жөн. Ғылыми библиографияларды
құрастыруда ұсынатын негізгі прин-
цип – қамтылатын кезеңдегі матери-
алдарды мейлінше толық жинау.
«Белгілі бір өлкемен, облыс, ау-
данмен байланысты да әдебиет
материалдарын қамтитын библи-
ографиялар бар. Мұндай белгілі
бір өлкенің ақын, жазушыларының
шығармашылығына, яки сол өлке
өмірін суреттеген әдеби көркем
шығармаларға арналған әдебиет би-
блиографиясын өлкетану (краевед-
ческая) библиографиясы деп атай-
ды». Бізде бұл библиографияның
үлгілері де әдебиет библиографи-
ясына өз үлестерін қосуда. Міне,
библиографияның түрлері мен жа-
салу жолдарына қысқаша тоқталып
өттік. Бүгінгі күнге дейін қазақ би-
блиографиясы туралы, оның ішінде
әдебиет библиографиясы туралы
библиографтар Н. Сәбитов, Ғ. Әбе-
тов, Ү. Сүбханбердина және Ә. На-
рымбетовтер еңбегінде аз-маз сөз
қозғалғаны болмаса нақты ғылыми
зерттеушілік тұрғыдан бұрын-соңды
толық зерттелді деп айта алмаймыз.
Бұл бөлімде қазақ библиогра-
фиясының алғашқы ХІХ ғасырдан
бергі ізденістері мен ХХ ғасырдың
орта шенінде туып, қалыптасып,
қазіргі кездегі даму барысын көр-
сетуді мақсат етіп алдық. Әрине қолға
түскен материалдар ғана қамтылды.
Әлі де болса толық зерттеу жұмысын
керек етеді.
«Әдебиет библиографиясын жа-
сауда партиялық позицияны берік
ұстап, материалдың саяси сипатына,
идеялық мазмұнына үнемі мұқият на-
зар аудару аса қажет Библиогра фия
құрастыруда объективизммен, фор-
мализммен бітіспес күрес жүргізу
ұлттық библиографияның үнемі ең
негізгі парызы болмақ. Мәселен, қа-
зақ әдебиеттану ғылымы мен сыны-
ның ғылыми библиографиясын жа-
сауда да біз осы методологияға сүйе-
нуге тиіспіз. Әсіресе, 1920 жылдар-
дың әдебиетінің библиографиясына
өте-мөте сақтықпен қарау біздің ең
негізгі міндетіміз», – деп Ә. Нарым-
бетов айтқандай 1920–30 жылдар би-
блиографиясын жасауда көп қиындық
болды. Маркстік-лениндік әдіснама
мен идеология әдебиеттанудың бұл
саласына да өз талаптарын қойып,
қатты қадағалап отырды. Ал Ү. Сүб-
ханбердина: «өз жұмыстарымның
ал ғашқы жемісі ретінде 1961 жылы
«Ай қап» бетіндегі мақалалар мен хат –
хабарлар» деген библиографиялық
көрсеткішті Қазақ Мемлекеттік бас-
пасынан басып шығарды. Қолжазба
дайын болып, редактор қарап шық-
қаннан кейін Главлито тексерді,
қырағы «көрегендер» кітаптың іші-
нен Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет
Байтұрсыновтың, Міржақып Ду ла-
товтың, Мағжан Жұмабаевтың, т.б.
алашордашылардың материалдарын
жібермей алып тастады. Бұл кезең-
нің алашордаға ешбір қатысы жоқ
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У