ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
Бекимовтың; тарих, этнография, фоль-
клор жайында жаз ған Ә. Диваевтың;
қазақ ауыз әдебиеті туралы жазған
А. Д. Несторов пен Пантусовтың
мақала, зерттеулерін редакциялаған,
әрқайсысына алғы сөз жазып, басты-
рып шығаруға ат салысқан ғалым.
Петербург университетінің шығыс
факультетін бітіріп, ұзақ жылдар
бойы бұрынғы Верный қаласында
қызметте болған,Түркістан ғылыми
қоғамының белсенді мүшесінің бірі
Н. Пантусовтың (1849-1919) жина-
ған материалдарын Ғылым акаде-
миясы арқылы бастырып шығарды.
Солардың бірі – «Материалы к из-
учению казак-киргизского наречия»
деген сериямен 1900-1904 жылдар
арасында жарық көрген жеті кі-
тап. Қазақтың ертегілері, мақал-мә-
телдері, жұмбақтары, терме-нақыл
сөздері және тарихи жырларынан құ-
ралған осы кітаптардың алғы сө зін,
транскрипциясын, аудармасын жа зып,
бастырып шығарған – Н. Ф. Ка танов.
Н. Ф. Катанов 1896-1901 жыл-
дар арасында Қазанда шығып тұр-
ған «Деятель» журналының «Шы-
ғыс библиографиясы бөлімінде
қа зақ кітаптары туралы алғашқы
сын мақалаларын үнемі жариялап
тұрған. Олардың ішінде қазақ әде-
биеті, ауыз әдебиет нұсқалары,
шық қан кітаптар, ақын-жазушылар
жайында құнды пікірлер, ғылыми
деректер молынан берілген. Мыса-
лы, қазақ лиро-эпос жырларының
асыл маржандарының бірі – «Қо-
зы Көрпеш – Баян сұлу» жырының
1896 жылы Қазанда басылған кі-
табына сын мақала жариялаған
(Дея тель, 1897 №4) Мақалада автор
қазақтың «Қозы Көрпеш» жырының
сюжетімен Европа елдері ерте кез-
ден таныс екендігін жазған. Жырды
жиырма жастағы мешін жылы туған
ақын айтып отырғаны туралы дерек
береді де, ақын мен айтушы (жыршы)
жайындағы пікірін жазады.
Н. Ф. Катанов «Қозы Көрпеш»
жырының вариант версиялары ту-
ралы ғылыми деректермен таныс-
тырады: жырдың басы 1876 жылы
Қазанда И. Березин «Хрестоматия-
сында» басылғанын, оның соңы Пе-
тербургте 1890 жылы шыққанын,
тағы бір варианты 1870 жылы
В. В. Радлов нұсқаларының ІІІ то-
мында жарияланғанын айта келіп,
алғаш жырды Қазан қаласында та-
тарлар бастырып шығарғандығын,
содан барып түркі тектес халықтар
арасына мол тарағанын, 1872 жы-
лы Радлов нұсқаларында (ІV том-
да) жарияланған тобыл татарла-
ры нұсқасының негізі қазақ жыры
екендігін атап айтқан. Орыс тілінде-
гі аудармасын 1812 жылы Т. Беляев
бастырып шығарғаны, 1870 жылы
неміс тілінде жарық көргені тура-
лы мәліметтер берген. Мақалада
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының
қысқаша мазмұнын бере отырып,
бұл нұсқада қыз әкесі Сарыбай екені,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У