Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет365/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. 
Қазақ библиографиясының тарихы 
Жетісу облысында Сергеепольдағы 
Қозы мен Баянның моласы туралы да 
дерек бар. Бұл жырдың төңкерістен 
бұрын сегіз-тоғыз рет жарық көріп, 
1896 жылғы басылымы 10000 да-
на болып шыққаны халықтық не-
гізін жоймай, ел арасына өте мол 
тарағанын аңғарамыз. 
Қазақ халқының бай ауыз әде-
биеті нұсқаларының ішіндегі мол 
тарағаны, әрі ең көркем туынды-
ларының бірі «Қыз Жібек» жыры 
жайында да Н. Ф. Катанов мақала 
жазған (Деятель, 1900, №10). Ол 
«Қыз Жібек» жырының 1899 жылғы 
басылымының Қазан байы Ахмед-
Керімге арналғаны туралы айтып 
өткен. 
Революциядан бұрын жеті-сегіз 
рет басылып шыққан, қазақ арасына 
кең тараған «Айман-Шолпан» жыры-
ның 1896 жылғы басылымы жайын-
да Н. Ф. Катанов сын мақала жария-
лаған (Деятель, 1897, №4). Кітап тың 
2400 дана болып басылғанын, бас-
тырушы – Шамсуддин Хұсаинов. 
Жырды жазған Ж. Шайхисламовтың 
Жетісу облысы үйсін руынан екендігі 
туралы мәлімет береді.
Көкшетаудан шыққан атақты 
Біржан мен Жетісуда белгілі болған 
Сара қыздың айтысы – от ауызды, 
орақ тілді наркескендер айтысы. 
Төңкерістен бұрын кітап бастыру ісі 
балаң кезде-ақ сегіз рет жарияланған 
«Біржан мен Сара» айтысының тари-
хы әлі де зерттеліп келеді. Айтыс тың 
төңкерістен кейін жарық көрген екі 
нұсқасы бар. Бірі – «Қисса-и Біржан 
сал мен Сара қыздың айтысқаны» 
деген тақырыппен Қазан қаласында 
19 беттік кітапша болып, 1898, 1900, 
1901, 1907 жылдары Университет 
баспасынан, 1913 жылы Домбров-
ский баспасынан шықты. Бұл нұсқа 
қазақ арасына белгілі ақын Жүсіпбек 
Шайхисламовтың есімімен тығыз 
байланысты.
Осы нұсқа жайында Н. Ф. Ка-
танов қазақ арасынан шыққан 
атақты Жүсіпбек ақын жазып ал ған 
айтыстың алғаш Шамсуддин Хұ-
саинов пен Мусиннің қаражатына 
4800 дана болып басылғанын ай тып, 
айтыстың қысқаша мазмұнын бер-
ген (Деятель 1899, №1, 1901, №1). 
Мақалада «Біржан-Сара айтысы» 
Қа
зан қаласында тұратын Ахмед-
Керім деген байдың тапсыруымен 
жа зылғаны жайлы сөз болады. Араб 
әрпімен басылған қазақ кітаптарының 
мазмұнын алғаш жариялаудың өзін 
зерттеу жұмысының бастамасы деп 
қарасақ, мақалалардың құны арта 
түседі. Солардың ішінде шығыс сю-
жетіне құрылған халықтық шығар-
малардың бірі «Бозжігіт» жыры-
ның 1896 жылғы басылымы туралы 
мақала да қысқаша мазмұнын береді. 
«Деятель» журналының беттерінде 
Н. Ф. Катанов сол заманның ал-
дыңғы қатарлы ғибратты идеяла-
рын уағыздаған қисса-хикаяттар 
жа йында көптеген мақала-хабарлар 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


386


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет